Сұлутөрде жана кітапхана бой көтерді

    Бүгінде Таразымыздың іргесі кеңейіп, аумағы артып жатыр. Қала құрамына 14 елді мекен қосылды. Жаңа әлеуметтік нысандар салынуда. Тек соңғы жылдары кітапханалар жүйесіне 9 кітапхана қосылып, тұрғындарға кітапханалық — ақпараттық қызмет көрсетудің ауқымы кеңейе түсті.

     Солардың бірі — аптаның алғашқы күні ашылған «Сұлутөр» кітапханасы. Бұл руханият ордасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бастамаларында ел болашағын білімді, ойы озық, кітап құмар ұрпақпен байланыстырып, «Кітап оқитын ұлт» жалпы ұлттық бастамасы аясында пайдалануға берілді.

Оның жалпы аумағы — 320 шаршы метрді құрайды. Кітапхананың кітап қоры 9 418 дана көлемінде. «Сұлутөр» алабындағы жаңа кітапхананың ашылуына облыстық, Тараз қалалық ардагерлер кеңестерінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері. Кітап сүйер жастар қатысты.

Сөйтіп қаламызда тағы бір заманауи рухани орталық ашылды. Осындай қуанышты сәтпен Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, облыстық ардагерлер кеңесінің- төралқа мүшесі, қоғам қайраткері Қасымхан Төлендиев, Жамбыл облыстық маслихатының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жамбыл облыстық «Аq jol» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт құттықтап, жылы лебіздерін білдірді, жаңа кітапхананың алқызыл лентасын қиды.

  Кітапханада оқырмандардың кітап оқып, компьютерлік білімін жетілдіруіне, бос уақыттарын тиімді өткізуіне және өзара пікір алмасуына барлық мүмкіндік қарастырылған. Атап айтқанда, руханият ордасына келушілердін жан-жақты дамуына ықпал ету мақсатында «Домбыра», «Сурет салып үйренеміз», «Қолөнер» және ардагерлерді кітап оқумен қатар, компьютерлік сауаттылыққа үйрететін «Компьютерді оңай үйренеміз» үйірмелері жұмыс істейді.

Сонымен қоса, «Коворкинг» білім орталығында жастармен әртүрлі тақырыптарда мәдени іс-шаралар өткізіледі.

Сондай-ақ, абонемент, оқу залы бөлімдерінде ақын-жазушылардың мұралары, тарихи бастаулары көне дәуірлердің тереңіне бойлап жатқан басылымдар топтастырылған.

 Ғұмыр-дария. — 2026. — 28 тамыз (№16). — 8 б.