Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы – халықтың тойы. Мерейтойға орай өңір кітапханаларынан да қызықты деректер келіп жатыр. Абай және оған ең жақын болған кісілердің есімін кітапханашылар да ерекше құрметтейді екен.
Бұл деректерге біз де қызыға назар аудардық. Хакімге ең қымбат адам – әжесі Зере. Жуалы ауданы Теріс ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы – Зере Нұржігіт. Мәселен, хакімнің анасының аты – Ұлжан. Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің № 4 кітапханасында Ұлжан Абдымұратова атты кітапхана оқырманы бар екен. Облыс орталығындағы Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханасында Ұлжан Бейсенова атты қызметкер тер төгіп жүрсе, Әйгерім Қайрат, Әйгерім Ахумбекова, Әйгерім Демешова, Тоғжан Әбдіхалықова атты кітапхана оқырмандары да өз есімдерін мақтаныш етеді. Шаһардың №6 кітапханасын Әйгерім Бекпатшаева абыройлы басқарып отыр.
Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша Абай есімімен аттас оқырмандар ауданның әр ауылдық аймақтарында кездеседі екен. Атап өтсек, Жамбыл ауылдық кітапханасына 2025 жылы тіркелген оқырман – 2000 жылы дүниеге келген Кұнанбай Абай Әмірханұлы. Қордай аудандық орталық кітапханасының тұрақты оқырманы, аудандық музей жетекшісінің аты-жөні Абай Кенжебаев. Өтеген батыр ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Абай Айдарбек, Бетқайнар ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Абай Барманқұлов, Қақпатас ауылдық кітапханасының оқырманы, 6-сынып оқушысы Абай Мадыбай және бар. Абай есімін иеленгендер мұнымен бітпейді. Жаңатұрмыс ауылдық кітапханасында Абай Сұлтанов, Қаракемер ауылдық кітапханасында Абай Төлеби, Степной ауылдық кітапханасында Абай Байғабылов, Арал ауылдық кітапханасында Абай Әлімбетов бар.
Бұл қатарға Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйе сіне қарасты Шайдана ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы, 9-сынып оқушысы Абай Досымды да қосуға болады. Ол «Қазақстанның үміт артары» төсбелгісінің иегері. Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханалар мен аудандық кітапхана да Абай, Ибраһим, Әйгерім, Тоғжан есімді атт ас оқырмандарға қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, Әйгерім Әмірбек Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде статист болып жұмыс істейді. Аудандық орталық кітапхананың тұрақты оқырманы, Талапты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әйгерім Әбілхайырова, Талапты орта мектебінің 7-сынып оқушысы, кітапхананың тұрақты оқырманы Әйгерім Сейсенбек, Ақкөл ауылындағы Ақкөл орта мектебінің 6-сынып оқушысы, кітапхананың тұрақты оқырманы Әйгерім Асатулла, Ақкөл ауылдық әкімшілігінде қоғамдық жұмысшы, кітапхананың тұрақты оқырманы Абай Қызылбай, Бостандық ауылында кітапхана оқырманы Абай Қалдарбек, Бостандық ауылдық амбулаториясының мейірбикесі, кітапхана оқырманы Тоғжан Тұрмысова, Қызыләуіт ауылы, Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектебінің 3 «А» сынып оқушысы Ибраһим Ардақұлы, Қожағаппар ауылы, Қ.Қошманбетов мектебі бастауыш сынып мұғалімі, кітапхана оқырманы Әйгерім Байымбетова, Тамды ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Әйгерім Төртбаева да – қоғамдық іске белсенді жас. Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қарабастау ауылдық кітапханасында Әйгерім Көнебаева, Қарабастау ауылында Әйгерім Талғат, Сұрым ауылдық модельді кітапханасының оқырмандары Абай Зауырбеков, Әйгерім Ілесбек, Көктөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Әйгерім Нұрпейісова, Ақтөбеде ауылдық кітапханасының оқырмандары Абай Айтбаев, Әйгерім Дәулет, Көлтоған ауылдық кітапханасының оқырманы Әйгерім Әсет, Күреңбел ауылдық кітапханасының оқырманы Әйгерім Алмаханқызы, №10 Күреңбел орта мектебінің 9-сынып оқушысы Әйгерім Күзембаева, Теріс ауылдық кітапханасының оқырманы Әйгерім Ерпайыз, Анель Абайқызы, Мойынқұм аудандық орталық кітапхананың тұрақты оқырмандары Абай Райымбеков, Абай Омаров және Әйгерім Көшкінбай хакімнің есімін ерекше құрметтейді.
Абай хакімнің өз есімі мен айналасындағы кісілердің есімін де құрметтейтін адамдар біздің өңірде көп екен. Бұл өте қуанышты жағдай. Абай хакімге есіміміз ғана ұқсамай, өнегелі де, озат ісіміз де ұқсап жатса қанеки!
Есет Досалы
Aq jol. — 2025. — 23 тамыз (№95). — 12 б.
1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері қабылданды. Бұл күн тарихымызда мәңгілікке алтын әріппен жазылып, бүгінде Рәміздер күні ретінде аталып өтеді.
Мәселен, №6 кітапханада кіт ап оқуды ілгерілету мақсатында «Менің сүйікті кітабым» атты мәнерлеп оқу өткізілді. Оқырмандар өздерінің сүйікті шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқып, кітап мазмұны туралы өз ойларымен бөлісті. «Кітап – рухани қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды. Оның ішінде мектеп партасында отырған Еркенұр Жармамбет, Шерхан Бейсетай секілді оқушылардың кітапқа деген құштарлығын ерекше байқадық. Жақсы ұйымдастырылған мұндай көрмелер оқырманды молайта түсетіні анық.
Сонымен қатар «Абай мұрасы – ұрпаққа ұлағат» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенттері, оқушылар, ҚР Ұлттық Ұланы 5513 әскери бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы 85395 сарбаздары және кітапхана оқырмандары қатысып, Абайдың мазмұны өте бай өлеңдері мен маңыздылығы жоғары қара сөздерін жатқа оқыды. Қаламыздағы Абай атындағы №26 орта мектебінің мұғалімі Алмаш Ермекбаева Абайдың «Толық адам» ілімінің философиялық мәні туралы өз пікірімен бөлісті. Қатысушыларға «Абай жолы» романынан тәрбиелік мәні бар бейнеролик көрсетілді. «Адамзаттың шамшырағы – Абай » атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханада «Дархан халықтың – дана Абайы» атты әдеби шолу өткізілді. Іс-шара барысында жас оқырмандарға Абайдың өмірі, өлеңдері туралы тәрбиелік маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар №4 және №5 кітапханаларда Абайдың шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында «Абай – пір тұтар, ақыл-ой алыбы» атты дауыстап оқу іс-шарасы, «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты дайджест ұйымдастырылды. Кітапхана оқырмандарымен ТЖМ «Қазселденқорғау » ММ «Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы» филиалы қызметкерлері ұлы ақынның поэзиясын мәнерлеп оқып, оның қара сөздерінен тағылымды ойларды көпшілікке жеткізді. Шығармашылық жолы туралы кең көлемде мәлімет беріліп, ақынның өлеңдері, қара сөздері мен аудармалары таныстырылды. «Абай айнасы» атты кітап көрмесі көпшілік назарын аударып, библиографиялық шолу жасалды. Іс-шараға қатысушыларға Абайдың өнегелі сөздері мен нақылдары ұсынылып, оның бүгінгі ұрпаққа берер тағылымы туралы пікір алмасты.
Іс-шара барысында ұлы ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, белсене қатысқан жолаушыларға сыйлық берілді. Аталған кітапхананың сұрақтарына жауап беріп, сыйлық алған жеңімпаздың бірі тараздық Іңкәр Бекенқызы. «Биыл Абай Құнанбайұлы атамыздың мерейтойы. Ақынның өлеңдерін үнемі жаттап, өзіме тәрбие ретінде пайдаланамын. Маған хакімнің қара сөздері туралы сұрақтар келді. Дер кезінде жауап бердім. Осындай танымдық сұрақ-жауап сайыстарының өтіп тұрғанын қолдаймын», – дейді ол. Сонымен қатар іс-шараға белгілі ақын Серік Томановтың немерелері де белсене қатысыпты. Айзере Серік пен Әлихан Серік хакімнің өмірі мен шығармашылығына назар аударып, ізденіп жүретін балалар екен. Олар ақынның өмірінен қойылған сұрақтарға сәтті жауап беріп, сыйлыққа Абай шығармаларының жинағын ұтып алды.
Кешті Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармония және Тараз қалалық Абай атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бірлесе отырып өткізді.
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері ұлы ақынның «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап», «Есіңде бар ма жас күнің» сынды жауһар жырларын тебірене оқып, шараға әдеби тыныс қосты. Шараға Ұлттық ұлан 5513 әскери бөлімінің сарбаздары да қатысып, Абай өлеңдерінен үзінділер оқыды.
Кітап рухани азық болса, су – материалдық азық. Су – біздің өміріміз бен денсаулығымыздың қайнар көзі, ол адамдарға және басқа да тіршілік иелеріне өмір сыйлайды. Сусыз адамзат өмірін елестету мүмкін бе? Осы сауалдардың жауабын білу үшін М.Әуезов атындағы кітапханада «Су – тіршілік нәрі» тақырыбында «Тараз су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкері Дархан Құлтасовтың қатысуымен кездесу кеші өткізілді.