Тараз қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай «Айбары асқақ – Ата заң» атты мерекелік іс-шара өтті. Мұнда жиналған көпшіліктің жүзінен Конституция күніне шаттанған жоғары көңіл күйді байқадық.
Іс-шарада Абай атындағы Тараз қалалық кітапханалар жүйесі тақырыптық кітап көрмесін көпшілік назарына ұсынса, қолөнер шеберлерінің көрмесі де көркемдігімен көз тартты. Қала тұрғындары арасында асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, гір тасын көтеру және тағы басқа спорт түрлерінен жарыст ар ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер сыйлыққа да ие болды. Жастардың бойында отаншылдыққа, Конституцияны құрметтеуге деген патриоттық сезімдер оянғаны анық. Іс-шара барысында Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, тарихы мың жылдықтардан тамыр тартқан шаһар жұртшылығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
– Конституция күні – еліміз үшін ең қастерлі мереке. Еліміздің барлық адамдары осы Заң мен тәртіп арқылы қауіпсіз деңгейге жетіп отыр. Біздің әулиеаталықтар мерекені үлкен көңілкүймен, ерекше тойлап жатыр. Ол өте дұрыс, көңілге қонымды. Өзім «Астана» шағынауданының тұрғыны болғандықтан, осы саябаққа үнемі келемін. Серуендеп жүремін. Мерекеде түрлі бағдарламалар жүзеге асып, концерт ұйымдастырылып жатқанына қуаныштымын. Менің көршілерім де осында жүр. Ақсақалдар мен әжелер де келіп, концерт тамашалап, бір жасап қалды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп жатыр, – дейді А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Әлімбетова.
Есет Досалы
Aq jol. — 2025. — 4 қыркүйек (№99). — 2 б.
Осы құндылықтардан кітапхана саласындағы жұмыстардың қаншалықты маңызды екенін білуге болады. Саладағы жауапкершілікті кітапханашылар да ерекше сезініп келеді. Біздің өңірде кітап оқуға, кітапхана жұмысын қолдауға деген ниет жоғары. Біз оны Тараз қаласының «Ұлы дала» шағынауданында жаңа кітапхананың ашылуынан байқадық. Рухани орданың ашылу салтанатында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков сөз сөйледі.
Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Бақытжан Орынбеков, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
– Кітапхана – адамзат өркениетінің асыл қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан киелі мекен, тарих пен бүгінді, білім мен парасатты жалғап тұрған рухани көпір. Уақыт жылжып, қоғам өзгерсе де, кітапхананың маңызы ешқашан кеміген емес. Қайта, оның рөлі заман талабына сай жаңарып, түрленіп, толығып келеді. Заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген тәмсілі кітапхананың ұлт руханиятында алар орнын айшықтап тұрғаны сөзсіз.
Бұл деректерге біз де қызыға назар аудардық. Хакімге ең қымбат адам – әжесі Зере. Жуалы ауданы Теріс ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы – Зере Нұржігіт. Мәселен, хакімнің анасының аты – Ұлжан. Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің № 4 кітапханасында Ұлжан Абдымұратова атты кітапхана оқырманы бар екен. Облыс орталығындағы Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханасында Ұлжан Бейсенова атты қызметкер тер төгіп жүрсе, Әйгерім Қайрат, Әйгерім Ахумбекова, Әйгерім Демешова, Тоғжан Әбдіхалықова атты кітапхана оқырмандары да өз есімдерін мақтаныш етеді. Шаһардың №6 кітапханасын Әйгерім Бекпатшаева абыройлы басқарып отыр.
1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері қабылданды. Бұл күн тарихымызда мәңгілікке алтын әріппен жазылып, бүгінде Рәміздер күні ретінде аталып өтеді.
Мәселен, №6 кітапханада кіт ап оқуды ілгерілету мақсатында «Менің сүйікті кітабым» атты мәнерлеп оқу өткізілді. Оқырмандар өздерінің сүйікті шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқып, кітап мазмұны туралы өз ойларымен бөлісті. «Кітап – рухани қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды. Оның ішінде мектеп партасында отырған Еркенұр Жармамбет, Шерхан Бейсетай секілді оқушылардың кітапқа деген құштарлығын ерекше байқадық. Жақсы ұйымдастырылған мұндай көрмелер оқырманды молайта түсетіні анық.
Сонымен қатар «Абай мұрасы – ұрпаққа ұлағат» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенттері, оқушылар, ҚР Ұлттық Ұланы 5513 әскери бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы 85395 сарбаздары және кітапхана оқырмандары қатысып, Абайдың мазмұны өте бай өлеңдері мен маңыздылығы жоғары қара сөздерін жатқа оқыды. Қаламыздағы Абай атындағы №26 орта мектебінің мұғалімі Алмаш Ермекбаева Абайдың «Толық адам» ілімінің философиялық мәні туралы өз пікірімен бөлісті. Қатысушыларға «Абай жолы» романынан тәрбиелік мәні бар бейнеролик көрсетілді. «Адамзаттың шамшырағы – Абай » атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханада «Дархан халықтың – дана Абайы» атты әдеби шолу өткізілді. Іс-шара барысында жас оқырмандарға Абайдың өмірі, өлеңдері туралы тәрбиелік маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар №4 және №5 кітапханаларда Абайдың шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында «Абай – пір тұтар, ақыл-ой алыбы» атты дауыстап оқу іс-шарасы, «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты дайджест ұйымдастырылды. Кітапхана оқырмандарымен ТЖМ «Қазселденқорғау » ММ «Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы» филиалы қызметкерлері ұлы ақынның поэзиясын мәнерлеп оқып, оның қара сөздерінен тағылымды ойларды көпшілікке жеткізді. Шығармашылық жолы туралы кең көлемде мәлімет беріліп, ақынның өлеңдері, қара сөздері мен аудармалары таныстырылды. «Абай айнасы» атты кітап көрмесі көпшілік назарын аударып, библиографиялық шолу жасалды. Іс-шараға қатысушыларға Абайдың өнегелі сөздері мен нақылдары ұсынылып, оның бүгінгі ұрпаққа берер тағылымы туралы пікір алмасты.
Іс-шара барысында ұлы ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, белсене қатысқан жолаушыларға сыйлық берілді. Аталған кітапхананың сұрақтарына жауап беріп, сыйлық алған жеңімпаздың бірі тараздық Іңкәр Бекенқызы. «Биыл Абай Құнанбайұлы атамыздың мерейтойы. Ақынның өлеңдерін үнемі жаттап, өзіме тәрбие ретінде пайдаланамын. Маған хакімнің қара сөздері туралы сұрақтар келді. Дер кезінде жауап бердім. Осындай танымдық сұрақ-жауап сайыстарының өтіп тұрғанын қолдаймын», – дейді ол. Сонымен қатар іс-шараға белгілі ақын Серік Томановтың немерелері де белсене қатысыпты. Айзере Серік пен Әлихан Серік хакімнің өмірі мен шығармашылығына назар аударып, ізденіп жүретін балалар екен. Олар ақынның өмірінен қойылған сұрақтарға сәтті жауап беріп, сыйлыққа Абай шығармаларының жинағын ұтып алды.