Адам баласынын, негізгі мақсаты — көпшілікке пайдасын тигізу, із қалдыру, жақсылық жасау болса керек. Оның бір тармағы — өз ісіне деген құрмет, Отанына деген патриоттық. Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында тұратын жазушы Пернебай Дүйсенбин — нағыз патриот адам. Олай дейтініміз, студент кезінен-ақ республика деңгейінде қалам қуатымен танылған Пернебай Дүйсенбин жастық шағын, барлық саналы ғұмырын ауылмен байланыстырған. Алматыдағы жоғары оқу орнын бітіріп, ата-анасына қарау үшін ауылға қайтқан. Мұның өзі ата-ана алдындағы борышын сезіну, патриоттық сезім.
Пернебай Дүйсенбин ауылда мүғалім болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бала оқытып, бірқатар шәкірттер тәрбиеледі. Бүгінде Президент сыйлығының иегері, есімі елге белгілі журналист-публицист Қали Сәрсенбай, «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепберген де Пернебай Дүйсенбиннің шәкірттері.
Сол өзі ұстаздык еткен мектептен Сәуле Жанпейісова, Ардақ Исатаева, Саян Ақмолда секілді талантты өнерпаздарды тәрбиелеп шығарды. Жазушының өзінің туған еліне деген патриоттығы, өз ауылымнан таланттар көп шыға берсе екен деген перзентгік тілегі.
Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің мәжіліс залында жазушы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Пернебай Дүйсенбинмен «Кеудесі қазына, қаламы жүйрік түлға» атты кездесу кеші өтті. Аталған кездесу қаламгердің 80 жылдық мерейтойына арналды. Осы кездесуге қаламгердің қыздары Гүлмира мен Балнұрдың, ұлы Ерланның келгенін көрдік. Бұл да көп әкеге бұйырмайтын бақыт. Мұны да патриот ұл-қыздар тәрбиелеп өсірген жазушыңың өзінің еңбегінің жемісі деп қабылдадық. Кеш иесінің қарындастары Тұрсынай мен Ләззат та жазушы ағаларына деген үлкен құрметпен келіпті.
Жиында Пернебай Дүйсенбин кітапхана қызметкерлері мен жас оқушы оқырмандар алдында өмір жолын, ұстаздық қызметтегі ерекше сәттерді айтып өтті. Кездесу барысында жазушылар Елен Әлімжан, Көсемәлі Сәттібайұлы, ақын Баймаханбет Ахмет сөз алып, кеш иесінің талантына, суреткерлік шеберлігіне тоқталды. Пернебай Дүйсенбин 25 жасында жазған «Таңғы шық» деген повесін жоғалтып алып, 53 жылдан кейін қолжазбасын тапқан екен. Бұл әңгіме де көпшілікке жақсы әсер етті. Облысқа танымал әнші Мерей Әбуованың «Сайра, бұлбұл», ардагер Аманқұл Сқақовтың «Ойлан, балам» әндері көптің көңілінен шықты.
Кеш соңында Тараз қаласы әкімінің орыноасары Дәуір Дәулетов қала әкімінің атынан құттықтап, жазушының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Пернебай Дүйсенбин барлық қонақтарға алғысын білдіріп, аталған кітапханалар жүйесінің директоры Ұлбосын Сәулебаеваға өзінің көптомдық кітаптарын сыйға тартты.
Есет Досалы
Aq jol. — 2023. — 14 қыркүйек


Кешке жиналған тұрғындарға «Кітап әлемді бағындырады» атты көрме мен түрлі кітап инсталляциялары ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолулар жасалынды. Сондай-ақ кітапхана оқырмандары Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың, ұлы кемеңгер ақын А.Құнанбайұлының, қазақ әдебиетінің классигі, ақын Мағжан Жұмабаевтың бейнесін сомдап, Рахымжан Отарбаевтың «Сұлтан Бейбарыс» атты пьесалық драмасынан үзінді, Абай Құнанбаевтың «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек», Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңдерін жатқа оқыды.
Баланы кітап оқуға көбірек баулу үшін балаларға кітапты сүюге көмектесу керек. Міне, осы мақсатта кітапханалар жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған «Кітап оқы, талқыла, суретте», «Дауыстап оқу – руханиятқа талпынысты ояту» атты жобалар аясында және кітапханалар жанынан ұйымдастырылған қызығушылық клубтары бойынша мәдени іс-шаралар өткізіліп келеді.
Дулат Шалқарбаев 1923 жылы Сарысу ауданының Байқадам ауылында туған. Байқадам орта мектебінің 9-сыныбын бітірген соң әртүрлі жұмыс атқарған. Ширек ғасыр бойы аудандық, облыстық газеттерде, кәсіптік білім беру және мәдениет салаларында табысты қызмет атқара жүріп, көркем шығармашылықпен де үзбей шұғылданды. Ол жиырма шақты поэзиялық және прозалық кітаптың, бірнеше пьесаның, балаларға арналған көптеген туындының авторы. Бірнеше өлеңі мен әңгімелері ұжымдық жинақтарда жарияланған. «Дарабоз» әдеби жабық бәйгесінің бірнеше мәрте жүлдегері.
Жастар — біздің еліміздің жарқын болашағының кепілі. Іс-шара оқырмандардың назарын кітап оқуға баулу, руханиятқа бай орта қалыптастыру, оқырмандарды жаңа кітаптармен және жаңа авторлармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
Кітап авторларының бірі Б.Ахмет «Балаларға бақытты балалық шақ пен болашақ сыйлау — ата-аналар мен мемлекеттің ең басты міндеті. Қолдарыңызға тиген мына кітапта, міне, осы тұрғыда отбасылық һәм әулеттік тәрбиенің де балаға берері мол екені біршама таратыла айтылады. Бұл — ата-аналар кітабы, демек, сіздің кітабыңыз!» дейді.