Ерман Әбдиев

Әбдиев Ерман Қанжанұлы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Қазақстан Республикасының ақпарат саласының үздігі. Өлкетанушы. 1973 жылы 12 сәуірде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген. Ойық ауылындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектептің түлегі. Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті». Мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Ақкөл орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 1993-2004 жылдар аралығында Талас, Байзақ аудандарында мектептерде мұғалім болған. Талас аудандық білім бөлімінде бас маман болып еңбек еткен. 2004 жылдан бүгінгі күнге дейін БАҚ-та еңбек етіп келеді. Б.Момышұлының 100 жылдығына шығарылған «Батыр шапағаты», Қазақстан Конституциясына 20 жыл, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл, Д.А.Қонаевтың 105 жылдығына шығарылған мерекелік медальдардың иегері. Жамбыл облысы әкімінің жанындағы БАҚ жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі.

Толығырақ…

Есет Досалы

Досалы Есет Жаңабайұлы

Қазақстан журналистер одағының мүшесі. 1977 жылы 9 наурызда Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылында туған. Осындағы Бөлтірік Әлменұлы атындағы орта мектептің түлегі (1994) . Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген (2007 ).
Мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ, айтысқа деген бейімін байқатып, көзге түсті.1993 жылы аудандық, облыстық оқушылар айтысының бас жүлдегері атанды.Облыстық «Наурыз» айтысының бас жүлдегері (2002), Таразда «Ақ орда» қозғалысының қолдауымен өткен «Елбасы Жолдауы-халықтың қолдауы» атты республикалық айтыста ІІІ орын (2005), Облыстық жастар айтысында бас жүлде (2005), осы жылы Талдықорғанда өткен С.Аронұлының 190 жылдығына орай өткен халықаралық ақындар айтысында Қалқа Жапсарбаев атындағы арнайы сыйлықты иеленді. Облысаралық телеайтыстың ІІІ орын (2008), Еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай өткен облыстық ақындар айтысының бас жүлде (2011), Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында өткен республикалық айтыстың ІІ – орын (2013) иегері. Қазіргі таңда облыстық «Арай» жастар газетінде аға тілші болып еңбек етеді. Әңгіме, өлеңдері республикалық газет-журналда жарияланып тұрады. ҚР Журналистер одағының мүшесі, облыс әкімінің 2009 жылғы «Әдебиет» аталымы бойынша жастар сыйлығының лауреаты.

Толығырақ…

Бақытжан Советұлы

Бақытжан Советұлы

Бақытжан Советұлы – Меркі ауданының Меркі ауылында туылған. ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Мамандығы – журналист. Республикалық «Санат» баспасында редактор, «Ара-Шмель» сықақ журналында фельетонист болып қызмет атқарған. Ұзақ жылдар бойы «Қазақстан» ұлттық телеарнасы «Қазақстан-Тараз» телевизиясында жемісті еңбек етті. Қазіргі таңда Республикалық «Қазақ радиосының» Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі. Жазған өлеңдері мен сықақтары облыстық, республикалық басылымдарда жиі жарияланып жүр. «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл», «Көксандық күмбірі» атты құрастырған кітаптары, «Мен де бірдеңе дейінші», «Ерін туралы ертегі» және «Бұл мен ғой» атты сықақтар жинағы жарық көрген. Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі.

Толығырақ…

 

 

Мадина Еркінбекқызы

Мадина Еркінбекқызы туғаннан бірінші топ мүгедегі. Он төрт жасынан бастап өлең жазады. Тағдыр тауқыметіне мойынсұнбай, буырқана толқыған өмір-өзеннің асау ағысына қарсы жүзіп келе жатқан журналист Мадина Еркінбекқызы өзінің алғашқы шығармаларын аудандық, облыстық, жергілікті газет беттерінде жариялаған. Жүрек түбінде жасырын жатқан құпияларын өлең жолдарымен жеткізе білетін Мадинаның ең бірінші парызы – парасатты, пайымды азамат болу. Мадина ең алдымен – патриот. Туған жері Қаратауына жыр арқылы мейірімін төгеді. Өлеңдері шыншыл да сыршыл, әңгімелері пайымды, оқырманын тез баурап алады. Мадина жазу өнерінде сегіз қырлы, бір сырлы ерекше жан.

Толығырақ…