xa0Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханxa0– XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялылары қатарындағы аса ерекше тұлға.
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, xa0тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғалым, экономист, тарихшы, аудармашы, әрі дарынды публицист.
Әлихан Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, саяси күрескер болатын.xa0Терең білім, ұлт тарихына құрмет, қазақ халқының азаттығы мен құқығы үшін күрес – «Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның кісілік келбетінің бір қыры ғана.
xa0 xa0 xa0 xa0xa0Виртуалды көрме оқырмандардыxa0 Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның тұңғыш толық шығармалар жинағымен, оның өмірі және саяси-қоғамдық қызметі жайлы жазылған әдебиеттермен таныстырады.