Жусан иісі

 Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, көркемсөз өнерінің үлкен шебері Сайын Мұратбековтің қаламынан туған туындылардың арасында деңгейі төмені жоқ. Оның шығармалары оқиға желiсiнiң шынайылығымен, тiлiнiң көркем де өрнектiлiгiмен, кейiпкерлерiнiң биiк адамгершiлiк қасиеттерiмен ерекшеленіп тұрады.

     Балалар, бұл жолы сіздерге жазушы Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесін назарларыңызға ұсынамыз.

     Мұратбеков, С. Жусан иісі [Мәтін] / Сайын Мұратбеков.; [ред. Б.Хасанова; сурет.     Н.Тұрсынхан; «Мазмұндама» қоғамдық қоры]. — Алматы : Мазмұндама, 2023. – 208 б.

     Сайын Мұратбеков — қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік, шын талантымен шырқау көкке көтерілген дарынды жазушылардың бірі. Оның «Жусан иісі» повесі — халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен қазақ ауылының, замандастарының тыныс-тіршілігін шынайы сомдаған туынды.

     Шығарма Аян атты жасөспірім баланың өмірінің белгілі бір кезеңінде болған оқиғаларды баяндайды. Әкесі мен анасынан ерте айырылған, жалғыз әжесі қайтыс болып, соғыстан ағасын күткені туралы жазылған бұл повесть, әр оқырманның жүрегінен орын таба білген. «Жусан иісі» повесі — қазақ әдебиетінің көркемдік көкжиегін кеңейткен шығарма.

     Кітапта жазушының басқа да әңгімелері топтастырылған, кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.