«Еңбек адамы» деген кім? Ол кей замандастарым секілді әлеуметтік желілер арқылы тез әрі көп табыс табуды, жалпы оңай олжаға кенелуді өмірлік мұрат еткен адам емес. Еңбек адамы – әр істің басын бір шалмай, өзі таңдаған саланың қыр-сырын жетік меңгеріп, белгілі бір ортада өзін тапқан адам. Мен танитын сондай қоғамға пайдалы адамның бірі – Гүлдана Үсенбаева.
«Дарақ бір жерде көгереді» демекші, Гүлдана Асқарәліқызы – Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапхана жүйесінде табан аудармай 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ең алғашқы еңбек жолын да аталған кітапханадан бастаған. Міне, тұрақтылықтың озық үлгісі.
Кейіпкеріміздің айтуынша, кітапхана ішіндегі жұмыстар көзге көрінбегенімен, мазмұны терең.
– «Кейде сырт көзге біздің жұмыс жеңіл көрінуі мүмкін. Бірақ кітапты іріктеу, сұрыптау, оқырманмен жұмыс істеу, түрлі іс-шараларды ұйымдастыру – түсіне білгенге үлкен жауапкершілікті талап ететін еңбек. Әр бастама үлкен дайындықты, идеяны, талдауды қажет етеді, – деген Гүлдана Асқарәліқызы оқырмандар тарту мақсатында кітапханада «Шаңырақ», «Шабыт», «Айгөлек», «Сымбат», «Жас Отан», «Очаг», «Бәйтерек», «Ақ желкен» сынды клубтар тұрақты жұмыс істейтінін жеткізді. Әр клубтың өз мақсаты, белсенді мүшелері мен ай сайынғы жоспарланған іс-шаралары бар.
Сонымен қатар руханият ордасында «Кітап оқы, талқыла, суретте», «Дауыстап кітап оқу, руханиятқа талпынысты ояту», «Жастар – кітап әлемінде», «Киелі өлкенің кілті біздің қолымызда» сынды бірқатар жоба қолға алынған. Аталған жобалар аясында қызықты кездесулер, конференциялар, кітап бенефистері, түрлі кітап көрмелері тұрақты ұйымдастырылып тұрады.
Жылдар бойы атқарған адал еңбегі үшін Гүлдана Үсенбаева бірнеше мәрте облыс және қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған. Бірақ ол үшін ең үлкен марапат – оқырманның ризашылығы.
Әдіскер ретінде әріптестері арасында үлкен беделге ие кәсіби маман жаңа жобаларды іске асыруда бастамашылдық танытып, ұжыммен бірлесе жұмыс істеудің озық үлгісін көрсетіп жүр. Оның жетекшілігімен өткізілген іс-шаралар оқырмандардың қызығушылығын арттырып, кітапханаға деген көзқарасты түбегейлі өзгертіп келеді. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған оқу бағдарламаларын жаңғырту ісінде де белсенділік танытуда.
Бұл – бір салада ұзақ жыл еңбек еткен адамның үлкен жүректілігінің белгісі. Оның бойынан табылатын сабырлылық, еңбекқорлық пен жауапкершілік – кез келген маманға үлгі боларлық қасиеттер. Осындай жандар арқылы ғана қоғамда еңбекке деген құрмет пен сенім артады.
Мадина Мадиева,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 3-курс студенті
Ar-Ai. — 2025. — 20 маусым (№ 46). — 4 б.
Жазушының мерейтойына орай Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Азамат. Қаламгер. Тұлға» атты көркем ой кеші өтті. Ой толғайтын жиын болғандықтан шығар, бұл іс-шараға әдебиетшілер, тіл саласының ғалымдары көбірек шақырылыпты.
Кеш конақтары кітапхана оқырмандары тарапынан қойылған «Ауған соғысына аттанар алдында соғыстың мақсат-мүддесі түсіндірілді ме?», «Соғысқа шақырту алғанда қай жерде әскери борышыңызды өтеп жүр едіңіз?» деген сұрақтарға жауап бepiп, Ауған соғысы туралы бейнероликті тамашалады.
Биыл Жамбыл облысында өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен «Әулиеата кітап оқитын өңір» болып жарияланды. Игі бастама аясында қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлынын 180 жылдық мерей тойына орай «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты эдеби-сазды кеш Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткізілді.
Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері – Жамбыл облысы «Қарашай және балқар-Архыз» этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лёля Узденова, Жамбыл облыстық «Полонез» поляк тілі орталығы және мәдениеті қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лариса Калькова қатысты. Қалалық мәдениет үйінің «M-ART» би студиясы өнерпаздары би билесе, №32 орта мектебінің 4 «Б» сынып білім алушылары Отан, бейбітшілік, халықтар достығы туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кітапхананың жас оқырманы Алмат Жұмабаев «Саржайлау», «Құтты ұям» әндерін нақышына келтіріп орындады.
Жастарды кітап оқуға баулу, кітаптың қоғамдағы рөлін арттыру және рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауды мақсат еткен іс-шара барысында түрлі жанрдағы әдеби шығармалар мен танымдық кітаптарды топтастырған «Кітап – асыл қазына» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Кітапқа арналған әсерлі өлеңдер оқылып, арнайы қойылым көрсетілді.
23 сәуір — Халықаралык кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай №3 мектеп- лицейде №4 қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдасгыруымен және аталмыш оқу ордасының директоры М.Райкуловтың қатысуымен «Кітап, тарих, шежіре» атты іс-шара өтті.
«Жұмысшы еңбегі қадірлі» тақырыбында өткен кездесудің мақсаты – оқушыларды жұмысшылардың еңбектерін бағалап, құрметтеп жүруге шақыру және өскенде мамандық таңдаудан жаңылмай, қай салада жұмыс істесе де ел ертеңі үшін аянбай тер төгу керектігін әрі атақ пен абыройға тек ерен еңбек арқылы бөленуге болатынын саналарына сіңіру. Кездесуді ашқан аталмыш кітапхана меңгерушісі Жаңагүл Ахумбекова еліміздің де, жеріміздің де еңбекпен көркейетінін және жұмысшы мамандықтарының қоғамда алар орны ерекше екеніне кеңінен тоқталып, сөзін «Қашанда еңбек адамы – ел мақтаны» деп түйіндеді.