Құрметті оқырмандар!
Қазақ тарихында ел тағдырымен біте қайнасқан, есімі ұлт жадында өшпес із қалдырған тұлғалар аз емес. Солардың бірі — батырлық пен азаматтықты, намыс пен парасатты өз бойына тоғыстырған, елдік рухты биік ұстанымымен ұлықтаған Бақытжан Момышұлы.
Ұлттың ұлылығын айқындайтын өлшемнің бірі — оның ел үшін еңбек еткен ерлерін ардақтап, олардың өнегелі ғұмырын кейінгі ұрпаққа аманат ете білуі. Өйткені ел тарихы — құрғақ деректер мен жылдар тізбегі ғана емес, сол дәуірдің ауыртпалығын арқалап, халықтың үміті мен арманын жүрегінен өткізген азаматтардың тағдыры. Осындай тағдырлы тұлғалардың өмір жолына үңілу — өткенді тану ғана емес, бүгінгі күннің қадірін ұғыну, ертеңге деген жауапкершілікті сезіну.
Оқырмандар, сіздердің назарларыңызға Бақытжан Момышұлының 85 жылдығына орай «Мен әлі сәбимін» повестер мен әңгімелер атты кітабын ұсынамыз.
Момышұлы, Б. Мен әлі сәбимін [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / Момышұлы Б. — Алматы: Жалын, 1984. — 240 б.
«Адалдық, кісіге қиянат жасамау, сұғанақ болмау,
кісіге алақан жаймау — бұл, әкемнен қалған мұра.»
Бақытжан Момышұлы
Бақытжан Момышұлы жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері, Жазушылар одағы сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, Л.Н.Толстой медалімен, Ауған соғысы ардагерлерінің «Құрмет белгісімен» марапатталған.
Еңбек жолын Жамбыл облысы Жуалы ауданының «Новая жизнь» газетінен бастаған. 1964 жылы Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетгерінде, 5 жылы республикалық «Ленинская смена» газетінде 1972 жылы «Жазушы» баспасының орыс аударма редакциясында қызметтер атқарған.
Бақытжан Момышұлы өзінің бұл кітабында балалар өмірінің қыр-сыры мол қалтарыстарына жіті көзбен үңіле отырып, жас жеткіншектерге тартымды тілмен тәлімі мол хикая шертеді.
Кітапқа жазушының «Жайшылықтағы үш күн», «Ауылдағы жаз», «Роман мен Арман», «Атасы мен немересі» атты повестері мен бірнеше әңгімесі еніп отыр.
«Мен әлі сәбимін» атты повестер мен әңгімелер жинағы. Бұл кітап 1984 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген. Қаламгердің прозалық шығармаларының қатарында бұл жинақтың орны ерекше. Өйткені жазушы өз шығармаларында адам өмірінің түрлі қырларын суреттей отырып, қарапайым тіршіліктің өзінен үлкен мағына, терең ой, адамдық қасиет таба білген. «Мен әлі сәбимін» деген атаудың өзінде терең философиялық мән бар.