Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің «Ұлы дала» шағынауданындағы кітапханасында рухани тағылымға толы «100 кітап оқып, ой бөлісемін» атты оқырман бенефисі өтті.
«Әулиеата- кітап оқитын өңір» жобасы аясында кітап оқуды насихаттау және оқырман мәдениетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға қала әкімдігі мен мәдениет саласының өкілдері, кітапсүйер қауым және белсенді оқырмандар қатысты.
100 кітап оқып, үздік атанған кітапсүйерлер өздері оқыған әр кітаптың қысқаша мазмұнын айтып, оның өмірлік көзқарасына қалай әсер еткені туралы талдап жеткізді. Сондай-ак «Жақсы кітап — жан азығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.
Шара барысында қала әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова үздік оқырмандарға арнайы марапаттар мен Алғыс хаттар табыстады.
Дедек Төлен
Jambyl-Taraz. — 2025. — 5 желтоқсан (№96). — 1 б.