Құрметті жасөспірім балақайлар!
Сіздердің назарларыңызға қазіргі замандағы танымал балалар мен жасөспірімдер жазушысы Клэр Бертолеттің қызықты әрі тәрбиелік мәні зор «Ханшайымның 10 оқиғасы» атты кітабын ұсынамыз.
Бертолет, К. Ханшайымның 10 оқиғасы [Мәтін] / Бертолет К. ; [сурет. Адора ; қаз. тіліне ауд. Б. Салыхова]. — Алматы: Алматыкітап, 2024. — 68 б.
Бұл кітап балалардың алдынан таңғажайып қиял әлемін ашады. Әр елде әртүрлі дәуірде өмір сүрген ханшайымдар туралы қиял-ғажайып ертегілер берілген.
Шытырман оқиғаға құрылған ертегі бірден баурап алып, мәңгі есіңізде қалады. Ханшайымның ең әдемі тәжін киіп аспанмен таласқан ғимаратта тұратын Келли ханшайымға қонаққа барасыз. Патшайым Аделаида ханшайымның мінез-құлқы мен сыр сымбатын бағалай ма деп алаңдайсыз.
«Ханшайымның 10 оқиғасын» оқи отырып Әлемдегі ханшайымдардың қиял-ғажайып әлеміне саяхаттайсыз.
Бұл кітапты оқыған сайын қиялыңыз кеңіп, жүрегіңіз жылынып, өзіңізді шынайы ханшайымдай сезінесіз. Бұл кітап — рухани байлық пен өмірлік сабақтың қайнар көзі. Кітапты ашқан әрбір бала өзіне жақын ханшайымды табады: бірі – жүрегі жұмсақ, екіншісі – ақыл-парасатты, енді бірі – батырлығы мен табандылығымен ерекшеленеді. Олардың бастан кешкен он түрлі оқиғасы әр оқырманға қуаныш сыйлап қана қоймай, жүрегіне сенім ұялатып, арманға қанат бітіретіні сөзсіз.
