Биыл Ұлы ақын Абайдың туғанына 180 жыл толады. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың халқымызға берген өнегесі мол. Оның еңбектері жаһанның тілдеріне аударылып, оқырмандары оң бағасын берген. Жыл сайын өтетін «Абай оқулары», жас ақындар мүшайрасы дарынды жастарды ынталандыратын тағылымы мол шара. Жоғарғы оқу орындарында «Абайтану» пэні өтеді. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың Жарлығымен Абай облысы кұрылды. Бұл да ақынға деген ыстық лебіздің белгісі. Ғұлама, ойшыл, акын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырды. Ұлт ұстазының ұлағаты-ешқашан маңызын да, құндылығын да жоғалтпайтын өнеге, өшпес өсиет.
Биыл Жамбыл облысында өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен «Әулиеата кітап оқитын өңір» болып жарияланды. Игі бастама аясында қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлынын 180 жылдық мерей тойына орай «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты эдеби-сазды кеш Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткізілді.
Мәдениет үйінің фоесінде «Көне Тараз» фольклорлық ансамблінің орындауында ұлттык күйлер қойылып, Абай атындағы қалалық орталық кітапханасы Абайдың шығармашылығына арналған кітап көрмесі мен мұражайын насихаттап, көрермендерге ұсынды. Іс-шараға келген Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, зиялы қауым өкілдері, алдыңғы толқын ардагерлер Абайдың шығармашылығына арналған кітап көрмесіне ерекше назар аударды.
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, Абай атындағы облыстық мамандарылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясы бірлесіп ұйымдастырған іс-шара колледждің актер мамандығындағы білімгерлерінің театрландырылған қойылымымен басталды. Абайдың жастық жылдарын, кемелдену кезеңдерін қамтыған қойылым көптің көңілінен шықты.
Мұнан кейін, хакімнің «Айттым сәлем, Қаламкас» әнін жас әнші Ақтөре Орынбасар табиғи дауыста орындады. Абайдың «Тор жорға» атты күйіне «Шолпы» би ансамблінің бишілері мың бұрала билесе, аталған колледж білімгерлері хакімнің қара сөздерінің үзінділерін жатқа айтты. Мектеп-гимназияның мұғалімдері Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін хормен орындады. Осындай ғажап сәттерге көрермен өауым қол сғып, ыстық ықылас танытты.
Іс-шараның әсері жайлы Абай атындағы Тараз қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мекемесінің директоры Ұлбосын Сәулебаева : «Абай Құнанбайұлы — барша қазаққа ортақ дара тұлға. Кітапханалар жүйесінің хакім атымен аталғаны біз үшін мақтаныш. Біздің мекемеге қарасты кітапханалардың баршасында хакім туралы көптеген іс-шаралар, әдеби кештер өтіп тұрады. Биыл хакімнің 180 жылдығына орай бірнеше іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған өңірдің акын-жазушылары, зиялы қауым өкілдері, белсенді ардагерлеріміз атсалысады деген ойдамыз. Екі іргелі оқу орнымен бірлесіп осы іс-шараны қолға алдық. Көпшіліктің көңілінен шыққан тәрізді. Алдағы уақытта да Абай хакімге деген кұрметіміздің ауқымы ұлғая түседі-себебі, Абай тағылымы — мәңгілік тағылым» — деді.
Абай — қазақтың данасы.Биыл мемлекет басшысының бастамасымен және қолдауымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» жарияланса, ол туралы да хакім:,
«Сенбе жұртка тұрса да канша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап», — деп тайға таңба баскандай айтып кеткен. Хакім сөзі қазіргі уақытпен де үндесіп, талай түйіннің шешуі, талай сұрақтың жауабы болып тұрғандай.
Абайды ұлыктау арқылы бүкіл руханият жаңғырады. Бізге жол көрсетіп тұрған жарық шамшырақтай болған Абай тұлғасы жарқырай түссін!
Алдаберді Мақашев,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі
Қарахан. – 2025. — №1. – 14-16 б.
Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері – Жамбыл облысы «Қарашай және балқар-Архыз» этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лёля Узденова, Жамбыл облыстық «Полонез» поляк тілі орталығы және мәдениеті қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лариса Калькова қатысты. Қалалық мәдениет үйінің «M-ART» би студиясы өнерпаздары би билесе, №32 орта мектебінің 4 «Б» сынып білім алушылары Отан, бейбітшілік, халықтар достығы туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кітапхананың жас оқырманы Алмат Жұмабаев «Саржайлау», «Құтты ұям» әндерін нақышына келтіріп орындады.
Жастарды кітап оқуға баулу, кітаптың қоғамдағы рөлін арттыру және рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауды мақсат еткен іс-шара барысында түрлі жанрдағы әдеби шығармалар мен танымдық кітаптарды топтастырған «Кітап – асыл қазына» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Кітапқа арналған әсерлі өлеңдер оқылып, арнайы қойылым көрсетілді.
23 сәуір — Халықаралык кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай №3 мектеп- лицейде №4 қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдасгыруымен және аталмыш оқу ордасының директоры М.Райкуловтың қатысуымен «Кітап, тарих, шежіре» атты іс-шара өтті.
«Жұмысшы еңбегі қадірлі» тақырыбында өткен кездесудің мақсаты – оқушыларды жұмысшылардың еңбектерін бағалап, құрметтеп жүруге шақыру және өскенде мамандық таңдаудан жаңылмай, қай салада жұмыс істесе де ел ертеңі үшін аянбай тер төгу керектігін әрі атақ пен абыройға тек ерен еңбек арқылы бөленуге болатынын саналарына сіңіру. Кездесуді ашқан аталмыш кітапхана меңгерушісі Жаңагүл Ахумбекова еліміздің де, жеріміздің де еңбекпен көркейетінін және жұмысшы мамандықтарының қоғамда алар орны ерекше екеніне кеңінен тоқталып, сөзін «Қашанда еңбек адамы – ел мақтаны» деп түйіндеді.
Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, жазушы-драматург Көсемәлі Сәттібайұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, «Ерен еңбегі үшін» және «Дінмұхамед Қонаев» медальдарының иегері Баймаханбет Ахмет, мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Талас ауданының Құрметті азаматы Пернебек Оспанов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын, әнші-сазгер Үміт Битенова, Мәдениет саласының үздігі, айтыскер ақын Ербол Қамбатыров, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің филология және журналистика факультетінің оқытушысы Бақытжан Мақашов, Тараз қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева қатысты.
Абай атындағы Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №5 кітапхана мен Тараз қаласындағы №5 мектеп-гимназия бірлесіп, жыр мұз балағы Мұқағали Мақатаевтың құрметіне «Жыр дастаны халқының жүрегінде» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Кешті аталған кітапхананың қызметкері Салтанат Қойгелді «Сарыжайлау» әнімен ашса, кітапханашы Айзада Абилдаева «Халық поэзиясының алыбы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Ол Мұқағали Мақатаевтың жүзден астам өлеңіне ән жазылып, кең таралып кеткенін, әлем классиктерін ғажайып аударғанын айтып өтті. Ал кітапханашы Рима Әбденбаева мұзбалақ ақынның «Есіңе мені алғайсың» атты кітабын, көзі тірісінде жазған соңғы кітабы «Шуағым менің» жыр жинағын көпшілікке таныстырып өтті. Мұқағали ақынның өз дауысымен оқылған аудио өлеңдер көпшіліктің назарын аударды.
Іс-шараға өңіріміздегі іргелі кәсіпорындардың бірі «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еселі еңбек етіп келе жатқан «Минералды тыңайтқыштар» зауыты филиалының «Аммофос-2» цехының абсорбация аппаратшысы Нұрбол Исанов, осы цехтың булану аппаратшысы Нұржан Ахметжанов қатысып, өз міндеттерін сапалы атқаруда жауапкершілікті терең сезініп, ауыл шаруашылығына арналған минералды тыңайтқыштар шығаратын цехтың жұмысымен жақынырақ таныстырды.
Ақыл-ойдың кемеңгері Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдеби-сазды кеш өтті. Біз қай кезде де Абай даналығына сүйенбей, хакімнің өсиеттерінен нәр алмай жүре алмаймыз. Абай жолы – туралық пен әділдіктің ауылына бастайтын шамшырақ. Өңірімізде хакімнің атымен аталатын мекеме, оқу орны, көше, ауыл атаулары аз емес. Олардың баршасы да хакімнің есімін құрмет тұтады.