Оқуға ұсынылған 7 кітап — Рухани Қазына

Құрметті оқырмандар!

Кітападамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған рухани қазынасы, білім мен танымның сарқылмас қайнар көзі. Ол ұлттың мәдениеті мен болмысын айқындап, адамның жан дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтетін асыл мұра. Кітап парағыуақытпен тілдескен даналықтың ізі, ал әрбір сөзіұрпақтан ұрпаққа жеткен өмір сабағы. Қай заманда болмасын кітаптың қоғам өміріндегі орны ерекше.

Мемлекет басшысының 2026 жылғы 16 мамырдағы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға, ұлттық әдебиетті кеңінен насихаттауға және жас ұрпақтың рухани дүниесін байытуға бағытталған маңызды бастамалар жүзеге асырылуда. Бұл игі қадамзерделі, ойлы ұлт қалыптастырудың берік негізі. (https://www.akorda.kz/

Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған жеті әдеби шығарма негізінде «Оқуға ұсынылған 7 кітапрухани қазына» атты виртуалды көрме әзірленді. Бұл туындыларадамгершілік пен ізгіліктің, өмірлік тәжірибе мен терең ойдың тоғысқан тұсы. Әр шығарма оқырманды толғанысқа жетелеп, жүрекке ой, санаға сәуле сыйлайтын рухани әлемге бастайды. Көрме барысында оқырмандар аталған кітаптардың мазмұнымен, көркемдік ерекшелігімен және тәрбиелік мәнімен танысып, әр туындыдан ұлттық рух пен адамдық құндылықтың терең тамырын сезіне алады. Бұл шығармаларуақыт сынынан өткен рухани мұра, ой мен парасаттың биік өлшемі.

Қадірлі оқырмандар! Сіздерді сырлы сөз бен салиқалы ой тоғысқан «Оқуға ұсынылған 7 кітапрухани қазына» атты виртуалды көрмені тамашалап, рухани әлемнің тереңіне бойлап, кітаптан шабыт пен тағылым табуға шақырамыз.

Қөрмені қараңыз…