Қаһарман барлаушы

Қаһарман барлаушы

Архив деректеріне жүгінсек, Ошақбай Ілебайұлы Апбасов 1942 жылдың қаңтарында 19 жасында Жамбыл облысының Жамбыл аудандық әскери комиссариаттан соғысқа шақырылған. Майданда түрлі әскери амалдарды меңгеріп, қысылтаяң кезде қырағылық танытқан сержанттың жауды қапыда қалдырып, әбжілдік танытқан кезі аз емес. Алдымен, 1944 жылдың маусымында жауға қарсы шайқаста көрсеткен жанқиярлық қайсарлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады (№30674078 жазба). Бұл медальға ұсынылған марапаттау қағазында 1-дивизионның 2-батареясxadы есептобының командирі, гвардия сержанты Ошақбай Апбасовтың 1944 жылдың 27 маусымында жасаған алғашқы ерлігі жайында баяндалады. Дәл осы күні сағат

11-де Бешенковичи ауданынан ілгері жылжып бара жатқан кеңестік әскерлерінің колоннасына бір топ неміс солдаты Верховье селосында шабуыл жасайды.

xa0Ал, 1944xa0жылдыңxa023xa0мауxadсымындағыxa0гвардияxa0сержантыxa0О.Апбасовxa0бергенxa0нақтыxa0дерекxadтердіңxa0арқасында,xa0Шумиxadлиxadноxa0аудаxadнындаxa0жауxadдыңxa0екіxa0батареясыxa0табандаxa0жойылxadған.xa0Міне, осылайша қазақ сарбазының ұрыс даласында көрсеткен табандылығы мен қырағылығын, жаудан сесxadкенбес қайсарлығын, ақылxadдыxadлығы мен білгірлігін жоғары бағаxadлаxadған 1-дивизионға қарасты 2-батарея командирі, гвардия капитаны Угрюмов мемлекеттік награxadдаға лайық деп тапқан. Бұл әскери құрыxadлымның Белоруссия жерін азат ету майданына белсене қатысқанын архивтік деректер айғақтайды.

Қазақ жерінен аттанған майxadданxadгерxadлердің қай-қайсысы да елден жырақ, қан майxadданның қақ ортасында жүріп, сол кезxadдегі ортақ Отанын басқыншылардан азат ету жолында бар қабілетін, білімін жұмxadсап, жау қолында қалған қалалар мен ауылxadдарды босатып алуда кескілескен ұрысxadты бастан кешіп, ерліктің үлгісін көрxadсетxadкені ақиқат. Олардың алдыңғы сапынxadда гвардия сержанты Ошақбай Апбасовxadтың болғанына тарихи деректер куә.

Тағы бір архивтік мағлұматқа көз жіберелік. Бөлімшенің 1944 жылдың 23 қыркүйегіндегі №68 бұйрығында (архив ЦАМО, қор 33, хаттама 690155, сақтау бірлігі 6243, жазба №35454998) гварxadдия сержанты Ошақбай Ілебайұлы Апбасовтың «Қызыл Жұлдыз» орденіне ұсынылғаны жөнінде толық мәлімет келтірілген. Мараxadпаттау қағазында баянxadдалxadғанxadдай, Витебск бригадасы 1/37 гвардиялық армиясы зеңбіxadрек артиллерия басқармасы бақыxadлауxadшылар взводының аға барлауxadшысы О.Апбасов 1944 жылxadдың 13 қыркүйегінде жау әскерінің күшxadxadті қарxadсылығына қарамастан, өз өміxadріне қауіп-қатер төніп тұрxadса да, қаһарxadманxadxadдықxadпен жау шебіне бақылау жүрxadгізxadген. Қазақ барxadлауxadшысының себелеxadген оқxadтың астында қалып, батыл әрі жеxadдел іс-әрекетінің нәтижесінде жауxadxadдың 2/105 мм батареясы мен 3/75 мм батаxadxadреяxadсының орxadны анықталып, Балдон аудаxadнынxadда дұшпанның жаяу әскерінің танкxadке шоғырланып жатқаны туралы мәліxadxadметі дер кезінде қолxadбасxadшылыққа жетxadкіxadзіxadледі. Соның нәтижесінде кеңес артилxadлерисxadтері жаудың 2 батареясының тас-талқанын шығарады. Сондай-ақ, неміс басқыншыларының жаяу әскер батальоны жауындай себелеген зеңбірек оғынан тоз-тозы шығып, жан-жаққа бытырай қаxadшаxadды. Сөйтіп, фашистердің бір машинасы табанда істен шыxadғаxadды. Аға барлаушы Ошақбай Ілебайұлы осы ерлігі үшін 1-барлауxadшылар дивизионының бастығы, гвардия аға лейтенанты Тюхов пен бригада командирі, гвардия майоры Кулиштің ұсынуымен жоғары марапатқа – «Қызыл Жұлдыз» орденіне ие болады. Бұл майxadдангердің ұрыс даласында елін қорғау жолында көрсеткен жанxadқиярлық ерлігіне көрсетілген үлкен құрмет екені сөзсіз.

Әрине, оқ пен оттың астында, толарxadсақтан саз кешіп, ел мен жердің азатxadтығы үшін күші басым, айлалы жауxadмен алысқан жауынгерлердің бәрі де қолыxadнан келгенше аянып қалмағаны белxadгілі. Қай майдангер де жеңіске жету үшін кескілескен майдан шебінде бірінші болып басxadқынxadшыларға тап беріп, жусатып салуға ұмтылатынын әр арxadдаxadгердің әңгімесінен естіп, ұғып жүрген жоқпыз ба?! Сол себепxadті кейіпкеріміз Ошақбай Ілебайxadұлының біз сөз еткен істері де басқа майдангер серіктестерімен бірге жүзеге асырылған сәтті опеxadраxadциялардың бірі екендігінде еш күмәніміз жоқ.

1945 жылдың сәуірінде неміс басқынxadшылары жеңіліске ұшыxadрап, Кеңес Одағының аумаxadxadғыxadнан өз жерлеріне қарай тықxadсырыxadлып, кеңестік армияxadсыxadның жеxadңісxadке қол жеткізе басxadтаған кезі еді. Бұл уақытта кіші лейтенант әскери шенін алған Ошақбай Апбасовтың тағы бір ерлігі үшін 1945 жылдың 9 сәуірінxadде дивизион командирі, гвардия майоры Малышевтің ұсынуымен, оған II дәреxadжелі «Отан соғысы» ордені беріледі. Гварxadдия кіші лейтенанты О.Апбасов бұл жолы қандай ерлік жасады дейсіз ғой?! Енді соған тоқталайық. Бұл кезде Кеңес әскерлерінен күн-түн санап, сағат санап, сәт санап үлкен шығынмен, зор күшxadпен ығысқан неміс басқыншылары әрxadбір сүйем, әрбір орам үшін жанталаса тойxadтарыс беруге тырысқаны тарихтан аян. Әсіресе, Кенгисберг қаласы үшін қанxadды шайқас жүріп жатқан болатын. Ошақxadбай Апбасовтың осынау шайқаста көрсеткен ержүрек іс-қимылы жөнінде марапаттау қағазында гвардия майоры Малышев былай деп нақты әрі сүйсіне жазады: «Кенигсберг қаласы үшін болған шайқаста өзін ержүрек офицер ретінде көрсетті. Жаяу әскер қатарында жүріп, жаудың батареяларын, ДОТ, ДЗОТ орнын анықтауды ұйымдастырды, осылайша 4 артиллерия батареясын, ДОТ, 6 ДЗОТ-тын байқаған. Бір өзі 2 артиллерия батареясын, 3 миномет батареясын және 4 ДЗОТ-ты тапты. Батареяның оқ ату нысанасына түзетулер жасау арxadқылы жаудың артиллериялық батареясының көзі жойылxadды, 2 ДЗОТ-ы мен жаяу әскер взводына дейін талқандалды». Міне, нағыз ерлік деген осы болар, сірә!..

Осылайша, Ошақбай Ілеxadбайxadұлыxadның жаудың берік бекіxadнісін дөп басып, анық танып, артиллериялық, минометтік батареяларының орналасуы жөнінде аса құнды деректерді алуы арқасында, олардың көзі жойылып, әскерлерімізге жеңіспен алға жылжуына мүмкіндік туған. Архивтерде қатталып, осы күнге дейін құнды құжат ретінде сақxadталып келген фактілер бізге батыл барлаушы, қайсар майдангер, қаһарман қазақ офицері жайында осылайша сыр шертеді.

Ошақбай Ілебайұлы елге оралысыxadмен, еңбекке бел шеше араласып, парxadтия ұйымдарында бірқатар жауапты қызxadметтер атқарды. Атап айтқанда, Жамxadбыл облыстық партия комитетінің партия бөлімінде нұсқаушы, кәсіподақтар және комсомол органдарында жауапты жұxadмыстар атқарады. Өз ісіне мығым, ортасына сыйлы еңбек ардагері партия қызметінде де үлкен абыройға бөленгені анық.

Жамбыл облысы Жамбыл ауданынxadдағы сол кездегі Сталин атындағы кеңxadшарxadда партия бюроxadсының хатшысы, Жамбыл атындағы кеңшардың, Жуалы ауданының Ленин атындағы кеңxadxadxadшардың төрағасы болып абыройлы қызxadметтер атқарған. Бейбіт күнде де бір тыным таппаған еңбек ардагері, партия қызxadметxadкері Ошақбай Апбасовтың бар қажыр-қайраты, қабілет-қарымы, білімі мен тәжірибесі туған елін көркейтуге, экономикасын еселеуге, өзіxadне жүктелген қыруар тапxadсырмаларды белxadсенxadділікпен атқаруға жұмсалғаны шүбәсіз.

xa0Нұрлан ҚАЛҚА,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

Баубекxa0Бұлқышевxa0атындағыxa0сыйлықтыңxa0лауреаты

xa0Жамбылxa0облысы

Егемен Қазақстан. – 2016. -10 мамыр. – 4 б.


xa0
xa0

Қос ғасырдың куәсі (Несіпбек Таңатаров 100 жасқа толды)

Қос ғасырдың куәсі (Несіпбек Таңатаров 100 жасқа толды)

xa0 xa0Ғасыр жасаған ардагер 1918 жылдың 20 ақпанында Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. 1939 жылы әскер қатарына шақырылған. Осы жылы алғаш Куйбышев қаласындағы 217-ші полкта болып, Украинаның Житомир қаласына жіберіледі.xa0Онда екі жыл борышын өтегеннен кейін Приморье өлкесіне, Владивосток қаласында болады. Соғыстың қарсаңында Киевте Отан алдындағы борышын өтейді. Ал соғыс басталысымен, бірден майдан даласына аттанады. Соғыс даласында Полтава түбінде екі рет жараланып, госпитальға түскен. Дәл осы кезде қала жаудың қоршауында қалып кетеді. Немістер госпитальда жатқандарды тұтқындайды. Тұтқындалғандардың қатарында Не сіпбек Таңатаров та болады. Ол 1945 жылға дейін тұтқында болып, одан кейін екі жыл Донбасста зауыттарды қалпына келтіру жұмыстарына араласқан.

xa0 Елге 1947 жылы оралып, туған ауылында 20 жыл шопан болған. 1976 жылы зейнетке шыққанша құрылыс саласында тер төккен. Несіпбек ата әр жылдары Ұлы Отан соғысының мерекелік медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ «Үздік шопан» деген атаққа да ие болған. 100 жасаған ардагерді қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова мен ТИГУ-дің қызметкерлері құттықтап барды. Қонақтарды мерейтой иесінің өзі қарсы алып, емен-жарқын әңгіменің тиегін ағытты.

xa0 xa0Сондай-ақ олармен суретке түсіп, сауалдарына жауап беріп отырды. Осы арқылы ол ғасырды еңсерсе де әлі қуатты екенін байқатып, соғыстағы естеліктерімен бөлісті. Несіпбек ата ұзақ жасаудың ешқандай құпиясы жоқ екенін алға тартып, әрқашан көңілді жүру қажет екенін айтады. Сонымен қатар жан-жағындағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатып, туындаған мәселелерді жүрекке алмау қажет екенін де тілге тиек етті. Ақсақалдың осыншама жасқа келуінің тағы бір сыры – өмір бойы таза ауамен тыныстап, дала еңбегімен шұғылданған. Сол әдетінен әлі күнге дейін танбаған Несіпбек ата қазір де үй шаруасына араласып кетуге бейім екен. Бүгінде қос ғасырдың куәсі болған ҰОС ардагері 5 ұл, 1 қызынан 21 немере мен 10 шөбере сүйіп отырған бақытты қария.

Шынболат Сейдуалиев

Жамбыл-Тараз. — 2018. — 23 ақпанxa0


xa0
xa0

Майдангерлермен мақтанамыз

Майдангерлермен мақтанамыз (Ұлы Отан соғысының ардагері Шалданбай Шаңбаев )

Ұлы Жеңісті жақындатқан ардагерлердің ерлігі, өнегеге толы өмірі арада қанша жыл өтсе де, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі ретінде айтыла береді. Өйткені Жеңіс мерекесі – жер басып жүрген барша адамзат баласы үшін мерейлі той.

Осындай қуанышты мерекеге орай «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының ұйымдастыруымен xa0Жамбыл медициналық колледжінің студенттері Ұлы Отан соғысының ардагері Шалданбай Шаңбаев және «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» ҚБ төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Дүкенбай Ермековпен кездесті. Сол сұрапыл отты жылдарда кеудесін оққа тосып, ерліктің үлгісін көрсеткен жерлес жауынгерлердің арасында Шалданбай Шаңбаевтың есімін ерекше атауға болады. Тағдырдың жазуымен қаршадайынан соғысқа аттанған ол кезінде өзі секілді барлық майдангердің көкейінде тек бір ғана мақсат болғанын айтты: «Ол – Отанды жаудан қорғау және тек қана жеңіс» болатын. Міне, сол мақсатқа жеткен, бізге бүгінгі бейбіт тірлікті сыйлаған аға буын өкілдеріне құрметтің қандайы да лайық.

Шалданбай ата 1924 жылы Т. Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Балалық шағы, отызыншы жылдардағы қиын нәубет жылдары әлі күнге дейін көз алдында. Сол тұста көрген қиындықтар бала Шалданбайды төзімділікке тәрбиелеп қана қоймай, басқа түскен ауыртпалықтарды жеңе білу қасиеттерін де бойына сіңіре береді.xa01942 жылы әскерге шақыру хатын алған кезде ол он сегіз жаста еді. Әскери жолы Волга өзенінің бойында оқу-жаттығудан басталады. Осында төрт ай оқығаннан кейін 27 желтоқсанда параходпен Сталинград қоршауына аттанады.

– Сол кезде тізеден қар, үскірік аяз болды.xa0Соған қарамастан жеңіс үшін тек қана алға қарай адымдай бердік, – деп еске алады ақсақал.

Осы жерде немістермен алты ай қырғын соғыс болады. Генерал Павел Павлович басқарған Сталинград майданының әскерлері келіп, жауды артқа шегіндіреді. Павловичтің әскеріне қосылып, ол Кательниково, Запорожье, Одесса қалаларын, Румыния мен Венгрияны жаудың қолынан азат етуге қатысқан. Содан Франкфурт-на-Одере қаласы арқылы Берлинге жақындайды. Осылайша 9 мамырда Жеңіс күнін Берлинде тойлайды. Соғыс біткеннен кейін 1946 жылы елге аман-есен оралады. Алайда ауылға келген кезде Шалданбай ата ағасының соғыста хабар- ошарсыз қалғанын естиді. Ағасының 2 ұл, 2 қызын асырап-бағу үшін оқудан бас тартып, тракторшы болып жұмыс істейді.

Бүгінде 95 жасқа қараған Шалданбай ата ағайын-туғандары, бала-шағасының ортасында бақытты да, берекелі ғұмыр кешіп отыр.xa0Тоғыз ұл-қыз өсіріп, олардан немере-шөбере сүйіп отырған ақсақал әлі де тың, сергек. Кеудесіндегі орденьдер мен медальдар – ардагердің жүріп өткен жолдарының бедерлі белгісіндей. Осылайша әсерлі әңгімесімен бөліскен Ұлы Отан соғысының ардагері Шалданбай Шаңбаев студенттерге оқуда озат, еңбекте ешкімнің ала жібін аттамай, адал болуларын айтып, ақ батасын берді. Бұдан соң «Ауған соғысы ардагерлері» ҚБ төрағасы Дүкенбай Ермеков сұрапыл соғыста елдігімізді нығайта білген азаматтардың ерен ерліктерін баяндап, жастарға үлгі етті. Оның айтуынша, Ауған соғысына облыстан 2200 азамат аттанып, оның 71-і келмеген.

Сондай-ақ кездесуде әскери дайындық тобының студенттері «Соғыс сабақтары» атты ойын-тренинг өткізіп, қонақтарға автоматты шашып-жинау бойынша біліктіліктерін көрсетті.

Шынар Асанқызы

Жамбыл — Тараз. — 2018. — 11 мамыр

  • 3201
  • 72
  • 107
Интернет-ресурстан материалдарды пайдаланған кезде кері сілтеме жасау міндетті! © — Тараз қ. ОККЖ.xa0csmb@bk.ru,
Разработано:xa0Агентство «5-й Элемент»

Бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі / Байтұрсын Маймышұлы

Бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі / Байтұрсын Маймышұлы

Сұрапыл соғыс жылдарында Отан үшін кеудесін оққа тосқан миллиондаған қазақстандық майдангер-сарбаздардың бірі атам – Байтұрсын Маймышұлы еді.

Атамыз Байтұрсынның әкесі Маймыш Бекжанов 1930 жылдардағы ашаршылық кезінде отбасымен Талас ауданы, Ойық ауылынан қазіргі Тараз қаласына қоныс аударады. Сөйтіп қала аумағындағы Бурыл қыратының етегінде диханшылықпен айналысып, отбасын аштықтан сақтап қалыпты. Ал жолдасы, әжеміз Сәтбике Көшербайқызы қолынан келген әр түрлі жұмыстарды кәсіп етіп, қиын-қыстау кезеңде жан бағудың амалын жасайды. Маймыш пен Сәтбикеден Бәтшай, Байтұрсын, Жексенәлі, Ақшай есімді ұл-қыз тарап, бүгінде бір қауым елге айналған.

Атамыз Байтұрсын Маймышұлы 1915 жылы дүние есігін ашады. Ескіше сауат ашқан. Қалаға көшіп келгенде 15-16 жасар бозбала болған екен. Қаладағы мектептердің бірінде 8-сыныптық білім алады. Мектепте оқи жүріп, халықтан жүн-тері жинайтын мекемеде жүн жинаумен, кейінірек қабылдаумен айналысады. Жастайынан еңбекке жақын, пысық, ержүрек, палуан, жекпе-жектің хас шебері болып өскен атамыз Байтұрсын 1937-1938 жылдары әскерге шақырылып, Қиыр Шығыстағы Владивосток флотында азаматтық борышын өтеген. Фин соғысына қатысып, 1941 жылы қаңтар айында кіші командир дәрежесімен міндетін аяқтап, елге оралады. Сөйтіп Жамбыл қалалық (қазіргі Тараз) әскери комиссариатында жұмыс істеп, 1941 жылы маусым айында әскер қатарына сұранған. Алайда әскери комиссариат Жамбыл қаласы азаматxadтарынан әскер қатарына жауынгерлер дайындау керек болғандықтан, оны 1941 жылдың тамыз айына дейін соғысқа жібермеген.

Әскерге кеткен Байтұрсын атамыздан 1941-1942 жылдары «Взвод командирімін, үнемі жау тылында (разведчик болған) боламын» деген хаттар келіп тұрған. Сонымен қатар «Егер менен хат-хабар келмесе, елге көшіп барыңдар» деген аманат та айтады. 1942 жылдың соңынан бастап атамнан хат келу тоқтаған. Іздестіру барысында 1942 жылы маусым айынан із-түссіз жоғалғандар тізімінде деген ақпарат қана таба алдық.

Бірақ қаншама айлар, жылдар өткенімен ерлік ешқашан естен шықпайды. Қай кезде болмасын лайықты құрмет көрсетіледі. 1985 жылы Ұлы Жеңістің 40 жылдығына орай, Ойық ауылында майдангерлердің құрметіне соғысқа ауылдан аттанған азаматтардың есімдері жазылған мемориалдық тақта ашылды. Сонымен қатар облыс орталығындағы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағындағы «Ерлік» мемориалдық кешенінде ҰОС қатысқан майдангерлердің есімдері қашалып жазылған мәрмәр қабырғаға да Байтұрсын Маймышұлының есімі бедерленген. Бұл ұрпақтары үшін мақтаныш және ұрпақтың аталар аманатына деген құрметінің үлкені болса керек. Біз атамызды әрдайым құрметпен еске алып, ерлігіне тағзым етеміз.

Ал атамыздың бауыры Жексеналы Маймышев (1926 жылы туған) соғысқа жасы жетпегендіктен еңбек армиясына барып, Сібірде ағаш кесіп, Жеңістің жақындауына үлес қосқан. Кейін елге оралып, Ұлбосын Жаханқызына үйленіп, елге көшкен. Әжем Сәтбике әскерге кеткен офицердің анасы есебінде өмірінің соңына дейін Үкіметтен көмек алып тұрды.

Жеңіс күні – ұлы мереке. Отаны үшін қанын төккен майдангерлер мәңгілік есте қалады. «Ер есімі – ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аға буын ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

xa0xa0xa0Бекбол Маймышев, немересі

Arai. – 2020. – 7 мамыр

Әкемнің ерлігі – ұрпаққа үлгі / Әуесбек Бекболатов

Әкемнің ерлігі – ұрпаққа үлгі / Әуесбек Бекболатов

Ұлы Отан соғысында Кеңес үкіметінің көзсіз ерлік көрсетіп, неміс басқыншыларына қарсы соғыстың аяқталғанына биыл 75 жыл толып отыр. Жыл өткен сайын жеңіс жолында жанын шүберекке байлап айқасқан жауынгерлер қатарының сиреуі өкінішті, әрине. Сол қанды майданда елі үшін соғысқа аттанған батырлардың қатарында менің әкем Әуесбек Бекболатов та болған.

«1932 жыл адамзат тарихындағы ірі оқиғаның орын алған кезі. Жанталас жолындағы адамдардың басына түскен қайғыны 8 жасар Әуесбек өз көзімен көрді. Аспан асты, жер үстінде тіршіліктің тамыры үзілгендей. Киіз үйлер босап, қаңырап жатты. Бүкіл халықтың басына төнген нәубет өмірден біраз адамды өзімен бірге алып кетті. Халық саны күрт азайып, ел арасында жұқпалы індет те тараса керек-ті. Қайта үкімет қамқорлық жасап, балаларды орталықтағы интернатқа оқуға алып кетіп жатты». Бұл оқиғаны айтуға аштықтың зардабын татқандардың жүрегі дауалай бермейді.

Менің әкем Әуесбек те 8 жасында интернатқа оқуға барғандардың бірі еді. 1924 жылы дүниеге келген әкемнің балалық шағы баянды болмағаны анық. Ол да ауылдағы балалар секілді интернатта 7 жыл білім алған. Ол оқуды үздік бітіріп, Мойынқұм ауданы, бұрынғы «Қоқи» кеңшары, қазіргі Қарабөгет ауылына, туған жеріне қайта оралады. Бұл кезде елдің тұрмысы тіктеліп қалған. Сөйтіп, колхозда жұмыс істеп жүргенде соғыс басталады. 1942 жылы ауылдағы мұғалімге де соғысқа шақырту келіп, ол да ауылдағы жігіттермен сарбаздардың қатарына қосылады. Дәл осы шақта аудандық білім бөлімінің басшысы колхоз басшысынан оқыған, білімі бар азаматтарды сұрастырыпты. Сонда колхоз басшысы әкем Әуесбекті көрсетіпті. Осыдан кейін екі колхоздың бастауыш сыныптарын біріктіріп, ауылдағы мектептің меңгерушісі әрі мұғалімі етіп 17 жасар бозбаланы тағайындайды. 1943 жылдың ақпанында әскер қатарына алынып, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Алдымен Омбы қаласында алты айлық оқу-жаттығудан өтіп, сержант шенін алады. Артынша жеті-сегіз адам болып, Ресейдің Нижний Тагил қаласында 19-шы полктің танкистер дайындайтын екінші батальонына қабылданып, «командир орудия» қызметіне тағайындалады. «Командир орудия» деген – танктің ішіндегі зеңбірек атушы сарбаз. Сонда майдан даласында танкте жүріп соғысқа кірген қазақ балалары да некен-саяқ болған. Ол кездерді әкем де кейін еске алып айтқаны бар.

– Нижний Тагил қаласына келгенде, майдан даласына шығатын күннің жақын екенін білдім.xa0Бір күні танктің ішінде зеңбірек ататын сарбаздардың барлығын жинап, сапқа тұрғызды. Кілең орыстың еңгезердей жастары сапты бастаған соң, мен олардың саясында қалып қойғандай болдым. Осыдан кейін танктің командирлері келіп, өздеріне бір-бір баладан бөліп әкетіп жатты. Ең соңғы болып мен қалдым. Бір кезде алып денелі, салмақты аға лейтенант Дедов дейтін кісі «пойдем» деп танк жаққа алып кетті. Көп ұзамай атыс алаңында дайындықты пысықтайтын кез де келді. Сондағы үздік нәтиже көрсетіп, аға лейтенант Дедовтың басқа командирлерге қарап мақтанғаны бар, – дейді әкем.

Сол командир Дедовтың мақтағанындай-ақ әкем соғыс жылдары қырағылығымен көзге түседі. Сондай-ақ әкем сол командирдің соғыс тактикасын шебер жүргізгенін әлі күнге дейін айтып отырады. Алдыңғы шепте жүрсе де, командирдің шеберлігінің арқасында әкем отырған танктің 5 сарбазы да көп соғыстан дін-аман шығыпты. Сондай соғыстың бірінде көп танкілер өртке оранып жатқанда командир Дедов қатты жараланып, госпитальге кетеді. Сөйтіп, көпке дейін сақталған құрам өзгеріп, басқа экипаж жасақталған.

Басқыншыларға тойтарыс беріп қана қоймай, елден ығыстыра қуған Кеңес жауынгерлері немістің Хойнице қаласына дейін барады. Одан кейін Руммельсбург, Полнов, Балтық теңізі жағалауындағы Кезлин, Штольп, Лауэнбург, Картузы, Диршау, Нойштадт қалаларын босатуға қатысып, Шығыс Померанияда фашистерді қоршауға алған кеңестік әскердің ішінде болады. Кескілескен шайқастың бірі – немістің мықты қорғаны саналатын Балтық теңізіндегі фашистердің бірінші класты базасы Гданьск (Данциг) қаласын басып алуы болды. Осы ұрыстағы ерлігі үшін әкем Әуесбек Бекболатов «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған. Негізі әкем Польша бағытында, Балтық теңізінің жағалауында көп соғысқа кірген. Ал соғыс аяқталар тұста сәуір айындағы Берлин маңындағы шайқастың орны тіптен бөлек болған. Қанды майданның даласында қасындағы жолдастары жан тапсырып жатқан соғыстың бірінде әкем қатты жараланған.

– 1945 жылдың 26 сәуірінде таңғы сағат 6:00-де жасыл белгі (сигнал) берілді. Шабуылдауды білдіретін белгіден кейін барлаушы топ алда күшті қорғаныс шебі күтіп тұрғанынан хабардар еткен. Қару-жарақ дайындалып, алғы шепті атқылай шабуылдадық. Ондай сәтте көзіңе не көрінсе, соны қарауылға аласың. Бір уақытта танкі шайқалып кеткендей болды. Есімді білмей қалдым. Танкіге снаряд тиген екен. Ол оқтың танкінің ішіне кіріп қана қоймай, майда темір шашырататын қасиеті бар болатын. Ауыр жараландым. Оң аяғымның үлкен сүйегі сынды, екі қолымнан бірдей жараланып, танкінің ішінен өздігімнен шыға алмадым. Оң жақ төменде отырған украин жігіті радист-атқыш мерт болыпты. Механик-жүргізушіміз де жараланған, бірақ ол аяғына тұрып, сыртқа шықты. Танкіні оқтаушы дін-аман, механик-жүргізуші кейін басын таңып алыпты. Мен жоғары люктен шығуға талпыныс жасап едім, оң аяғым тіреуге келмеді. Екінші мәрте күшімді жинап, сол аяғымды тіреп шықпақшы болдым. Сол уақытта сырттан командирдің «тірі, тірі екен» деген дауысын естідім. Командир мені кеудемнен құшақтай тартып шығарып, жерге түсірді. Үшеулеп мені көтеріп алып, санитарлар жаққа әкелді. Онда санитарлар аяғымды тартып таңып тастады, – дейді әкем.

Зұлмат замандағы майдан даласында жүріп, неміс ауылдарына барғанын да жиі айтады. Онда ауылдардың жақсы дамып, жаңа технологияларды игеріп кеткенін, тіпті сол кездері төселген жолдардың өзі біздердің қазіргі жолдардай екен айтып отырады.

Жеңіске жетуге санаулы күндер қалғанда ауыр жараланған әкеме ота жасалады. Төрт ай бойы аяғы гипспен таңылған. Германия жерінде бір қаладан екінші қалаға, госпитальден госпитальге ауыстырылып жүріп, соңында Мәскеуге таяу қаладағы ауруханаға жеткізіледі. 1946 жылдың қаңтарында балдақпен жүре алатын жағдайға жеткенде, ол Ұлы Отан соғысының II топтағы мүгедегі болып елге оралды. Әрине, майдан даласында замандастарының оққа ұшқанын көру де оңай емес. Кеңес әскерінің жеңіске жеткенін көрмей кеткен сарбаздардың өзі қаншама?! Ұлы Отан соғысы сол үшін де майдан даласынан оралған күрескерлердің өмірінде өшпес із қалдырған.

Сөйтіп, майдан даласынан оралып ауылға келсе, апамыз әкемнің мұғалім болып жүргендегі қаулысын сандықтың түбіне сақтап қойыпты. Сол арқылы ауылдағы Қызылотау бастауыш мектебіне мұғалім болып орналасады. Ұстаздық қызметте жүріп, Жамбыл педагогикалық училищесінде (қазіргі Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі) білім алып, оны үздік түлек ретінде тәмамдайды. 1949 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына (қазіргі ҚазҰПУ) түсіп, оны 1955 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік аяқтайды. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін ғибратты ғұмырының 58 жылын ұстаздық қызметке арнайды. Оның 18 жылында оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры сияқты жауапты қызметтер атқарған. Мемлекеттік қызмет саласында қызмет еткені де бар.

Соғыс жылдарындағы жастарды сол дәуірдің тіршілігі мен майдан даласы ерте есейткен. Соғыстан кейінгі жылдарын босқа өткізбей, нақты іспен айналысқан әкем де 96 жасқа таяп қалыпты. Қазіргі жастардың да бойында сондай табандылық болса, елі үшін қызмет ететін патриот жастардың қатары көбейер еді. Соған қарап көрінген нәрсенің жетегіне ермей, өзінің таңдаған бағытымен болашаққа қадам жасаған жастардың түбі жетістікке жететініне сенім білдіруге болады. Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласындағы жан алысып, жан беріскен жауынгерлердің отансүйгіштігі ғасырдан ғасырға жалғасып айтыла бермек. Тарих қойнауында өшпес із қалдырған батырлардың ерлігін үлгі ететін жастардың көп болу – Мәңгілік ел болудың кепілі екенін ұмытпайық!

xa0xa0xa0Серікхан Бекболатов,

Нұрғиса Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернатының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Jambyl -Taraz. — 2020. — 29 сәуірxa0

  • 3200
  • 72
  • 106
Интернет-ресурстан материалдарды пайдаланған кезде кері сілтеме жасау міндетті! © — Тараз қ. ОККЖ.xa0csmb@bk.ru,
Разработано:xa0Агентство «5-й Элемент»

Жамбыл облысы: Ұлы Отан соғысы жылдарында

Жамбыл облысы: Ұлы Отан соғысы жылдарында

xa0 xa0 xa0 xa0 xa0xa0Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысы жылдары майданға аттанғандар xa0 қанша?

  • Жамбыл облысының Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің 2010 жылы 26 ақпанда Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағатына жолдаған ақпарында мынандай деректер келтіреді: Ұлы Отан соғысына біздің облысымыздан 41 453 азамат аттанған.Жамбыл қаласынан майданға шақырылғандар — 14 701. Ұлы Отан соғысы жылдары Жамбыл облысынан шақырылған азаматтардың 15 536-сы майданда қаза тауып, 17 639-ы із-түссіз, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.
  • 1943 жылдың 1ақпанына дейін Жамбыл облысынан ресми мәліметтер бойынша, Қызыл Армия мен өнеркәсіп және транспортта еңбек ететін жұмысшы колонияларына 53 268 адам алынды делінген. Осы деректерді және 1943-44-45 жылдары Қызыл Армия қатарына жыл сайын орта есеппен 1000 адамнан алынып отырылғанын айтатын болсақ (мәліметтерде осындай дерек келтірілген) және 1938-1940 жылдары Қызыл Армия қатарына шақырылғандарды қосқанда майданға 50 мыңдай жамбылдық қатысты деп айтуға болады.
  • Жекелеген аудандардың әскери комиссариаттарынан да ресми мәліметтер алдық. Олардың ақпары бойынша Ұлы Отан соғысына Шу аудандық әскери комиссариатынан 5014 адам әскерге алынған.
  • Жуалы ауданынан 1788 адам ауылдық округтар бойынша майданға алынғанын қорғаныс бөлімі айғақтайды.Алайда соғысқа жуалылықтар Сайрам аудандық әскери комиссариаты арқылы алынғанын ескерсек, бұл мәлімет нақты емес. Мәселен, Мыңбұлақ орта мектебінде Ұлы Отан соғысына арналған тақтада ауданнан майданға 2005 адам кетті делінген.
  • Меркі және Луговой аудандарынан Ұлы Отан соғысы жылдарында Меркі аудандық комиссариатынан 12 024 адам майданға аттанған.Ол кезде Луговой ауданында әскери комиссариат болмаған.
  • Қаратау қаласының Қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімі Ұлы Отан соғысына Сарысу және Талас ауданынан 3 449 адам майданға аттанған делінген деректер бар екенін айғақтайды.
  • Байзақ ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің мәліметі бойынша бұл ауданнан Ұлы Отан соғысы жылдары Отанын қорғауға 3 341 адам алынған.
  • Қордай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің мәліметі бойынша ауданнан майданға 9195, бұрынғы Красногор ауданы бойынша 1 589 адам майданға шақырылған.
  • Өкінішке орай Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бізге мұндай мәліметті бере алмады.
  • Біз келтірген кейбір деректерге сенімсіздік келтіретіндер де табылуы мүмкін.Алайда бұл деректер әскери комиссариаттар мәліметтеріне негізделгенін тағы да еске саламыз. «Ұлы Отан соғысы жылдары 100 мыңнан аса жамбылдық майданда шайқасты» деген деректің анық емес екендігін сол кезде облыста тұратын халық саны да теріске шығарады. 1940 жылдың 1 ақпанында Жамбыл облысының халқы 321 мыңнан аспайтын. Нақтырақ айтатын болсақ, Жамбыл қаласында – 62 723, Жамбыл ауданында- 31 375, Меркіде – 40 468, Сарысуда – 12 132, Таласта – 17 975, Свердловта – 24 579, Луговойда – 23 304, Қордайда – 36 213, Шуда – 45 389, Красногорда – 14 166, Көктеректе 12 116 адам тұрған. Демографтардың есебі бойынша, әрбір бесінші адам ғана майданға алынуы мүмкін. Осы және Ұлы Отан соғысына дейінгі 1938, 1939, 1940 жылдары, сонымен бірге 1943, 1944, 1945 жылдары Қызыл Армия қатарына алынғандарды қосқанда шамамен біздің облысымыздан соғысқа қатысқандар саны 50 мыңның айналасында деп топшылауға болады.
  • Соғыс жылдарында 270 жамбылдық қыз-келіншек майдан даласында шайқасты.
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлігімен Жеңіс күнін жақындатқан, елінің, Отанының даңқын асқақтатқан «Совет Одағының Батыры» және «Даңқ» орденінің толық иегері атанған жерлестеріміз қанша деген сұрақ алдымыздан жиі шығады.Осыған орай Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаты қолда бар құжаттарды және ақпарат көздеріндегі материалдарды саралап, сұрыптап, Жамбыл облысының 20 азаматы «Совет Одағының Батыры» атағын алған, 7 жерлесіміз «Даңқ» орденінің толық иегері атанған.

Олар: қазақтың біртуар азаматы, даңқты қолбасшы, Жуалы ауданында туып-өскен Бауыржан Момышұлы, қордайлық Николай Никонорович Белашов, жуалылық Владимир Михайлович Вишневецкий, жамбылдық Амантай Дәулетбеков, шулық Саттар Естемесов, жуалылық Дмитрий Степанович Кавешников, жуалылық Федор Кириллович Кердань, байзақтық Семен Архипович Ларионов, жуалылық Дмитрий Федорович Пахомов, меркілік Владимир Артемович Савва, тараздық Андрей Алексеевич Сорокин, байзақтық Ақәділ Суханбаев, қордайлық Степан Захарович Сущев, жамбылдық Яков Николаевич Тюлькин, тараздық Нуролла Гарифуллаұлы Фазлаев, меркілік Борис Иванович Конев, тараздық Петр Васильевич Томасевич, меркілік Иван Иосифович Трубицин, тараздық Мамашариф Гиясұлы Фаязов, таластық Сәду Шәкіров.

Белгіленген ереже бойынша Совет Одағының Батырлары қай жердің әскери комиссариатынан шақырылса, сол жердің ұланы болып есептелінеді.xa0Осы орайда Қордайда туған 28 батырдың бірі Иван Васильевич Москаленко, Александр Иванович Романютин Қырғызстаннан майданға алынғанын, Жуалыда туған Евгений Дмитреивич Уткин Өзбекстаннан Отан қорғауға аттанған.

8 жамбылдық «Совет Одағының Батыры» атағын Днепрден өтуде көрсеткен ерлігі үшін алған.

«Даңқ» орденінің толық иегерлері: тараздық Иргаш Досмухаметов, қордайлық Василий Иванович Евман, тараздық Федор Васильевич Иванов, шулық Михаил Иванович Перепелов, қордайлық Сергей Яковлевич Сердюков, жуалылық Тайыр Бүркітбайұлы Тастандиев, жамбылдық Алахан Жапарбеков.

Бұлардан басқа Ұлы Отан соғысынан кейін Жамбыл облысында бірнеше Совет Одағының Батыры мен «Даңқ» орденінің толық иегерлері еңбек етті, өмір сүрді.

Майданнан қанша адам оралды?

  • Жамбыл облыстық партия комитетінің әскери бөлімінің облыстық партия комитетінің хатшысына 1946 жылы 30 қаңтарда берген анықтамасында майданнан оралғандарды және соғыс мүгедектерін жұмысқа орналастыру туралы мәліметтер берген.Бұл мәлімет бойынша 1946 жылдың 1 шілдесіне дейін майданнан әскери қатардан 8 551 адам оралған. Олардың 7 501-і жұмысқа орналастырылған.

Осы кезеңдегі мәлімет бойынша облыста 6 376 Ұлы Отан соғысының мүгедегі болған, олардың 5 134-і жұмысқа орналастырылмаған.

Жамбыл қаласы бойынша осы күнгі мәлімет бойынша, 680 майдангер елге оралған.xa0Оның 396-сы соғыс мүгедегі еді. Олардың 375-і екінші, 21-і үшінші топтағы мүгедек.

1945 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша Жамбыл облысында 43 387 әскери қызметкерлердің отбасы тұрған.xa0Бұл отбасыларда 137 312 адам болған. Сонымен қатар 5 163 соғыс мүгедегінің отбасында 14 879 адам тіркелген.

1946 жылдың 1 ақпанындағы мәлімет бойынша, облысқа Қызыл Армия құрамынан бірінші және екінші кезекте отбасына жіберілгендер саны 6 550 адам, олардың 110-ы әйелдер болыпты.xa01946 жылдың 13 қыркүйек күнгі мәлімет бойынша, облыстық партия комитетінің хатшысы барлық партия комитеттеріне жолдаған хатында мынадай деректер бар: 1946 жылдың 1 шілдесіне дейін әскер қатарынан облысқа 8 551 майдангер оралған. Олардың 7 501-і жұмысқа орналастырылмаған. Луговой ауданында майданнан оралған 363 майдангердің 87-сі жұмысқа орналастырылмаған. Меркі ауданында оралғандар 969, жұмысқа орналаспаған – 76. Шу ауданында 1 051 майдангер оралған, олардың 57-сі жұмысқа орналастырылмаған. Жамбыл қаласында майданнан оралған 2 708 адамның 680-і жұмысқа орналастырылмаған. 1946 жылдың 15 ақпанындағы мәлімет бойынша Красногор ауданына — 260, Свердлов ауданына – 360, Талас ауданына майданнан 313 адам оралған. Облыстық партия комитетінің Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне 1946 жылдың 7 наурызында жолданған ақпарында мынадай деректер келтіріледі. 20 ақпанға дейін майданнан 6 609 адам келген. Олардың 5 206-сы жұмысқа орналастырылмаған. 800-іне пәтер берілген. 241 майдангердің үйі жөнделген. Көмек ретінде 96 текше метр ағаш, 636 тонна сексеуіл, 3 500 текше метр тор, 489 пар аяқ киім, 986 дана сабын, 112 келі нан өнімдері, 78408 келі басқа да азық-түлік тауарлары, 247 бас мал, 59750 сом ақша, 152 000 сом несие, 108 келі май, 525 келі қант берілген.

1946 жылдың 15 маусымында Жамбыл облысы партия ұйымдарының 1945-46 жылдары Жамбыл облысы партия ұйымдарының әскери бөлімдерінің меңгерушілері қатысқан жиналыста мынадай мәліметтер келтіріледі.xa0Майданнан 7721 адам оралған. Біздің облысымызда 6 308 асыраушысы майданда қаза тапқан отбасы және 33 477 әскери қызметкерлердің отбасы болды. 5 984 соғыс мүгедегі соғыстың әр жылында келді. Ссуда ретінде СССР Жоғарғы Советінің Жарлығы бойынша облысқа 400 мың сом берілген. 442 222 сомның өнеркәсіп тауарлары беріліпті.

Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің әскери бөліміне жолданған ақпарда 1946 жылдың 1 қазанына дейін майданнан 11423 майдангер оралғанын жазған.xa0Оның 132-сі әйел, олардың 10 686-сы жұмысқа орналасқан. Бұл ақпарда майданнан оралғандардың көпшілігі партия, совет қызметіне орналасқанын айта келіп, 29 майдангер колхозды басқаратындығын жазған. 25 майдангер ауылдық, селолық советтерді басқарыпты.

Жамбылдықтардың майданға бергені ұшан-теңіз.xa01978 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан П.С. Беланның, А. Д. Тимишенконың, Н. С. Барковтың «Фронтовые дороги» кітабында 1943 жылы Жамбыл облысы майданға 77 вагон сыйлық жібергені айтылады.Оның 16 вагонын 391-дивизияға облыстық партия комитетінің хатшысы Кәрім Шорабеков бастаған делегация әкелген.

  • 1941-1945 жылдары жамбылдық қанша жауынгер әскери тұтқын болғаны жөнінде нақты дерек жоқ.Жалпы Германия қолбасшылығы ресми деректерде 5,27 миллион адам тұтқын болғанын айтады. Ал Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінің Бас штабы 4 миллион 590 мың адам тұтқында болғанын айғақтайды. 1941 жылы тұтқынға 2 миллионға жуық совет жауынгерлері түсті. Бұл барлық тұтқындардың 49 пайызы. 1942 жылы Қызыл Армияның 1 миллион 339 мың жауынгері фашистердің концлагерлерінің тұтқыны болды. 1943 жылы 487 мың жауынгер тұтқында азапты күндерді басынан өткізді. 1944 жылы 203 мың совет жауынгері фашистердің айдауында болды. 1945 жылы 40,6 мың жауынгер жау тұтқынында опа шекті. Олардың арасында жамбылдықтар да болды.
  • Награда — тыл еңбеккерлеріне! СССР Жоғарғы Советінің Президумының Жарлығымен 1945 жылы 16 қарашада І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен Луговой аудынының «Тереңөзек» колхозының партия комитетінің хатшысы Шәмші Әбішева, Көктерек ауданының «Жаңа тірлік» колхозының шопаны Оспанбек Баубеков, Жамбыл облыстық партия комитетінің хатшысы Владимир Ващенко, Свердлов ауданының «Үш төбе» колхозының аға жылқышысы Төлеубек Еркеев, Луговой аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Самуил Иткин, Қордай ауданының машина-трактор станциясының комбайншысы Степан Кащенко, Жамбыл аудандық партия комитетінің екінші хатшысы Қабаш Успанов, Свердлов ауданының Ленин атындағы колхоздың звено жетекшісі Шәміл Шантаева наградталды.

Осы Жарлықпен ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен 21 адам марапатталған.xa0Олардың арасында партия, совет, комсомол қызметкерлерімен бірге еңбек адамдары да бар. «Ленин» орденімен — 3, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен – 17, «Қызыл Жұлдыз» орденімен 17 адам наградталған. Сол сияқты «Құрмет белгісі» орденімен 57 адам марапатталған. Олардың арасында халық ақыны Кенен Әзірбаев та бар. Көптеген азаматтар медальдермен наградталған.

Ал «1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы екпінді еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар өте көп.

Мақұлбек РЫСДӘУЛЕТ,
мұрағаттанушы.

Жамбыл-Тараз. – 2016. – 4 мамыр. – 8 б.


xa0
xa0

Бала сүю бақытын сыйлаған. Салтанат Байқошқарова

Бала сүю бақытын сыйлаған. Салтанат Байқошқарова

xa0ДТҰ нәтижесінде 15 мыңға жуық нәресте өмірге келген.

Ол «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», Ұлттық медицина ассоциасыңыңxa0 «Алтын дәрігері», «Құрмет» орденінің иегері.xa0Ана Мен бала денсаулығы жайында сөз қозғалса, әлбетте Салтанат Байқошқарова есімі аталмауы мүмкін емес.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел ішінде ерекше ықыласқа бөленіп жүрген «Қазақстанньщ 100 жаңа есімі» белгілі болды.xa0Еліміздегі бірінші денеден тыс ұрықтандыру лабораториясы — «Экомед» емханасының жетекшісі, репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарованың есімі сол тізімнен табылатынына ел сенді. Бәрі бірдей дауыс берді. Себебі ол кісі репродуктология саласьшда үлкен жетістікке қол жеткізіп, күні бүгінге дейін каншама ата-ананың бала сүю бақытына себепші болып келеді. Осылайша белсіздік пен бедеулікке душар болған көп отбасының үміт отын қайта жақты, сеніміне селкеу түсірмеді.

Салтанат Берденқызы өзі берген сұхбатында «Экомед» емханасын ашуға бастамашы болып, осы істің 6%сы-қасынан табылған жолдасы Батыр екенінxa0жиі айтады. Мәскеудегі «ЭКО» орталығының директоры, профессор Валерий Здановскийдің және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы медицина орталығының бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бекмахан Құралбаевтың көмегі көп тигенін көпшілікке айтудан да жалыққан емес. Ақ халатты абзал жан осы азаматтарға әрқашан алғысын айтып жүреді.

— Біз бұл әдісті 1995 жылдан бастап қолға алдық. Жұмысты жүйелі жүргізгеніміздің нәтижесі ғой, клиника ашылғаннан кейін, 9 айдан соң, 1996 жылдың шілде айында, денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) әдісінің көмегімен орталығымызда алғашқы бала дүниеге келді. Қазір оның жасы 22-де. Шетелде окып жұр. Одан бері 15 мыңға жуьщ бала өмір есігін ашты.Орталықтың Астана қаласында бес жыл бұрын «Экомед Плюс» деп аталатын филиалы ашылған болатын. Қазіргі таңда Қазақстанда кішісі бар, үлкені бар 10-нан астам ДТҰ лабораториялары бар.xa0Соның бірі Тараз қаласында. Бұл күнде қазақстандық дәрігерлердің көмегіне жүгінетін шетелдік азаматтардың қатары да артқан. Америка, Англия, Ресей, Германия, Түркия сынды елдерден келіп ем қабылдаған науқастардың дені сауығып, бала сүйіп жатыр.

Денеден тыс ұрықтандыру әдісіне мемлекет тарапынан көп қолдау көрсетіліп келеді.xa0Мәселен, үш жылдан бері өздігінен бала көтеруге қабілеті жоқ, әлеуметтік жағдайы темен отбасыларға республика бойынша арнайы 700-ге жуық квота бөлінеді. Жалпы есеппен ДТҰ жылына үш мыңнан аса әйелдің бағын ашады, — дейді дәрігер-ғалым.

Бедеулік пен белсіздіктің белең алып бара жатқаны қазір күллі дүние-жүзін алаңдатып отыр.xa0Ұрпақ өрбіту жолындағы мүндай қиындыктарға кезігіп жатқан жастарымыз көп жасырмасақ.xa0Өкінішке карай, бұл дерт ұлттық демографиялық трагедиямызға айналып барады. Бүгінде Қазақстанда жаңадан отау қүрған отбасылардың 15 пайызы «бедеу» деген ауыр дертті аркалап жүр. Республика бойынша 14 мың әйел бедеу, мыңнан астам еркек белсіз екен. Статистиканы сөйлетсек, солай дейді. Әке атанып, ана болу бақытына қаншама жандар зәру десеңізші. Әрине, мұндайда көңілге медеу болатыныxa0Салтанат Берденқызының ізденіске толы ерен еңбегі. Ол салаға келуіне 7 жылы бойы бала көтере алмауы себеп болғанын жасырмайды. Өзін мысал ете отырып, аталған дертке душар болған жандарға тығырықтан бірлесе шығуға болатындығын айтудан жалыққан емес.

Знамя труда. – 2018. – 8 мартаxa0

Еңбектің адал адамы (Әбдір Сағынтаев)

Еңбектің адал адамы (Әбдір Сағынтаев)

«Болат қайнауда шынығады, ер майданда шынығады», «Жаниналмай, жұмыс бітпес, талап қылмай, мұратқа жетпес», «Ер дәулеті — еңбек». Осы бір мақал-мәтелдің бәрі де шынашақтай кезінен сурапыл соғыс даласында, оқ пен оқтың ортасында жүрген, «батыр бір оқтық» екенін білсе де, сезінсе де, жүрегі елім, Отаным деп соққан Әбдір Сағынтаевқа арналған сынды. Иә, ол майдан даласында жүрді, еңбектің қайнаған ртасын көріп, өнбегін көрді…

Жамбыл облысының батыс түстігіндегі Таласxa0ауданына қарасты Үшарал ауылында 1921xa0жылдың жетінші қарашасында дүниеге келген Әбдір Сағынтаев 1941-43 жылдарыxa0Ұлы Отанxa0соғысына аттанды.

Олxa0екіншіxa0дүниежүзілікxa0соғысxa0жиырмаxa0жастаxa0еді.xa0Қатарластарынанxa0қалмай,xa0қолынаxa0қаруxa0алып,xa0байтақxa0xa0даланы,xa0Ұлыxa0Отанынxa0қорғаудыxa0азаматтықxa0парызымxa0депxa0білді.xa0Өлімxa0менxa0өмірдіңxa0ортасындаxa0жүріп,xa0серткеxa0берікxa0ерлершеxa0жауменxa0арпалысқанxa0Әбдірxa0Сағынтаевxa0үшxa0жылxa0майданxa0шебіндеxa0өзініңxa0адалдығын,xa0азаматтығынxa0айқындады.xa0Жарақатxa0алмағандаxa0Ұлыxa0отанxa0соғысыxa0жеңісінxa0жауынгерлерменxa0біргеxa0тойлапxa0таxa0қайтарxa0маxa0еді,xa0кімxa0білсін?!xa0Олxa0кездеxa0Мәскеудіxa0жанынxa0салаxa0қорғау,xa0кескілескенxa0ұрыстаxa0ерліктіңxa0үлгісінxa0көрсетуxa0екініңxa0біріненxa0қолынанxa0келеxa0бермейтін.xa0Шынтуайтындаxa0Ржевxa0шайқасыxa0өткенxa0күндерxa0-ізбегінеxa0көзxa0жүгіртсек, «ажалxa0аймағы»xa0атанғанынxa0пайымдаймыз.xa0Сондайxa0″өлімxa0территориясы»xa0дегенxa0атқаxa0иеxa0болғанxa0ұрысxa0даласынанxa0елгеxa0есенxa0зралғанxa0Әбдірxa0Сағынтаевқаxa0қандайxa0мақтауxa0сөзxa0айтсақxa0таxa0жарасатындай.

Кейіпкеріміздіңxa0Ұлыxa0Отанxa0соғысынанxa0зралғаннанxa0кейінгіxa0еңбеккеxa0араласуынxa0жазушыxa0Мақұлбекxa0Рысдәулеттіңxa0″Егеменxa0Қазақстанғаxa0жазғанxa0мақаласынанxa0даxa0білеміз.xa0Олxa0мақаласында: «Әбдіредіңxa0майданнанxa0келіп,xa0алғашxa0еңбеккеxa0араласқаныxa0жөніндеxa01961xa0жылыxa0белгіліxa0жазушы,xa0қоғамxa0қайраткеріxa0Балғабекxa0Қыдырбекұлыxa028xa0жасындаxa0Батырxa0атанғанxa0Әбдірxa0Сағынтаевxa0туралыxa0қаламxa0тербеген. «Атаданxa0қалғанxa0мұра»xa0аттыxa0көлемдіxa0очеркіндеxa0былайxa0депxa0-толғапты: «Әбдірxa0жетіxa0классxa0бітіргенxa0соңxa0Ұлыxa0Отанxa0соғысьнныңxa0алдындаxa0әкесінеxa0жәрдемшіxa0болыпxa0қойxa0бақты.xa0Кейінxa0соғыстанxa0жараланыпxa0кайтқандаxa0олxa0қойшылыққаxa0келді.xa0Сауатты,xa0озатxa0қойшыxa0бірxa0күніxa0ферманыңxa0басқарушылығынаxa0жоғарылатыладыxa0да,xa0артынанxa0осыданxa0төртxa0жылxa0бұрынxa0өзіxa0көпxa0еңбекxa0сіңіріп,xa0Социалистікxa0Еңбекxa0Еріxa0атағынxa0алғанxa0совхозынаxa0директорлыққаxa0қойылды».

Болмысы «Бетегеде биік, жусаннан аласа болуды» қалаған Әбдір Сағынтаев майдан даласынан оралған соң еңбекке шындап кірісті. Қарапайым жұмыста өзінің еңбекқорлығын, істің көзін табатын іскерлігін танытқан Әбекең зоотехник, ферма меңгерушісі қызметін де жемісті, жеңісті атқарады. 1954-1956 жылдары Қапланбек зоотехникумы жанындағы 2 жылдық курс тыңдаушысы болған ол 1957-1985 жылдар аралығында Талас мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытының директоры қызметін де абыройлы атқарған Әбдір Сағынтаев 1967 жылы жүзсалуықтан 147,1982жылы 126 қозыдан алып, аман өсірді. 1966- 71 жылдары қылышынан қан тамған кеңестік кезеңде КОКП Орталық тексеру комиссиясының мүшесі, кейіннен КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Шынашақтай кезінен маңдай терін сығымдап,xa0еткен еңбегінің өнбегін көрген Әбекең 27 жасындаxa0ферма басқарып, мемлекетке қараөткел елтірісінің 80 пайызын 1 сұрыппен өткізген. 28xa0жасында «Социалистік Еңбек Ері» атанған. Үшxa0мәрте Ленин орденін, «Қызыл жұлдыз», «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл ту» және «Құрмет белгісі» ордендері кеңес дәуірінде ердің еріне,xa0адалдықты жанына ту еткен арда азаматқа ғанаxa0берілсе керек. Әбдір Сағынтаев сондай құрметxa0пен мапаратқа бөленген сиректердің бірі әрі бірегейі.

Ол сонау бір атейстік көзқарас атқа мінген шақта ауылындағы мешітті сақтап қалып, бұздырмапты. Мұның өзі Әбекеңнің имандылығының, азаматтығының бір көрінісі емей немене?

«Еңбек ері, майдангер Әбдір Сағынтаевтың кіндік қаны Үшарал ауылында тамған. Ол кісі майдан барып, от кешті. Соңыс даласынан есен оралып, ер ағасы жасында елге тұтқа болып, ел басқаруға сатылап жетті. Көргенxa0білгені мол басшы еліне маңдай терімен қызметxa0етті. «Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді» демекші, сол дәуірдегі Әбекеңніңxa0даңқы ізіндегілерге әлі күнге қызмет етіп келеді.xa0Кешегі Үшарал мектебі Әбдір Сағынтаевтың атында. Мектеп фоэсіне Еңбек ерінің кеуде мүсіні қойылған. Музейі ашылған. Орталық көшеге есімі берілді.

xa0Бірақ, әрине, мемлекеттік қоғамдық құрылыстың құбылуынан шаруашылықтың бағыты өзгеріп, «Таластың атын шығарғанxa0қаракөл қойының саны он есеге дейін күрт кеміпxa0кетті», депxa0жақсы адамның еңбегін еске аладыxa0талай қызметте табысты еңбек атқарған Болатxa0Мәйкенов «Жүректе жанған жұлдызы» атты кітапта жазғылған ой-пікірінде.

xa0xa0xa0xa0xa0xa0″Ол кісі жердің жайын өте жақсы біледі. Ешқашан жолдан адасқан емес. Мәшинегеxa0мінгеннен алдындағы темір тұтқадан сығымдапxa0ұтсап алады. Өмір бойғы әдеті сол. Радиоданxa0жаңалықтарxa0xa0xa0 тыңдайды.xa0xa0xa0xa0 Ондайдаxa0xa0xa0 назарынxa0бөлуге болмайды. Боздатып келе жатқаныңца алдыңнан айрықxa0жол шығады. «мынаған бұрылсам ба, анаған бұрылсам ба»xa0деген дүдәмалынды сезіп қояды. Тұтқадан ұстаған жұдырығынxa0жазбаған күйі не оң қолының не сол қолының бармағын бас бармағын бағыттайды. Қай қолдың бармағы көтерілсе, солайxa0қарай рульді икемдейсің. Сұқ саусағын көтергені: «Тоқта!» дегені.xa0Кейде мені босататыны бар. «Жұмысың бар ма еді?» дейді. «Бар ғой…» дейсің… Немесе «Құндыз екеуің бір жаққа барасың» дейді. Әлде «Құндызбен Ойыққа барып кел. Кешке сағат бесте үйдеxa0болатын бол» дейді. «Ертең мәшине жөндейсің. Ахай кәрияғаxa0барасың. Атты әкеледі, үйге келсін» деп айтады. Онысы атпенxa0шығамын дегені. Жәкемнің өзінің жүгені бар. Атқа қалай мінеді десейші. Жалдан уыстап ұстайды да, «бісміллә рахман рахим» деп, аттың арқасына дік ете қалады. Мен өйтіп міне алмаймын.xa0Қасындағы кісі желе жортып ілеседі. Баратын жері қанша қашық болса да, «уһ» демейді. Кейде қызығып атын сұрап мінемін. Бұл кісі шамамен 1977-78 жылдарға дейін атқа мініп жүретін.

xa0xa0xa0Өзі зейнет жасына шықса да, мені жұмысқа орналастырғызды.xa0Қойма меңгерушісі болдым. Бір күні маған: «Жарты ақшаңдыxa0дайында, мәшине алып берейін. Саған әбден сеніп алыппын. Көлік жүргізе алмайды екенмін. Саған сенгендей ешкімге сене алмаймын. Шаршамасаң, маған керексің, ренжімей жет», деді. «Ойбай, о не дегеніңіз жәке» дедім.

xa0xa0Ол кісі кенеттен кетіп қалды ғой. Бәрін нар сияқты көтеріп жүргенде, жүрегі тіс жұлдырғанға салған дәріні көтере алмады. Құдайдың ісі ғойғ кейде есіме түссе, «ол кезде қасында болғанымда бұл кісіге қандай дәріні салып, қайсысын салуға болмайтынын айтар едім» деген ойлар маған тыным бермейді.xa0Ол кісі маған өмір университетін үйретті»,-дейді аталмыш кітаптаxa0ұзақ жылдар Әбекеңнің сенімді серігіне айналған көлік жүргізушісіxa0Серік Сәрсенов Алаштың арда азаматы жайлы ойымен бөлісіп.

xa0xa0Жалпы аталмыш кітапта жаны жайсаң, жүрегі тазалыққа толы Әбдір Сағынтаев туралы белді, беделді азаматтардың барлығыxa0да толымды пікір, орамды ойлар айтқан. Азаматтың іскерлігі,xa0пайым-парасаты, елге қамқорлығы, қоғамдағы белсенділігі бәріxa0де кеңінен қамтылған. Сол жазбаларды оқи отырып біз Әбекендіxa0″Адал еңбек-бәрін жеңбек» қағидатын ұстанған атпал адам, болмысы бөлек басшы ретінде тани түсеміз. Иә, «Жақсылар жақсымын деп айта алмайды….

ӘЙЕЛ ЗАТЫНЫҢ ДАНАСЫ, ТЕКТІ ҰРПАҚТЫҢ АНАСЫ

xa0xa0xa0Задында ел басқару қызметінде жүрген, беделі бір басынаxa0жетіп артылатын атпал азаматтың асыл жары болу — үлкенxa0жауапкершілік. Социалистік Еңбек Ері Әбдір Сағынтаевтің зайыбы Құндыз Бештайқызы сол жауапкершілік жүгін қыңбай көтерген, текті ұрпақты тәрбиелеген асыл жан.

xa0xa0Жанарынан мейірім нұры себезгілеп тұратын абзал жан, асыл анаға Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығыныңxa0лауреаты. Алаштыңxa0xa0 аяулыxa0xa0xa0 ақыны Күләш Ахметова:

«Жүрегі жақсылықпен толған ана,

xa0Бак пен дәулет қонған ана.

Адамғаxa0жақсы, жаман деп қарамай,

Аймақтыңxa0қамқоршысы болған ана.

Жақынныңxa0өас-қабағын баққан ана,
xa0Бәрінеxa0ағайынның жаққан ана.
xa0Арттырып отбасының берекесін,
xa0Ақылменxa0бақыт кілтін тапқан ана.

Ілуінxa0xa0ізетіменxa0білген ана,

Сабырменxa0xa0сұлу өмір сүрген ана.

Жат xa0кылмай құда-жекжат, дос, бауырды,

Дәстүрін жол-жобасын білген ана.

Батасын көпшіліктің алған ана,

Батамен Ай, жулдызы жанған ана.

Әулетін xa0жақсылармен жақындатып,

Араға алтын көпір салған ана»-xa0деп өз өлең шумақтарындаxa0асыл ананың портретінxa0суретпен салып, бейнелеп, бедерлепті.

xa0 xa0 xa0Ақыннан асырып айта аламыз ба, сірә?

xa0 xa0″Мамамның қанша жерден шаруасы көп бопсаxa0да, менен сабағымды қалай оқып жатқанымды сұрайтын. Жәй сұрап қана қоймайды, озат оқуымды, тек қана беске оқуымды талапxa0ететін.xa0Тәртіптен танбай, бетіммен кетпей, бой-басым түзу жүргенімді қатты қадағалайды. Әрине күнде кешке немесе ертеңгісін қадалып отырып, әрбір пәнді шұқшиып сұрайды деп айта алмаймын.xa0Оның себебі бар, біріншіден, бізге сабақ беретін мүғалімдеріміз мектеп директоры Ермек Дүрімбетовтен бастап, орыс тілінен сабақ беретін Алматай Төлтаев классxa0жетекшіміз Әбсаттар Кенжебаев үйімізге жақынxa0тұрады. Әйтеуір, айналамыздан алыс емес, қай сабақты қалай оқитынымды сол кісілерден сұрап алады. Ойындағы бестік баға болмаса, «папаңа айтамын» дейді.xa0Мамамның аузынанxa0бұл сөз шықты дегенше, «Саған көңілім толмайxa0тұр» дегенді білуің керек. Содан азаңғы шәй үстінде айтып қоя ма, әлде кешкісін «мына балаң…» деп көкемді көзіме көрсете ме депxa0мне үстінде отырғандай қылпылдап отырғаның.xa0Бір-екі күн күтесің, айтпайды. «Айтар ма екен,xa0әй, айта қоймас» деп жүргеніңде папама айтыпxa0салады. «Бітті!…» Бірақ, папам сабырлы қалпынxa0бұзбайды. «Мұның қалай, Бақатай?» дейді. Маған осы сөздің өзі-ақxa0жетіп жатыр.xa0Осымен әңгіме бітті. Мен бестен төмен баға алғаным — көптің алдында мамамның беделін түсіргенім, әрі папама ұят келтіргенім деп санайтынмын. Сол бала күннен қалған дағды, күні бүгінге дейін ата-анамның атына, абырой-беделіне нұқсан келтірмесем деп келемін»-дейді бүгінде еліміздің Премьер-министрі секілді ірі лауазымды қызметін атқарып отырған абыройлы азамат, Әбдір Сағынтаев қарияның ұлы, тектіден тараған Бақытжан Сағынтаев балалық шағын еске алып.

xa0xa0Иә, ата-ананың әрбір тәлімге толы сөзін, салмақты ойларын, бергенxa0тәрбиесін көкейге түйіп өскен азаматтың беделі биіктемесе, абыройы асқақтамаса, кемімек емес. Саналы ғұмырында өз жұмысын сапалы атқарып, елінің мақтанышына, жұртының арқасүйеріне айналғанxa0Бақытжан Сағынтаев ағамыз сөзіміздің айшықты дәлелі болса керек.

xa0 «Бақытжан xa0маған үйленбек болып, ойындағысын айтқан кезде мамамxa0мен жайында: «Қаланың қызы ғой, қазақшасы, қазақшылығы қалай екен?»xa0деп жәй ғана сұрапты.xa0Әйтпесе, «келін бақ, келмей жатып сөзін бақ» деп маған еш уақытта қырын қараған емес. Керісінше шыққан тегімді, жақсы ана мен, жақсы әкенің жемісі екенімді біліп, мәпелеп бақты.

xa0xa0Бақытжан екеуміздің шаңырақ көтеруіміз отбасындағы ауыр бірxa0кезеңге тап келді. Бірақ осы күндері бізден өткен бақытты ерлі-зайыпты жоқ деп айтып отырамын. Тіпті, біз дүрілдетіп той да жасаған жоқпыз.xa0Атамыздың топырағы кеппей жатып, ұлан-асыр тойлатып жатқанды басыxa0артық көрдік,xa0екі жақ соған тоқтасты.

Мамам Бақытжанды ерекше жақсы көрді. Өзі Бақытжанға аяғыxa0ауыр болған кезде дәрігерлер бала табуға тыйым салыпты. «Сөйткенxa0Бақатайымxa0 қазір бәріңдіxa0 асырап отыр.xa0 Сендерxa0 күн сайын таңертеңxa0тұрғанда осындай баланы дүниеге келтірген менің аяғыма жығылып, алғыс айтсаңдар да артық етпейді деп барлық береке бастауы өзі мен әкелері екенін астарлап жеткізетін. Жалпы менің өз басым «тілімнің тікенегі» бар: «Мамау, айтса бірге өскен бауырлары мен алдыңғы абысындарым айтсын. Сен ғой енді келін болып түстім. Бақытжанмен біраз жыл отасайын сосын көре жатармын» деп әзілге бұрамын. Сонда түк қабақ шытпайды. Келінімнің өзі тілге ұста, xa0аталары іске ұста» деп отыратын»,- дейді Бәкеңнің келіншегі, Құндызай әжейдің ерке келіні Ғалия енесі туралы естеліктерімен «Әулеттің асыл құндызы атты кітапта бөлісіп.

xa0Сартап сағыныштар мен есті естеліктерге толы осы бір жинақта Орынбасар Кемелова, Нұртілеу Бертаев, Таймас Сағынтаев, Күләсан — Наурызбекова, Гүлжиян Бабасова, Қыстаубай Зағынтаев, Гүлшат Тәттібаева, Ғалымжан Зағынтаев, Қарашаш Жұматаева бастаған осы бір үлгілі әулеттің ұлдары, келіндері, қыздары мен күйеубалалары Әбдірдей абыз қарияның азаматтық бейнесі, құндызайдай асыл знаның қазақ әйеліне тән биязылығы, нәзіктігі, жанының тазалығы, адалдығы туралы кесек-кесек ойларын іріпестен айтыпты. Осы бір ойлы сөздерді, пәлсапалы пайымдарды оқып отырып: «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөздің мән-мазмұнына тағы да бір мәрте терең бойлай түскендей боласың.

xa0 Жалпы, ұлт, ұрпақ тәрбиесі аталуы қасиетті ұғымдардың бәрі де ананың тәрбиесінен бастау аларсы сөзсіз. Қазақта. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген әдемі сөз бар. Сол сөз үлкен, өнегелі әулеттің ұйытқысы бола білген, жүрегі жақсылыққа, мейірімге, жанары шуаққа толы Құндызай әжейге қаратып айтылғандай ма деген де ойға шомасың.

xa0Жас балаларының текті ұрпақтың жалғасы болып өсуіне саналы ғұмырын арнаған Құндызай әжейдің өмірі — бүгінгі қыз келіншектердің қайсысына болсын, үлгі екені анық. Ерін қазақ әйеліне тән ибалықпен күтіп-баптаған, үлкенге ізетпен, кішіге құрметпен қараған кейуана — бізге кейде бүгінгі қазақ әйелдерінің эталоны секілді көрінетіні бар.

xa0 Қазақы тәрбиеге қанығып өскен Сағынтаевтар әулетінің әрдайым тасы өрден табылсын. Ұлттық тәрбие қайнарынан сусындап өскен ұрпақтың алар асуы әрқашан ұшар биікте болсын.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Білім және өнер. — 2017. — №1-2.xa0

Берден Байқошқаров биігі

Берден Байқошқаров биігі

Берден Байкошқаровты алғаш көрген сәтте түсі сұсты, суык адам болып көрінген. Жо-жоқ, олай болмады. Дәл сол алғашқы кездескен сәттің өзінде ұзақ әңгімелескенбіз. Мен туып-өскен «Ойык» кеңшарын жақсы біледі екен. Институтты жаңадан бітірген жылдары біздің кеншарда гараж меңгерушісі, механнк болыпты. Әкемнің ағасы, ақындығымен Таласқа танымал болған Несіпбай көкемді жақсы танитын болып шықты. Басқаларға суык болса суық шығар. Өзіме сол сәттен шуағын төгіп, жақын тартқаны рас. Берден Байқошқаров өзінің туып-өскен Аманкедді (қазіргі Тамабек) ауылынан мешіт салдырып, оған қазақтың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың атын берген: Осылайша, өзіне жанашыр болған ұлы адамға ұлкен сыйлық жасағанына бәріміз куә болғанымыз бар.

Берденнің балалығы соғыс жылдарына тап келді. Бәлкім бала болып, қатарларымен алқұн-жұлқын алысып ойнамаған да болар. Әкесі Байкошкар майданға кетті. Аман оралды. Әкесі елге келген соң аз ғана күн тынығып, еңбекке араласып кетті. Ұзамай колхоз төрағалығына сайланды. Байкошқар бастық болған жылы егін бітік шықты. Сол жылы гектарына 25 центнерден астық бастырылды. Жылқы саны 1200 басқа, қой-ешкі саны 25 мың басқа жетті. Осындай айрықша елеулі еңбек көрсеткіштері ұшін бірден ауылдың 6 еңбеккері Социалистік Еңбек Ері атанды. Олардың ішінде Байқошкар Мұсірәлиев те бар.

Сол Еңбек Ері атанған кайран әке «Менін он жасар Берден деген балам бар. Соған мұра етіп калдырар байлығымнын ең үлкені — адалдығым» деген екен. Берден Ақкелдегі мектепті күміс медалмен бітірді. Білімге күштар бала бірден Алматы ауыл шаруашылығы институтының механика факультетіне түсіп кетті. Білімдіге қайда да жол ашық кой. Ал Сәбира жеңгеміз болса кыздар институтына 1957 жылы келіп түскен екен. Ол кезде Берден болса ауыл шаруашылығы институтының 3- курсында оқитын. Бір жарым жыл бойы кездесіп сөйлесіп жүрді. Институтты бітірген бойда үйленіп, шаңырак көтереді. Студент досы, ақын Әбдірахман Асылбеков бұлардың тойына арнап «Жар-жар» әнінің жаңа мәтінін жазды. Осы мәтіндегі «Жар-жар» Берден мен Сәбираның үйлену тойында алғаш рет орындалды. Бұл — 1958 жылы болған еді.

Содан бері «Жар-жардың» бұл мәтіні мыңдаған жастардын шаңырак көтерген тойларында шырқалды.

Қолына диплом алысымен бірден Жамбылға тартты. Жүрегі алып ұшып облыстық ауыл шаруашылығы баскармасының табалдырығынан аттады. Баскарма бастығы кезекті іс сапармен жолға шығып кеткен екен. Оның кадр мәселесімен айналысатын орынбасары Гречухин деген жас жігіт орнынан табылды. Кезегі келіп, Гречухиннің кабинетіне беттеген Берденмен бейтаныс қартаңдау кісі бірге кірді. Бұл сол кезде Талас ауданының кұрамында болған «Қызыл октябрь» колхозы басқармасының төрағасы Байбатшаев екен. Гречухин жасқаншақтап отырып, сыпайы сөйлеген Берденге оң ықылас танытты. Тіпті оны Байбатшаевқа да жақсылап таныстырды.

Осылайша Берден «Қызыл октябрь» колхозынан бірақ шықты. МТМ меңгерушісі жұмысына белсене кірісті. Ұшымжардың бұзылып тұрған машина-тракторлары шетінен «оталып» қатарға қосыла бастады. Байбатшаев та үнемі жас маманды қолдап, демеу болып, жылы сөзін арнап жүрді.

«Ер туған жеріне» демей ме казақ. Арада бір жыл өткенде Талас ауданындағы «Ойық» совхозына оралды. Совхоздың сол кездегі директоры Әнуарбек Тәжімбетов жас маман-инженерді жылы қабылдады. Совхоздың механигі әрі машина-трактор жөндеу шеберханасының менгерушісі қызметін сеніп тапсырды.

Байкошқаровтың бұл қызметтегі тың ізденістері, еңбекқорлығы, табандылығы сол жылдардағы Талас, Сарысу аудандары бойынша аумактық өндірістік баскармасының бастығы Төребай Ақбозовтың назарына ілікті. Көп ұзамай мұны Ақбозов өзіне шакыртыпты да,xa0бірден басқарманың бас ішженерлігіне ұсынды. Ал бұл қызметті аткарып жүрген Руденко деген кісі — ғылым кандидаты, әрі Социалистік Енбек Ері болатын. Бұл болса «Тым болмаса, бір жыл сол Руденкоға көмекші болайын, сосынғысын көре жатарсыз» деуге батылы жетті. Арада 3 ай өткенде Байқошқаров аумактық өндірістік басқармасының бас инженерлігіне тағайындалды. Көп ұзамай осы басқарма басшының орынбасарлығына жоғарылады.

1969 жылы ерте көктемде Талас ауданының «Кеңес» совхозына директорлық қызметке жіберілді. Бұл шаруашылықта 44 мың бас кой бар еді. 1968-69 жылдын «әйгілі» кысынан кейін 5700 бас ғана кой қалған. Байқошқаров алғашқы мақсаттарының бірі — мал басын өз төлінен еселеп көбейту болды. Жыддан жылға мал басы көбейе берді. Берден өзі де тыным таппайды, өзгеге де тыным бермейді. Мал шаруашылығына арнап 28 жаздық қора салдырды. Бұл іске Сыздык, Көбей, Нает, Бөкір секілді ел ағалары көмекке келді. «Юбилейный», «Бөлекқызыл» су коймаларын тұрғызды. «Юбилейныйға» 1,5 миллион, «Бөлеккызылға» 20 миллион текше метр су жинауға мүмкіндік туды. Совхоздың егіндік даласына, ауыл турғындарының бау-бақшалығына сылдырап су келді. Ал төрт тулік малдың басы 1969 жылғы деңгейге жетті.

1972 жылдың 12 желтоқсаны. Дәл осы күні Қазақстан Компартиясы Орталык Комитетінің бірінші хатшысы Дінмухамед Қонаевтың 60 жаска толған еді. Берден болса айтулы күннің карсанында Алматыға «Кеңес» совхозының тұрғындарына үйме-үй тораптық-құбырлык су жүйесі аркылы түщы су тартқызу ниетімен, соны жоспарға енгізу максатында Алматыға барған. 11 каңтар куні Республиканың Халыкка тұрмыстық қызмет көрсету министрінің бірінші орынбасары Атымтай Қисановтың қабылдауында болады. Айтқан шаруасын сол жерде шешіп берген Қисановтың:

-Қазактың болайын деп тұрған бір баласы екенсің. Алыс ауылдан елдің мәселесімен келіпсің. Бірінші хатшының ертең туған күні. Құттыктап шыкпайсың ба?-xa0дегені.

Берденxa0xa0 болсаxa0xa0 таң-тамаша.xa0xa0 Біріншіxa0xa0 хатшығаxa0xa0 қалай кіреді? Ол — кім. бұл Берденнің таңданысын сезген

Қисанов бірден Қонаевқа телефон соғып, жағдайды айтып, Берденге жол ашып берді. «Таңертең сағат 9-00 -де кабылдаймын» депті.

Ертеңше белгіленген уақыттан сәл ертерек барды. Қабылдау бөлмесінен Димекеңнің көмекшісі Дүйсетай Бекежановты да жолықтырды. Жүрегі қобалжулы. Қанша дегенмен, оңай ма? Екеуі 30 мннут әңгімелесті. Димекең Берденге оң кабақ таньтыпы. Кетерінде :

-xa0xa0xa0 Берден, есіңде болсын, саған кабинетімнің де, үйімніңxa0де есігі ашық,- деді. Берден үлкен кісінің алдынан коңіліxa0көтеріліп, қуанып шықты.

1973 жылдың жазында мұны облыстык партия комитетінің бірінші хатшысы Хасан Бектұрғанов шақырып, Сарысу аудандык партия комитетінің екінші хатшысы кызметіне баратынын айтты. Сарысуда да сол еңбекқор қалпынан таңған жок. Мұнда да үлкен су қоймасының салынуына ықпал етті. Өзі басы-қасында жүрді. Ауданның үлкен-кішісіне түтел қадірлі болды.

Көп ұзамай Қордай ауданына әуелі аудандық атқару комитетінің төрағасы, араға 6 ай салып Қордай аудандык партия комитетінің бірішпі хатшысы болып сайланды. Қордай ауданын табаны күректей он жыл басқарды. Кеңседе отырып алмай, аяғына бірде керзі, бірде резіңке етік киіп, малшылар мен диқандардың арасында жүрді. Бұл ауданда да «Қарақоңыз» су қоймасын салдырды. «Өрікті» мал бордақылау алаңын ұйымдастырды, Қордай ауданы ұзақ жыл облыста көрсеткіштері бойынша бірінші орыннан тұспеді. Істің адамы, қашанда істің адамы. Сол Қордайда жүргеңде он жыл катарынан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды…

Берден көкенің кұдай коскан косағы Сәбира апамыз:

-xa0Бердекең қайтыс боларынан аз ғана бұрын облыстык ардагерлер кеңесінін төрағасы Еркінбек Солтыбаев бастаған оншакты ел азаматтарын үйімізге қонак еткеңбіз. Бұл Бердекеннін облыска белгілі танымал кісілермен соңгы рет арка-жарқа сөйлесуі екен. Әлде жүрегі бірдеңені сезді ме? Сол жиында өте көңілді отырды. Әр нәрсені ақтарылып қозғады. Солтыбаев «Ойпырм -ай, Сіздін мұндай әңгімешіл екеніңізді білмеппін» деп таңқалып отырды. Бой жазғаны ма екен, сол жолы көп сырласып. көп сөйлесті. Облыстың Құрметті азаматы атағына ұсынылған еді. Үлгере алмады. Бердекеңнің қазасына облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев орынбасарларымен бірге келіп, көңіл айтты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көп жәрдем етті. Елге сыйлы, танымал бауырлары тік тұрып кызмет жасады. Жаназаға жиналған халықта есеп болған жок. Осының барлығы елдің Бердекеңе деген құрметі, халыктың Берденді бағалағаны деп білемін. Бердекеңнің болмысы осындай еді,-деп ағынан жарылғаны бар бізге.

ТҮЙІН: Иә. Биік шыңдар аласармайды. Алатау деңгейлес биік адамдар да аласармайды. Олардың арасында халық үшін аянбай еңбек еткен ардақты ақсақал, Қордай ауданының Қурметті азаматы, ауыл шаруашылығы өндірісінің көрнекті ұйымдастырушы болган Берден Байқошқаровтың шоқтығы биік. Берден көтерілген белесті биік шыңга теңеуге болады. Сол шың басында Бердекең абыройлы жүрді. Шың басынан абыройлы түсе білді. Жоқ, ол кісі әлі де биікте, шыңның басында!

Берден Байқошқаровтың биігі аласармайды!

xa0Есет ДОСАЛЫ.

xa0Ғұмыр дария.xa02017. – 23 наурыз

Жазылбек ата өмірі: Белгілі, беймәлім беттер

Жазылбек ата өмірі: Белгілі, беймәлім беттер

xa0 xa0 xa0 xa0 xa0Жаз ата! Жазекең! Жазылбек Қуанышбаев! Осы бір есімді ауызға алғанда ырыс-байлықты тасқындатушы, барша шопандардың ұстазы болған, мал өсірудің шебері, қарапайым еңбек адамы, қазақтың қасиетті қара шалы, данагөй ақсақалы көз алдымызға келеді. «Мал өсірсең, қой өсір, табысы оның көл-көсір», дегенді қазақ халқы тектен текке айтпаған ғой. Шынында да еті бал, сүті шипа, жүні алтын қой өсірудің арқасында Жаз ата абырой биігіне көтеріліп, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанды. Осындай атақ алуына байланысты көзі тірісінде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Бірлік селосында Жазатаның бюсті биік тұғырға орнатылды.

xa0Жақсымыздыxa0қадірxa0тұтып,xa0елxa0үшінxa0еткенxa0еңбегінxa0үлгіxa0еткенненxa0ұтылғанxa0жерімізxa0жоқ.xa0Қазіргі ұрпақ үшін Жазылxadбек Қуанышбаев әлі де жұмбақ жан. Өйткені өзінің еңбегімен шопан кәсібінің абыройы мен даңқын асырып, мал шаруашылығы тарихында өшпес із қалдырған баба туралы айтатын дүние көп. Осы мақсатпен Жазекеңнің 120 жылдығы қарсаңында Мойынқұм ауданына арнайы іссапармен шығып, алғашқы бас тіреген жеріміз шопаната атындағы мұражай үйі болды. Ауылдың қақ ортасында орналасқан бұл мәдени орынға Жазатаның келіні, егіздің сыxadңары Тойшыбай ағамыздың жары Ләйла Қожагелдиева басшылық етіп отыр.

  1. Оқимын деген баланың бетін қақпаған

– Бұл музей 1973 жылдан бері халықxadқа қызмет етіп келеді, – дейді бізбен әңгіxadмесінде Ләйла. – 1986 жылдан басxadтап атамның атымен, яғни Жазылбек Қуаxadнышxadбаев есімімен аталды. 2010 жылдан бері осында директор болып жұмыс істеймін. Музей 5 бөлімнен тұрады. 6325 жәдігер жинақталған. Оның ішінде атам өз өмірінде тұтынған заттарының саны 90-нан асады. 8 адам жұмыс істейміз.

Биыл Жазылбек Қуанышбаевтың 120 жылдық мерейтойы қарсаңында шопаxadн атаның еңбегін, өмір жолын түсінxadдіріп, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсаxadтында көрмелер, ашық сабақтар ұйымxadдастыруды жоспарлап отырмыз. Мойынxadқұм аудандық әкімдігі де мерейxadтойға арналған іс-шараларға көмекxadтесуге уәде берді. Бұрын жыл сайын Шопан ата атындағы қазақша күресxadтен ресxadпубликалық турнир өтетін. Жасыраxadтыны жоқ, соңғы жылдары демеуші болмағандықтан тоқтап қалды. Негізі аудандық спорт бөлімінің жоспарына енген, бірақ соңғы жылдары бірде ұйымдастырушы, бірде демеуші жоқ деп өтпей қалып жүр.

Әрине, атақты шопан туралы, ол кісінің еңбегі, жетістігі, кісілік қасиеті, жеке өмірі өте көп жазылды. Ата өз кіндігінен бала көрмей, жетпіс жасқа келгенде бәйбішесінен рұқсат сұрап, екінші мәрте үйленіп, егіз бала дүниеге келгені, олардың есімдерін Қойшыбай мен Тойшыбай деп қойғаны туралы жағдайға қалың оқырман жақсы қанық деп ойлаймын. Бұл қуанышты күн – 1967 жылдың 27 наурызы болатын. Бірінші болып дүние есігін ашқан Қойшыбайды анасы Әлімхан ана бәйбіше Жайшыбаланың бауырына салған. «Мына бала сіздің балаңыз болсын», деп оң қолымен ұсынғанда Жайшыбала апамыз егіліп жылап жіберген көрінеді. Содан кейін Қойшыбай өз анасының сүтін де ембеген, сол күйі үлкен апаның қолында өседі. Дүниеге әкелген анасын ешқашан шешем деп айтқан емес.

Көзі көргендер егіздердің дүниеге келу арасы үш сағат деп айтады. Тойxadшыбайды кіші апамыз Әлімхан бағып, сол кісінің тәрбиесінде болған. Атамыз жайлауға шықса да, ауылға келсе де екі үй болып отырған екен. 80-ші жылдары Үкімет атамыздың еңбегін ескеріп, аудан орталығынан үлкен үй салып береді. Сол үйде тұрған екі апаның ауызбірлігі, татулығы ерекше еді. Құдды бір апалы-сіңлілер сияқты сыйласып, шүйіркелесіп, өте жақсы араласты. Тіпті, бір-бірінсіз ас ішпейтін. Егер біреуі бір жаққа кетсе, екіншісі: «Сол келсін, күте тұрайық, сосын шай ішерміз», деп алаңдап отыратын. Келін болып үлкен апаммен 10 жыл, кіші апаммен 21 жыл бірге тұрдым. Екі кісінің татулығы бүкіл өміріме үлгі болды. Келіндерін айналып-толғанып, шаң жуытпай отырушы еді. Әсіресе, сәбилі болып үйге келгенімде екі апамыз да құрақ ұшып, өте жақсы күтім жасады.

Ал мына жайтты есіме алған сайын күліп аламын… Екі апамыз бір шаxadңыxadрақта тату-тәтті тұрғанымен, берxadтінге дейін балаларға келгенде бөлектеніп шыға келетін. Екі ұл 8-сыныпта оқып жүргенде күрес секциясына қатысқан екен. Бір күні үйге мектептен біреу телефон шалып: «Қайсысы екенін білмеймін, бірақ балаңыздың біреуі «аяғым» деп жылап жатыр, бақайы шығып кеткен сияқты… Ата естісе бәрімізді құртатын болды-ау…» деп тұтқаны қоя салыпты. Телефонды кіші апам көтерген ғой. Шынында егіз ұл бір-бірінен айнымайды. Мұны естіген кіші апамыз мектепке жетіп барыпты. Сөйтсе, аяғы мертіккен үлкен апамыздың баласы Қойшыбай екен. Бала шыңғырып кілемнің үстінде жылап жатса керек. Мұны көрген апамыз: «Ойбүй, менің емес, ана кісінің баласы екен ғой», деп тайып тұрыпты. Үйге кеп үлкен апаға «Менің балам ба десем, сіздің балаңыз екен ғой. Барыңыз, балаңыз жылап жатыр», депті жарықтық. Екі апаның осындай қызықтары туралы әңгіме көп… Үлкен апамыз Жайшыбала 2000 жылы, кіші апамыз Әлімхан 2011 жылы қайтыс болды.

– Әрине, Жаз атаның отбасы туралы, кейінгі ұрпағы туралы біраз жазылды. Әйтсе де соның ішінде Қойшыxadбай мен Тойшыбайдың үйленxadгендерін әркім әртүрлі айтады…

– Атамыз көпті көрген көнекөз, ескіxadлікті, қазақтың салт-дәстүріне қанып өскен адам болған ғой. Қойшыбай мен Тойшыбай 7-сыныпта оқып жүргенде Шу ауданының орталығы Төле би ауыxadлында тұратын, үлкен апаның нағашыxadлары болып келетін бір үйдің егіз қызxadдарына жеті бие беріп, құда түсіп қойған екен. Ол қыздар да бұлармен жасxadты болған. «10-сыныпты бітіріп, егіздерді үйxadлендіріп, төртеуін бірге оқуға жібеxadреміз», деп армандапты атамыз. Бірақ, өмір ғой… Адам өз тағдырынан алшақтап қайда кетсін?!. Мектеп бітірген екі бала да «әзір үйленбейміз» деп оқуға түсіп кетеді. Кейіннен Тойшыбай әскерге кеткен. Негізі Қойшыбай ҚазПИ-дің тарих факультетін, менің жолдасым заң факультетін тәмамдаған. Жолдасым айтады: «1986 жылы әскерде жүрген маған: «Әкеңнің 90 жылдығы болады», деген жеделхат келді. Бұл кезде Саратов қаласында болатынмын. Әскери бөлім он күнге демалыс берді. Оның алты күні ары-бері жолға кетті. 1986 жылы тамыздың 29-ында әкемнің 90 жылдығы өтті. Қыркүйектің 1-і күні кешкі автоxadбусxadxadпен жолға шығамын деп отырғанмын. Сол күні кешкі бес жарымда әкем қайтыс болды. Аудандық әскери комиссариат менің демалысымды тағы он күнге созып берді», деп.

Сонымен, ата 1986 жылы қайтыс боxadлып, екі жылдан кейін Қойшыбай баяғы егіздің сыңарын алды. Ата-анасы егіз қыздардың есімдерін Жарқынай, Алтыxadнай деп қойған екен. Жарқынайды қара шаңыраққа келін етіп түсірген күні бүкіл ағайындар жиналып, Тойшыбайды да үгіттейді. «Екеулеріңнің тойларыңды бірге істейік, сен де үйлен, егіздің сыңары Алтынайды ал», деп. Тіпті, бұл іске үлкен қызметтегі кісілердің өздері де араласады. Бірақ, Тойшыбай көнбей қойыпты. Арада бір ай өткен соң Қойшыбайдың үйлену тойы болады. Ауылдың тойы кешxadкі тоғыздарда басталады емес пе? Үлкенxadдер Тойшыбайды шақырып: «Әлі де үлгересің, екінші қызды барып алып кел», деп оны ортаға алыпты. Бірақ бұл алған бетінен қайтпаған.

– Иә, Тойшыбайдың тағдыр жолы өзіңізбен тоғысты. Әйтсе де екеулеріңіз қалай қалай таныстыңыздар? Сіз бұл отбасыны бұрыннан білетін бе едіңіз?

– Менің де туған жерім – Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылы. Мектептен кейін екі жылдық училищені бітіріп, аудандық білім бөлімінде жұмыс істеп жүрген кезім болатын. Бірде қасымдағы құрбым: «Кешке киноға барайықшы» деген өтініш айтты. Жұма күні ауылға қайтып, жексенбі күні кешке орталыққа оралып жүрген мен басында киноға баруға қиналған сияқты едім. Бірақ, тағдырдың жазуы ғой, Тойшыбаймен танысуыма сол қыз бен кино себепкер болды. Бұл Жазылбек атаның қайтыс болған, Тойшыбай қолдағы малды бағамын, қара шаңыраққа ие боламын деп оқуынан академиялық демалыс алып келген кезі екен. Әйтсе де атаның есімі ел ішінде дүрілдеп тұрған шағы ғой. «Егіз ұлына егіз қызды айттырып қойыпты», деген әңгімені де естігенмін. Содан Тойшыбай қыр соңыма түсті. Жұмысыма түсте де келеді, кешке де келеді. Бір жағы ұяласың. Кабинетке кеп отырып алатын. Осылайша бір жыл өтті. Ақыры 1990 жылы шаңырақ құрдық.

– Бүгінде Қойшыбай да, Тойшыбай да ердің жасы елуге жақындап қаxadлыпxadты. Қазіргі тіршіліктеріңіз қалай?

– Қойшыбайдың да, Тойшыбайдың да екі ұлы бар. Атамның 100 жылдық мерейтойында сол кездегі облыс әкімі Тараздан 4 бөлмелі пәтер сыйлаған боxadлатын. Содан кейін Қойшыбай еншіxadсін алып, облыс орталығына көшіп кетті. Атамыз армандап кеткендіктен олар үлкен баласының есімін Арман деп қойxadған. Кейінгі ұлдаxadрының есімі – Абзал, жұмыс істейді. Біздің үлкеxadніміз Еркебұлан Алматыдағы Д.Қонаев атынxadдағы университеттің заң факультетінің магистратурасын бітіріп, қазір тестке дайындалуда. Кіші ұлымыз Нұрлан ТарМУ-ді информатика мамандығы бойынша бітіріп жатыр. 2015 жылы Еркебұлан шаңырақ көтерді. Қаратау қаласынан Бекзада есімді келін түсірдік. Ол да жоғары білімді заңгер. Осы келін босағамызды оң аяғымен аттағанда атам есіме түсті. Ол кісі қызын емес, алдымен құдасын таңдап, жақсы отбасының қыздары да тәрбиелі, иманжүзді, ибалы болатынына бек сенімді болған шығар. Бірақ қазіргі жастардың дәстүрі бөлек. «Қандай үйдің қызын аламыз, қандай адамдармен құда боламыз», деген уайым болып, кезінде атамның да осындай ой кешкеніне күxadмәнім қалмады. Аллаға шүкіршілік, бәрі сәтіxadмен жүзеге асты. Қойшыбай үлxadкен апаxadның баласы болғандықтан келін түсірерде арнайы барып, рұқсат сұраxadдық. Рұқxadсаттарын беріп, баламыз үйленді.

Мамандығы заңгер Тойшыбай ауданxadдық ішкі істер бөлімінде кезекші боп жұмыс істеп, 45 жасқа толғанда құрметті демалысқа шықты. Қазір Хантаудағы цемент зауытының қоймасында еңбек етеді. Қойшыбай Алматы қаласында тұxadраxadды. Өзінің отбасылық бизнесі бар. Әйелі екеуі сонымен айналысады. Айтxadпақшы абысынымның сыңары xadАлтыxadнxadай біз үйленгеннен кейін көп ұзамай Шу аудаxadнындағы Белбасар ауылының бір жіxadгітіне тұрмысқа шықты. Өте жақxadсы араxadласып тұрамыз. Өткенде келін түсіріп, той жасағанда күйеуі екеуі келіп, көмектесіп, шапқылап жүрді.

– Қартайғанда көрген егіз ұл әкесі сияқты малсақ, шаруақор ма? Жалпы атакәсіпті жалғастыруға құлықтары болды ма?

– Атамыз өте сабырлы, тұйық, бір-ақ кесіп айтатын, көп сөйлемейтін кісі болған екен. Бұл жағынан келгенде екі ұл да әкелеріне тартқан. Негізі атамыз балаларын қатал ұстапты. Жолдасымның айтуына қарағанда: «70 жасымда көрген балаларым еді», деп еркелетпеген. Кейде көңіл-күйі жақсы кезде, дастарқан басында отырғанда екі баланың басынан сипап қана қояды екен. Бар еркелеткені сол. Ал апаларымыз бертінге дейін жаңа туған бала құсатып екеуін өбектеп отырушы еді. Шынын айту керек, екі ұлдың да мал бағуға, атакәсіпті жалғасxadтыруға икемдері болмады. Қайбір жылы малдың бәрін сатып, қалаға көшеміз деп, қайтадан басын құрастыра алмай, қиналған кездеріміз де болды. Қазақта: «Әкенің малы балаға мал болмайды», деген сөз тегін айтылмаған екен. Қойшыбай да, Тойшыбай да өте адал, өте момын жандар. Өмірі кісі алдына шаруа айтып барған емес. Ұялады, намыстанады. «Атақты адамның баласымыз», деп кеуде ұрмайды. Өздерінің адал еңбектерімен, өздерінің бейнеттерімен қарапайым ғана тұрмыс кешіп келеді.

– Екі ене, екі келін бір шаңырақта тату-тәтті тұрдыңыздар. Әйел адамxadның әңгімесі бітпейді деген бар, енеxadлеріңіз өткен күндерден қандай естелікxadтер айтушы еді?

– Әрине, атамыздың көзі тірісінде қонақжай шаңырағына небір ақын-жазушылар, әртістер, атақты адамдар көп келген ғой. Нұрғиса Тілендиев: «Бір перxadxadзентке зар болып жүрмін», деп атаxadның батасын алып кеткен екен. Екі апаxadxadның айтуына қарағанда, атаxadның қамxadқорлығын көргендер өте көп болxadған. Жетім-жесірге көп көмектескен. Оқиxadмын деген баланың бетін қақпаған ғой.

  1. Жазылбек атаның тағыxa0 бір ұлы болған ба?

Осы Мойынқұм сапары кезінде қоxadлыxadмызға бір мақала түсіп, онда жазылxadған дүниелерге аң-таң қалдық. Бір жағы солардың сырын, құпиясын білуге құмартып, мақала авторымен жолығуға асықтық. Ол 2011 жылдың 29 наурызында аудандық «Мойынқұм таңы» газетінде жарияланыпты. «Әкем жайлы айтсам» деп аталатын шағын мақаланың авторы Бейбіт Қуанышбаев деген азамат екен. Онда автор өзінің Жазылбек Қуанышбаевтың үлкен баласы екенін тайға таңба басқандай етіп айқын жазады. Апыр-ау, біз білетін Жазекеңнің екі-ақ баласы бар емес пе? Қойшыбай мен Тойшыбай. Бұған дейін баспасөз бетxadтерінде Жазекең туралы қаншама дүxadниеxadлер жазылды. Неге біреуінде Бейбіт Қуаxadнышбаевтың есімі аталмайды?

Мойынқұм ауданының Жамбыл ауылында тұратын Бейбіт Қуанышбаевтың үйінің табалдырығын осындай дүдәмал оймен әрі-сәрі боп аттағанымыз рас. Үйxadдегілер өте жылы қарсы алды. Бейxadбіт ағамыз да, Пернекүл жеңгеміз де қоxadнақxadшыл жандар екен. Әңгіме бірден қыза жөнелді. Әрине, «Жазылбектің туған баласымын» деп айта салу оңай. Оны барлық жағынан дәлелдеу қажет емес пе? Сондықтан, ұят та болса ағаxadның құxadжаттарын сұрадық. Көрсетті. Иә, шыxadнында да жеке куәлікте де, туу тураxadлы куәлік, яғни «метіркеде» де «Бейxadбіт Жазылбекович Қуанышбаев» деп анық жазылыпты. Енді бұл кісінің Жаз атаның баласы екеніне күмәніміз қалмады.

– Мен 1951 жылы қазіргі Мойынқұм ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келдім, – дейді Бейбіт Жазылбекұлы. – Әкем – Жазылбек, анам – Жайшыбала. Айдарлы ауылындағы Жиделі көшесінде тұрдық. 1966 жылы атамыз зейнеткерлікке шыxadғып, таяғын М.Бидасбаев деген жас шоxadпанға тапсырды. Ол кісінің көзі тірі, қазір сол Айдарлыда тұрады. Жазекеңнің зейнетке шығып, жас шопандарға ақ жол тілегенін кезінде телевидение де түсірген. Сол жылы Бірлік ауылына көшіп келдік. Мойынқұм ауданын 25 жыл басқарған бірінші хатшы Айтбай Назарбеков әкемнің ұзақ жылғы жемісті еңбегін құрметтеп, арнайы үй салдырып берді. Одан 1970 жылы Жазекең атақонысымыз, жұртымыз, ата-бабамыздың тұрған жері, ағайын-туыстың ортасына барамын деп Жамбыл ауылына қоныс аударды. Бұл үйде 1979 жылға дейін тұрды. Кейіннен аудан орталығына көшті. Кетерінде: «Қарашаңырақ осы. Осыған сен ие бол, балам», деп мені мына үйге қалдырып, батасын берді. Ол кезде мен үйленіп, келіншегім үлкен ұлыма босанған еді.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де әкем қол қусырып отырмады. Жазылxadбекшілер мектебімен айналысып әрі Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы миxadнистрлігінің қой шаруашылығы жөніндегі инспекторлығы қызметін қоғамдық неxadгізде атқарды. Айтпақшы еліміздің энциклопедиясында: «Мойынқұмда Ж.Қуанышбаев атынxadдағы мектеп бар», деген жолдар бар. Бірақ ауданда ол кісінің атында ешxadқанxadдай мектеп жоқ. Бұл бір кездері құрылxadған «Жазылбек мектебі» ұйымын жоғарыдағылар кәдімгі орта мектеп деп түсініп, солай деп жазып жіберсе керек.

Жазылбек әкем анамыз Жайшыxadбаxadланы 1945 жылы құда түсіп алған екен. Анам Шу ауданы, қазіргі Төле би ауылының қызы болатын. Ол кісі 1948 жылы алғашxadқы Социалистік Еңбек Ері атағын алғанда Айдарлы ауылында үлкен той болыпты. Сол кездері Мойынқұм Көктерек ауданы деп аталған екен. Орталығы – Бірлік ауылы, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Шорабеков деген кісі болыпты. Кеңес колхозының төрағасы – Әшім Тоқсейітов. Бүкіл өмірін ұстаздыққа арнаған Ізтілеу Орынбасаров деген ағамыз сол күндерді еске алып, маған талай рет әңгіме қып айтқан еді. «Менің ол кезде жасым 18-де болатын. Мектепке жаңадан мұғалім болып кірген кезім. Тойға делегаттардың бәрі атпен келді. Автомашина деген атымен жоқ кез. Олардың аттарын байлап, өздерін киіз үйлерге кіргізіп, күтіп, қызмет жасадым. Жеңіл автомашина тек аудан басшысы Шорабековте ғана болды», деуші еді Ізтілеу ағамыз өткен күндерді еске алып.

Аудан басшысы атамыздың астына ақбоз ат мінгізіп, үлкен сый-құрмет жасайды. Осы үлкен оқиғадан кейін 10 жыл өткенде, яғни, 1958 жылы әкеxadміз Жазылбек Қуанышбаев ресxadпублика тарихында тұңғыш рет екінші мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Менің жасым сол кезде жетіде болатын. Бала болсам да кейбір жайттар есімде қалыпты. Ол жылдары Көктерек ауданын Қайназаров деген кісі басқаратын еді. Кеңес ауылының Шу өзені жағасында той өтті. Орасан еңбегі үшін облыстың сол кездегі басшысы Асанбай Асқаров «Газ-69» көлігін сыйға тартты. Бұл Мойынқұмдағы алғашқы жекеге берілген машина болатын.

Одан кейін Шу өзенінің жағасында үлкен ат бәйге болғаны есімде қалды. Оған Көктерек және Шу ауданының сәйгүліктері қатысты. Бізге жақын ағайын, ағамыз боп келетін Бақдәулет Төлебеков өзінің қаракер атымен бірінші келіп, бас жүлдені жеңіп алды.

Тағы бір есімде қалғаны… 8 жастамын, бірінші сыныпқа барған кезім. «Казахстанская правда» газетінен келген Скоxadробогатов деген бір тілші, қасында тағы бір әйел бар, Жазекең екеумізді суxadретке түсірді. Әкем дастарқанның шеxadтінде жастыққа жантайып жатыр, мен қаxadламмен қағаз бетін шимайлаудамын. Ол кезде суретке түсіру дегенді жақxadсы білмейміз. Ауылдағылардың бәрі қызық көріп, жиналып, екі тілші әкем екеуіxadмізді киіндіріп, дайындап, бірнеше рет суретке түсіргені есімде қалыпты. Солар кейін «Самородок Коктерека» деген шағын кітапша шығарыпты. Қаxadрасам, ішінде баяғы әкем екеуміз түскен фото бар екен. Кейіннен үлкейтіп алдым.

Кеңес Одағы кезіндегі заң бойынша еңбеккер екінші Алтын Жұлдызын алатын болса, оның туған жеріне ескерткіш орнатылады екен. Жазекеңе ескерткіш 1960 жылдың мамыр айында ашылды. Ол жылдары Жамбыл облысын Асанбай Асқаров басқарып тұрған болатын. Сол кісінің өзі жиынға арнайы келді. Жиналысты ашып, лентаны қиған Асанбай Асқаров Жайшыбала апамызға бұрылып: «Құрметті жеңгей, Жазекең қандай еңбек сіңірсе, сіз де сондай еңбек сіңірдіңіз. Тіпті, артық еңбек сіңірдіңіз», деп ризашылығын білдірді. Шынында, Жайшыбала анам әкеме лайықты жар, көмекші бола білxadген адам. Өте қонақxadжай кісі еді. Қанxadдай қонақ болса да ренжіп, қабақ шытпайтын. Қай уақытта болсын дасxadxadтарқаны кеңінен жайылып тұратын.

Айтпақшы, оның алдында мүxadxadxadxadсінxadшілер кеп Жазеxadкеңнің мүсінін жасады. Бір ай біздің үйде жатып, алдымен балшық арxadқыxadлы бейнеледі. Кәдімгі сары балшықxadтан… Ол кезде киіз үйде тұрамыз, Жазеxadкеңxadxadді күні бойы үстелге отырғызып қояxadтын.

Бір жылы көктемгі каникулда ойнап жүріп, байқамай сіріңке шағып, төлдету қораларының өртеніп кетуіне себепкер болдым. Зәрем ұшып, алды-артыма қарамай қашып, шидің арасында тығылып отырғанда әкем өзі атқа мініп іздеп, тауып алды. Жалпы, Жазекең тұйық, алайда ашуы қатты кісі еді. Менің қатты қорыққанымды байқап: «Қорықпа, балам. Бейбітжан, келе ғой, атқа мін», деп алдына мінгізіп, үйге алып келді. Біздің қыстау Сұңқардың кіре берісінде орналасқан болатын. Сол кездегі атақты қойшылардың бірі, Ленин орденді Тыныштыбай Ахметжанов біздің көршіміз болды.

Бір күні қыстауға жер-көкті гүрілxadдетіп тікұшақ келіп қонды. Ондай ғажапты сол кезде бірінші рет көруім. Кейіннен білдім, әкем партияның ХХІ съезіне делегат болып сайланған екен. Соған байланысты облыс басшысы тікұшақты арнайы жіберіпті.

Әкеміздің көп адамдарға шарапаты тиді. Жағдайы жоқ, тұрмысы нашар жандарға көмектесті, талай баланы оқуға түсірді. Оқу бітіріп келген олардың жұмысқа орналасуына септігі тиді. Содан кейін өзінің шәкірттерін дайындау мәселесіне көп көңіл бөлді. Ең бірінші Ділдәш Итбасова деген апамызды үйретті. Кейін ол кісі де Еңбек Ері атағын алды. Сондай-ақ, «Көктөбе» совxadхозында Құдайберген Біртаев, Шоман Шәріпбаев деген шәкірттері Еңбек Ері атақтарын алды.

Әкем мені де оқуға апарды. Мені ғана емес, сол жылы Мойынқұмнан үш баланы бірдей апарды. Ол кезде ҚазМУ-дің ректоры Жолдасбеков екен. Мені профессор Ермеков деген ағайға тапсырды. Емтихан кезінде менің Жазылбектің баласы екенімді мұғалімдердің бәрі біліп отырды. Содан оқуға түстім. Бірақ бір жылдай оқығаннан кейін ауырып қалдым. Одан кейін қайтып жалғастырмадым. Қараxadпайым жұмыс істедім. 1976 жылы үйлендім. Келіншегім Пернекүл осы ауылxadдың қызы. Алланың берген үш ұлы бар. Үлкені – шахтер, ортаншысы Ақбаxadқайдағы әкімдікте маман, кіші балам – өнер жолында. Немерелер сүйіп отырxadмыз. Соңымнан ерген Қойшыбай, Тойxadшыбай бауырларым бар.

Әкемнің көзіндей болған бұл қара шаңырақта қазақтың небір атпал азаматтары қонақ болды. Ғабит Мүсірепов пен Еркеғали Рахмадиевтің қонақ болғаны әлі күнге есімде. Аң аулауға шығып, Жазекең олармен бірге жүрді. Соңында аудан басшысы Ғабит Мүсіреповке ат мінгізіп, құрметтеп шығарып салды.

Әкеміздің әкесі Қуанышбай Мойынxadқұмның төменгі жағында, Бетпақдалада дүниеге келген екен. Үлкендердің айтуыxadxadна қарағанда өнерге жақын, домбыxadра тарxadтып, ән айтатын, ақын адам болыпты. Қуанышбай бабамыздың әйелі Айткүл Жетісу жақтың қызы болған.

… Міне, құрметті оқырман, біз Бейбіт Жазылбекұлының айтқан әңгімесін сол күйінде жариялап отырмыз. Бірақ біз қанша қазбалап сұрасақ та Бейбіт аға біздің: «Сіз неге осы уақытқа дейін көрінбедіңіз? Ел Жаз атаның баласы екеу-ақ, Қойшыбай мен Тойшыбай деп білді. Сіздің есіміңіз еш жерде аталмайды ғой…» деген сұрағымызға ашылып жауап бермеді. «Мен қарапайым адам болдым, қарапайым өмір сүрдім. Міне, Жазылбек әкемнің қарашаңырағында түтінін түтетіп отырмын. Құжаттарымда соның баласы екенім анық жазылған. Бұдан басқа қандай дәлел керек?» дегеннен арыға бармады. Көкейде күдік қалмас үшін Таразға келгеннен соң Мойынқұм ауданының біраз үлкендерімен, Қуанышбаевтар отбасымен жақсы араласып жүрген жандармен телефон арқылы сөйлестік. «Бейбіт – Жазылбектің ағасы Темірбектен тараған Иманқұлдың баласы. Иманқұлдың ұл-қыздары көп болған. Жазекең баласы болмағаннан кейін ырымдап асырап алған. Атаның ақжолтай болсын деген арманы орындалып, кейін Бейбіттің соңынан Қойшыбай мен Тойшыбай ілесті. Бейбіт Жазылбектің бауырында өсіп, соның баласындай сіңіп, бүгінде атаның қарашаңырағына ие болып отырғаны рас», деген де әңгімені естідік. Жалпы қазақта ырымдап бала асырап алу дәстүрі ежелден болған. Оны үлкендер жақсы біледі. Және ондай ақжолтай баланы «бөтенсің» деп айтудың өзі күнә. Тылсым дүние талай құпиясын ішіне бүгіп тұр емес пе? Соңғы жылдары Бауыржан Момышұлының қызы, Оралхан Бөкеевтің бауыры табылып, ел сүйінші сұрап жатыр. Бұл жағынан келгенде Жазылбек Қуанышбаевтың тағы бір баласы табылды десек, артық емес. «Адам ұрпағымен мың жасайды», деген. Жаз атаның үрім-бұтағы көбейіп, Алланың шапағатына бөлене берсін!

Оралхан ДӘУІТ,

Жамбыл облысы,

Мойынқұм ауданы.

Егемен Қазақстанxa0– 2016. – 11 наурыз(№46). – 9 б.