Абай мұрасы-халық қазынасы

Абай атындағы орталық кітап ханасында «Воокdating» жобасы аясында «Даналықтың бәрі – кітапта» клуб мүшелерінің қатысуымен халқымыздың біртуар тұлғасы Абай Құнанбайұлына арналған «Абай мұрасы – халықтың қазынасы» атты кітап бенефисі (белгілі бір тұлғаның шығармаларын насихаттау) өткізілді.

Жобаның мақсаты – білімді қоғам топтарын шоғырландыру, отандық жазушыларды қолдау, оқырмандарға міндетті түрде оқу үшін кітаптың өзін ұсынған нұсқасын жасау.

Аталған клубтың отырысында даналықтың таусылмас қазынасы, қазақ тарихының өткені мен бүгінін ұштастырып келе жатқан Абай мұрасына арналды.

Басқосуды жүргізген кітапхананың бөлім меңгерушісі Ж.Дөнесова алғашқы сөзді филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Құлбараққа берді. Ғалым Абайды өз заманындағы қайраткер, гуманист тұлға ретінде суреттегенін, соңында мәңгі өшпес ұлағатты өсиеті, өнегесін қалдырған ұлы Абайдың шығармаларына терең мән беріп, оның ойлағаны мен орындалмай қалған армандары туралы жан-жақты баяндап берді.

Сөз кезегін алған Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актері, Республиканың еңбек сіңірген артисі Асқарбек Сейілхан 2020 жылы коронавирус пандемиясына байла- нысты жарияланған карантин уақытысында ұлы Абайдың 175 жылдығына орай түсірілген телевизиялық хабарда Абай Құнанбайұлы бейнесін сомдай отырып, ақынның 45 қара сөзін арнайы телехабар арқылы жатқа айтып шыққандыған атап өтті.

Сондай-ақ басқосуға қатысқан бірқатар оқытушылар мен Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері А.Мақашев, Д.Әлиев даналықтың таусылмас қазынасы, қазақ тарихының өткені мен бүгінін ұштастырып келе жатқан ғұлама Абай мұрасын бүгінгі ұрпаққа насихаттап, жастарды ақын шығармаларын оқуға шақырды.

№43 орта мектебінің оқушысы, қалалық  Абай оқуларының  2- орын иегері Аруна Дулат Абай атасына арнаған  «Ұлы Абай рухына арнау» өлеңін оқыса, №39 мектеп-гимна- зиясының оқушысы Шайра Разакова мен Әлмұхамед Сейітхан ақынның «Бала секілді», «Аларман» атты өлеңдерін жатқа оқып берді.

Кітапхана ұжымы кемеңгер, қарасөздің қас шебері, поэзияның патшасы Абай Құнанбайұлы шығармашылына арналған «Адамзаттың шамшырағы – Абай» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырман назарына ұсынды.

Алдаберді Меңлібайұлы,

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Ардагер айнасы. – 2024. – 3 сәуір