Дәнеш Ахметұлы есімі әдеби ортаға бұрыннан таныс жазушы. Қаламгердің әр жылдары жарық көрген «Адал ас», «Нан мен тұз», «Ұшатын сандықша», «Шапағат шұғыласы», «Қыран жанарындағы ғұмыр», «Райымбек батыр», «Өшпейтін оттың жарығы», «Дәнеш ағайдың ертегілері» сияқты кітаптары өз оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген. Әсерлі әңгімелері мен ойлы мақалаларын да көзі қарақты оқырман жақсы біледі.
Дәнеш Ахметұлының балаларға арналған «Бүлдірген қалың шыққан жыл», «Көк тудың желбірегені» «Таң арайы» т.б. кітаптары жарықкөрген. Ертегілердің тақырыбы да, оқиғасы да алуан түрлі. Қай ертегіні алып қарасақта бала жанына әсер ететін ізгілік, адами асыл қасиеттер, кішіпейілділік пен сыйластық секілді өміршең жайттарды кездестіруге болады.
Балалар, бұл жолы сіздерге жазушы Дәнеш Ахметұлының «Таң арайы» хикаяттар, әңгімелер, ертегілерін назарларыңызға ұсынамыз.
Ахметұлы, Д. Таң арайы [Мәтін] : хикаяттар, әңгімелер, ертегілер / Дәнеш Ахметұлы. — Алматы: Дәуір, 2024. — 256 б.
Аталмыш жинақтың тақырыбы алуан түрлі, айтар ойы да өзекті. Қай хикаят, әңгіме, ертегілерді алып қарасақ та бүгінгі өскелең тірлік, жасампаз өмірдің көрінісі байқалады. Әсіресе, жас жеткіншектерді отаншылдыққа, патриотизмге, табиғат ананы әспеттеуге деген қызығушылығын арттыру жинақтың басты идеясы болып табылады. Ертегілерден ғылыми-техникалық көрініс, робот, электроника әсері байқалады.
Жинақ кітапқұмар қалың оқырманға арналған.
Жақиянова, А. Апа, сені сағындым [Мәтін] : балаларға арналған повестер, әңгімелер мен хикаяттар / Алтыншаш Жақиянова. ; [сурет. А. Жайсанбаев].- Алматы: Mereke baspasy, 2023. — 320 б.
Қойшыбаев, Б. Ғажайып шақ [Мәтін] : балалар мен жасөспірімдер өмірінен жазылған әңгімелер, заманауи және фантастикалық хикаяттар / Бейбіт Қойшыбаев. — Алматы:
Дүйсенбиев, С.



Кітапқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілген тұңғыш қазақ қызы Мәншүк Мәметованың балалық шағынан бастап, майдандағы ерліктеріне дейін баяндалады. Кітаптағы оқиғаның бәрі Мәншүкпен замандас болған тұлғалардың естелігінен алынған.
Тонгар, Х.К. Зеріккен балақайларға арналған ойындар [Мәтін] / Хатидже Кюбра Тонгар. ; [түрік тілінен ауд. Д. Телманов].- Астана : Фолиант, 2024. – 96 б. : сурет