Тараз қалалық №6 кітапхананың филиалында 21 ақпан –xa0 халықаралық ана тілі күніне орай оқырмандардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір қасиетін бойларына дарыту мақсатында «Жасай бер ана тілім – қазақ тілі»xa0 атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.
xa0 Іс – шараға Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева, бөлімнің бас маманы xa0Айгерім Құдайбергенова, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ғылыми қызметкерлері, танымал айтыскер ақындар Ербол Қамбатыровxa0 пен Дидар Апбасов,xa0 №125 Білім беру Академиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ерлан Нұрлан,xa0 мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері,xa0 Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғарыxa0 колледжінің студенті Надежда Шамлидид және Тараз сервис және технология колледжінің студенті Аяна Ким қатысты.
Шара барысында қатысуылар xa0халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған тіліміз жайында сөз қозғап, xa0орамды ойларын ортаға салды. Сонымен қатар Тараз инновациялықxa0 көпсалалы колледжінің студенттері тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқыса, кітапхана қызметкерлеріxa0 «Тілім менің – тірлігімнің айғағы»xa0 атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынды. Көрме аясында Ахмет Байтұрсынұлының «Тілтанымдық мұрасы» атты кітабына библиографиялық шолу жасалды.
xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 Jambyl-Taraz. — 2023. — 15 ақпан