«ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК»

Ақбұлым алабының кітапханасында кітапхана оқырмандарының діни сауаттылығын арттыру және радикалды ағымдардың ықпалына түспеу жолдарын түсіндіру мақсатында «Жастар және діни қауіпсіздік» атты пікір алмасу шарасы өткізілді. Шара барысында оқырмандарға діни экстремизм мен радикализмнің қаупі туралы ақпарат беріліп, жастардың теріс идеологиялардың ықпалынан сақтану үшін қандай шаралар қабылдауы керектігі жөнінде кеңестер ұсынылды.