«БАЛҒЫН ҰРПАҚ — БАҚЫТЫМ»

 

«БАЛҒЫН ҰРПАҚ — БАҚЫТЫМ»

xa0xa0xa0xa0 xa0 xa0

№6 кітапханасындаxa0 М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филиология және журналистика» кафедрасының білімгерлерімен белгілі балалар жазушысы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,xa0Жуалы аудандық «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторыxa0 Марат Құлибайұлымен «Балғын ұрпақ — бақытым» атты кездесу кеші өтті. Оқырмандар назарына жазушыныңxa0 өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылып, «Қаламгер-руханият шырақшысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалынды. Кешке қатысқанxa0 Жамбыл облыстық маслихат депутаты, ақпарат саласының үздігі, журналист Оралхан Дәуіт, жазушы Бахытжан Советұлы қаламгердің өңірдің ақпарат саласының дамуына үлес қосып еңбек етіп келе жатқаны жайында сыр шертіп, балаларға арнап жазылған кітаптары туралы жылы лебіздерін білдірді. Қаламгер оқырмандарға өзінің балалық,шағындағы қызықтары мен шығармашылық жолдары туралы әңгімелеп, қойылған сауалдарғаxa0 тұщымды жауаптарын берді. Қаламгердің «Кішкентай азамат», «Кішкентай Маша», «Алғашқы қоңырау» шығармаларынан көріністер көрсетіліп,xa0 әндер орындалды.