Тараздағы туризм

Тараздағы туризм

xa0«Көне Тараз» туристерді шақырады.

xa0 xa0xa0Дүниежүзілік туризм ұйымының соңғы жариялаған мәліметтеріне сенсек, туризмнен түскен табыс көлемі мұнай және автокөлік экспортынан түсетін табыстан кейінгі үшінші орынды иеленеді екен. Туризм арқылы экономикасын дамытып, бюджетін толтырып отырған мемлекеттердің қатары көп. Мәселен, Түркия, Швейцария, БАӘ, Сингапур, Куба сияқты елдер осы арқылы кіріс көзін молайтып отыр. Жер көлемі бойынша тоғызыншы орынды иеленетін, табиғи ландшафтарға, тарихи ескерткіштерге бай Қазақстанда туризмді дамыту мүмкіндігі жоғары. Бүгінде мемлекет тарапынан елді туристік орталыққа айналдыруға бағытталған шаралар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің ашылуы. Ғасыр тарихы бар «Qazaq» газеті бүгін көне шаһар Тараздағы туризмді дамытуға арналған іс-шараларға тоқталады.

ТАРАЗДАҒЫ ЖАҢА КЕШЕННІҢ ХАЛЫҚҚА БЕРЕРІ МОЛ

xa0«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің аумағында өткен жылдың желтоқсан айының соңында Қолөнершілер мен туристер орталығы ашылды. Орталықтан жамбылдық шеберлердің жұмыстары мен ежелгі қолөнершілердің, құмырашылардың, ұсталардың және тоқымашылардың жұмыс барысын көруге мүмкіндік бар.

Алып кешен – ортағасырлық шығыстық стильде жасалған сәулет ансамблінің құрамына кіретін ерекше ғимараттардың бірі. Ғимараттың бірінші қабатында семинарлар, баспасөз конференциялары, шеберлік сағаттары мен түрлі кездесулер өткізуге арналған үлкен зал бар. Сондай-ақ, онда кәдесыйлардың сауда көрмесі де орналасқан. Көрмеде былғарыдан, ағаштан жасалған бұйымдар, сәндік торсықтар, киізден жасалған, жүннен тоқылған заттар және бас киімнен аяқ киімге дейінгі киімнің түр-түрі сатылады. Жастықтар, кілемшелер, көрпелер мен қапшықтар, әмияндар, сөмкелер, түрлі ойыншықтарды да осы жерден кездестіресіз.

«Кәдесыйларға қатысты қойылатын арнайы талаптар бар. Біріншіден, кәдесыйлар Тараздың тарихымен, мәдениетімен байланысты болуы керек. Екіншіден, бағасы көрсетілген тақтайшада шебердің аты-жөні мен кіріспе үш тілде жазылуы тиіс. Үшіншіден, Тараз қаласының бойтұмары саналатын Айша бибі кесенесінің элементтері бар сегіз бұрышты тақтайша логотипі және әдемі қапта болуы шарт, – деп түсіндіреді Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Шеберлер клубының жетекшісі Вера Майкович. – Мен, сонымен қатар, қолөнершілерді іріктеу комиссиясының қазылар алқасының мүшесімін. Біздегі мәліметтер бойынша, клубымызда жүзге жуық шебер бар. Бірақ, солардың ішінен тек 20 адам ғана күнделікті сабақтарға қатысады. Олардың арасында Сәуле Мұсаева, Вера Площенко, Мұрат Жексембин, Наталья Золотарева, Федалия Измайлова, Гүлнар Қотырова сынды шеберлерді ерекше атауға болады. Облыс әкімшілігінің Туризм басқармасы Тараз шеберлерін кәдесыйлар көрмесіне қатысуға және жаңадан ашылған орталыққа келіп, қолөнершілерге шеберлік сыныптарын өткізуге шақырады. Негізі-нен, шеберлердің мақсаттары әртүрлі болып келеді. Бірі өнімін сату мәселесіне қызығушылық танытса, енді бірі жаңа бір нәрсені үйренгісі келеді. Өз жұмысымен атын шығару үшін көрмеде істейтін де шеберлер жоқ емес».

Любовь Полунинаның айтуынша, көрмеге өз қолынан шыққан өнімдерін пайда табу үшін емес, алдымен жұмысын халыққа таныстыру мақсатында қойған.

«Көрмедегі сатылымға өзім тоқыған қуыршақтарымды, тоқылған аяқ киімім мен түрлі маталардан тігілген сөмкелерімді шығардым. Десе де, түсетін пайда туралы әңгіме қозғауға әлі ерте. Мен коммерциялық мақсатты көздемеймін. Керісінше, мұны өз шығармашылығымды жетілдіру үшін берілген жақсы мүмкіндікке балаймын. Қаламызда қолөнершілер орталығының ашылып, бой көтергеніне қуаныштымын. Бұрын шеберлерімізде өз өнімдерін халыққа ұсына алатын арнайы алаң болған жоқ. Ал, шеберлер жәрмеңкесі жылына бір-екі рет қана өткізіліп тұратын. Менің Instagram желісінде парақшам да бар. Бірақ, үш жылда әлеуметтік желінің көмегімен бар болғаны екі зат сата алдым. Енді шеберлердің әрқайсысымен туризм бөлімі арнайы келісім жасады. Кәдесыйларды қабылдау актісін берді. Сол арқылы айына бір рет еңбекақымызды ала аламыз. Сонымен қатар, бұйымдарды сату үшін де, ғимаратты жалға алу үшін де орталық бізден ақша талап етпейді. Мысалы, Алматыда қолөнершілер жәрмеңкесіне қатысу үшін он мың теңге көлемінде жарна төлеу қажет. Ал, Тараздағы қолөнершілер орталығында өтетін сауда көрмелеріне қатысу шеберлердің шығармашылығын жетілдіруге арналған қосымша ынталандыру деп білемін. Мен өткен жылдың желтоқсан айындағы халықаралық көрмеде Қазақстан Суретшілер одағының мүшелерімен кездестім. Олар көптеген қызықты жәйттерді әңгімелеп, өз білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісті», – деп ағынан жарылды Любовь Полунина.

Өз кезегінде керамикалық бұйымдардың шебері Вера Площенко да өз шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет берді: «Мен Тараздағы техникалық шығармашылық орталығында көркем модельдеу және безендіру үйірмесінде жұмыс істеймін. Керамика – менің хоббиім. Қолөнершілер орталығындағы сауда көрмесінде мен «Ауыл» деп аталатын топтамамды сатылымға шығардым. Бұл әртүрлі күлкілі кейіпкерлерді бейнелейтін он екі мүсіннен тұратын топтама. Әр мүсінді он екі мың теңгеге бағаладым. Кейбіреулер үшін ондай баға артық болып көрінуі мүмкін. Алайда, бір мүсінді жасау үшін кем дегенде бір күндік жұмыс қажет. Оған электр энергиясы мен муфельді пешті жағуға кететін шығынды қосыңыз. Керамика туралы шеберлік сыныптар өткізуді айтпағанда, шығатын шығынның мөлшері көп болады. Мен мұны туристер үшін дұрыс деп ойлаймын. Сатылымның қаншалықты жақсы деңгейде болатынын айту қиын. Әлі көп уақыт өтпеді. Ұзамай белгілі болады. Әртүрлі ынтымақтастыққа да дайынмын. Мен қолөнершілер орталығының ашылуын жағымды оқиғалардың бірі деп санаймын».

Орталықтың екінші қабатында жеті түрлі шеберхана, аудитория және «Тараз-Туризм» туристік-ақпараттық орталығының кеңсесі орналасқан. Олар әзірге орталықты керекті құрал-жабдықтармен, шығармашылық ортаны ұйымдастыру жұмыстарымен айналысып жатыр. Жақында есігін айқара ашып, толыққанды жұмыс кестесіне өтеді.

«Қолөнершілер мен туризм орталығы ашылған күні жамбылдық тіс қаққан кәнігі шеберлер «Аспара» модельдік және бизнес колледжінің студенттеріне шеберлік сабақтарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шеберлік сабақтарында студенттер қыш бұйымдар жасауға, тоқыма тоқуға, ағаш кесуге үйретілді. Шеберхана қабырғала-рының әдейі әйнектен жасалынғанын да айта кеткеніміз жөн. Бұл кәдесыйлар мен бұйымдардың қалай жасалатынын туристердің өз көздерімен көруі үшін жасалған. Сондай-ақ, шетелдік туристерді шеберлік сабақтарына қатыстыру үшін біз оларға аудармашы ұсынуға дайынбыз», – дейді Ішкі және сыртқы туризмді дамыту бөлімінің басшысы Айнұр Ақпаева.

Жамбыл облыстық Туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекованың айтуынша, Туризм ассоциациясы мен «Алтын керуен» туристік орталығының бірлесіп жасаған бағыты Қолөнершілер мен туризм орталығының меншігіне жатады. Бағыт арқылы туристер Тектұрмас, Қарахан, Айша бибі сияқты тарихи ескерткіштер мен қаланың өзге де көрікті жерлерін аралай алады.

Таразда орын алып жатқан мұндай оң өзгерістер жергілікті тұрғындардың да көңілдерінен шығуда. Өйткені, 360 мыңдай халқыxa0 барxa0 қалаxa0 былтырxa0 тотыдай түрленді. «Көне Тараз» этномәдени кешені де, жергілікті «Арбатқа» айналған алаң да қала мен қала қонақтарының көз қуанышына айналып келеді.

xa0КӨНЕ ШАҺАР КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ

xa0Рас, Жамбыл облысының орталығы жылдан жылға көркейіп келеді. Ал, тамыры тереңге тартылған көне қалаға шетелдік туристерді тарту, олардың үміттерін ақтау – тараздық кәсіпкер Ілияс Отанның айнымас ұстанымы.

Кәсіпкер пікірлестер тобымен республика көлемінде бірнеше авторлық тур ұйымдастырды. Ілияс Отанның құлшына атқарған жұмыстарының арқасында шетелден келген қонақтар Байқоңыр, Арал, Шымкент, Түркістан қалаларымен бірге Жамбыл облысына да саяхаттап қайтты.

«Менің мақсатым – Қазақстанда, оның ішінде кіндік қаным тамған Таразда туризмді дамыту. Шетелдіктермен жасаған қарым-қатынастарымнан жинаған тәжірибеме сүйеніп айтар болсам, саяхатшылардың басым көпшілігі ежелгі мәдени-тарихи сәулет өнерінің көзіндей болып қалған ескерткіштері бар, үйлесімді атмосферасы бар шағын қалаларда болғанды жөн көреді», – деп санайды Ілияс Отан.

Кәсіпкердің айтуынша, саяхатшылар арасындағы танымал платформа Workaway.info арқылы шетелдік туристермен өзара байланыс орнатады. Платформаның мақсаты – түрлі халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайту болып табылады.

«Жыл сайын біз жаңа бағыттардан құралған жобаларды дүниеге әкелуге тырысамыз. Мысалы, биыл маусым айында киіз үйxa0 қалашығыныңxa0 жобасын іске асыруды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, бұл шараға Таразды Азия бойынша туристер ең көп ағылатын рухани-тарихи орталыққа айналдыруға бір кісідей атсалысатын еріктілерді тартуға тырысатын боламыз», – деген Ілияс Отан өзінің осындай жоспарларымен бөлісті.

Тараздық кәсіпкердің пікірінше, Workaway.info платформасы еріктілер мен гидтерге тілдік ортаға түсу мүмкіндігі тұрғысынан пайдалы болуы ықтимал. Әсіресе, бұл алдағы уақытта туризм саласында маман болуға ниеттенген студенттерге септігін тигізеді.

Айта кетейік, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің Туризм мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттеріне «Тараз-Туризм» ақпараттық база орталығында тәжірибеден өтулеріне мүмкіндік бар. Қазіргі таңда аталмыш ақпараттық орталықпен бірігіп Ілияс Отан да өнімді жұмыс жасауда.

Айтпақшы, биылғы жылы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде аталған мамандық бойынша білім алған студенттердің алғашқы легі қолдарына дипломдарын алады. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Саят Қойшыбаевтың айтуынша, 2017 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында 25 талапкер туризм мамандығына оқуға түскен. Ал, былтыр бірінші курсқа 12 адам ақылы бөлімге қабылданған. Жақында колледждің бір топ студенті «Тараз-Туризм» туристік орталығы негізінде өндірістік тәжірибеден өтті. Осының арқасында жігіттер көптеген жаңа нәрселерді біліп, шетелдік туристермен ағылшын тілінде сөйлесуге машықтанды.

«Біз Португалия, Италия, Аустралиядан келген туристермен кездестік. Оларға арнап турлар өткіздік. Әсіресе, 51 жастағы аустралиялық турист Питер Кэнон ерекше есте қалды. Ол әлемді аралауда. Қазір оның бүкіл өмірі саяхаттаумен өтіп жатыр. Осы кездесулердің барлығы бізді шабыттандырады. Біз білікті маман болудың қыр-сырын мұқият зерттей бастадық. Себебі, гид-экскурсовод қонақтарды қабылдаушы елдің жауапты өкілі, өз жұмысы арқылы халықтар арасындағы достықты, мәдени байланысты нығайтады», – дейді аталған колледждің студенті Батыр Нұрмерген.

xa0ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

xa0Иә, туризм халықтар арасындағы достықты, мәдени байланысты нығайтады. Еліміздің туризм саласын дамытсақ, әлем елдеріне төл мәдениетімізді де насихаттауға қол жеткіземіз. Біріншіден, бұл – елді насихаттаудың төте жолы, екіншіден, бұл – ел қазынасын толтыратын табысты сала. Осыны жақсы түсінген әлемнің бірқатар елдері туризмді мықтап қолға алған. Мәселен, Дүниежүзілік туризм ұйымы 2019 жылдың алғашқы жартысында-ақ туристердің саны 671 млн адамға жеткенін хабарлады. Бұған туристік маусым саналатын шілде, тамыз, қыркүйек айларындағы туристер санын қосыңыз. Былтыр Франция 93,2 млн, Испания 82,8 млн, АҚШ 82,2 млн, Қытай 62,9 млн, Италия 62,1 млн, Түркия 45,8 млн, Мексика 41,4 млн, Германия 38,9 млн, Таиланд 38,3 млн туристерді құшақ жая қарсы алыпты. Демек, бұл елдердің туризмнен қыруар қаржыға кенеліп отырғаны айтпаса да түсінікті. Ал, барша әлем халықтары өз мәдениетін, тарихын, табиғатын туризм арқылы насихаттап, экономикасын көтеріп жатқанда, таңғажайып табиғаты, тамыры тереңге тартылған тарихы, қайталанбас бай мәдениеті бар Қазақстанның көштен қалғаны әбестік болар. Сондықтан мемлекет те турзимді дамытуды көздеп отыр.

xa0Фараби Сәйкенов

Qazaq. – 2020. – 25 ақпанxa0


xa0
xa0

Қаланың сәулеті келісті

Қаланың сәулеті келісті

Шаһардың сәулеттік келбеті күн санап көркеюде. Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында ағымдағы жылы бірқатар әлеуметтік нысандар мен гүлзарлар, саябақтар мен аяқжол, фонтандар орналасқан арбат құрылыстары жүргізілуде.

Екі мың жылдан астам тарихы бар көне Таразда соңғы жылдары бой көтерген түрлі нысандар мен демалыс орталығы көздің жауын алады.xa0Елде болып жатқан жағдайға қарамастан қала бойынша абаттандыру, көгалдандыру, жалпы қаланың сәулеттік келбетін келістіру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Барлық жоспарланған құрылыс нысандары облыстық әкімдік жанындағы сәулеттік кеңесте қарастырылған. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей басшылығымен қаланың келбетіне көрік беретін бірқатар нысандардың жобалары қайта қарастырылды. Мәселен, «Март» сауда үйінің маңы мен Адамбаев көшесі бойынан арбат құрылысы жүруде. Жобада фонтан, орындықтар, жарықшамдар, кіші архитектуралық формалар қаралған. Төле би даңғылы бойындағы (Сыпатай батыр мен Аққозиев көшесінің аралығы) арбаттың жалғасы салынуда. Бұл аумақта биіктігі 30 метрді құрайтын «Қазақ халқына мың алғыс» монументі бой көтеруде. Екі нысан да ағымдағы жылы ел игілігіне тапсырылады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ Сейфуллин көшесі мен Қонаев даңғылы қиылысында көпшілік пайдаланатын демалыс орнының құрылысы жүргізілуде.xa0Аумақта орындықтар, жарықшамдар, воркаут алаңшалары орналасады. Ал көпқабатты тұрғын үйлердің алдындағы 163 ауланы абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын салу жұмыстары да жүргізіледі. Қала көшелерінің бойын абаттандыру жұмыстары және орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін әрлеу бойынша эскиздік жобалар дайындалып, ағымдағы жылы жұмыстар жүргізіледі. «Жеңіс» саябағынан «Анаға тағзым» орталығы бой көтеретін болады. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Сондай-ақ «Тектұрмас» этнотарихи кешенінің құрылысы жалғасын табады. Бұл аумақта туристік нысандар, қорған құрылысы және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар Талас өзені бойын абаттандыру, жаяу жүргіншілер мен көпір құрылысын салу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін қаланың сәулетті келбеті келісті болары сөзсіз.

xa0Айтқазы Қарабалаев,

Тараз қаласының әкімі

xa0xa0xa0 Jambyl -Taraz. — 2020. — 13 мамыр

Тараз гүлдене береді

Тараз гүлдене береді

xa0Тараздың тазалығы мен көгалдандырылып, көгеріштендірілуі қашанда облыс, қала басшылығының басты назарында. Бүгінде қаламыздың үлкен даңғылдары мен көшелерінің бойында, саябақтар мен гүлзарларда көктемгі көріктендіру жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Осынау сауапты да жауапты жұмыстарды сапалы әрі уақтылы атқаруды «Жасыл ел – Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз мойнына алған.xa0Аталмыш мекемені қазір Талғат Зауырбеков басқарады. Осы мекемеде бес жылдан бері еңбек етіп келе жатқан жол тазалау учаскесінің бас шебері Арайлым Арыстанованы сөзге тартқанымызда ол:

– Біздің жұмыс негізі жыл-он екі ай бойы тоқтамайды.xa0Қазіргі қарқын алған көгалдандыру жұмыстары үстіміздегі жылы наурыздың 15-нен басталған. Сол кездері жер аударылып, гүл егілетін жерлер дайындалған болатын. Енді міне, рет-ретімен Атшабар, Төле би және Жамбыл даңғылдары қиылыстары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағынан кейін «Жеңіс» саябағына да кезек келді. Алдымен сынған шыбықтар мен қоқыстардан тазартып, сонан соң гүл түрлерін отырғызудамыз, – деді.

Жалпы, осы жұмысқа қанша адам тартылып, қандай гүл түрлері егілуде дегенімізде: «Бұл жұмыстарға 30 адам тартылған, оларды арнайы автобус тасымалдайды.xa0Мекеме есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Таңғы сағат 7.00-ден кешкі 19.00-ге дейін жұмыс істейтін еңбеккерлерге әзірге 90-100 мың теңге жалақы төленуде. Мекеме тарапынан қала сыртында тұратындарға отын жағынан тегін жәрдем көрсетіледі. Негізі «Шабо», «Салвия», «Такетес», «Катарантус» атты гүл түрлерін егудеміз. Бір айта кететіні, ЖШС-ның жылыжайларында өсіріледі», – деді ол.

xa0xa0xa0 xa0xa0Тұрмаханбет ҚАЗАҚБАЙ,xa0

Тараз қаласы

xa0Aq jol. — 2020.xa0-xa013xa0mamyr

Тарихы тағылымға толы Тараз xa0

Тарихы тағылымға толы Тараз

xa0

Екі мың жылдан астам уақыт бойы салтанат құрып келе жатқан тарихи Тараз бүгінде жаңаша бағытта дамып, соны сипатта түрленіп келеді. Уақыт өткен сайын көне шаһарда құрылыс қарқынды дамып, облыс орталығының әлеуметтік және экономикалық әлеуеті артуда. Өткен аптада ғана Таразxa0қаласында «Қала күні» мерекесіне орай жиырма бірдей нысан ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

xa0 xa0xa0Әуелі Жамбыл облысы әкімдігінің алдында Жамбыл Жабаев ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Асқар Мырзахметов бастаған облыс және қала басшылығы, сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшелері мен қала тұрғындары қатысты. Даңқты жырау ескерткішінің облыстық әкімдік алдынан бой көтеруі өңір тарихында айтарлықтай оқиға болды. Сонымен қатар бұл нысан қазақ халқының кенен өнерін, құдіретті қара сөзін айғақтап тұрғандай әсер етеді. Жамбыл Жабаев ескерткішінің ашылу салтанатына қала тұрғындары мен қонақтары да көптеп жиналып, қала күні аясында өткен шараны тамашалады. Бұдан былай Абай даңғылының бойында ұлы ақын Жамбылдың рухы асқақтап, болмысы биіктеп тұра бермек. Ал аталған ескерткіштің биіктігі 4 метр болса, салмағы 1,5 тонна.

Өз кезегінде Тараз қаласында «Теміржол вокзалы аллеясының» ашылуы да айтарлықтай оқиға деуге болады. Аллеяда екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһарының тарихын баяндайтын стелла орнатылып, оған «Тәңір» деген сөз жазылыпты. Сонымен қатар мұнда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың домбырасы, күй шебері Ықылас Дүкенұлының қобызы бейнеленген. Ал бұл жерге неше мыңжылдықтардан сыр шертетін Тараз топырағынан да талай тұлғалардың шыққанын білдіретін қауырсынның орнатылуы келер ұрпақ үшін үлкен өнеге болатыны анық. Аталған скверде «Көне Тараз» стелласы қойылып, айналасы абаттандырылды. Стеллаға Тараз, Әулиеата, Жамбыл, Талас сияқты Тараз қаласының бұрынғы төрт атауы жазылып, қобыз, домбыра, дәуіт, балxadбал тас сынды тарихи кезеңдерді бейнелейтін ұлттық құндылықтар орнатылды. Нысанды «Айя сервис» ЖШС-нің 30,0 миллион теңге жеке қаражаты есебінен Тараз қаласы тұрғындарына «Туған жерге тағзым» жобасы аясында тарту етілді.

Тараз қаласы күніне орай Жамбыл Жабаев ескерткіші маңындағы алаңша мен орталық «Достық» алаңында әсем, сазды субұрқақтар ашылды. Жамбыл Жабаев ескерткіші маңындағы субұрқақ жобасын толықтай «Atameken-Energy» ЖШС қытайлық әріптестерінің сызбасы негізінде іске асырған. Төрт қатардан тұратын екі субұрқақтың әрқайсысында үш түтік бар. Егер субұрқақ қарқынын жоғарылатса, биікке көтерілген су әуеде түйісіп, халқымыздың ауызбіршілігін айғақтайды. Осы арқылы жобалаушылар ұлттық құндылығымызды көрсете білген. Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, жоба «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тапсырысы бойынша жасалған. Субұрқақтардың ерекшелігі әуенмен су шашатындығында болып тұр.

Бұл күні қала көлемінде ел игілігіне берілген нысандар қатарында Желтоқсан көшесінің бойында ашылған «Желтоқсан толқыны» субұрқағын және республика бойынша ең ұзын 3 каскадтан тұратын 220 метрлік «Тәуелсіздік толқыны» атты түрлі-түсті субұрқағын айтуға болады. Гейзерден басталған алғашқы толқын 86 деген монументальды мафтан басталады. Бұрқақтың бойына Тәуелсіздігіміздің символы болып саналатын барлығы 14 дана барыс, қыран құс, пырақ мүсіндері орнатылған.

Сонымен қатар 120 павловния ағашы отырғызылып, 22 жарық шамдары, күн сәулесінен қуат алатын 4 дана батарея, 10 дана смарт орындықтарына интернет желісіне қосылатын құрылғылар (wi-fi), 48 орындық пен қоқыс тастайтын жәшіктер орнатылған. Жалпы жобаның эскизі «Spektr Energi Group» ЖШС тарапынан әзірленген. Ені 20 метр, ұзындығы 240 метр болатын аллеяның аумағы 0,5 гектар. Ал құны 284 миллион теңгені құрайды. Сәулет өнеріне тән ерекшелікті сақтай отырып салынған субұрқақтың ашылу салтанатына да тараздықтар көптеп жиналды. Көпшілік толқындар субұрқақтың соңына жетіп, кері қайтқанда Тәуелсіздіктің айшығы күн мен бүркітті бейнелейтін бейнесіне айналып, одан әрі егемендікке ұласатын ерекшелігін тамашалады.

Жуырда ғана Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен Тараз қаласының орталығындағы Қайрат Рысқұлбеков саябағы мен оның ішіндегі батырдың ескерткішін қайта жаңғыртудан өткізу жұмысы басталған болатын. Аз ғана уақыттың ішінде бұл саябақ адам танымастай өзгеріп, жаңаша сипат алды. Қала күні мерекесі қарсаңында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақ ел игілігіне берілді. Бұл күні біртуар перзентінің рухымен қайта қауышқан көпшілік саябаққа көптеп жиналды. Кезінде шаһит кеткен батырдың рухына тағзым етіп, қаһарманның қайта жаңғыртылған ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Саябақтың жалпы аумағы алты жарым гектарды құрайды. Жалпы сметалық құны 403,9 миллион теңгені құрайтын саябақтың эскиздік жобасын «Табыс жоба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әзірлеген.

Аталған саябақ ішінен «Желтоқсан-86» орталығы, «Тәуелсіздік ұшқыны» аллеясы, қайта жаңғыртудан өткен «Ардагерлер үйі», «Ғибрат» орталығы және «Шахмат» алаңы ашылып, ел игілігіне берілді.

Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Ұрпақтар санасында естелік болып жаңғырып тұра береді. Бүгін қала күні мерекесі аясында «Жеңіс» саябағында тарихи ерлік дәріптелді. Атап айтсақ, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш ашылып, көпшілік осы бір игі бастамаға куә болды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Халық қаһарманы, Ауған соғысының ардагері, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев пен Ауған соғысының ардагері, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл арнайы қатысып, нысанның лентасын қиды. Бұдан кейін сөз алып, өткен күннің орны толмас өкінішін шежіреледі. Кезінде Ауғанстан жеріндегі әскери іс-қимылдарға Жамбыл облысынан 2236 жауынгер қатысып, әскери қақтығыстар кезінде 71 жас азаматтың қаза тапқанын, бұл әрxadқашан орны толмас өкініш екеxadнін жеткізді. Сонымен қатар бүгін «Жеңіс» саябағында Чернобыль атом электр стансасындағы апатты залалсыздандыруға қатысушыларға арналған ескерткіш ашылды. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Чернобыль ардагерлері және мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі филиалының төрағасы Бақытжан Әшірбаев пен Жамбыл облыстық Чернобыль одағы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Владимир Хорошин қатысты. Айта кетейік, ғаламдық ірі жарыxadлыстың зардабын жоюға қатысқан қазақстандықтардың 1200-і Жамбыл облысынан еді.

Осы «Жеңіс» саябағының ішінде тыл еңбеккерлеріне арналған ескерткіштің де ашылу салтанаты болды.

Көп жылдан бері «Үшбұлақ» каналының жағалауы қараусыз қалып, қоғам тарапынан сынға да ұшыраған болатын. Бүгін сол олқылықтың орны толып, «Жеңіс» саябағы бойынша қолға алынған жоба аясында Тараздағы «Үшбұлақ» жағалауындағы демалыс аумағы пайдалануға берілді. Жалпы 6,5 гектар жер абаттандырылып, 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Ал мұндағы көпірдің ұзындығы 72 метр болса, ені 3 метрді құрайды. Сонымен қатар бөгет қайта жаңартылып, су айдыны 60 метрге дейін кеңейді. Ал мұнда келіп демалушылар үшін 5 аққу, 4 үйрек пен ақ амур және карп сияқты барлығы 3000-ға жуық балық жіберілген. Аталған жағалауда каналға шығатын 3 пирс, демалыс орындары, балалар ойын алаңдары, спорттық снарядтар мен суда жүзуге арналған катамарандар қойылған.

«Екі мың жылдық тарихы бар көне Тараз шаһары күн өткен сайын жаңарып, жасарып келеді. Алдағы уақыттарда Таразды түрлендіру үшін талай жобалар мен жоспарлар бар. Ал қала күні мерекесіне орай ашылып отырған нысандардың бәрі де халықтың игілігі үшін салынды. Бұл нысандардың бәрінің де әлі халық жақсылығын көретін болады», дейді Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов.

Тараз қаласының бүгінгі тынысы осындай. Келешекте де көне шаһардың келбеті келісіп, сәулеті арта беретініне сенім мол.

xa0Хамит Есаман

Білім және өнер. – 2020. — №11-12. – 44-47 б.

Ер Қайраттың ерлігі ұмытылмайды

Ер Қайраттың ерлігі ұмытылмайды

xa01986 жылғыxa0Желтоқсанxa0оқиғасы тарих бетінде өзінің ақтаңдақ таңбасын қалдырғаны даусыз. Жастардың бейбіт шеруінің соңы қанды қақтығысқа ұласып, талай боздағымыз қыршыннан қиылды. Мұзды алаңда айтылған жастардың жалынды сөзін кеңес билігі күшпен басуға тырысқанымен, бұл көтеріліс Қызыл империяның құлауына әкеліп соқты. Желтоқсаншылардың Тәуелсіздікке қосқан үлесі зор. Олардың арасындаxa0 Халық қаһарманыxa0Қайрат Рысқұлбековтің да ерлігі ерекше.xa0 Ел үшін туған ер көзі тірі болғанда биыл 55 жасқа келер еді.

Жалпы, Қайрат Ноғайбайұлы 1966 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы Моxadйынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1973-1981 жылдары Шу ауданы, Төле би ауылындағы Сәду Шәкіров атынxadдағы мектеп-интернатта білім алған. Жасxadтайынанxa0 күреспен шұғылданған. Мекxadтеп қабырғасында жүріп-ақ шынxadшыл, сынxadшыл, бетке тура айтатын мінезіxadмен ерекxadшеленген. Сондай-ақ кітапты көп оқып, сөзге де шешен болған.

Қайраттың анасы Дәметкен Асанбаева сауыншы болса,xa0 әкесі Ноғайбай бақxadташыxadлықпен айналысқан.

xa0«Қайраттың бетке тіке айтатынxa0 мінеxadзінxa0 жора-жолдас,xa0 ұстаздары менxa0 бүкіл ауылxa0 халқы білетін. Өзге бауырларынан ерекxadшелігі – ол ақжарқын да ақпейілді, ешкімxadнің көңілі қалмаса екен деп өскен ұл еді. Оның үстіне өз замандастарының арасында үлгілі де қадірлі болатын», – депxa0 Дәметкен ана қаһарман ұлын еске алғаны есімізде.

Қайрат мектеп-интернатта сегіз жыл оқып, үздік бітіреді. Осыдан кейін 1981-1983 жылы Бірлік ауылындағы орта мекxadтепте білімін тереңдетіп,xa0 бір жыл Көктерек совхозында мал бағады. Ал 1984 жылы әскер қатарына шақырылып,xa0 екі жыл Амур өлкесіндегі Белогор қаласында Отан алдындағы борышын өтейді. 1986 жылы мамырда әскерден оралғаннан кейін сол жылдың тамызындаxa0 Алматыxadдағы Сәулет-құрылыс институтына оқуға түседі.

Міне, осы білім ордасында оқып жүріп Қайрат көппен бірге алаңға келеді. 1986 жылдың 18 желтоқсанындаxa0 сағат таңғы сегіз жарымдар шамасында Алматы қаласының орталық алаңына жиналғанxa0 екі мыңғаxa0 жуық жастардың арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.xa0 Бейбіт шеру қанды қақтығысқа ұласқан кездеxa0 Қайратxa0 бір топ жігіттерменxa0 Байсейітова көшесінің бойымен Абай даңғылына түседі. Жастар қолдарына таяқ ұстайды, Қайрат та жерде жатқан бір бұтақты көxadтеріп алады. Қолына таяқ ұстаған Қайxadратты xa0біреулер сол кезде суретке түсіріп алған екен. Тағы бір деректерге сүйенсек, қазақ қыздары поxadлицейxadлер тараxadпынанxa0 соққыға жығылып жатқан кездеxa0 Қайрат бастаған жігіттер араша түсіп, қақтығысқа араласыпты. Алайда тәртіп сақшысы жеңіл жарақат алғанына қарамастан,xa0 Қайратты адам өлтірді деген жаламен ату жазасына кеседі. Бірақ Батыс қауымxadдастығының қысымыxadнан соң Кеңес одағының басшысы Михаил Горбачев Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат Рысқұлбековке шыxadғарылxadған ату жазасын 20 жыл түрмеде отыруғаxa0 ауыстырады.xa0 Алайда Семей түрxadмесіне жеткізілген Қайрат небәрі 21 жаxadсында камерасында өлі табылады. Бұл Желтоқсан оқиғасына байланысты ең үлкен құпияxadлардың бірі болып қалды.

13 наурыз күні Қайрат Рысқұлбековтіңxa0 жерлестері батыр ұлдарын еске алып, рухына құран бағыштады. Ең әуелі Мойынқұм ауданының орталығы Моxadйынxadқұм ауылында Қ.Рысқұлбеков атынxadдағы саябақтағы ескерткішіне гүл шоқxadтары қойылып, қаһарман ұлды еске алу шарасы өтті. 1 минуттық үнсіздіктен кейінxa0 аудан әкімі Мәден Мұсаев сөз алып, қазақтың қайсар перзентінің өмір жолына тоқталып, оның ерлігі мәңгілік ел есінде, ұрпақ жаxadдынxadда қалатынын жетxadкізді. Ал Желтоқсан оқиғасына қатысушы Нұржан Сәденов мұндай шаралардың маңызын тілге тиек етіп, ұйымдасxadтырушыларға алғысын білxadдірді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Желтоқсан оқиғасына айxadрықxadша бағасын берді. Президент: «Биыл әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толаxadды. 1986 жылы өрімдей ұл-қызxadдарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде Тәуелxadсіздігімізді жариялауымызxadдың символдық мәні зор. Бұл орайда азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһарманxadдарыxadның азаматтық ерлігі лайықты бағаxadсын алып, жоспарлы түрxadде насихатталуы керек», – деді. Раxadсында біз желтоқсаншылxadардың ерлігін кейінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, батыр ұл-қыздардың ерлігін жан-жақты насиxadхаттауымыз қажет. Әсіресе, Қайрат Рысxadқұлбековтей батырдың болxadмысы кейінгі буынның үлгі тұтар тұлғасына айналуы қажет. Сондықтан бүгінгідей шаралардың тәрбиелік және патриоттық маңызы зор. Сол бір мұзды алаңдағы қанды оқиғаны егеменді елдің жастары енді көрмесін деп тілеймін. Қаһарман ұлдарын ұлықтап жатқан жергілікті билік өкілдеріне айтар алғысым шексіз, – дедіxa0xa0 Нұржан Сағадинxadұлы.

Ал Қайратпен тай-құлындай тебісіп бірге өскен ауылдасы Ләйлә Қожагелдиева өткен күнді еске алып, көз жасына ерік берді.

–xa0 Жерлесім Қайратxa0 ауылда менен бір сыныпxa0 жоғары оқыды. Әкем Шайбай Қожагелдиевxa0 сол мектепте математика пәнінен дәріс берді. Мектеп қабырғаxadсында жүргендеxa0 жалындаған өжет, өткір өрен еді. Әкем Қайраттың осы қасиетін ерекше бағалайтын.

Желтоқсан ызғарын өз көзімізбен көрxadдік. Қазір еске алудың өзі өте ауыр. Кейінгі жастарымыз сол кездегі жазықсыз қыршыxadннан қиылғанxa0 боздақтардың тағдырын кешпесін, қайталанбасын деп тілейміз.

1986 жылдың 17 желтоқсан күніxa0 бір топ студенттермен сабаққа кетіп бара жатқанда ұсталдық. Алматы қаласы АІІБ-лары ұсталған адамдарға толған соң, бізді Қаскелеңге апарып, суретке түсіріп, түxadсінікxadтеме алып, оқу орнымызға хабарлама жіберді. Түнгі сағат 00.00-ден таңғы сағат 07.00-де жаяу жатақханамызға әзер жетxadтік.

Күнде тексеріс, жиналыс. Комсомол, кәсіподақ жиналыстарына салды. 100 студент оқудан шығарылды. Жақсы оқыxadғанымның арқасындаxa0 сөгіс алып, жазам жеңілдеді. Алайда 3 ай бойы тергеу жүрxadгізді.xa0 10-15 тәулік сұрақтың астында болxadдық. Өзім 3 тәулікxa0 Целинный киноxadтеатрының астындағы жертөледегі КГБ-ның түрмесінде жаттым. 40 қызxa0 бір камеxadраға қамалдық. Сол кезде Қайратты көрxadдім. Ол жалғыз адамдық камерада отырды. Полицейлергеxa0 дәліздіxa0 жуып береміз деп сұранып, тергеуге алып бара жатқан Қайxadратxadты көзім шалып қалып жүрді.

Ержүрек жерлесіміз көзі тірі болғандаxa0 биыл 55 жасқаxa0 келер еді.xa0 Қайрат Рысxadқұлбеков – халқымыздың батыры, қаһарxadманы. Қайраттың патриоттық рухынxa0 кейінгі ұрпаққа үлгі етіп дәріптеуіміз қаxadжет.

Келешекте де Қайраттың 100 жылдыxadғын тойлауды нәсіп етсін.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі, бейбітшілік өмір болсын деп тілеймін, – деді желтоқсаншы.

– Қайратxa0 қолындағы барын бөліп беxadретін жомарт еді.xa0 Олxa0 жапа шеккен, зәбір көргендерге жаны ашып, қолынан келген жәрдемін аямайтын. Өзім кішкенxadтайымxadнан әкемнің туған апайының қоxadлында өстім. Ол кісінің қайтыс болғанына көп уаxadқыт бола қойған жоқ еді. Мектеп-интерxadнаттың басшылары бір күні оқушыxadларға киім үлестіре бастағанда, маған пальто мен етік тиді. Сонда мұғалімдер мені шешесі жоқ деп, мүсіркеп беріп отырxadған шығар деп көңілім әбден құлаxadзып, мұңайып қалxadдым.xa0 Сол кезде Қайрат менің қасыма кеxadліп: «Сәлима, сен бұған ренжіме, бұл киімxadдерді түсіне білсең, ата-анаңа көмек реxadтінде беріп отыр ғой»xa0 деп жұбатқаны әлі есімнен кетер емес, – дейдіxa0 Қайраттың тағы бір сыныптас құрбысы Сәлима Исаева.

Өзінің өмірі қыл үстінде тұрғанда кім өзгенің өміріне ара түсе алар екен? Осынxadдай өнегелі де өрелі ерлік Қайраттың бойынан табылды.

– Тергеушілерxa0 Қайратпен беттестіріп: «Мына мұғалімдерің емес пе, сендерді алаңға шығыңдар деп үгіттеген» дегенде, ол: «Бұл кісіні танымаймын, алаңға өзіміз бардық» деп мені қаймықпай, ашық қорxadғаxadды. Егерxa0 ол басқаша айтқанда ату жазаxadсына мен кесілетін едім, – деп ұстазы,xa0 Сәуxadлет-құрылыс институтының доценті Әркен Уақов таxa0 өткен күндіxa0 еске алады.

Мойынқұм ауданындағы шараxa0 соxadңынxadда Қайрат пен өмірден ерте озған боздақxadтарxadдың рухына бағышталып құран оқылды. Сондай-ақ еске алу кеші Бірлік ауылында да ұйымдастырылып, қаһарман ұлдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылxadды. «Желxadтоқсан» атауы берілген Мәдеxadниет үйінде кеш ұйымдастырылып, ауылxadдастары жауxadжүрек ұлын ұлықтап, кейінгі ұрпаққа ерxadлігін дәріптеді.

Ер Қайрат пен желтоқсаншылардың ерлігі ұмытылмайтыны анық.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы

Aiqyn. — 2021. — 16 наурызxa0

Аяулы ғұмыр, айбынды ерлік

Аяулы ғұмыр, айбынды ерлік

xa0xa0Батырдың көктемі

xa0Ақынxa0емеспін,xa0қарасөзгеxa0деxa0шорқақпын,

Ұлым кеткелі, сылдырдан шошыр қорқақпын.

Тас түскен жеріне ауыр ғой қалқам қашанда,

Қайғыңа сенің, халқың да, мен де ортақпын.

xa0«Аталатсаң аталат, боталатпа адамды»,

Пендешілік дейміз ғой, қате басқан қадамды.

Әділет болса тағдырда кезекке неге қоймайды,

Үлкенін алып алдымен, зарлатпай ата-анаңды.

xa0Қаһарман жүрек қашанда қатерін елдің жеңеді,

Жеңісі барлық ұрпақтың мәңгі демеуі.

Елім деп өлген ерлерім үшін ойланбай,

Жүректен жұлып жанымды бергім келеді.

xa0Неткен өмір қаталсың, жасын тағдыр тез өтті,

Зарлатасың адамды өртке орап өзекті.

Мұқағали айтқандай жүре берсек қой, шіркін,

Бірде адам, бірде қайың боп, алмастырып кезекті.

xa0Е, бауырым! Сіз де, біз де мұңдаспыз,

Өлі сүлде келеміз, өлді деуге тым жассыз.

Даңқың көкке асқақтап, қайғың ғана ортайсын,

Басу айтам өзім де, халқым үшін қымбатсыз!

Тұрдалы ШЕРАЛИН,

Ішкі істер органының ардагері,

отставкадағы полиция полковнигі.

АЯУЛЫ ҒҰМЫР, АЙБЫНДЫ ЕРЛІК…

3 сәуір – Халық қаһарманы, бейбіт күннің батыры Ғазиз Байтасовтың туған күні. Тәуелсіз елінің тыныштығын күзетіп, төтеннен төнген қауіпке кеудесін тосып, оқыс жағдайда опат болған жерлесіміз тірі болғанда биыл 45 жасқа толар еді…

xa0xa0

Кезінде Аристотель: «Ерлік – аяулы қасиет, соның арқасында адамдар қауіп-қатер үстінде тамаша істер істейді» десе, әйгілі испан жазушысы Мигель де Серван- тес: «Барлық бәлекет қаһарман жүрекке соғылып, тас-талқаны шығады» деп дөп басып айтқан.xa0Ал жаугершілік заманда екі күннің бірінде ерлік жасаған ата-бабалары- мыз бұл қасиетті бүкіл ұрпағының қанына сіңдірді. Халқына, ұлан-байтақ даласына төнген қауіптің көзін жойғанша тыным таппай, ақтық демі қалғанша арпалысып өтті. Дәл сол бабалар дәуіріне тән дүр рухтың ерлігін бейбіт күнде Ғазиз Байтасовтан көрдік. Естеріңізге сала кетейік, Таразда 2011 жылдың 12 қарашасында жихад қозғалысының жақтаушысы жасаған қылмыстың салдарынан 7 адам, оның ішінде құқық қорғау органының 5 қызметкері мен 2 азаматтық тұлға көз жұмған болатын. Террористік әрекет барысында жергілікті халыққа үлкен қауіп төндірген лаңкестің тұрғындарға бағытталған жарылғыш гранатасын кеудесімен жауып, елінің бейбіт өмірі үшін жанын пида еткен Ғазиз Әбдібекұлы Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың ерлігін көз алдымызға алып келді. Қанша уақыт өтсе де қазақи қанымыздың тұңғиығында мәңгілік ерліктің жасырынып жатқандығына һәм ол қасиеттің ешқашан жоғалмайтынына тағы да куә болдық. Көзіміз анық жетті. Және Тәуелсіздігіміздің жиырма жылында жасаған көзсіз ерлігі үшін Ғазиз батырға Елбасының Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді. Айта кетсек, Ғазиз Әбдібекұлы 1971 жылы 3 сәуірде Жамбыл облысының Түймекент ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді заңгер. 1997 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірді. Еліміздің құқық қорғау органдарында 20 жылға жуық қалтқысыз қызмет атқарды. Оның Отан алдындағы ерлігі үшін Тараз қаласының бір көшесіне Ғ.xa0Байтасовтың есімі беріліп, тұрған үйіне ескерткіш тақта және облыстық ішкі істер басқармасы алдындағы саябақта бюст орнатылған. Мүлтіксіз қызмет барысында мерт болған ОІІД Жол полициясы жеке взводының командирі, полиция капитаны Ғазиз Байтасов көзі тірісінде өз ісіне деген адалдық, қызметіне деген жауапкершіліктің озық үлгісін танытты. Мәселен, ол құзырлы салада еңбек ете жүріп 28 рет марапатқа ұсынылыпты. Артында аяулы жұбайы мен ізбасар екі ұлы қалды.

Және көзкөргендердің айтуынша, Ғ. Байтасов өзі еңбек демалысында жүрсе де, жұмысына, жолдағы қауіпсіздікке қатты алаңдап отырады екен.xa0Қазіргі таңда батырдың тәлімін алған тәжірибелі ізбасарлары шаһарымызда табысты еңбек етіп жүр. Олардың алды взвод командирлері, қалғаны өз ісін жетік меңгерген білікті ин- спекторлар. Бұған қоса қаладағы №11 мектеп қабырғасында оқушылардан құралған, он жыл қатарынан байқауларға қатысып, алдына жан салмай келе жатқан жол қозғалысының жас инспекторларының үйірмесі 2012 жылдан бері батырдың атымен аталып келеді.

— Ғазиз екеуміз 1994 жылы Тараз қаласында ішкі істер бөлімінде еңбек етіп жүрген кезімізде таныстық.xa0Өзі жарқын жүзді, келбеті де келіскен жинақы жігіт. Ол кезде Ғазиз конвой болып жұмыс істейтін. Екеуміз үш жылдан аса жүрдік. Ғазиз бір істі бастамас бұрын алдына үлкен мақсат қоятын. Балаларын ерекше жақсы көрді. Ерекше бауырмал еді. Өзінен кейінгі үш қарындасына әке орнына әке болды. Жалпы, Ғазиз азамат ретінде көпшіл болатын. Ешкімді бөле-жармайтын. Ғазиз өз жұмысының қаншалықты жауапты екендігін жан-тәнімен түсінетін. Ол үшін отбасы мен қызметі қатар болды десем, артық айтпағаным шығар. Демалыс күндері де жұмысына алаңдап тұратын. Достарына деген адалдығы оның қадірін арттырмаса, еш кеміткен жоқ. Ғазизға «Халық қаһарманы» атағы берілген кезде, үлкен ұлым Арманжан екеуміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болдық. Жүрек толқыды, көңіл тебіренді. Нұрсұлтан Әбішұлы Арманжанымның басынан сипап, «Үлкен азамат бол!» деп аталық ақ батасын берді. Елі ұлының ерлігін ұлықтап жатқанда ұлдарым жақсы азамат болып өсуі тиіс. Қазір Арманжаным қаладағы №5 мектептің 10-сыныбында оқиды. Екінші ұлым Әділжанныңxa0тегі Әбдібеков еді. Жуырда Байтасов деп ауыстырдық. №5 мектептің 2-сыныбында оқитын Әділжаным ержеткенде әкесі секілді полиция қызметкері болуды армандап жүр, — дейді қаһарманның аяулы жары Гүлжамал Тәжиева. Батырдың үлкен ұлы Арманжанның да қазіргі мақсаты заңгер болу екен. Қалай дегенмен, қаһарманның артында қалған қос ауызды мылтықтай екі ұлының біреуі әке жолын жалғайтыны сөзсіз.

xa0Шайзат Әліпбаев, Жамбыл облысы ішкі істер департаментіне қарасты әкімшілік практика бөлімінің инспекторы, полиция капитаны, Ғазиздің сыныптасы әрі әріптесі:

— Ғазиз екеуміз Байзақ ауданы, Түймекент ауылының Ақжар орта мектебінде бірге оқып, бала кезден бірге өстік және сол мектепті бірге тәмамдадық.xa0Сосын ол Жезқазғанға оқуға түсті. Мен басқа жақта оқыдым. Кейін әскерге кетті. Әскерден кейін жол полициясы қызметіне жұмысқа орналасты. Жезқазғанда жұмыс жасады. Одан Жамбыл облысына ауысты. Жалпы Ғазиз өзі мектеп қабырғасында жүріп-ақ полиция боламын деп армандайтын. Сыныпаралық анкета толтыру кезінде өз арманын солай сомдайтын. Ғазиздің бойында ерекше қасиеттер көп. Кішкентайынан айтқан сөзінде тұратын, уақытылы жүретін, кешігу дегенді білмейтін азамат еді. Ұстаздардың барлығы жақсы көретін. Бір салада 2006 жылдан бері бірге істедік. Өзі үйдің үлкені. Мектепті аяқтаған кезде Ғазиздің әкесі қайтыс болды. Ол қарындастарына әрдайым қамқор болды. Қиындыққа мойымайтын. Қайғылы оқиға орын алған күні мен Байзақ ауданында қызметте жүрген едім. Суық хабарды естісем де сенбедім. Ғазизге қоңырау шалдым. Бірақ ол ұялы телефонын көтермеді. Ғазиз кітапты көп оқитын. Көрген киноларын, оқыған шығармаларын қызықты етіп айтып беретін. Көбіне маған «демалыс күні осындай кино көр, осындай кітап оқы» деп кеңес беретін. Ақыры бір күні ол айтқан дүниелерді көріп едім, көңілімнен шықпады. Ғазиз айтқандай қызық болмады. Содан кейін мен Ғазизге: «Барлығын сенен-ақ естіп жүре берейінші, бәрібір сен айтқандай қызық болмайды»xa0-xa0деп күлдім. Достарға, қызметіне адал болды. Қазіргі таңда жастардың барлығы оның ерлігін үлгі тұтады. Мен республикамыздың екі өңірінде болып келдім. Қазақстан полицияларының Ғазизға деген құрметі зор. Жұмысқа өте жауапкершілікпен қарайтын. Жұмыс таңғы жетіде басталса, ол күн сайын жарты сағат бұрын келетін. Салауатты өмір салтын ұстанатын. Қайтыс болғаннан кейін мен оның жазу дәптерін тауып алдым. Отырған орындығынан алып оқып көргім келді. Дәптердің басына Әнұранды жазып, ал дәптердің артына баһадүр Бауыржан Момышұлының үлкен суретін жапсырып қойыпты.

xa0Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Жамбыл-Тараз. – 2016. – 30 наурыз(№13). – 7 б.


xa0

От боп жанған оғлан

От боп жанған оғлан

Ауған жерінде көз жұмған Нұрлан Омаров туралы бір үзік сыр

xa0Ақпан айының дәл ортасы – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні. Бұл күні сол ажал апанына айналған қасіретті соғыстан аман қайтқандар осынау еліміздің бейбіт те берекелі күніне тәубе деп, өткен күннің зұлматты жылдарының артта қалғанына шүкірлік танытса, енді бір отбасылар үшін ауыр да қайғылы сәттерді еске салып, жүрек тұстарын әлдебір күйзеліс суығы қарып өтері сөзсіз. Он жылға созылған Ауған соғысында қаншама қандастарымыз қан кешіп, оттың ортасында жүріп жан беріп, жан алысса, мыңдаған қазақстандықтар ажал құшып, алыстағы ауылына табытпен жеткізілген еді. Тағы біршамасы із-түссіз кетті. Олардың дені он тоғыз бен жиырма бір жас аралығындағы өрімдей бозбала, жап-жас жігіттер еді… Солардың бірі қиырда жүріп, қыршынынан қиылған, аз ғана ғұмырында Отан алдындағы азаматтық парызын адалынан атқарып өткен жүректі жас Нұрлан болатын.

Нұрлан Омаров – Жамбыл ауданының тумасы. Ол бала күнінен спортқа жақын болып ержетеді. Жастайынан күрес боз кілемінде жаттығып өскен Нұрлан болмысына бірбеткейлік пен қайсарлық, байсалдылық пен ер мінезділік тән еді.

1987 жылы Нұрлан да қатарластары секілді әскер қатарына шақыртылады. Отан алдындағы міндетіне абырой биігінен қарауды әкесі Амангелдіден үйреніп өскен ол алдында отты жолдар, сұмдық соғыс күтіп тұрғанын сезген жоқ. Сол жылдың сәуір айында аудандық әскери комиссариаттан азаматтық борышын өтеуге қатарласымен бірге сап түзеп, Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласына жол тартады. Онда бір апта болып, сол жерден жасақталған он бес бала №20 «а» командасы құрамына еніп, Оржоникидзе қаласына жеткізілді. Әскери тәртіп, азаматтық парыз бәріне ысылған жас сарбаздар үш ай оқу-жаттығудан соң Ауған соғысына аттанып кете барады…

Олар алдымен ұшақпен Кабулға қонады. Кабулдың тау-тасына көз тастаған жас сарбаздар алдарында қандай қиын сәттер тосып тұрғанын нақты сезбесе де, іштей түйсінген еді. Соғыстың аты – соғыс. Кідіріп, тұралап тұрарлықтай уақыт жоқ. Оларды Кабулға жеткізе салып, екі-үш сағаттың ішінде түрлі міндеттер жүктеп, томағасын сыпырған тұйғындай қанды «салбурынға» салды да жіберді. Нұрлан Жалалабадта жасақталған № 66 бригададағы танк батальонына алынды. Бірер күннен кейін-ақ оның ауылда әкесінің қасында көлік жүргізуге машықтанғанынан хабардар болған басшылық оны жанармай таситын үлкен «Урал» автокөлігіне отырғызады. Бұл тізгінде отырған оның негізгі міндеті – танктерге, БТР-ге жағармай тасу және құю болды. Нұрлан тек тізгінде отырып қана қойған жоқ, рөлде отырса да қасындағы екі көмекшісімен бірге қолынан АКМ автоматы түспейтін. Оқыстан тұтанған атыстарға да қатысып жүрді. Сондай жанжалдардың бірі Гардез аймағындағы техникаларға жанармай жеткізу кезінде орын алған.

– Көздеген жерге жетер-жетпестен душмандар оқпен қарсы алды. Бір кездері біріміз совет, біріміз неміс болып атыспақ ойнаған балалық шақ көз алдымызға келді. Бірақ, бұл мүлде басқа көрініс еді. Қолдан келсе, душмандар бәрімізді жайратып салуға әзір еді. Жауларымыз тау тасалап, ту сыртыңнан қару кезенудің нағыз шеберлері екен. Біз де бой бермедік. Бір сағаттай үздіксіз атысқа созылған алапат әзер дегенде басылды. Құдай қақты ма, біз жақтан адам шығыны болмады. Кейін білдік, душмандар негізінен «бензовоз» көлігін атып, жаруға талпынады екен. Сонда, сол маңдағы әскерилер ажал құшып, жанармай күтіп отырған танк, БТР-лер жүруден қалады. Осыны жете түсінген Нұрлан, көлік айдауда әкесінен үйрен әккілігін пайдаланып қандай атыс болмасын жанармай көлігін жар мен тасаға тығып үлгеретін. Басқа біреу болса, көлікті тастап, бас амандығын ойлап, қашып кетер ме еді, кім білсін… Нұрлан олай етпеді, – дейді Уалихан Көпжасаров қандыкөйлек досын есіне алып.

– Ауған жері – таулы аймақ. Шеті мен шегі жоқтай ирелеңдеген соқпақтардың өзі бойға үрей сыйлайды. Сәл қит етсе, төбеден төнген ажал-құзғынның тырнағына ілініп кететіндей қорқынышты бастан кешіресің. Сондай қиын сәттердің өзінде Нұрлан қызықты әңгімелер айтып, бәрімізді күлдіртіп, қорқыныш сезімімізді сейілтетін. Сағат сайын дабыл. Душманға да, ұйқы-дұшпанға да бағынбауға бел будық. Кезекті тапсырмамыз – Асадабад таулы өлкесінде қалған жауынгерлерге көмек көрсету. Осы жорықтағы шайқас әлі есімде. Талай рет атыс-шабысты көрсек те мұндай қарсылыққа бірінші рет кезіккен шығармыз. Тұс-тұсымыздан, төбемізден оқ борап жатты. Жаудың қай тұста екенін аңғару мүмкін емес. Арамыздағы жауынгерлер жарақат алуда. Ұзаққа созылған атыс бір мезетте тына қалды. Сонда Нұрлан:

– Сендер білесіңдер ме, соғыс кезіндегі тыныштықтың арты аласапыранға ұласады. Ауған халқы – мұсылмандыққа шындап берілген халық. Қазір олар үшін намаздыгер уақыт. Осыны пайдаланып, біз уақытпен санаспай өз көздеген жерімізге жетіп алуымыз керек, – деді. Нұрланның осы ақылының пайдаға асқан сәті көп болды, – дейді ауған соғысының ардагері, Нұрланның қарулас досы Марат Теңізбаев. Ол Нұрланның осындай ерліктеріне риза болған капитан Тарасовтың Нұрланды құшақтап «Сені Совет Одағының Батыры атағына ұсынамын» деген ризашылықтан туған әсерлі мақтауын да жеткізді. Көп ұзамай Нұрлан «За Отвагу» медалін омырауына таққан екен.

Бұдан кейін де жамбылдық жауынгер көптеген шайқастарда шыңдалып, тапқырлық және қайсарлық қасиеттері арқылы тапсырмаларды тиянақты орындай білген. Ауғанның барлық аумағында болған ол талай рет ажал апанынан аман қалды. 1988 жылы Кеңес әскері Ауған жерінен шығарыла бастаған тұста елге қайтатынын естіген Нұрлан да басқа майдандас достары сияқты қуаныштан бал-бұл жадыраған еді. Алайда, елге қайтар жолдағы қауіпті Саланч асуындағы кескілескен соғыста Нұрланның «бензовозы» жарылып, өзі ауыр жарақатпен госпитальға жеткізіледі. Алайда, оның өмірге ғашық жүрегі сол госпитальда біржола тоқтап, бұл дүниемен мәңгілікке қош айтысып кете барады…

Жиырмаға енді ғана толған өрімдей жігіттің қазасы ауылдағы ата-анасына аяздай батады. Әкесі Амангелді, анасы Жасан Нұрланның ауғандағы соғысқа қатысқанын, сонда мерт болғанын мырыш табытпен өлі денесі жеткенде ғана бір-ақ біліпті. Оған дейін ұлымыз әскерде жүр деп ойлаған ата-ана бауыр еті баласының ерліктерін жолдастарынан естіп, көз жастарын көл еткен. Ол өмірден өткен соң, соғыстағы ерліктері ескеріліп «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ауған халқының құрметі», «Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 15 жыл» секілді медальдарымен марапатталды. Өкініштісі – бұл марапаттарды Нұрланның өз кеудесіне тақпағаны. Десек те, ерлік ескірмейді, естен өшпейді емес пе? Нұрланның жарқын бейнесі достарының, туған-туыстары мен ата-анасының жүрегінде мәңгі сақтаулы.

Жанғазы Ахмет,
Жамбыл ауданы

xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 Ақ жол. – 2016. – 16 ақпан. – 4 б.

Әлемді мойындатқан жамбылдықтар

Әлемді мойындатқан жамбылдықтар

xa0Жамбыл облысы Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерінің саны бойынша көш бастап тұр. Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Ермахан Ыбырайымов, Бақтияр Артаев, Болат Ниязымбетов, Ислам Байрамуков, Болат Жұмаділов, Ақжүрек Таңатаров сынды әлем мойындаған жамбылдық жампоздардың ізін бүгінде іні- қарындастары жалғап келеді. Спорт күні қарсаңында әлемдік додаларда ел намысын қорғап, Әнұранымызды асқақтатып, көк Туымызды желбіретіп жүрген жерлестер ерлігіне шолу жасауды жөн көрдік.

xa0Бүгінде облыстың спорт мекемелерінде спорттың 43 түрі қамтылған.xa0Оның ішінде 22 олимпиадалық, 12 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрі. Бұл мекемелердің барлығы облыстың бұқаралық спорт түрінің барлығымен қамтылуымен қатар, ел намысын қорғайтын, облыстың үкілеген спортшыларын дайындап шығаруда. Жетістік те жоқ емес. Жалпы ағымдағы жылдың 7 айында облыс спортшылары Әлем, Азия чемпионаттары мен кубоктарында 68 медальге, оның ішінде 32 алтын, 18 күміс және 18 қола, Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен кубоктарында 555 медальге, оның ішінде 195 алтын, 169 күміс және 191 қола және халықаралық турнирлерде 63 медальге, оның ішінде 25 алтын, 16 күміс және 22 қолаға қол жеткізген. Ал жыл басынан бері облыс спортшылары Жапонияда велоспорттан өткен Азия чемпионатында Дінмұхамед Ұлысбаев чемпион атанып, Швейцарияда өткен Әлем Кубогының 2 кезеңінің қорытындысы бойынша ІІ орынға ие болған. Ал қол күресінен АҚШ-та интерконтиненталь чемпиондық белбеуі PAL (Professional Arm Wrestling League) үшін жарыста абсолютті салмақ дәрежесінде Дмитрий Трубин интерконтиненталь чемпионы титулын жеңіп, осы белбеу иегері атанып, ел мерейін үстем еткен. Сонымен қатар жүзуден тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен мүгедек-спортшылар арасындағы Голландияда болған «Эйндховен Кубогы» халықаралық жарысында Зульфия Габидуллина 50,100 және 200 метр қашықтықтарда І орынды жеңіп алып, үш қашықтық бойынша әлем рекордын жаңартып, паралимпиялық спортшылар арасында Еуропаның ашық чемпионатында (Португалия) 50 және 100 метр қашықтықтарда алтын медальді иеленген. Ал паратаэквондодан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Ашық Азия чемпионатында (Филиппин) Өмірәлі Нышан жеңімпаз атанса, еркін күрестен есту қабілеті төмен тұлғалар арасында өткен Әлем чемпионатында (Иран) жасөспірімдер арасында Тұрғанбай Ғасыр (69 кг) — ІІ орын, жастар арасында Ғалымбет Молдашев (66 кг) – ІІІ орын, ересектер арасында Ғабит Есжанов (65 кг) пен Нұрсұлтан Дүйсембиев (57 кг) өз салмақ дәрежелерінде ІІІ орынға табан тіреген. Самбо күресінен жастар мен ересектер арасындағы Азия чемпионатында (Түркменстан) ересектер арасында Ақтолқын Смағанбетова 80 келі салмақ дәрежесінде І орын, жастар арасында +80 келі салмақ дәрежесінде Арайлым Шегенова І орын, 82 келі салмақ дәрежесінде Дәулет Ахмет ІІ орын, 60 келі салмақ дәрежесінде Ләйла Ақмолда ІІІ орынды қанжығалаған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.xa0Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде Бейбіт Ыстыбаев 3-ші рет «Қазақстан Барысы» атанғаны да күллі қазақ елінің жадында. Ал жасөспірімдер арасында VI халықаралық «Азия балалары-2016» спорттық ойындарында (Ресей) еркін күрестен Нұртілек Оңдаш 42 кг салмақ дәрежесінде І орын, бокстан Бейбарыс Жексен 48 кг және Әлібек Жарқынбек 52 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын, 54 кг салмақ дәрежесінде Жамиля Айтбаева, 57 кг салмақ дәрежесінде Адина Қалдыбай ІІІ орын, дзюдодан 81 кг салмақ дәрежесінде Ізбасар Ералиев және 52 кг салмақ дәрежесінде Рауза Нұрмахамметова ІІІ орынды иеленіп, өзге мемлекеттер арасында ел мерейін үстем етті. Бұл тек жеті айдың қорытындысы ғана. Ал жыл соңына дейін облыстың қоржыны әлі талай жүлделерге толарына күмәніміз жоқ.

Төрткүл дүние көз тіккен Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан ХХХI жазғы Олимпиада ойындарына облыстан 5 спортшы аттанғаны да біздің облысқа мақтаныш екені сөзсіз.xa0Ал ұлттық құрамаға ең алғашқы жүлдені алып келген жерлесіміз Елдос Сметовтің ерлігі бөлек әңгіме. Алдағы уақытта қыркүйек айында өтетін Паралимпиялық ойындарында жүзуден Зульфия Габидуллинаға күллі қазақ елінен өзге, жерлестеріміз де тақымын қысары сөзсіз. Сондай-ақ Олимпиада ойындарының соңына дейін ұлттық құрама мен облыс спортшылары үшін жанкүйер болатын жерлестердің сенімі әлі талай дүбірлі додаларда ақталарына сеніміміз зор.

xa0xa0Арайлым Шабденова

Жамбыл-Тараз. – 2016. – 17 тамыз. – 8 б.


xa0
xa0

Ел сенімін ақтаған — Е. Сметов

Ел сенімін ақтаған — Е. Сметов

Жамбылдықxa0дзюдошыxa0Елдосxa0Сметовxa0Риоxa0Олимпиадасыныңxa0күмісxa0жүлдесінxa0иеленді

xa0Төртxa0жылxa0бойыxa0асығаxa0күткенxa0Риоxa0Олимпиадасыныңxa0біріншіxa0күнініңxa0өзіндеxa0Алашxa0жұртыxa0медальxa0сыңғырынxa0естігісіxa0келгенxa0болатын.xa0Оғанxa0негізxa0деxa0жоқxa0емес.xa0Алғашқылардыңxa0біріxa0болыпxa0жарысxa0жолынаxa0дзюдошыларxa0шығады.xa0Жапонxa0күресінxa0жетікxa0меңгергенxa0саңлақтарымыздыңxa0жолынаxa0үмітпенxa0қарайтындайақxa0жөнімізxa0бар.xa0Асхатxa0Жіткеевxa0Бейжіңxa0Олимпиадасындаxa0күміспенxa0күптелгенxa0соңxa060xa0келіxa0салмақxa0дәрежесіндеxa0жасындайxa0жарқырапxa0жамбылдықxa0жампозxa0Елдосxa0Сметовxa0шыққанды.xa0Талайxa0мәртебеліxa0додалардаxa0қатарынанxa0озаxa0шауып,xa0бәйгеxa0алыпxa0жүргенxa0саңлақxa0соңғыxa0Әлемxa0чемпионатыxa0менxa0Азияxa0ойындарында,xa0Азияxa0чемпионатындаxa0атойxa0салып,xa0жанкүйерлерінxa0желпінтіпxa0теxa0тастаған.xa0Қазақxa0оғландарыxa0арасынанxa0тұңғышxa0ретxa0Әлемxa0чемпионыxa0атағынаxa0қолxa0жеткізгенxa0Елдостыңxa0арманыxa0Олимпиадаxa0ойындарыныңxa0алтынxa0жүлдесіxa0еді. «Менxa0қандайxa0жарысқаxa0қатыссамxa0да,xa0текxa0қанаxa0біріншіxa0орындыxa0иеленуxa0үшінxa0күресемін.xa0Чемпионxa0атанып,xa0елімніңxa0байрағынxa0биіктеxa0желбіретуxa0керекxa0дегенxa0ойxa0әрқашанxa0санамдаxa0тұрады»,xa0 — дейтінxa0Елдосxa0батырғаxa0бізxa0деxa0сәттілікxa0тіледік.xa0Татамиxa0төріндеxa0жасындайxa0жарқырапxa0жүргенxa0жігіттіңxa0елxa0сенімінxa0ақтайтынынаxa0сендік.xa0Солай болды да.

Жеребе тарту рәсімінде «D» тобына түскен Елдос Сметов алғашқы белдесуін ливиялық балуан Мұхамед Элкависке қарсы өткізді. Ливиялық дзюдошы қазақ баласына ешқандай қарсылық көрсете алған жоқ. Салған жерден шабуылға көшкен Елдос қарсыласын бұйым құрлы көрмеді. Иппонмен, яғни таза жеңіспен басымдылық байқатып, жанкүйер біткенді тәнті етті. Бірінші белдесуінде қарсыласынан оңай айласын асырған Елдос Сметов екінші мәрте татамиде ағылшындық балуан Маккензимен күш сынасты. Татами төрінде өте сауатты белдесетін Елдосты жапондықтар «мысық» деп атайды екен. Жерлесіміз асығып-аптықпай, ағылшын жігітінің осал тұсын іздеді. Белдесу соңына қарай әдіс жасаудың сәті түсіп, Елдос юко ұпайын иеленді. Шыны керек, ағылшын балуаны осалдардың қатарынан емес. Оны белдесу барысындағы жанкешті ұмтылыстарынан да аңғардық. Маккензидің Елдостан шеберлігі төмен болса да, жеңіске деген жігері жоғары болды. Оны жасын атқан жанары байқатып тұрды. Бірақ, тек қана намыспен, жігермен қарсыласты алып ұра алмайсың. Шеберліктің аты – шеберлік. Жарайсың, Елдос дедік батырымыздың техникалық тұрғыдан мықты екеніне сүйсіне қарап.

Кезеңнен-кезеңге өткен сайын қарсыластардың да кіл мықтылары іріктеліп шығатыны белгілі. Нашар дзюдошы үшінші кезеңде өнер көрсетуі мүмкін бе? Әлбетте, жоқ! Дегенмен, қазақта «Үйреніскен жау атыспаққа жақсы» деген сөз бар. Ширек финалда Елдос Ташкент төрінде өткен Азия чемпионатының финалындағы қарсыласы, өзбек балуаны Диорбек Урозбоевпен белдесті. Күллі өзбекстандықтардың көз алдында қазақ баласына есе жіберген Диорбек бұл жолы қалайда Сметовті «жарыс жолынан шығарамын» деген үлкен мақсатпен татамиге беттегені айқын. Алайда, алаш туын биіктен желбіретуді мақсат еткен қазақ баласының дәл Диорбекке жол беруі мүмкін емес еді. Біз соған сенгенбіз. Сенім жанкүйерлер жүрегін алдамапты. Иә, Урозбоев оңай шағыла салатын жаңғақ емес. Урозбоев – мықты балуан. Талай бәсірелі додаларда өзбек туын биікке көтеріп жүрген сайыпқыран. Алайда, Елдос үшін оның беделінің маңызы жоқ. Тек қана жеңіс керек! Белдесу шиеленіске толы жағдайда өрбіді. Диорбек барлық айла-амалын жасағысы келіп, шалып жығуға ұмтылып, арыстанша атылды. Қашанда салқынқандылығынан танбайтын Сметов әліптің артын бағып, ұтымды сәтті күтіп, әредік шабуыл да жасап жүрді. Ақыры шабуыл оң нәтижесін берді. Қарсыласын алып ұрған Елдос юко ұпайымен басым түсіп, жартылай финал жолдамасын қоржынға салды. Енді бір жеңіске қол жеткізсе, кемінде күміс жүлде қоржынға түсетіні анық. Осы кезде қарсы себетте белдесіп жатқан әлемдік рейтингтің көшбасшысы, оңтүстіккореялық Ким Вон Жингтің жарыс жолынан шығып қалғанын құлақ шалды. Ол аз десеңіз, татами төрінде талай мықтыны сабасына түсірген жапон жігіті Такато да жеңілістің ащы дәмін татып үлгерді…

Жартылай финалдық бәсекеде Елдостың жолы әзірбайжандық балуан Орхан Сафаровпен түйісті. Қос дзюдошы да тактикалық тұрғыдан өте сауатты белдесе білді. Негізгі уақытта бір-бірінің осал тұсын таба алар ма екен деп отырғанымызда, Елдос күтпеген жерден әдемі әдіс жасап, вазари, яғни жартылай жеңіс ұпайымен жеңісті жұлып алып, ақтық сын жолдамасын иеленді. Финалда әлемдік рейтингтің көшбасшыларын жарыс жолынан тайдырған ресейлік Беслан Мудрановпен кездесті. Мудрановты қазақ дзюдошысы бұрын жеңген болатын. Белдесу барысында Елдостың белсенділігі көзге ұрып тұрды. Сәт сайын шабуыл жасады. Мудранов әдемі қорғана білді. Алайда, бәсең күрескені үшін ресейлік балуанға ескерту берілер ме екен деген үмітіміз де болды. Голден скор, анығырақ айтқанда, қосымша уақыт. Мұнда да Сметовтің жеңіске деген құштарлығы көзге айқын көрініп тұрған. Алайда, қорғана жүріп шабуыл ұйымдастырған Беслан жалқы ұпайға қол жеткізіп, жеңімпаз атанды. Елдос – күміс жүлдегер! Бұған да шүкір! Әлемдік рейтингтің әйдік мықтылары аламанмен ерте қош айтысып жатқанда қазақ мойнында күміс жүлде жарқырауы ерлікке пара-пар жеңіс еді. Белдесуден кейін тілшілермен тілдескен Елдос Сметов: «Ендігі басты мақсатым – күміс жүлдені алтынға айналдыру. Күпірлік жасауға болмайды. Бұған да шүкіршілік ету керек. Бәрі де Алланың қалауымен болады ғой», – деп өз ойымен бөлісті. Қазақтың мақтаулы ұлы Елдос Сметов Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған соң батыр ұлдың әкесі Бақтыбай Сметов пен алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлға хабарласып, құттықтап, пікірлерін білген едік.

Бақтыбайxa0Сметов,

Елдостыңxa0әкесі:

«Елдосxa0әліақxa0алтынxa0алады»

– Бұл жетістік – біз үшін үлкен қуаныш. Құдайға шүкір деу керек. Ұлым елі күткен жүлдені қоржынға салды. Алтын медаль да алатын мүмкіндігі бар еді. Сәл ғана сәттілік жетіспеген шығар. Балама әрдайым батылдық керек деп айтып отырамын. Әлем чемпионымен шықсаң да, Олимпиада чемпионымен белдессең де қаймықпауың керек. Елдос ешкімнен жасқанған жоқ. Алдағы уақытта өзі айтқандай, күміс жүлдесін алтынға айналдыруға күш салатынына сенемін. Бұл – күллі алаш күткен жүлде. Барлық жанкүйерлерге алғысымды білдіремін.

–xa0Әлемxa0чемпионатыxa0кезіндеxa0қанxa0қысымымxa0көтеріліпxa0кеттіxa0депxa0едіңіз,xa0бұлxa0жолыxa0финалдаxa0қандайxa0көңілxa0күйдеxa0болдыңыз?

– Иә, қан қысымым көтерілгеннен кейін өзімді сабырлы ұстауға бекіндім. Құттықтап хабарласып жатқандарыңызға рахмет. Ұлым тұңғыш қазақтан шыққан әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы деген атақтарға қол жеткізді ғой. Олимпиада биігі де бағынады деп ойлаймын.

xa0Ахметxa0Жұмағұл,
xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0Елдостыңxa0алғашқыxa0бапкері:

«Алдаxa0талайxa0биіктіxa0бағындырады»

– Мен Елдос баламның халық үмітін ақтап, күміс жүлдеге қол жеткізгеніне өте қуаныштымын. Елдос – әрқашан «Мен тек чемпион боламын. Жеңімпаз атануым керек» деген алдына үлкен мақсат қоятын жігіт. Осы жүлде жолында қаншама ұйқысыз түндерді бастан өткерді десеңші. Демалыс күндері де жаттығу жасайды Елдос балам. Бұл күміс жүлдені алтынға бергісіз деп айтуға болады. Құдайға шүкір, шәкіртім елінің, ата-анасының сенімін ақтады. Алла қаласа, Токио Олимпиадасында маңдайы жарқырап, алтыннан да алқа тағатынына сенімдімін.

–Жанкүйерxa0болғанxa0соңxa0бізгеxa0Елдосxa0белсендіxa0күрескенxa0сияқтыxa0көрінді.xa0Маманxa0ретіндеxa0айтыңызшы,xa0ресейлікxa0балуанғаxa0шидоxa0(ескерту)xa0берілуxa0керекxa0пеxa0еді?

–Дұрыс айтасың. Елдос белсенді күресті. Елдос жеңіске деген жігер танытып, төрт мәрте қатарынан шабуыл жасады. Әдіс қолданып көрді. Осы сәтте Мудранов тек қорғанумен жүрді. Дзюдоның ережесі бойынша ескерту алуы тиіс. Мейлі. Құдайдың бұйыртқаны күміс болып тұр ғой. Қаншама мықтылар финал түгілі, жартылай финалға жете алмай, жарыс жолынан шығып қалды. Ендеше, Елдостың бұл жеңісі – біз үшін толайым табыс. Бұл басы ғана. Алда талай асуды алатын шамасы бар.

xa0xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0xa0Табиғат Абаилдаев.
xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0xa0xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0xa0Ақ жол. – 2016. – 9 тамыз. – 6 б.


xa0

Мықтыларды мойындатқан марғасқа. Бақтияр Артаев

Мықтыларды мойындатқан марғасқа. Бақтияр Артаев

xa0Афины Олимпиадасының жеңімпазы, Вэл Баркер кубогінің иегеріxa0Бақтияр Артаев

Бақтияр Артаев десе, күллі қазақ елінің, әсіресе бокс жанкүйерxadлерінің көз алдына осыдан он екі жыл бұрын Грекия астанасы Афины қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарында жасындай жарқырап, атой салған данқты боксшы, сол байрақты бәсекеде шаршы алаңда қарсылас шақ келтірмей, ел мерейін асқақтатып, жалғыз алтынды қоржынға салған қаһарман спортшы елестейтіні мәлім. Бақтияр Олимпиададағы ең шебер боксшыға берiлетiн Вэл Баркер атындағы кубогін иеленген тұңғыш қазақ боксшысы ретінде де есте қалатыны сөзсіз.

Бала Бақтияр

Ғарифолла Артаев пен Тұмаркүл Жексембиеваның қарапайым отбасында дүниеге келген Бақтияр – үш ұлдың ортаншысы. Ғарифолла өзі жастайын спортқа жаны жақын болған. Тіпті, ел намысын қорғайтын спортшы болуды армандаған. Алайда, ол жолда бағын сынауға мүмкіндігі болмайды. Содан, өзінің үлкен ұлы Бақыт пен ортаншы ұлы Бақтиярды боксқа беріп, үлкен сенімін, әкелік үмітін артады. Бұл туралы боксшының жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков өткен жылдарға көз тастап, болашақ чемпионмен таныстығы қалай басталғанын былай есіне алады:

– Шәкіртім Афины Олимпиадаxadсында топ жарып, ел үмітін ақтаған күн кеше ғана сияқты еді.xa0Табаны күректей 12 жылдың өтіп кеткенін байқамай қалыппыз. Бақтияр маған 10 жасында келген. 11 жылдан соң Олимпиада чемпионы атанды. Енді, міне, одан бері де 12 жыл өтіп үлгеріпті. Өзім әскерден оралған соң, мектепке дене шынықтыру пәнінен оқытушы болып орналастым. Кәсіби спортшы ретінде үлкен табысқа жетпеген соң, бар білгенімді, ойға түйгенімді оқушыларыма үйретсем деген мақсат пайда болды. Ол кезде жаңадан отбасын құрғанмын. Ер-азамат болған соң, мойнымда үлкен міндеттер тұр. Соған қарамастан, ешкім ақша төлемесе де, қосымша топ ашып, балаларды жаттықтыра бастадым. Әдеттегі жаттығулардың бірі өтіп жатқан. Балаларға әдіс үйретемін деп, үсті-басым малмандай тер болды. Кенет есік жақта бізді бақылап тұрған ер адамды көзім шалды. Жаттығу аяқталған соң, жақын барып таныстым. Ол – Бақтиярдың әкесі, марқұм Ғарифолла ағамыз еді. Екі ұлын бокс үйірмесіне беру үшін ауылдан қалаға көшіп келіпті. Тараздағы барлық спорт мектептерін аралап қайтқан беті екен. Ешбір бапкер көңілінен шықпай, менің жаттығуыма ғана аялдағанын айтты. Хош, содан Ғарифолла аға маған ұлдары Бақыт пен Бақтиярды табыстап, екеуміздің арамызда аға мен іні арасындағы сыйластық басталды. Бақыт та, Бақтияр да еңбекқор әрі талантты болды. Еңбек пен талант бір-бірін толықтырса, жаман спортшы шықпайды ғой. Алайда, уақыт өте келе, жарақатына байланысты Бақыт бокспен қоштасты. Ал Бақтияр екеуміз Олимпиадаға барамыз деген оймен дайындала бердік, – дейді Нұрлан Ақүрпеков.

Шаршы алаңда 245 кездесуге шығып, оның 207-сінде жеңіске жеткен Олимпиада чемпионы да өзінің ең алғашқы кездесуін есінен мүлде шығарған емес.xa0Қолына киген былғары қолғабы басынан үлкен бала Бақтияр тұңғыш рет он жасында спорт мектебінде өткен жарыста 28 келі салмақ дәрежесінде бақ сынапты. Ол кезде оның бокс секциясына қатыса бастағанына небәрі бір ай ғана уақыт болса да, бала боксшы сол жарыста қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, ақтық сында өзінің досымен жұдырықтасып, бірінші орын алады. «Сол алғашқы жарыс мен үшін өте қызық болды. Сол жекпе-жектер әлі көз алдымда. Бірақ қарсыластарымның аты-жөндері есімде қалмапты. Ол кезде аты-жөнін жаттайтындай мүмкіндік болған жоқ еді», – дейді боксшының өзі бұл туралы.

xa0xa0

Жолдамаxa0жолындағы жанталас

Сөз жоқ, ел чемпионатында талай топ жарған Бақтиярдың ең үлкен жетістігі – Олимпиада чемпионы атануы. Алайда, сол эллиндер еліндегі байрақты бәсекеде Бақтиярдан ешкім алтын күткен жоқ еді. Қайта Афины Олимпиадасында Галиб Жафаров пен Геннадий Головкин алтын алады деп бәс тіккендердің қарасы басым болған. Алайда, жалғыз алтынды Бақтияр алып келді. Осы ретте айта кету керек, бүгінде әлем мойындаған Геннадий Головкинмен кезінде бір салмақта өнер көрсетіп, кейіннен ұлттық құрамада екі түрлі салмақта бақ сынаған, араларына достықтың алтын туын тіккен қос спортшының бала кезден бергі достықтары әлі күнге үзілген емес.

Сонымен, Бақтиярдың Олимпиада жолдамасын иеленуі өте қиынға түскенін біреу білсе, біреу біле бермейді.xa0Осы туралы аз-кем тоқталып өтсек.

Олимпиадаға жолдама алудың өзі түрлі оқиғаларға толы болды.xa0Алдымен Бақтияр Филиппин астанасы Манилада өткен Азия чемпионатына қатысып, екінші айналымда Оңтүстік Корея боксшысына жол береді. Осылайша алғашқы іріктеу сынында жолдамасыз қалады. Бірінші лизенциялық жарыста жақсы нәтиже көрсетпеген соң, екінші додаға 69 келідегі үздік боксшылардың бірі Азамат Мақажанов аттанады. Алайда жолдама оған да бұйырмады. Бұдан кейінгі Пәкістанда өтетін соңғы іріктеу сынына бару үшін Мақажанов пен Артаев арасындағы спаррингтік жекпе-жекте Бақтияр жеңіске жетіп, Афины Олимпиадасына жолдама тарататын ең соңғы жарысқа қатысу құқын иеленеді. Ол кезде АІВА президенті Пәкістан азаматы Анвар Чаудри болатын. Оның үстіне, ең соңғы лицензиялық сын басқа емес, тап сол Пәкістанда өтті. Өз жерінде өткен додада ешбір боксшы жанкүйерін жерге қаратқысы келмейтіні тағы бар. Осы факторлар Бақтияр мен жаттықтырушы Нұрланға оңай әсер етпейді. Десе де, барын салатын шақ туғанын сезінген олар еш аянбайды. Бақтияр бірінші айналымда Кувейт боксшысын жеңіп, екінші кезеңде шаршы алаң иесі Пәкістан спортшысымен кездесті. Төрт раундта Бақтияр қарсыласына айла қалдырмай, төпелеумен болады. Бірақ, ұпай басымдылығы шаршы алаң иесіне жазылуда. Осы сәтте Бақтияр ұрып құлатпаса болмайтынын сезіп, көп күттірмей, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жібереді. Бірнеше рет медициналық көмек көрсетілсе де, төрешілер айқасты тоқтатуға асықпайды. Алаң иесінің дымы құрып, күші қалмағанын көрген сол кездегі АІВА президенті Анвар Чаудри: «Тоқтатыңдар. Жеңісті қазаққа беріңдер!» – деді. Міне, сонда ғана төрешілер Бақтиярдың қолын көтеріп, залдағы бар жанкүйер тік тұрып қол соқты. Келесі айналымда таиландтық боксшымен болған тартысты кездесуде ұпай айырмашылығымен ұтқан Бақтияр көптен күткен Олимпиада жолдамасын иеленеді. Финалда ирандық былғары қолғап шеберінің шаруасын бірінші раундта шешіп, лицензиялық турнирдің жеңімпазы болып оралды. Ал Олимпиада чемпионы атағына қол жеткізу үшін одан әрі еңбектене түседі.

Қазақтың маңдайына біткен қайсар ұл

Афины Олимпиадасында Қазақстанға мың алтынға бергісіз жүлдені сыйлаған батыр ұл өзінің кәсіби мансабында бірде-бір рет нокаутқа түсіп, жарақат алмаған. Шаршы алаңдағы азулы қарсыластары – кубалықтар мен ресейліктерге бірде-бір рет есе жібермеген саңлақ спортшы ретінде жанкүйерлерінің есінде қалады. Ел сенімін серік еткен боксшы ұланның бір кездегі әке арманын бүкіл алаш алдында орындағаны қандай мақтауға болса да лайықты еді. Перзентінің мақтаулы ұлға айналғанын көрген Ғарифолла мен Тұмаркүл бүгінде бақилық болған. Отбасында өнегелі тәрбие көріп өскен Олимпиада чемпионы ата-ана есіміне кір келтірген емес. Шаршы алаңнан біржола қол үзсе де, спорттан алыстаған жоқ. Афиныдағы жеңістен кейін өзінің туған өлкесінде бірнеше жыл бойы мемлекеттік қызметте тер төккен (Айша бибі ауылында әкім, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы және облыс әкімі аппараты басшыxadсының орынбасары) ол кейіннен Астана қаласындағы президенттік «Астана» кәсіби спорт клубының президенті болып та елеулі еңбек етеді. Бүгінде Лондон қаласында білімін жетілдіріп жатқан жайы бар. I дәрежелі Барыс орденінің иегері, данқты боксшы атында Тараз қаласында Бокс сарайы бар. Жары Салтанат екеуі төрт ұл-қызды тәрбиеxadлеп, өсіріп отырған ардақты әке.

Афины Олимпиадасының чемпионы, Вел Баркер кубогінің иегері Бақтияр Артаев туралы ойымызды талантты боксшының өз сөзімен аяқтауды жөн деп білдік.

– Бокс маған бәрін берді деп ойлаймын.xa0Бокс өмірде ыстық пен суықтың, ащы мен тұщының дәмін татқызып, бәрі түстегідей ғажап емес екенін түсіндірді. Не болса да, еңбектің, маңдай тердің, қиыншылықтың арқасында келетінін үйретті. Бокстың арқасында біраз елдерді аралап, көптеген достар таптым. Ел көрдім, жер көрдім. Жеңіс – тынымсыз еңбектің арқасында келетін жетістік. Ол еңбек, талант және сәттіліктің қосындысынан тұрады. Талантыңа сеніп жүре берсең, ұзаққа апармайды. Меніңше, тынбай еңбектену керек. Сонда өзіңе деген сенімділік оянады. Ал сәттілік пен бақ – Алланың беретін сыйы деп білемін, – деген Бақтияр шын мәнінде қазақтың маңдайына біткен қайсар ұлы, марғасқа спортшысы, жарық жұлдызы екені даусыз.

Жанғазы Ахмет

Ақ жол. – 2016. – 21 шілде