«БАЛҒЫН ҰРПАҚ — БАҚЫТЫМ»

 

«БАЛҒЫН ҰРПАҚ — БАҚЫТЫМ»

        

№6 кітапханасында  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филиология және журналистика» кафедрасының білімгерлерімен белгілі балалар жазушысы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жуалы аудандық «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы  Марат Құлибайұлымен «Балғын ұрпақ — бақытым» атты кездесу кеші өтті. Оқырмандар назарына жазушының  өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылып, «Қаламгер-руханият шырақшысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалынды. Кешке қатысқан  Жамбыл облыстық маслихат депутаты, ақпарат саласының үздігі, журналист Оралхан Дәуіт, жазушы Бахытжан Советұлы қаламгердің өңірдің ақпарат саласының дамуына үлес қосып еңбек етіп келе жатқаны жайында сыр шертіп, балаларға арнап жазылған кітаптары туралы жылы лебіздерін білдірді. Қаламгер оқырмандарға өзінің балалық,шағындағы қызықтары мен шығармашылық жолдары туралы әңгімелеп, қойылған сауалдарға  тұщымды жауаптарын берді. Қаламгердің «Кішкентай азамат», «Кішкентай Маша», «Алғашқы қоңырау» шығармаларынан көріністер көрсетіліп,  әндер орындалды.