Қиял ғажайып әңгімелер сол арман мен ойдан құрастырылған әңгіме. Балалалар, бұл жолы сіздерге шотланд драматургы Джеймс Барридің «Питер Пән» атты ең үздік туындыларының бірін ұсынамыз.
Барри, Д. Питер Пән [Мәтін] / Джеймс Барри.; ауд. Г. Исмағұлова.- Алматы : Мазмұндама, 2023. — 208 б.
Джеймс Мэтью Барри 1860 жылдың 9 мамырында Кирримьюрда (Шотландия) дүниеге келген — 1937 жылдың 19 маусымы Лондонда дүниеден өткен) — шотланд драматургы және романшы, танымал «Питер Пән» балалар әдебиетінің авторы. Ол тоқымашы отбасының тоғызыншы ұлы болған.
Питер Пән, бұл — есейгісі келмейтін, үнемі балалық шақта уайым-қайғысыз жүретін және ұшатын тентек бала туралы таңғажайып ертегі.
Әлемдегі бір баладан басқа барлық бала ерте ме, кеш пе өседі. Венди мұны жақсы білді.
Білетін себебі — ол екі жасар кезінде бақшада ойнап жүріп, таңғаларлық әдемі гүлді көрді де, жұлып алып, анасына тұра жүгірді. Венди осы сәтте өте әдемі де сүйкімді болған-ау, өйткені анасы Дарлиң ханым:
— Сенің мәңгі осы қалпыңда қалмайтының қандай өкінішті! — деді дауыстап. Бар болғаны осы-ақ. Сол сәттен бастап Венди өзінің есейетінін білді. Адам бұл туралы әдетте екі жасында-ақ аңғаратын болса керек…
Ертегі қолда барды қадірлеу, жақындарыңның сүйіспеншілігін бағалай білу, оларға мейірім мен қамқорлық таныту сияқты ізгі адамгершілік қасиеттерге баулиды. Шығарманың тілі жеңіл, оқиғасы қызықты әрі тартымды оқылады.
Шығарма жасөспірім балаларға арналған.

Құрметті достар! Сіздердің назарларыңызға, қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» атты жинағын ұсынамыз:
Балалар, бұл жолы сіздерге жазушы Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесін назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақстан тұлғалар мен атақты азаматарға бай. Балалар, сіздердің назаралынызға сондай тұлғалардың бірі, ұлтымыздың оқу-ағарту саласына өлшеусіз үлес қосқан, қазақтың әйгілі ғалымы Ахмет Байтұрсынұлына арналған кітабын ұсынамыз:
Есболатқызы, А. Ерекше ертегілер [Мәтін] / Алуа Есболатқызы. ; сурет. Ж. Ерланқызы.- Алматы : altynsaga, 2021. – 44 б.
Қырық өтірік – қазақтың халық әңгімелерінің ішіндегі ең бір көпке мәлім түрі. Бұл әңгімені ерте күндерден бері қарай, халықтың кәрі-жасы түгел біледі деуге болады.

Құмар, Н. Көк байрақтай — көк жейде [Мәтін] / Нұрлан Құмар. — Алматы: Өнер, 2022. — 376 б.
Кітаптағы әрбір әңгіме әдептілікті, әрбір ертегі ерлікті, мейірбандылық пен бауырмал достықты алдыға тартады. Ендеше, зер салып оқып шықсаңыздар — үлгі-өнегенің өлкесіне қанат жайып, кемел өмір кемесінде жүзе білесіздер.