«Ауғанстан – біздің жадымызда»

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай Абай атындағы орталық кітапханасында ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ауғанстан – біздің жадымызда» атты кездесу кеші өткізілді.

Іс-шараға Жамбыл облысы және Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері, қоғам белсендісі Дүкенбай Ермеков және ауған ардагері Ералы Сұлтан қатысып, өмірлерінің өлшеулі бір бөлшегін, жауқазын жастық шақтарының үлесін оқ пен от арасында өткізген күндері туралы кітапхана оқырмандарымен ой бөлісіп, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды.
Кешке қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының оқушылары бейбітшілік, достық туралы патриоттық әндер шырқады.

Ауған соғысы жауынгерлерінің ерліктері туралы баяндайтын «Ауған соғысының ақиқаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Даңқ» атты энциклопедиялық анықтамалыққа библиографиялық шолу жасалды.

Jambyl-Taraz. — 2023. — 10 ақпан

Баукеңнің көп қыры

Абай атындағы орталық кітапханада «Бір өңір – бір кітап» акциясы аясында Кеңес Одағының Батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, жазушы, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының шығармаларын жастар арасында насихаттау мақсатында «Қазақтың Бауыржаны» тақырыбында танымдық кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Бауыржан Моxadмышxadұлының поэзиясы» атты кітаптың авторы, филология ғыxadлымдарының кандидаты Сейxadсекүл Исматова, «Бауырxadжанxadтану» ғылыми-зерттеу орталыxadғыxadның қызметкері Әлімxadбай Найxadзабаев бастаған мейxadмандар қаxadтысып, Бауыржан Момышxadұлыxadның азаматтық бейнесі, шыxadғарxadмашылығы туралы ойларын ортаға салды.

Танымдық кеш барысында Тараз сервис және технология колледжінің студенті Альмира Ибаxadділда, №45 классикалық гимxadназияның оқушылары Аруна Руслан, Әдел Пернебек Қасым Аманжоловтың «Бауыржан», Баxadуыржан Момышұлының «Есxadкертпе», «Ана тіліңді ардақта» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Өзге де студенттер даңқты қолбасxadшы жазған шығармалардан монолог орындап, көзге түсті.

Мәнді монолог, әдемі әндерxadмен әдіптелген кеште Тараз сервис және технология колледжінің студенттері Ерасыл Түйтебай мен Айсұлу Шәйкен батырдың «Москва үшін шайқас», Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» кітаптары туралы көкейге түйxadген ойларымен бөлісті. Соңыxadнан кітапхана қызметкері Рауxadшан Қалxadжанова Әзілхан Нұршайыxadқовxadтың «Ақиқат пен аңыз» кітаxadбына библиографиялық шолу жасады.

Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ

Egemen Qazaqstan. — 2023. — 3 ақпан

Мен мұңайдым жасымас кездерімде

М.Әуезов атындағы Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен ақын, ҚР Жазушылар одағының, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Ғайни Әлімбекқызының «Мен арнаймын жырымды туған жерге» атты шығармашылық кеші өтті.

Өмірін журналистикаға арнаған шығармашылығы кеш қонақтарына кеңінен таныстырылып, ұйымдастырушылар LED экраннан Ғайни Әлімбекқызының өмірінен мәлімет беретін бейнесюжет көрсетті. Ақша бұлттар арасынан арман іздеп, қарлығаштар мекенін мәңгілік махаббат пен адал достыққа балаған бала жүректі, ер мінезді елінің ерке қызы көрермен алдында ерекше толқып, көзіне жас алды. Қиындық пен қызыққа толы ақын тағдырын арқалап жүру, адам маңдайына жазылған бақ пен сордың, ақынға кейде бақытты, кейде бақытсыз күн кешу оңай еместігінің бұл да бір белгісі шығар. Бұған «Ақын болып ғұмыр кешіру оңай деймісің, қарағым, Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның» деп келетін Төлеген ақынның жыр жолдары дәлел.

Келелі кеште ақын жырларын жаттап келген мектеп оқушылары мен суденттер көрермен қауымға өлеңнің мән-маңызын ашып жеткізе білді. Кеш барысында сөз алған Жамбыл ауданының тұрғыны, облысқа белгілі ақын, Ғайни Әлімбекқызының рухани інісі Қуаныш Ауғанбаев кеш иесінің шығармашылығы мен оның ақындық болмысы туралы танымдық пікірін білдіріп, өз өлеңдерін оқыды. Әдебиетсүйер ел аузында «Ғайни ғазал -Ғайни жыр-Ғайни ақын» аталып кеткен Әлімбекқызының әлемін әнге, жырға қоспаған ақын, сазгерлер аз емес. Әдебиеттегі әпкесі, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Шырын Мамасерікованың сөзіне жазылған Ғайни ақынға арналған әнді облыстық кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Жазира Базарбаева нақышына келтіре орындап, көпшілік көңілін бір толқытып тастады. Шығармашылық кештің арнайы қонағы облыстық «Педагог тәлімі» журналының редакторы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Гүлнар Есмаханова да жылы лебізін арнап, мектеп оқушылары мен білімгерлер арасында облыстық, қалалық «Ғайни оқулары» көркемсөз оқу шеберлері байқауын ұйымдастыру керектігін айтты. Ол осы іс-шараны өзі қолға алатындығын жеткізді. Шығармашылық кештің шарықтау шағында ақын авторлық өлеңдерін оқып, көрермен тарапынан қойылған сұрақтарға тебірене жауап берді.

— Бес күндік мына жалғанда жер басып жүрсе де арманын асланнан, ақша бұлттардан іздейтін ақындардың бірімін. Италияға бардым, Испания, Францияға сапарладым, Рим қаласында да болдым. Шетел аралап, елге қайтатын сәттердің бірінде ұшақ ішінде: «Самолетім көкке ұшып көтерілді, Ақша бұлт көрдім сенің мекеніңді.

Жерден ғана қарау саған бақыт екен, Кім білген сені қуып жетерімді», деп те жыр жазыппын бір кездері.

Сөйтсем, мен тек мына қазақтың жерінде, қазақтың қасиетгі топырағында ғана бақытты екенмін. Жерден ғана ақша бұлттар арманыңа жетелейді екен. Қаншама шетелді көрсең де, қаншама мемлекеттерді араласаң да өз Отанымызға, Қазақстанға жететін жер жаннаты жоқ екен. Біз, әсіресе қазіргі жастар халыққа, елге, Отанға адал қызмет етуіміз керек. Ақын гүлден де нәзік, көңіліне бәрі әсер етеді. Біреудің көзіндегі жас та, үзіліп қураған гүл де, әр қазақтың көңіліндегі мұң-қайғы, бәрі-бәрі ақынның тағдыры, — дейді Ғ.Әлімбекқызы.

«Жас та көрдім жетімнің жанарынан,

Гүлді көрдім үзілген сабағынан.

Мен мұңайдым жасымас кездерімде,

Күзгі талдай айырылған ажарынан», деп жырлаған Ғайни ақынның ойы тереңде. Өлең сонысымен өміршең.

Кеш барысында орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Ұлбосын Сайлаубаева сөз алып, ақжарма тілегін арнады. Кеш соңында Ғайни Әлімбекқызының кітаптарына библиографиялық шолу жасалды.

Нұржан ӘЛІШ

Arai. — 2022. — 3 желтоқсан

Мен мұңайдым жасымас кездерімде

М.Әуезов атындағы Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен ақын, ҚР Жазушылар одағының, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Ғайни Әлімбекқызының «Мен арнаймын жырымды туған жерге» атты шығармашылық кеші өтті.

Өмірін журналистикаға арнаған шығармашылығы кеш қонақтарына кеңінен таныстырылып, ұйымдастырушылар LED экраннан Ғайни Әлімбекқызының өмірінен мәлімет беретін бейнесюжет көрсетті. Ақша бұлттар арасынан арман іздеп, қарлығаштар мекенін мәңгілік махаббат пен адал достыққа балаған бала жүректі, ер мінезді елінің ерке қызы көрермен алдында ерекше толқып, көзіне жас алды. Қиындық пен қызыққа толы ақын тағдырын арқалап жүру, адам маңдайына жазылған бақ пен сордың, ақынға кейде бақытты, кейде бақытсыз күн кешу оңай еместігінің бұл да бір белгісі шығар. Бұған «Ақын болып ғұмыр кешіру оңай деймісің, қарағым, Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның» деп келетін Төлеген ақынның жыр жолдары дәлел.

Келелі кеште ақын жырларын жаттап келген мектеп оқушылары мен суденттер көрермен қауымға өлеңнің мән-маңызын ашып жеткізе білді. Кеш барысында сөз алған Жамбыл ауданының тұрғыны, облысқа белгілі ақын, Ғайни Әлімбекқызының рухани інісі Қуаныш Ауғанбаев кеш иесінің шығармашылығы мен оның ақындық болмысы туралы танымдық пікірін білдіріп, өз өлеңдерін оқыды. Әдебиетсүйер ел аузында «Ғайни ғазал -Ғайни жыр-Ғайни ақын» аталып кеткен Әлімбекқызының әлемін әнге, жырға қоспаған ақын, сазгерлер аз емес. Әдебиеттегі әпкесі, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Шырын Мамасерікованың сөзіне жазылған Ғайни ақынға арналған әнді облыстық кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Жазира Базарбаева нақышына келтіре орындап, көпшілік көңілін бір толқытып тастады. Шығармашылық кештің арнайы қонағы облыстық «Педагог тәлімі» журналының редакторы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Гүлнар Есмаханова да жылы лебізін арнап, мектеп оқушылары мен білімгерлер арасында облыстық, қалалық «Ғайни оқулары» көркемсөз оқу шеберлері байқауын ұйымдастыру керектігін айтты. Ол осы іс-шараны өзі қолға алатындығын жеткізді. Шығармашылық кештің шарықтау шағында ақын авторлық өлеңдерін оқып, көрермен тарапынан қойылған сұрақтарға тебірене жауап берді.

— Бес күндік мына жалғанда жер басып жүрсе де арманын асланнан, ақша бұлттардан іздейтін ақындардың бірімін. Италияға бардым, Испания, Францияға сапарладым, Рим қаласында да болдым. Шетел аралап, елге қайтатын сәттердің бірінде ұшақ ішінде: «Самолетім көкке ұшып көтерілді, Ақша бұлт көрдім сенің мекеніңді.

Жерден ғана қарау саған бақыт екен, Кім білген сені қуып жетерімді», деп те жыр жазыппын бір кездері.

Сөйтсем, мен тек мына қазақтың жерінде, қазақтың қасиетгі топырағында ғана бақытты екенмін. Жерден ғана ақша бұлттар арманыңа жетелейді екен. Қаншама шетелді көрсең де, қаншама мемлекеттерді араласаң да өз Отанымызға, Қазақстанға жететін жер жаннаты жоқ екен. Біз, әсіресе қазіргі жастар халыққа, елге, Отанға адал қызмет етуіміз керек. Ақын гүлден де нәзік, көңіліне бәрі әсер етеді. Біреудің көзіндегі жас та, үзіліп қураған гүл де, әр қазақтың көңіліндегі мұң-қайғы, бәрі-бәрі ақынның тағдыры, — дейді Ғ.Әлімбекқызы.

«Жас та көрдім жетімнің жанарынан,

Гүлді көрдім үзілген сабағынан.

Мен мұңайдым жасымас кездерімде,

Күзгі талдай айырылған ажарынан», деп жырлаған Ғайни ақынның ойы тереңде. Өлең сонысымен өміршең.

Кеш барысында орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Ұлбосын Сайлаубаева сөз алып, ақжарма тілегін арнады. Кеш соңында Ғайни Әлімбекқызының кітаптарына библиографиялық шолу жасалды.

Нұржан ӘЛІШ

Arai. — 2022. — 3 желтоқсан

Ұлт ұстазы ұлықталды

Оқырмандар конференциясы.

Биыл ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды. Айтулы мерейтой еліміздің түкпір-түкпірінде кең көлемде аталып өтуде. Соның жарқын мысалы — кеше орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №5 кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық жазудың ұлы диқаншысы» атты оқырмандар конференциясы.

Шараға Тараз қаласының білім ордаларының кітапхана қызметкерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және студенттер қатысты. Конференция барысында №53 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- ұйымдастырушы Айгерім Қалдабекова «А.Байтұрсынұлы түзген қазақ жазуы», Жамбыл гуманитарлық колледжінің кітапхана меңгерушісі Ұлдана Абуова «Ұлт мұрасын ұлықтаушы», студент «А.Байтұрсынов — дара бастамашы» тақырыптарында баяндама жасап, орамды ойларын ортаға салды. Бұдан соң «Ұлт рухын оятқан қаламгер» атты кітап көрмесі көшілік назарына ұсынылып, қатысушылар викториналық сұрақтарға жауап берді.

Лаура Абайқызы

Jambyl-Taraz. — 2022. — 16 қараша

Туған өлкем — қандай көркем

Тараздағы №4 кітапхана қызметкерлері «Туған өлкем — қандай көркем» тақырыбында тарих сағатын ұйымдастырды. Іс-шара барысында кітапхана меңгерушісі К.Бөлентаева «Тараз — Әулиеата — Жамбыл» атты кітап көрмесімен оқырмандарды таныстырып өтсе, кітапханашылар 2009 жылы жарыққа шыққан «Шуақты өлке!» атты кітапқа библиографиялық шолу жасады.

Оқырман оқушылар өлкеміз туралы тақпақтар айтып, ән шырқады. Олар Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асановтың, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлының, ақындар Баймаханбет Ахметтің, Үміт Битенованың патриоттық өлеңдерін жатқа оқыды.

Тараз туралы қалам тартпаған ортағасыр ақындары кемде-кем. Шығыстың жұлдызды шайырлары сұлулықты, әдемілікті, даналық пен пәктікті, инабаттылық пен оқымыстылықтың шыңын Тараз көрінісімен салыстырған.

Қазіргі танымал ақындарымыз да жырына Таразды үнемі қосады. Екі мың жиырма жыл жасаған Тараз — біз өмір сүріп отырған кеңістіктің ең ежелгі тарихы мен бүгінгі тағдырының адам таңғаларлықтай құрыш құймасы, тарихымыздың таразысы, ғажайып айнасы, бұлтартпас айғағы. Қызықты өткен іс-шара үшін оқырмандар кітапханашыларға алғысын білдірді.

Замира ОРЫНТАЕВА,

Тараз қ. ОККЖ КММ №4 кітапхананың кітапханашысы

Ақ жол. – 2022. – 1 қараша (№132). – 8 б.

Тарихы терең, талғамы биік басылым

Тәуелсіз қазақ елінің тарихи өңірінің маңызды бөлшегіне айналған басылым – «Аq jol» газетінің ғасырлық мерейтойына орай Тараз қаласындағы Абай атындағы орталық кітапханасында «Тарихы терең, талғамы биік басылым» атты кездесу өтті.

Кездесуде «Aulieata-media» ЖШС-ның бас директоры Оралхан Дәуіт, «Аq jol» газетінің бас редакторы Хамит Есаман, газеттің бөлім меңгерушісі Жүрсінгүл Жақып қатысып, оқырмандармен ой бөлісті. Бас директор О.Дәуіт биыл 100 жылдығы облыс көлемінде кеңінен аталып өтіп жатқан, тарихы тасқа, шежіресі құмға сіңген қасиетті Әулиеатаның үні болған басылымның тарихынан қысқаша сыр шертіп, кешегісі мен бүгінгісіне тоқталды.

– «Аq jol» газетінің тарихы өте тереңде жатыр. Бұл туралы басылымның беттерінде жыл бойы жазылып келді. Қысқаша айтсақ, «Кедей еркі» атауымен жарық көрген алғашқы санынан бастап «Аq jol» шындықты жазудан тайсалмайтын, батыл газет болды. Осы үрдіс бір ғасырдан бері жалғасып келеді. Газеттің 100 жылдығына арналған шараларды марқұм болған ақжолдықтардың әруақтарына Құран бағыштап ас беріп, ардагерлеріміздің ақ батасын алудан бастадық. Ақпан айында облыста өткен «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық айтыс та биыл «Аq jol»-дың 100 жылдығына арналды. Одан кейін қаладағы орталық саябаққа 100 дана ағаш көшетін отырғыздық, түрлі шығармашылық байқаулар ұйымдастырдық. Осылайша байырғы басылымның 100 жылдығын жастарға үлгі-өнеге боларлық, тағылымы мол іс-шаралармен өткізуді жөн санадық.

Газет бүгінде заман талабына сай бейімделіп келеді. Бүгінде өз оқырмандарының жүрегіне жол табудың барлық амалдарын қарастыруда, – деді Оралхан Әбдірәшұлы.

Ұлттық мүддені ұлықтаған, халықтың көкейіндегісін дөп тапқан, әр парағы жақсылықтың жаршысына айналған тарихи басылымның мерейтойы жоғары деңгейде аталып өткенін тілге тиек еткен газеттің бас редакторы Х.Есаман ғасыр жасаған газеттің бүгінде өз оқырмандарының ойында, көкейінде жүрген көп түйткілді тақырыпқа арқау етіп келе жатқанын, газеттің әрбір саны облыстың қым-қуыт тыныс-тіршілігімен біте қайнасып жатқанын сөз етті.

Кеште Тараз сервис және технология колледжінің білімгерлері Айсұлу Шәйкен, Ерасыл Түйтебай, Альмира Ибаділда ақын Күләш Ахметованың «Мен «Аq jol» газетіне ризамын», Мүтәліп Ережепбайұлының «Журналистер», Жұлдыз Бейсектің «Аq jol»-ға деген өлеңдерін оқыды.

Кездесуде Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева сөйлеп, ғасырлық тарихы бар басылымға және оның қызметкерлеріне ізгі тілегін білдірді.

Кеш соңында кітапхана қызметкері Гүлнұр Нұрпейісова кездесуге жиналғандарды «Аq jol» – аймақтың айнасы» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ақ жол. – 2022. – 29 қазан (№131). – 5 б.

Тараз туралы тоғыз сұрақ

Қалалықтардың басым бөлігі қоғамдық көлікпен қатынайды ғой. Бірі – жұмысқа, бірі – мектеп пен балабақшаға, енді бірі жеке шаруасымен… Күз түсе автобустар студенттер мен оқушыларға лық толады. Кейде адамның көптігі ыңғайсыздық туындатқанымен, дәл осы кезеңде қала өміріне жан бітіп, қызу тіршілік басталғандай күйге бөлейтіні тағы бар. Мектепке қатынап жүрген алаңсыз оқушылар, жалын кешкен жастар…

Біз де, ел қатарлы автобустың тұрақты жолаушысымыз. Қоғамдық көлікте отырып нендей оқиғаларға куә болмаймыз десеңші?! Бірде жолаушылардың айқайына, енді бірде жүргізушілердің дөрекілігіне, кейде керісінше, адамдардың бір-біріне деген мейіріміне, жанашырлығына, қамқорлығына қанығасың. Әсілінде, автобустың іші – өмірдің өзі дерсің!

Күн бұрын сондай ерекше сәттің куәсі болдым. Әдеттегідей автобуста еш алаңсыз келе жаттық. Кенет, аялдамалардың бірінен көлікке мінген әйел кісі автобустың ішін кәдімгі ойын алаңына айналдырып жібергені. Ойын болғанда, Тараз туралы танымдық сұрақтар қойып, кәдімгі ой сергіту сәті болды. Жолаушылардың бәрі сауалдарға жапа-тармағай жауап беріп жатты. Мұндай ерекше шара қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылып жатыр екен. Шынын айту керек, дәл мереке күні концерт қою мен ресми шаралардан өзге, қаланың қарапайым азаматтарын да қамтып, әрі танымдық, әрі мерекелік іс-шараның өткізіліп жатқаны қуантты.

Мәселенің мән-жайын білмекке Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбековаға хабарластық. Ол автобустағы шара «Тараз туралы тоғыз сұрақ» деп аталатын круиз екенін, оны қалалық «Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» қала күні қарсаңында ұйымдастырып жатқанын айтты.

– Қаланың өткені мен бүгіні, тарихы мен мәдениеті туралы ақпараттар мен жергілікті ақындар Күләш Ахметова, Қайырбек Асанов, Әбдірахман Асылбек, Шырын Мамасерікова, Рафаэль Ниязбеков, Баймаханбет Ахмет, Ғайни Әлімбекқызы, Жұлдыз Бейсектердің Таразға арнаған өлеңдері қоғамдық көліктерде аудиожазба арқылы қойылып, жолаушылар тыңдауда. Сонымен қатар танымал тұлғалардың сүйікті қаламыз туралы дәйек сөздері қоғамдық көліктерде орналастырылып, жолаушыларға таратылуда. Кітапхана қызметкерлері қоғамдық көлік жолаушыларына қала атауының неше рет өзгергендігі мен атаулары, мәдени ескерткіштер мен саябақтар, қаланың аумағы, халық саны, көше саны секілді түрлі сұрақтары бар викториналық ойын ойнатуда. Сүйікті қаламыз туралы көптеген мәліметтер беретін «Тараз мұралары», Сембек Сейдазимовтің «Тарихымен табысқан Тараз», Мақұлбек Рысдәулеттің «Жамбылым қандай тамаша» кітаптарына библиографиялық шолу жасалып, жолаушылар назарына ұсынылуда, – дейді бөлім басшысы.

Сондай-ақ ол қоғамдық көліктер 8 қазан, яғни қала күні барлық жолаушыларға таңнан түнге дейін тегін қызмет көрсететінін атап өтті.

Маржан РАҚАЙ, Тараз қаласы.

Jambyl-Taraz. — 2022. — 6 қазан

Әсерге толы әдеби круиз

Тараз қалалық Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі екі мың жылдық тарихы бар шаһардың тарихы мен мәдениеті туралы ақпараттар беру, жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында қаладағы қоғамдық орындар мен саябақтарда, қоғамдық көліктерде «Тараз туралы 9 сұрақ» атты әдеби круиз өтуде.

Шаһардың өткені мен бүгіні, тарихы мен мәдениеті туралы ақпараттар мен жергілікті ақындар Күләш Ахметованың «Жұлдызым Жібек жолы бойындағы», Қайырбек Асановтың «Рухы биік қалам», Абдірахман Асылбектің «Тараз», Шырын Мамасерікованың «Көне Тараз», Рафаэль Ниязбековтің «Жаңа Тараз жыры», Баймахан Ахметтің «Тараз», Ғайни Әлімбекқызының «Таразым», Жұлдыз Бейсектің «Таразым» атты қала туралы өлеңдері қоғамдық көліктерде аудиожазба арқылы қойылып, жолаушыларға тыңдатылды.

Сонымен қатар танымал тұлғалардың сүйікті қаламыз туралы дәйек сөздері де автобустарда орналастырылып, жолаушыларға таратылды.

Кітапхана қызметкерлері қоғамдық көлік жолаушыларына қала атауының неше рет өзгергендігі, мәдени ескерткіштер мен саябақтар, шаһар аумағы, халық саны, көше саны, т.б сұрақтар жасырылған «Тараз туралы 9 сұрақ» атты викториналық ойын ойнатуда. Бұдан бөлек, сүйікті қаламыз туралы көптеген мәліметтер беретін «Тараз мұралары», Серік Сейдазимовтің «Тарихымен табысқан Тараз», Мақұлбек Рысдәулеттің «Жамбылым қандай тамаша» кітаптарына библиографиялық шолу жасалып, жолаушылар назарына ұсынылды.

 

Лаура Абайқызы

Jambyl-Taraz. — 2022. 5 қазан

Естен кетпес кітапхана түні

Үміт Битенова кітабының тұсауы кесілді

Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Республикалық «Кітапхана түні» акциясы аясында «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шараны облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев ашып, оқырман қауым үшін кітаптың құндылығына тоқталды. «Кітапхана – білім мен ғылымның ордасы. Онда өтетін іс-шаралардың маңызы үлкен. Алдағы уақытта да зиялы қауым, ардақты ардагерлермен асыл қазына кітапқа қызығушылықты арттыра бергеніміз жөн. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстарға қолдау білдіру оңды іс. Бүгінгі іс-шараға табыс тілеймін», – деді Еркін Құлымбайұлы.

Мұнан соң аталған акция аясында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Білім беру саласының үздігі Үміт Битенованың «Балабақшадан басталған» атты мемуарлық романының тұсауы кесілді. Бұл шығарма ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасының «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша 3 мың данамен жарық көріп отыр.

Аталған кітаптың тұсауын жазушы-драматург Елен Әлімжан, ақын Қайырбек Асанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республика лық қоғамдық бірле стігі филиалының басшысы Қасымхан Төлендиев кесіп, ақ жол тіледі. Сондай-ақ іс-шараға Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмайл, облыстық мәслихаттың депутаты Жұмахан Тәңкебаев, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Амангелді Кәрентаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институтының директоры Орынқыз Жолдасова, аталған институттың маманы Нарима Есенова, халықаралық Тараз инновациялық институтының оқытушыпрофессорлары Алмасбек Белботаев, Меңдібай Әбілов сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ бұл тұсаукесерге Талас ауданы әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Нұржан Нұралиев, облыстық «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали, Талас аудандық Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының директоры Кенже Пірман қатысып, қуанышты сәтке ортақтасты. Жиналғандар алдында ақын Үміт Битенова патриоттық тақырыптағы өлеңдерін оқып, тұсауы кесіліп жатқан кітабы жайлы ой қозғап, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Мұнан соң «Болашақ» мектепинтернатының 6-сынып оқушысы Алмат Жұматаев «Құстар қайтып барады» әнін (Нұрғиса Тілендиев) мәнеріне келтіре отырып шырқады. Дәл осы іс шараға Тараздағы №3 мектеп-лицейінің мұғалімі Әсел Дәуренбекова 3 перзентін, бірнеше оқушы шәкірттерін арнайы алып келіпті. «Бағдарлама бойынша түсіндіргеннен гөрі жазушы ақындарды қасынан көру оқушыларды ғажайып әсерге

бөлейді», дейді ол.

Мұнан соң Тараз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева қонақтарды ішке бастап кірді. Мұнда қонақтар «Әжемнің ертегісі», «Қарақшылар мекені», «Гномдар шеберханасы», «Кереметтер алаңы», «Демалыс аралы», «Жастар – кітап әлемінде» атты бағыттар бойынша әсерге бөленді. Тіпті «Қорқыныш алаңдары» бойынша қараңғы бөлмелерге бас сұғып, шынайы қорқып, үрейге де бой алдырды. Мұның бәрінің әсері ерекше болды.

– Біз қай кезде де оқырмандармен абыройлымыз. Сондықтан іс-шараларға зиялы қауымды және оқырмандарды жиі шақырамыз. Бүгінгі «Кітапхана түні» акциясы аясында да сан түрлі жоспарымыз жүзеге асты. Қонақтардың лауазымына қарамастан, қорқынышты бөлмелердегі оқиғаларды көрсеттік. Іс-шараға келген лауазымды қонақтарға, ақын-жазушыларға, оқырмандарға алғысымыз шексіз, – дейді аталған орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Ұлбосын Сәулебаева.

Есет ДОСАЛЫ

Ақ жол. – 2022. – 4 шілде