xa0 xa0 xa0 xa0Тараз қаласындағы №4 кітапхананың филиалында «Әр суицид — естілмей қалған жан айқайы» атты дөңгелек үстел өтті.
xa0Кәмелетке толмаған оқырмандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсат еткен басқосуға «Almaz medical group» емханасының жоғары санаттағы психолог маманы Жанар Кеншінбекова мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжі студенттері қатысты.
Шара барысында Жанар Дүкенбайқызы суицид жайында кеңінен әңгімелеп, оның алдын алу бойынша пайдалы кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты бейнеслайдтар көрсетіліп, оқырмандар өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ қонақтар «Суицид — қоғам дерті» атты кітап көрмесін тамашалап, кітапханашы А.Жақанаевамен бірге Ержас Ертайұлының «Баланы жазасыз тәрбиелеу» кітабына библиографиялық шолу жасады.
xa0Жұмаш Жолболды
Jambyl-Taraz. — 2024. — 23 қазан