Ақын, жазушы, ардагер журналист Баймаханбет Ахмет пен мәдениет саласының ардагері Малика Айданқызының қаламынан туған «Бақытты балалық шақ» атты кітабы отбасындағы бала тәрбиесіне арналған.
Кітап авторларының бірі Б.Ахмет «Балаларға бақытты балалық шақ пен болашақ сыйлау — ата-аналар мен мемлекеттің ең басты міндеті. Қолдарыңызға тиген мына кітапта, міне, осы тұрғыда отбасылық һәм әулеттік тәрбиенің де балаға берері мол екені біршама таратыла айтылады. Бұл — ата-аналар кітабы, демек, сіздің кітабыңыз!» дейді.
Тараз қаласындағы Абай атындағы кітапханада ұйымдастырылған «Кітап — ғажап әлем» кітап фестивалі барысында жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Кітапхана ауласында «Кітап әлемді бағындырады» атты үлкен көрме жабдықталған. Осында кітап көрмелеріне шолу жасалып, кітапхана оқырмандарына таныстырылды. Кітапхана оқырмандары, кішкене балдырғандардың биі көпшіліктің сүйіспеншілігін оятты.
Кешке Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов қатысып, Баймаханбет Ахметтің шығармашылығына табыс тілеп, ақынның иығына шапан жапты. Кітапхана қызметкерлері ақынның жаңа танымдық туындысы бойынша шолу жасап, «Өжет» хикаятынан сахналық қойылым қойды. Әннен шашу шашылды. Жаңа кітаптың тұсауын М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры Сәмен Құлбарақ пен сатирик ақын Бақытжан Советұлы кесті. Соңынан ақынға өздерінің ізгі тілектерін арнады. Сәмен Құлбарақ ақынның өлеңдеріне тоқталса, Бақытжан Советұлы жазушылық қырын оқырманға таныстырды. Ал, балалар жазушысы Марат Құлибаев ақынның журналистік қырын аша түсті. Сондай-ақ, Б.Ахметке деген ізгі тілектерін Тараз қаласы әкімдігі және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева мен Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің хатшысы Сауранбек Жамалбеков жеткізді.
Кеш соңында кітапхана оқырмандары ақынға сұрақ қойып, өзара пікір алмасты.
Диас Маратұлы, журналист, Тараз қаласы
Aq jol. — 2023. — 25 сәуір

Байқауға Тараз қаласындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің тұрақты оқырманы, жерлесіміз, 6-сынып оқушысы Айханым Қайрат та қатысты. Айханым ақын шығармаларын мүдірмей мәнерлеп оқып, қазылар алқасының барлық сұрағына дұрыс жауап берді. Осылайша Айханым Қайрат байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.
Оқырмандарға Наурыз мерекесіне қатысты танымдық мәліметтер беріліп, қазақ дәстүрінде тәрбиелік мәні жоғары жоралғының бірі – баланың тұсауын кесу рәсімі көрсетілді. Онда Әзизхан Қайрат есімді
Іс-шараға Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева, бөлімнің бас маманы Айгерім Құдайбергенова, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ғылыми қызметкерлері, танымал айтыскер ақындар Ербол Қамбатыров пен Дидар Апбасов, №125 білім беру академиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерлан Нұрлан, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің және Тараз сервис және технология колледжінің студенттері Надежда Шамлидидпен Аяна Ким қатысты.
Іс-шара салт – дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз бен ұлттық құндылықтарымыз туралы жүргізуші Гүлжан Бошаеваның ақпарат беруімен басталып, қазақтың салты құдалықтың жөн-жоралғыларын дәріптейтін «Қыз айттыру» және «Сырға салу» салтынан көрініс көрсетумен ұласты.
Іс – шараға Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева, бөлімнің бас маманы Айгерім Құдайбергенова, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ғылыми қызметкерлері, танымал айтыскер ақындар Ербол Қамбатыров пен Дидар Апбасов, №125 Білім беру Академиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ерлан Нұрлан, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Надежда Шамлидид және Тараз сервис және технология колледжінің студенті Аяна Ким қатысты.
Кездесуге облыстық облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрмет орденінің иегері Дүкенбай Ермеков, қалалық №32 орта мектебінің кітапханашысы Дина Қаратаева, тарих пәнінің мұғалімі Жадыра Ауежанова мен оқушылар ат салысты.