Сәлеметсіңдер ме балақайлар!
Бұл жолы сіздерді күй әлеміне саяхаттауға шақырамыз. Өмір сүріп отырған әлемді танып-білгісі келетін білімқұмар балалардың құштарлығын қанағаттандыру мақсатында «Аруна» баспасы «Сиқырлы скрипканың ертегілері» атты кітабын ұсынамыз.
Күй — бұл музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, ерте заманда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй — қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау.
Имайо, Ә. Сиқырлы скрипканың ертегілері [Мәтін] = Сказки волшебной скрипки = Fairy tales of the magic violin / Әсел Имайо.; [бас ред. Қ. Байғабылова; сурет. А. Алмасбаева]. — Алматы: Аруна, 2021. – 67 б.
«АРТ-МИРАЙ» қазақтың музыка мұрасын сақтау қорының негізін салушы Әсел Имайоның қиялынан туған «Сиқырлы скрипканың ертегілері» деп аталатын кітап балаларды да, ересектерді де бейжай қалдырмайды. Оқиғалары қызық, безендірілуінің өзі өзгеше. Кітап үш тілде әзірленген.
Балақайлар сіздер «Ахау, бикем» қазақтың халық әнін, адемі күй ретінде де, тыңдайаласыздар.
Бұл — жай ғана ертегілер жинағы емес, бұл сиқырлы кітап. Кішкентай оқырмандарымыз қазақтың музыкалық шығармаларынан шабыт алып жазған автордың ертегілерін оқып қана қоймай, QR-кодтың көмегімен музыкалық шығармаларды тыңдай да алады. Ол үшін ұялы телефонның камерасын QR кодына бағыттап, сілтеме бойынша өту керек.
Кітаптың суреттерін жас суретші Айсұлу Алмасбаева салды.
Кітап жасөспірімдерге және ересек балаларға арналады. Барлықтарыңызды «Сиқырлы скрипканың ертегілері» атты кітабын оқуға шақырамыз.
Осы жолы сіздерге аңыздар жайлы кітапты ұсынамыз. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма.
Оған енген аңыздар Қазақстан өзендері мен көлдерінің, тауларының, алқаптарының, аспан шырақтары мен жануарларының пайда болу тарихы мен шыққан тегі жөнінде әңгімелейді.

Ежелгі ойын түрлері — «Жақ лақтыру», «Мұнданақ», «Атаман доп» сияқты 150-ге тарта түрі өз-өз алдына қызықты да алуандылығымен ғана емес, ұлттық даралығымен де назарға ілігеді. Соның ішінде «Балуан» (күрес) өнерін алсақ, оның өзіндік дара тарихы, іс-қимылы басқа ұлт күресінен өзгеше, әрі бұл күнде халықаралық күрес қатарынан орын алып отырғанын мақтаныш етуге болады.
Ертегідегі қаһармандардың алдынан үнемі көсе-көлденең шығып, біздің үрейімізді алатын динозавлар туралы білмейтін адам кемде-кем шығар. Ал, олардың бұрындары жер бетінде тіршілік кешіп, жұмыртқа салғандығын қазір ғылымның өзі дәлелдеп отыр. Ендеше балалар Клод Богаэрдің «Жалықтырмайтын энциклопедия. «Динозаврлар» атты кітабы арқылы динозаврлар әлеміне бірге саяхаттап көрейік.
Динозаврлардың құрып кеткендігі жайында айтылған деректерге назар аударсақ, ол жерге астероид, метеорит немесе кометаның соғылуы салдарынан болған деген пікір шындыққа жанасады.

Альберт Эйнштейн әлемге сенімді де жігерлі физик ретінде танымал. Ол әрдайым адамзатты рухани дамытатын және пайда келтіретін іс-әрекетпен шұғылдануға тырысты. Оның еңбектері әлемді дүр сілкіндірсе, тапқыр ойлары мен айтқан сөздері оқыған адамға ой салады.
Балалар осы жолы сендерді грек ғалымы, философ, Батыс Еуропа дүниетанымы тұрғысынан Аристотель туралы кітабымен таныстырамыз:
Аристотель біздің өмірімізден көрініс тапқан революциялық ойлаудың жүйесін салған алғашқы ғалым.

Балақайлар осы әңгімеге қарап сендер де үлкендер ақыл айтқанда дұрыс тыңдап әдемі, түзу ағаш секілді өсіңдер.
Бұл жолы Сіздерге Николай Носовтың
Құрметті балақайлар, бұл жолы дат жазушысы, әлемге әйгілі балалар және ересектерге арналған ертегілер авторы
Балалар «ертегі патшасы» Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек балапаны» ертегісін білесіздер ме?