Маусым жарлығы немесе Әулиеата уезіндегі қарсылық

Маусым жарлығы немесе Әулиеата уезіндегі қарсылық

Дария ҚОЖАМЖАРОВА,

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының
докторы, профессор.

 

 

 

 

1914 жылы басталған бiрiншi дүниежүзiлiк соғысқа патшалық Ресейдің белсендi түрде қатысуы сол кезде бодан болған халықтардың өмірін одан сайын ауырлатты. Қазақтардан майданға көп мөлшерде шикізат, азық-түлік, мал, сондай-ақ басқа да материалдық заттардың алынуы, шаңырақтарға жаңа әскери салықтардың енгізілуі әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюіне алып келсе, қымбатшылық пен аш-жалаңаштылықтың өрiс алуы қазақтардың қайыршылануына әкеп соқты. Осының бәрi Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік дағдарысты одан сайын күшейтіп, елдегi жалпы ұлттық дағдарысты шиеленiстiрді. Нәтижесінде мұның аяғы бүкіл қазақ даласының аудандарын қамтыған 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа ұласты. Көтерілістің басталуына түрткі болған Ресей патшасы ІІ Николайдың 1916 жылғы 25 маусымдағы Орталық Азия, Қазақстан және Сібірдегі халықтардың 19 пен 43 жас аралығындағы «бұратана» ер-азаматтарын майданның қара жұмысына (окоптар мен траншеялар қазуға, майданға жақын аудандарда жол салуға, ағаш кесуге т.с.с.) шақыру туралы жарлығы болды. Патшаның осы жарлығы бойынша майданның қара жұмысына жалпы Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам шақырылу көзделсе, соның 129 645 адамын Түркiстан өлкесiне кірген қазақтардың Сырдария мен Жетісу облыстарынан алу жоспарланды. Ал Сырдария облысының ауданы болып табылатын Әулиеата уезiнен тыл жұмыстарына жергілікті әкімшіліктің есебi бойынша 22100 адам алынуға тиiс едi. Алайда, тамыз айының соңына дейiн олардан жиналу пункттерiне үш мыңға жуығы ғана келедi де, қалғандары майдан шебiндегi қара жұмыстарға барудан бас тартып, қарулы көтерiлiске шығады. Әсіресе, Меркі өңіріндегі көтеріліс Әулиеата уезiнде ғана емес, Сырдария облысындағы көтерiлiстiң ең басты ошағына айналады. Т.Рысқұловтың «Восстание туземцев Туркестана в 1916 году» атты мақаласында: «Басқаларға қарағанда күштірек болған көтеріліс Әулиеата уезінің, әсіресе Меркі ауылының қазақтарының көтерілісі болды. Әулиеата уезінен қара жұмысқа 22 мың 675 адам алынбақ екен. Соған тамыздың аяғына дейін бар болғаны 3 мың адам жиналды. Қалғанын қазақ елі беруге риза болмады», – деп қайраткер өзі басы-қасында болған Меркі көтерілісінің барысына тоқталып, оның географиялық ауқымы жағынан да, зардабы мен салдары жағынан да анағұрлым кең, әрі қатал сипат алғандығы туралы өткен ғасырдың 20-жылдарының өзінде-ақ алғаш ашық жазады және соған басты назар аударады. Өңірдің облыстағы көтерілісшілердің орталығына айналу себебін М.Тынышпаевтың Сырдария облысының губернаторына жазған мәлімдемесінен де біле аламыз. Онда ол Меркі қазақтарының қарулы көтерілісі 29 тамызда басталғанын, ал 16 қыркүйекте көтерілісшілер пристав Рубаневтің әскерімен қақтығысқандығы және Кузьминка селосында 20 қоныс өртеліп, Меркі маңында 9 хутор қиратылып, содан соң приставқа шабуыл жасалынды делінген.

Жалпы алғанда, көтерiлiс Әулиеата уезiнiң Меркi бөлiмiнiң Көшеней (Кученей) болысында басталып, жергілікті патша әкімшілігіне қарсылық танытса, оның артынша Таулы бөлiмшеге (Горный участок) қарайтын Көпес болысының 50 шақты тұрғыны 1916 жылғы 31 шiлдеде «Қоржын-Тоғай» деген жердегi орман шаруашылығының ғимараттарын қиратып, қолдарына бiраз қару-жарақ түсiредi. Сонымен қатар, көтерiлiсшiлер өз әрекеттерiн Чалдовар, Меркi және Луговой сияқты iрi елдi мекендер ауданына ауыстырды.

Бұл Әулиетата уезіндегі көтерілістің басы болатын. Көтерілістің қалай басталғаны жөнінде 1916 жылы 2 қыркүйектегі Сырдария облысының әскери губернаторы А.С.Мадритовтың Торғай облысының әскери губернаторы М.М.Эверсманға жіберген хабарламасынан білуге болады. Онда былай делінеді: «21 тамызда жіберген мәліметіме қосымша хабарлаймын: Сырдария облысындағы Әулиеата уезіндегі халықтың наразылығы көрші орналасқан Жетісу облысының Пішкек уезіндегі халықтың көңіл-күйіне әсер етуде. Оны мынадан көруге болады, 20 тамызда Үшбұлақ және Чалдовар пошталық стансаларының қызметкерлері өз жұмыс орындарын көпшіліктің көзінше тастап кеткен. Соның салдарынан пошта жұмысы тоқтап қалды. 28 тамызда Әулиеата уезіндегі Қорағаты болысында болыстардың съезі өтпекші болып, онда тыл жұмыстарына алынатын адамдардың тізімін жасау көзделген. Алайда, бұл съезге ауылдық старшындар мен елу басылардың келмеуінен съезд өтпей қалады. Осыдан кейін Меркі бөлімінде бүлік басталады. Меркіден 16 верст жерде Құрағаты болысының қазақтары жиналып, бөлім приставымен атысады. Атыс кезінде бірнеше қазақ оққа ұшады». Яғни Меркі бөлімшесінің приставы Меркіден 20 верст жерде қазақтар жиналғанын, олардың майданның қара жұмысына тізім бермейміз деп наразылық танытып жатқаны туралы хабар алып, қасына 10 салт атты жасақ ертіп, наразылық танытушылармен тізім беру жөнінде келіссөз жүргізу мақсатында жүріп кетеді. Оларды балта, найза, пышақ, қанжар, шоқпармен қаруланған мыңға жуық көтерілісшілер күтіп алып, келіссөзге келтірмей приставқа шабуыл жасайды. Өзінің өміріне қауіп төнген соң пристав Меркіге қашып құтылады. Кейін, яғни 25 тамызда Меркi бөлiмшесiндегi көтерiлiс шырқау шегiне жетеді. Әсіресе, жазалаушы әскерлердің күштерiне соққы беруде Арағыты болысының көтерiлiсшiлерiн басқарған Ақкөз (1859-1921) деген ақсақал ерекше көзге түседі. Ол Қорағаты болыстығының болысы ретінде Меркi өңірінің халқына ықпал жасаған беделдi адам болған, алғашқылардың бiрi болып өз болысы жiгiттерiнен көтерiлiсшiлер жасағын ұйымдастырған. Меркі бөлімінің бастығы Лундин қыркүйектегі Әулиеата уезінің бастығына берген мәліметтерінде былай деп хабарлайды: «Көтеріліске шыққан қазақтардың негізгі басшысы – Қорағаты болысындағы №8 ауылдан шыққан Ақкөз Қосанов. Шабуыл кезіндегі қаза болған қазақтардың қолынан табылған үш линиялық мылтықтар олардың Жетісу облысындағы көтерілісшілермен тығыз байланыста болғандығын дәлелдей түседі». 18-19 жасында 80-нен асқан Сыпатайдың батасын алған Ақкөздің орынбасары болып Досмайыл Сырғабайұлы (1938ж. қайтыс болды), хатшы және діни басшысы болып Өмірзақ молда сайланған. Оның жасағына бiртiндеп басқа болыстардың да көтерiлiсшiлерi қосылып, 1916 жылғы тамыз айының ортасында Ақкөз бастаған көтерiлiсшiлер саны 13 мыңға жеткен. Ақкөз жазалаушы патша әскерлерiмен қыркүйек айының соңына дейiн күрес жүргiзген. Жау қолына түскен Ақкөз серiктерiмен Әулиеата түрмесiне жабылып, олар түрмеден 1917 жылғы Ақпан революциясының арқасында шығады.

Меркідегі көтерілістің барысына тоқталсақ, 29-30 тамыз күндерi жалпы саны 1500-2000-ға жуық көтерiлiсшiлер Меркіге тағы екi дүркiн шабуылға шығып, Меркі-Пiшпек телеграф байланысын iстен шығарады да, бiрнеше рет патша өкiметiнiң жазалаушы жасақтарына жүздеген үйiр-үйiр жылқыны қарсы айдап, бiразын ат тұяқтарының астында қалдырды. Осыдан соң екіге бөлінген көтерілісшілердің бір бөлігі Меркіге бас салса, қалған екінші бөлігі Кузьминка селосын басып кіреді. Бұл кезде көтеріліс шықты деген хабарды алған Кузьминканың тұрғындары Меркі, Каменка және Луговой селоларына қашып кеткендіктен, қазақтар бос тұрған үйлерді өртеп, малдарын айдап әкетеді. Ал қалған селоларды шабуылдаушыларды жақсы қаруланған патшаның бір рота әскері қарсы алып, қырып салады. Өкінішке қарай, Меркі гарнизоны көтерiлiсшiлердiң 31 тамыздағы шабуылын да керi қайтарды. Дегенмен, өз кезегінде көтерілісшілер Меркінің маңайындағы келімсектердің бүкіл егіншілік шаруашылығын талқандап, үшеуін өлтіріп кетеді. Сонымен қатар, көтерілісшілер сол күні Новотроицк селосынан Әулиеатаға қарулану үшін бара жатқан келімсектерден құралған 74 жасаққа шабуыл жасап, олардың 22-сін өлтіріп құдыққа тастаса, 32-сін алып кетеді. Ал қалғандары қашып құтылады. Кейін белгілі болғандай, 32 адамның 12-сі тұтқында болып босатылса, қалған 20-сы өлтірілген. Көбісінің денелері құмның ішінен тауып алынған.

29-31 тамыз күндері найза, шоқпар, айбалта, сойыл, аңшы мылтығы секілді қарабайыр қарулармен жасақтанған 1500-2000 сарбаздардың Меркіге жасаған шабуылы сәтсіз аяқталады. Жеңіліске ұшыраған көтерілісшілер Шуға, құмға қарай бас сауғалап қаша бастайды. Сондай-ақ, жергілікті орыс мұжықтары да қаруландырылады. Тіпті, Пішпектен Меркіге жазалаушы қосындарды тез жеткізу мақсатында автокөліктер пайдаланылған. Осыған байланысты әскери губернатор С.А.Геппенер Әулиеата уезіндегі әскери гарнизондарды күшейту қажеттігін алға тартып, Түркістан генерал-губернаторына мынадай мазмұнда мәлімет жібереді: «Уездегі тыныштық пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында төмендегі шараларды іске асырудамыз: 1. Тамыздың 29-күні Меркіге жарты рота әскер және 25 атты әскер жасағы жіберілді. Тағы да жарты рота әскер дайындап жатырмыз. 2. Әскери бастықпен байланыса отырып, Шу бөліміндегі орыстардың қауіпсіздігін күшейттік. 3. 30-күні таңертең Меркіге тағы да жарты рота әскерді екі пулеметпен жібермекпіз. Бұл әскерді 243-ші батальоннан алдық. Тағы екі рота әскерді көмекке дайындаудамыз. Оны да сол 243-ші батальоннан алмақшымыз. 4. Уез бастығы телеграф арқылы Меркі приставына қосымша күштер жайында хабар жіберіп үлгерді. Осы жіберілген күштердің ізінше Меркіге уез бастығы барады. 5. Меркіде басталған бүліктің Әулиеата уезінің басқа аймақтарына тарап кетпеуі үшін осы уездегі гарнизондардағы әскерлерді күшейту қажет деп ойлаймын». Мұнымен қатар, жергілікті әскери әкімшілік Меркі бөлiмшесiндегi көтерiлiстiң қайтадан өрiс алу қаупiнен жасқанып, қыркүйек айының басында өз орыстарын қорғауға, көтерілісті басу үшін Ташкенттен қосымша күш ретiнде запастағы Сiбiр полкiнiң екi ротасын алғызып, орыс мұжықтарын қаруландырады. Яғни көтерілістің осындай ұлтаралық бағытын жақсы түсінген патша әкімшілігі орыс қоныстарын қорғауға алады да, оларға тез арада қару-жарақ таратып береді және көтерілісті аяусыз басу үшін сырттан әскери күштер шақыртқан.

Міне, осындай зор күштен көтерiлiс жеңiлiс тауып, ал оған катынасушылар жаппай куғын-сүргiнге ұшырап, қатты жазаланады, мал мен мүлiктері де талан-таражға салынып, ауылдары өртенедi. Бүкiл Түркiстан өлкесi бойынша әскери-далалық сот пен тергеуге үш мыңнан астам адам берiлдi, олардың 347-сi өлiм жазасына кесiлiп, 168-i каторгалық жұмыстар атқаруға бұйырылды, ал 129 адам әртүрлi мерзiмдерге сотталып, 228-i Сібірдегі каторгаларға жiберiлдi.

Патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы әділетсіз жарлығының қасіретті зардаптары осындай болды. Жеңiлiске ұшыраған көтерiлiсшi жасақтарының бөлiмдерi Жетiсу облысының Верный уезiне, екiншiлерi қазiргi Қырғызстан территориясына өтiп, сондағы ұлт-азаттық қозғалысының қатарына қосылып, патша жендеттерiне қарсы күрестерiн 1916 жылғы қазан айының ортасына дейiн жалғастырды. Дей тұрсақ та, Сырдария облысындағы көтерiлiс 1916 жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыстың құрамдас бөлiгi болды. Ол патша өкiметiнiң белсенділігіне айтарлықтай нұқсан келтiрiп, отаршыл метрополияның шаңырағын шайқалтуға өз үлесiн қосты, халықтың отаршылдарға, ең алдымен олардың символы – патша өкiметiне деген өте күштi өшпендiлiк туғызды, іс жүзiнде патша өкiметi белгiлеген майданның қара жұмыстарына баруға тиiстi жоспарланған 220 мың адамның 123 мыңы ғана алынды, ал көтерiлiстiң жалауы биiгiрек желбiреген Әулиеата уезiнiң тыл жұмысына алынуға жоспарланған 22676 адамнан өкiмет құрығына екi мыңнан сәл астам ғана кiсi iлiндi.

Ақ жол. – 2016. – 20 қазан. – 5 б.

Ақыртас алдағы жылы есігін ашады

Ақыртас алдағы жылы есігін ашады

«Жақында шет елден Жамбыл обxadxadлысыxadна жеті-сегіз турист келген болаxadxadтын. Олар өңірдегі тарихи жерлерді араxadxadxadлап, ең соңында көне Тараз қаласы орxadxadxadнынxadxadxadда жүргізіліп жатқан қазба жұxadмысxadxadxadтарыxadxadxadмен танысқысы келді. Бірақ бізxadxadді ол жаққа күзетшілер жібермей қойxadxadxadды. Ал кейінгі кездері аймаққа келxadxadген турисxadтерді көне қала орнында жүрxadгізxadіxadxadxadліп жатқан жұмыстардың көбіxadрек қыxadxadзықxadxadтыxadратыны белгілі болып отыр. Сонxadда бұл жерге турисxadтерді қашан апара аламыз?»

Қайсыбір жиында «Золотой караван» туристік орталығының директоры Альбина Веймер облыс әкіміне сұрақты осылай төтесінен қойды. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев бұл мәселе бойынша өз орынбасарын, одан облыстық мәдениет басxadқарxadмасыxadның басшысын орнынан тұрғызxadғанxadда, көне қала орнында жүріп жатxadқан қазба жұмыстарын көруге рұқсат беру еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің құзыретінде екені анықxadталды. Бұған қоса, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музей жетекxadшілері қазба жұмыстарына турисxadтерді әлі де жақындатуға болмайтынын айтады. Талап солай. «Келген қонақтар қазба жұмыстарына кері әсерін тигізуі мүмкін әрі өздерінің қауіпсіздіктері үшін жақындауға тыйым салынған» дейді мамандар. Тағы бір белгілі болғаны, өткен жылы ғана Қазақ хандығының 550 жылxadдық мерейтойында ашылған «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталыxadғының жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып кеткенімен, жақын күндері бітетін көрінеді. Облыс басшысы өңірдің туризмін дамыту үшін Жамбыл жеріне келген туристерге барлық жағдай жасалатынын баса айтты. Өйткені, ел экономикасының дамуына ерекше серпін беретін бағытxadтарxadдың бірі туризм екені бесенеден белгілі. 2013 жылы «Ұлы Жібек жолы» аталымы боxadйынxadша облыстағы 5 тарихи-мәдени мұра – Ақтөбе (Балаxadсағұн), Құлан, Ақыртас, Қостөбе, Өрxadнек қалашықтары ЮНЕСКО-ның Бүкілxadәxadлемдік мұралар тізіміне енген болаxadтын. Жақында «Жібек жолы» номиxadнаxadциясына кіретін Қазақxadстан аумаxadxadғынxadдағы 8 нысанның бүгінгі жай-күйіне мониторинг жүргізу мақxadсатында Қазақстанға Дүниежүзілік мұра орталығының Азия және Тынық мұхиxadты бойынша бөлімшесінен Фенг Жинг және ИКОМОС сарапшысы Наталья Душкина арнайы іссапармен келіп кетіпті.

Жалпы алғанда, Жамбыл облысы аумағында 4 мемлекеттік қорықша мен «Ұлы Жібек жолының» боxadйында орналасқан 5 археологиялық ескерткіш бар. Бүгінде облыста 43 туристік ұйым, 1 киіз үй қалашығы, 10 балалар-сауықтыру лагері, 7 демалыс орны, минералды сулар және батпақтармен емдейтін 5 санаторлық-курорттық мекеме халыққа қызмет көрсетуде. Обxadлысxadтағы орналастыру орындарының өсу динамикасының көрсеткіштері 2015 жылы ішкі туризм 2012 жылмен салыстырғанда, 32 пайызға, ал шығу туризмі 71,77 пайызға артса, орналасxadтыру орындары 72 бірлікке көбейген.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Болат Есімбековтің айтуына қарағанxadда, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, аймақтық үйлестіру кеңесі қонақ үй салу және қайта қалпына келтіру боxadйынша жалпы сомасы 512,0 миллион теңгені құрайтын 7 инвест жобаны мақұлxadдаған. Облыс әкімдігі және «Даму» кәсіпxadкерxadлікті дамыту қоры» АҚ тарапынан жалпы сомасы 500 миллион теңге бөліxadніп, облыстың туризм саласындағы шаxadғын және орта кәсіпкерлікті қаржыxadлай қолдау туралы меморандумға қол қойылыпты. Сондай-ақ, Инвестициялар және даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасы туризм істері боxadйынша мемлекеттік басқармасы арасында Қытай азаматтарының Қазақстанға келуі бойынша топтық визаларын жеңілдету туралы меморандумға қол қойылып, облысымыздың 4 турисxadтік ұйымына Қытай туроператорxadларымен жұмыс істеуге аккредитаxadция жүрxadгізілген. Бүгінгі таңда осы меморанxadдумға сәйкес Қытайдың Шаньси провинциясынан 27 және Бейжің универxadситетінен 8 қытай азаматы өңірімізге туристік сапармен келіп кетті.

Әрине, Әулие ата жеріне аяқ басxadқан меймандар ең алдымен Қарахан баба, Айша бибі, Тектұрмас әулие кесенеxadлерін аралайды. Сонымен бірге, соңғы жылдары Ақыртас кешеніне баратындар да көбейген. Ол Тараз қаласынан – 40, ал Ақшолақ темір жол бекетінен 6 шақырымдай оңтүстікте, Қырғыз Алаxadтауының бауxadрайынxadдағы биік төбеxadxadлердің етегіxadне орналасқан. Үлкен қызыл құмтасxadтардан қаланған ғажайып қаланың құрылысы аяқталмай қалған. Бірақ ғасырдан-ғасыр озып, ғылым мен білім дамып, адам мүмкіндігі ғарышxadты бағындырса да, құрылысы бітпей қалxadған қаланың (бәлкім, қамал, қорған, бекіxadніс) құпиясы әлі де ашылмай келеxadді. Міне, осы тарихи кешенге баратын жол өте нашар. Жаңбырлы күндері жүру мүмкін емес. Ақыртас – өңірдің турисxadтік әлеуетін арттыруға үлкен үлеxadсін қосатынын түсінген жергілікті биxadлік осы кешенге баратын 8 шақырым жолды жөндеуге 371 миллион теңге бөxadліп, жұмыстар басталып та кетті. Жол саxadлыxadнып бітсе, келесі жылы өтеxadтін ЭКСПО-2017 халықаралық көрxadмеxadсіxadxadне ағылған туристердің көбісі осы кеxadшенxadxadге де ат басын бұратыны анық. Айтxadxadпақxadxadшы, бұл халықаралық көрxadменің дайынxadдық жұмыстарына осы обxadлыстан әріптестік туралы мемоxadранxadдумға қол қойған 4 туркомпания қатысуда. Олар қаламызға келеxadтін қонақтар үшін 4,5 және 6 күнxadдік туристік бағыттар әзірлеп қойған.

Тағы бір айтарымыз, Жамбыл облысынxadдағы кәсіпкерлер палатасыxadның бастамасымен туризм кластерін дамыту және «Жібек жолы» жобасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобы құрылып, оның құрамына әкімдік, туристік қауымдастық мамандары, қонақ үй, мейрамхана, қолөнер бизнесі өкілдері және тарихшылар мен археологтар кірді. Биылғы наурыз-сәуір айxadларында жұмысшы тобы облысxadтағы туристік нысандарды аралап, түгендеу жұмыстарын жүргізді. Мұның барысында оларда орын алып отырған олқылықтар мен кемшіxadліктердің тізбесін жасады. Туристер үшін қысқа және ұзақ мерзімді бағыттардың картасын сызды.

Оралхан ДӘУІТ,

Жамбыл облысы

Егемен Қазақстан. – 2016. – 30 қараша. – 14 б.

Жаңғырған тарих, жаңарған Тараз

Жаңғырған тарих, жаңарған Тараз

Ілгеріде іргетасын ғұндар қалап, тұңғыш атауын «Тәңірғұт» деп атаған алаштың алтын бесігі, қазақтың қазыналы да құтты мекені, көргені мол, келешегі зор көне шаһарымыздың «Тараз» деп алты құрлыққа азан шақыра айтылған ежелгі есімінің қайта жаңғырып тұрғанына биыл бақандай жиырма жыл толып отыр.

Екі мың жылдан астам тарихы бар шежірелі шаһарымызға осыдан жиырма жыл бұрын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы іссапармен келіп, орта ғасырларда әлемге әйгілі болған тарихи атауын қалаға қайтарып берген болатын. Тарихта таңбаланған бұл атау — Тараз еді. Кешегі мен келешекті, аманат пен арманды, тарих пен тәуелсіздікті, ата-баба мен ұрпақтың тағдырын таразылап тұрған бұл атау, расында да, шаһарымыздың кейінгі өміріне, бүгінгі жетістіктеріне, бағындырған белестері мен алар асуларына, толағай табыстары мен қазандай қайнаған барлық тіршілігіне тұздық, болашағына бойтұмардай болып, едәуір әсер еткендей. Оған шаһардың өзі дәлел. Осынау тарихи сәттен бері Тараз қаласында салмағы жер қайыстырар өзгерістер орын алып, жиырма жылда қаншама ұрпақ дүниеге келді. Қаншама жанұя шаңырақ көтерді. Зәулім ғимараттар мен еңселі ескерткіштер бой көтерді. Түркі халықтарының текті мұрағатында алтыннан қымбат саналатын Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» жазылып, бес жарым ғасыр бұрын Қазақ хандығының туы тігілген Тараз топырағы қашанда киелі. Елбасы жиырма жыл бұрынғы Әулиеатаға келген сапарында Жамбыл қаласын ежелгі аты Тараз қаласы деп атау туралы 1997 жылғы 8 қаңтардағы №3315а Жарлығына ашық аспан астында, қасиетті Қарахан кесенесінің қасында тұрып қол қояды. Ежелде Талас, орта ғасырларда Тараз, XVIII ғасырда Әулиеата, 1936-1937 жылдары Мирзоян, 1937-1997 жылдары Жамбыл аталған даласы дархан, тарихы тархан қалаға 1997 жылы ата-бабалар қойған Тараз атауы қайтарылды.

— Жаңа жылдың басында бірінші рет ел аралап шығып отырып, осындай үлкен бір қасиетті шаруаны бастап отырмын. Сол арқылы Қарахан бабаны жұртқа паш етеміз. Тәуелсіздігімізді осы бабаларымыздың әруағы жебеп жүрсін. Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының өтінішін және жұртшылығының тілегін ескере келіп, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде қаулы етемін: Жамбыл облысының орталығы — Жамбыл қаласының аты Тараз қаласы болып өзгертілсін. Жамбыл бабамыздың әруағы да риза болсын. Облыстың аты Жамбыл облысы болып қала береді. Қаланың аты — байырғы Тараз. Қазақстан жерінде баяғы Жібек жолынан бері қарай барлық карталарда белгіленген екі-ақ қала бар. Біреуі — Тараз, екіншісі — Жаркент. Сондықтан біздің көне тарихымыз бар екенін дүние жүзіне таныту үшін осы шешім дұрыс болар деп санаймын, — депті Нұрсұлтан Әбішұлы Тараздың топырағын басып тұрып, тарихи сәтте. Дәл сол күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тараз қаласының тұңғыш Құрметті азаматы атаныпты.

Рас, жиырма жыл бұрынғы Таразды бүгінгі Таразбен салыстырсақ, айырмашылығы жер мен көктей. Әлеумет, экономика, мәдениет салалары жан-жақты дамыды. Өндірістердің өрісі кеңейіп, қазына қалыңдады. Табиғи шикізат көздері игеріліп, ел игілігіне Тарихи сәт. жұмсалды. Спортта, білімде, өнерде тараздық таланттар шаһардың есімін әлемге шарықтатса, жергілікті ақын- жазушыларымыз әдебиетке енгізді. Бүгінде төрт жүз мыңға тарта тұрғын өздерін тараздықпыз деп парасатты мақтанышпен айта алатын кезеңге көш түзеді. Алдағы мақсаттарымыз да ауқымды.

— 1997 жылы 8 қаңтарда Елбасының Жарлығына сәйкес Жамбыл қаласына Тараз деген тарихи атауы берілген болатын. Содан бері табаны күректей жиырма жыл өтті. Осы уақыт аралығында облыс орталығы Тараз қаласы тарихтағы беделі биік, сәулеті сұлу кейпінен бір сәтке ажыраған емес. Ата- бабалардың аманатындай, ұрпақтың парызындай, халқымыздың көзінің қарашығындай сақталып келеді. Ірі химиялық өндіріс орталығы ретінде еңсе көтеріп, қалыптасып келеді. Бүгінгі күнде ел өміріне қатысты бірталай ауқымды бастамалар, жүйелі жобалар, нақты нәтижелер мен табысты жұмыстар атқарылуда. Ірі кәсіпорындарымыз үздіксіз жұмыс жасауда. Оның ішінде химия саласының алыбы «Қазфосфат» ЖШС, «Тараз металлургиялық зауыты», «Жамбылгипс» зауыты алдарына жан салмай қуатты қадаммен жұмыс атқаруда. Өткен жылы барлық көрсеткіштерді жүз пайыздан жоғары орындап шықтық. Оның ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 100,1 пайыз деп бағалап отырмыз. 195 млрд. теңгеден астам өнім көлемін өндірдік. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өзінің қарқынды қадамымен, табысты нәтижелерімен қуантуда. Өткен жылы бес ірі инвестициялық жобаны іске қоссақ, биылғы жылы 9 млрд. теңгеге жуық қаржыға үш ірі инвестициялық жоба Тараз қаласында іске асады деп күтілуде. Оның ішінде «Тараз арматура зауыты» ЖШС, құрғақ құрылыс материалдары мен гипс қоспаларын өндіретін «Alina holding» зауыты, «Кист» ЖШС металл құю өндірісі бар. Бұл үш кәсіпорында 700-ге тарта жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Және шаһарымыздың көркін арттыру, абаттандыру мақсатында атқарылатын жұмыстар да аз емес. Барлық құрылыстарды бір қалыпқа келтіру үшін егжей-тегжейлі қаламыздың жобасын жасауға және Бас жоспарға өзгерістер енгізуге облыстық бюджеттен 350 млн. теңге қаржы бөлінді. Осы жұмыстарды биылғы жылы абыроймен атқарып, ежелгі тарихи орталық «Көне Тараз» ашық аспан астындағы музейі және соның аумағын абаттандырып, туристік кластерге айналдыруға ауқымды жұмыстар жүргізетін боламыз. Оған қоса мектеп, тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың жұмыстары да жоспар бойынша іске асырылатын болады. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай біз қазіргі таңда туристік маршруттарды және қаладағы мәдени ескерткіштерді дайындау үстіндеміз. Қазақ хандығының 550 жылдығында бірталай тарихи ескерткіштеріміз қайта қалыпқа келтірілді. Биыл да сол жұмыстар жалғасын табатын болады. Қаланы абаттандыру бойынша тиісті жоспарларымыз дайын. Елбасының айтуынша, 5-6 миллион халық халықаралық көрмеге сырттан Астана қаласына келетін болса, туристердің бір бөлігі Тараз шаһарына да ат басын бұрып, табан тірейді. Жеке кәсіпкерлер жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамтамасыз етеді деген ниеттеміз, — дейді қала әкімі Нұржан Календеров.

Қаламыздың ежелгі есімі қайта жаңғырған тарихи сәт қала тұрғындарының да есінде. Бұл оқиға екі мың жыл алаулап тұрған шаһардың шамшырағына қайтадан жалын сыйлағандай еді.

— Елбасы келіп, қазіргі қалалық жаңа мешіт орналасқан Қарахан кесенесі маңында Тараз атауын беру туралы Жарлығын оқығаны әлі есімде. Сол жиынға мен де қатыстым. Күн қақаған аяз еді. Мемлекет басшысының игі шешімін естігенде, төбеміз көкке бір елі ғана жетпей, ел қуанышы еселенгендей болды. Жиырма жылда қала түбегейлі өзгерді. Аумағы отыз пайызға өсті. Жаңадан «Астана» және «Бәйтерек» мөлтек аудандары бой көтерді. Орталыққа «Достық» атауы беріліп, Бәйдібек бабамыздың және ел өміріне маңызы бар еңселі ескерткіштер орнатылды. Орталықтан «Һибатулла Тарази» мешіті халықтың игілігіне берілді. Менің өзімнің студентім болған Бақтияр Артаев Олимпиада чемпионы атанды. Кейінгі жылдары да тараздық спортшыларымыз алтыннан алқа тағып, ел абыройын асқақтатты. «Тараз-Арена» спорт кешені мен құм астындағы құндылықтарды насихаттап, тарихпен тілдестіретін «Көне Тараз» музейі ашылды. Бұл игі істің барлығы осы Тараз топырағында өніп-өсіп келе жатқан ұрпақ үшін жасалды. Әлі де атқарылатын шаруалар аз емес. Бүгінде қалада орта техникалық білім беру ісі қарқынды дамыған. Өндіріске, медицинаға, темір жол саласына арнайы мамандарды даярлайтын орта оқу орындары мен гуманитарлық-техникалық колледждер заманауи технологиямен жұмыс жасауда. 20 жылда шаһарда 11-12 орта мектеп ашылды. Яғни қаламыз күннен-күнге, жылдан-жылға кемелдену үстінде, — деді қаланың Құрметті азаматы, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Технологиялық» факультетінің деканы Әнуарбек Әймен. Ал талай жыл шаһарда қарапайым көлік жүргізушісі болып келе жатқан Данияр Аманбек Тараздың көшелеріне дән риза. «20 жыл бұрын қалаға Тараз атауы берілді. Ал мен шаһарда көлік тізгіндеп жүргеніме жиырма жылдан асты. Ол кезде қаланың көшелері тар, ескі, жолдардың көбінде асфальт төселмеген, қыста батпақ, жазда шаңы шығып жататын еді. Қазір қалада көлік көп. Соған орай көшелеріміз де кеңейтілді, қосымша жолдар мен бұрылыстар жасалды. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойында екі басты көпір жөндеуден өтті. Мұндай игі істердің барлығына көзіміз куә, көңіліміз қуанышты» — дейді ол.

20 жыл бұрынғы тарихи сәттен бастап белгілі әулиеаталық қайраткерлердің дені өз есімдеріне «Әл-Тарази» атауын қоса айтуды игі ұстанымға айналдырды. Тіпті сол күні дүниеге келген, бүгінде жиырмадағы қыз-жігіттердің есімдері Тараз шаһарының атауымен байланысты болды. Қалай десек те, атына заты сай қаламыздың бүгінгі өмірі, кемеңгер келбеті уақытты бағындырып, аты аңыз, тіршілігі тарих болып қала беретіндігі ақиқат. XXI ғасырмен құрдас шаһарымыздың ежелгі есімі қайта жаңғырған күн құтты болсын, құрметті тараздықтар!

Нұржан Серікханұлы

Жамбыл -Тараз. — 2017. — 11 қаңтар



Жәдігер

Жәдігер

Өткен күндерден сыр шертетін жазбаxadларға қараxadғанда, Әулие ата жерінде алxadғаш рет музей 1931 жылы Қарахан кесеxadнеxadсінің қасынxadдағы молаға тиіп тұрған шаxadғын үйден ашылған екен. Талай көне жәдіxadгерxadлерді төріне жинаған бұл ескі үй талай тарихxadты бастан өткеріп, соғыс жылдары есігіxadнің алдында бір күзетшіден басқа қызметxadкері де болмапты. Бүгінде Жамбыл облысxadтық тарихи-өлкетану музейінің өз алдына зәулім ғимараты бар. Және әр бөлxadмесі, әр бұрышы, әр сөресі көне жәдіxadгерлерxadге тола бұл ғимаxadратқа келушілер қатары көп.

««Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана таxadбасың!» деп орта ғасыр ақыны Фирдоуси жырлағандай шынында көне қаланың бойжеткендері шетінен сұлу болғанына күмәніміз жоқ. Мына бір биші қыздың мүсіні Х-ХІІ ғасырларда қоладан құйылыпты. Бұл жәдігер 1964 жылдың 13 тамызында орталық стадионxadның маңынан 1,5 метр тереңдіктен табылған.

Ал киіз үй пішіндес шырақ пен тізерлеп отырған кісінің (Х-ХІІІ ғасыр) мүсіні, үш аяқты шам мен бүйіріне Құран аяттары жазылған жазуы бар құмыра да сол жылдары орталық базардың орнынан қазып алыныпты.

Бүгінде көне қала орнында қазба жұмыстары қолға алынған. Археологтар Тараз қаласының әр кезеңіне жататын жәдігерлер, оның ішінде алтын, күміс, мыстан жасалған әшекей бұйымдар сияқты құнды жәдігерлерді топырақ астынан аршып алды. Тіпті біршама жақсы сақталған ортағасырлық ыдыс қоймасы да табылды. Бұл табылған жәдігерлерден көшпенділердің қолтаңxadбасын тайға таңба басқандай анықтауға болады. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын тауып, көне шаһардың тіршілігінен сыр шертетін дүниелер көптеп табылатынына сенім мол.

Оралхан ДӘУІТ

Егемен Қазақстан. – 2017. – 23 қантар



Тараздың шығысынан жаңа қалашық бой көтереді

Тараздың шығысынан жаңа қалашық бой көтереді

Тараз қаласындағы Достық үйінде Ұлттық құрылыс саласы ассоциациясының төрағасы Мұхит Әзербаев облыс əкімі Кəрім Көкірекбаевты автобекет аумағындағы 14- шағын ауданның құрылыс жобасымен таныстырды. Жалпы аумағы 100 гектар болатын шағын аудан 16 мың тұрғынға есептелген. Онда 250 орындық 3 балабақша мен 1200 оқушыға арналған 2 орта мектеп, спорттық, медициналық, балаларды сауықтыру кешендері мен заманауи сауда нысандары бой көтермек. Мұхит Бақытұлы аталған шағын ауданға Абай көшесі арқылы баруға да болатынын айтады. Оның сөзіне сүйенсек, Сыпатай батыр көшесімен шектесіп жатқан Абай көшесінің құрылысы жалғастырылып, көлденең жатқан темір жолды қиып өту арқылы шағын ауданның арасымен «Алматы – Ташкент» бағытындағы үлкен жолға қосылады екен. Аталған көшенің бойында да тұрғын үйлер қатар түземек.

– Таныстырылып отырған жоба алғаш 2013 жылы ұсынылған еді. Осыған дейін жоба бірнеше рет егжей-тегжейлі нақтыланып, көптеген өзгерістер енгізілді. Шағын аудан «Алматы-Ташкент» бағытындағы Тараз қаласына кіреберіс жолдың тұсынан салынады. Осыған орай, қаланың кіреберісі болғандықтан, жобада көп ерекшеліктерге мән берілді. Айта кетер бір жайт, тұрғын үйлер, кинотеатрлар, мейрамханалар мен қонақ үйлер, сауда, спорттық-медициналық, сауықтыру кешендері секілді кез келген әлеуметтік нысан заманауи сәулеттік үлгіде салынатын болады. Аталған аумақта, сондай-ақ мұз алаңы, саябақтар да орналастырылады. Шағын аудан арқылы өтетін Абай көшесі мен Жамбыл даңғылының қиылысынан көрікті алаң ашылады. Жалпы, мұнда барлығы 49 көп пәтерлі тұрғын үй салынады. Оның ішінде 27-сі – 5, 16-сы – 9, алтауы – 12 қабатты тұрғын үй, – деді ол.

Кәрім Нәсбекұлы аталған шағын ауданның құрылыс жобасымен танысқаннан кейін, онда негізінен жастар тұратынын тілге тиек етіп, «Жастар қалашығы» деп атап өтті. Сонымен қатар, қалашыққа көрік қосу үшін саябақтардан бөлек өзге де жерлерге субұрқақтар орнату, сауда үйлерін үлкен көшенің бойына емес, мейлінше тұрғын үйлерге жақын орналастыру керектігін еске салып, жобаға осы тектес мәселелерге қатысты бірқатар түзетулер енгізуді тапсырды.

Облыс әкімі өзінің халық алдында берген есебінде жаңа шағын аудандар салынатынын айтқан болатын. Бұл сол есепте айтылған жұмыстардың жүзеге асырылып жатқанының көрінісі. Шағын ауданның құрылысы келер жылы басталады.

Нұрым Сырғабаев,

Ақ жол. 2017. 15 сәуір

Айша бибі жайлы ақиқаттар

Айша бибі жайлы ақиқаттар

Тараз қаласының оңтүстік жағында — 20 шақты шақырым жерде Аса өзенінің жағасындағы Айша бибі ауылында өткен-кеткен талай жолаушы, әсіресе, зерттеушілер, жаңа үйленген жастар ат бастарын арнайы бұратын екі ғимараттұр. Олардың бірі — Айша бибіге, екіншісі — Бабаәжі қатынға орнатылған ескерткіштер. Үлкен археолог А.Н.Бернштамның өткен жүзжылдықтың 30-40 жылдарындағы зерттеулері негізінде бұл көне ғимараттар ХІ-ХІІ ғасырларда салынған деп жазылған. Археологтар мұнда ескерткіштердің салынған жылын дәл атап көрсетпесе де, құрылыс ерекшеліктеріне байланысты жалпы мерзімін негізінен дұрыс топшылайды. Әйтсе де, ежелгі тарихымызды зерделегісі келген әрбір адам бұл ғимараттар кімдерге, қашан салынғанын, оларды кімдер салғанын білгісі келетіндігі табиғи нәрсе. Біз де журналист, яғни, әрбір жазатын тақырыбын зерттейтін қаламгер ретінде ұзақ жылдардан бері түрлі тарихи әдебиеттерді, Ташкент, Алматы қалаларындағы мұрағат деректерін іздестіріп, біраз белгісіз жайлардың бетін ашқандай болдық.

1964 жылғы желтоқсанның 6-14 күндері сол кездегі облыс басшыларының жұмсауымен Ташкенттегі Өзбекстан республикалық орталық архивінен «Туркестанские ведомости» газетінен Айша бибі туралы алғашқы мәліметтерді кездестіргенбіз. Рас, Айша бибі туралы алғашқы аңызды ақкөлдік Жұмабек қожа Сейдалыұлынан естіген болатынбыз. Арабша, парсыша, көне түркіше үлкен сауаты бар бұл кісі Айша бибінің әкесі Зеңгі баба деген шейх екендігін айтқан еді. Ал, қалың жұртшылық білетін аңыз бойынша, Айша сол әкесініңтілін алмай, Таразға — ғашығы Қараханға аттанғаны үшін Зеңгі баба теріс батасын беріпті-міс. Содан су жағасында қызды жылан шағып өлтіріпті-міс. Бұл — аңыз. Ал, ақиқаты қандай?

Ташкент архивінде бір кездегі Әулиеата қаласын билеген қалабасы (городской и уездной начальник) Василий Андреевич Калаур Түркістан өлкесінің әуесқой археологтары үйірмесінде жасаған баяндамасында Айша бибі ескерткіші туралы біраз деректер келтірілген екен. Тіпті, мазардың маңдайшасына арабша жазылған бірқатар жазулардың көшірмелері де Ташкент архивінде әлі күнге дейін тұр. Сол қалабасы Калаурдың Шымкент және Әулиеата ояздарының Әулиеата Қарахан туралы жазылған арабша, парсыша, шағатай түркіше кітаптарды оқыған молдаларынан жинастырған деректері де сақтаулы. Қарахандар шежіресі туралы араб әрпімен жазылған деректердің әуелі фотокөшірмесін, кейін ксерокспен түсірілген көшірмесін алған едік. Олар қолымызда бар.

Ең бастысы — Ташкент мұрағатындағы «Туркестанские ведомости» газетінің 1900 жылғы №97 және 1904 жылғы №37 сандарында Әбубәкір Диваев Айша бибінің әкесі Сүлеймен Бақырғани, яғни, Хаким ата және асырап алған әкесі Зеңгі бабаның тегі туралы деректер жариялапты. Сондай-ақ, Ташкент түбінде Зеңгі бабаның мазары, Айша бибінің анасы Әнбар бибінің және әжесі Ұлықпатшаның басына тұрғызылған қабырлар жақсы сақталған. «Зеңгі» — арабшадан аударғанда қара түсті деген мағынаны білдіреді. Оның өзінің азан шақырып қойған аты — Айқожа. Әкесінің аты -Тәжіқожа. Зеңгі бабаның алтыншы атасы атақты Қожа Ахмет Йассауи сопының ұстазы Арыстан баб екен. Өзбекстандық зерттеушілер бұл шежірені Пәкістандағы Лахор қаласынан алыпты. Өзбекстанның көп томдық экциклопедиясының 4-томында Зеңгі атаның өлген жылы 1258 жыл екендігі анық жазылған. Бірақ туған жылы белгісіз.

Зеңгі бабаның зәулім биік мазарда Ташкент қаласынан 25-30 шақырымдай жерде — оңтүстікке, Самарқанға қарай апаратын жол бойында. Бұл атырап қазір Зеңгі ата ауданы деп аталады. Байқайсыздар ма, қазақтар сиыршылардың пірін Зеңгіні «баба» десе, өзбек ағайындар «ата» дейді, мұның өзі оның жас шамасы кемінде сексеннен асқан-ау деп болжалдауға мүмкіндік береді. Өзбекстан энциклопедиясында сол сияқты Зеңгі атаның басына көтерілген күмбездің әр қырынан түсірілген суреттері, оюлы кірпіштерінің кескіндері берілген. Зеңгі ата мазарының ішіне еніп, бір кезде оның қолына ұстаған аса таяғын көрдік. Сол сияқты Самарқанның көктасымен көмкерілгенӘнбар бибінің — яғни Айша бибі анасының қабіріне де зиярат еттік, әжесі Ұлықпатшаның (өзбекше — Улугподшо) қабірі де Әнбар бибінің зиратына ұқсайды екен. Амал не, Қазақ Совет Энциклопедиясында Зеңгі баба туралы дәл деректер жоқ. Есесіне, Шоқан Уәлиханов 1858 жылы қазанның 25-күні «Қашқар күнделігінде»: «В Ташкенте — могила Зенги ата… Анбар-ана — жена Зенги, вдова учителя Хенги Хаким-ата, Эрхуббу, сын ее от первого брака. Али-Аскар — от второго. Анбар-ана носила обед, когда муж пас коров…», — деп жазыпты (Собрание сочинений, 3-т., 50-51 б., 1985).

Қазақтардың да, өзбектердің де арасында Әнбар бибінің алғашқы жұбайы Сүлеймен Бақырғани сопы өлген соң оның шәкірті әрі жақын туысы да болуы керек Айқожа шейхқа Әнбар бибінің қалай ерге шыққаны туралы да аңыз бар…….

***

Айша бибі — шамамен ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген ару қыз. Әкесінің есімі — Айғожа. Айша бибі еліне сапар лап келген Қараханмен жүздесіп, бір-бірін ұнатады. Алайда тұтқиылдан еліне жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Уәделі кезде хабар болмаған соң алаңдаған Айша бибі күйеу жігіт еліне барып, бір хабарын білейін, аман болса алдыңызға келіп, ақ батаңызды алып қосылармыз деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Бірақ қыз әкесі келісімін бермейді. Үш рет өтініп, меселі қайтқан Айша бибі 40 қыз жолдас ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Ел шетіне таяғанда демалмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде сәукелен ішінде жасырынып қалған улы жылан Айшаның басынан шағып өлтіреді. Қыздардың хабарын естіп Қарахан да жетеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Ең болмаса о дүниеде қосылайық деп Қарахан осы жерде Айшамен некесін-қидырады. Келін болып босаға аттамаса да, уәдеге берік Айшаның соңғы демі өз қолында шыққанына әрі риза. әрі құса болған Қарахан сол Айша бибі қабірінің үстіне күмбез тұрғыздырады. Халық Айша бибіні.әулие санатына қосып, табынады.

«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы, 1-том

***

Бабажы қатын кесенесі — Х-ХІ ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Тараз қаласынан 18 шақырым қашықтықтағы Айша бибі кесенесінің маңында орналасқан. 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 жылы А.Н. Бернштам, 1953 жылы Т.Қ. Бәсенов зерттеген. Текше тәрізді тік бұрышты, қызыл кірпіштен тұрғызылған ескерткіштің ауданы 6,8×6,8 метр, биіктігі 5 метрден астам; қабырғаларына қаланған кірпіштерінің көлемі 24x24x5 см. Қасбеті мен екі қапталы бір-біріне ұқсас, мәнерлеп қаланған кірпіштен күн тәрізді өрнектер жасалған. Жоғары жағы аркалы, ішке кірер есік шығыс жақ қабырғасында. Қабырғалардан сегіз қырлы барабанға ауысатын тромпбелдеу жасалған. Оның үстінен ішкі еңсенің 16 қырлы күмбезі басталады. Ал, сыртқы күмбезінің биіктігі 86 см қырлы призманың үстіне орнатылған. Мұндай қобылы күмбездер Қазақстандағы Көккесене, Жұбанана сияқты көне ескерткіштерде кездеседі. Бір-біріне қаптағай салған қос күмбез ескерткіштің ұзақ сақталуына себепші болған. Күмбез тұғыры аршамен құрсауланып, тақталардан суағарлар жасалуы сол кездегі құрылыс өнерінің өте жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді. Ғимаратта шағын көлемдегі архитектуралық детальдар ұтымды әрі үйлесімді пайдаланылған. Бабажы қатын кесенесі сыртқы пішімінің жинақылығымен, құрылысының беріктігімен ерекшеленеді.

«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы, 2-том

Сонымен, Айша бибі — қазақ халқының, әлбетте, түркі халқының екі жарым мың жылдан да ары тарихына терең бойлататын Қарахан әулетінің бір ұрпағына ерге шыққан қасиетті анамыз. Өзінің асырап алған әкесі Зеңгі бабаның сиыршы — падашылар пірі болғаны, Айшаның махаббат пірі ғашықтардың пірі саналатындығы тегін емес. Айтпақшы,«Айша қатын»деген атау ұлы тарихшымыз Дулат Мұхаммед Хайдар мырзаның «Тарих-и Рашиди» кітабында да кездеседі. Қазіргі Аса өзені бұдан бес ғасыр бұрын Айша қатын аталса керек. «Қатын» демекші, бұл сөз, кейбіреулер жазып жүргеніндей, ешқандай парсы сөзі емес, көне түркі атауы. XI ғасырда өмір сүрген қашқарлық ғұлама Махмуд бабамыз өзінің түрік сөздігінде «қатын» деген атау Алып Ер Тоңаның қыздарына байланысты айтылғандығын жазады. Айша бибі ескерткіші қасындағы Бабәжі қатын күмбезі де Қарахан әулетінен шыққан ақсүйек әйелге тұрғызылғандығын осыдан да білуге болады. Ал Бабәжі атауына келсек, «бажы» деген сөзтіпті қазіргі түрік тілінде де тұңғыш қызға байланысты айтылады. «Ажа» — көне түркіше билеуші деген сөз. Мәселен, «Қой!» дейтін қожа жоқ, «Әй!» дейтін ажа жоқ» деген қазақ мәтеліндегі «ажа» осы билеуші мағынасында. Айтпақшы, қазіргі қырғыздар өз президентін «ажа» да деседі.

Қарахан әулеті қожалар арасында да бар. Олар Қожа Ахмет Йассауи сияқты өздерін Мұхаммед пайғамбардың немере інісі әрі күйеу баласы хазірет Әли халифаның Әнафия атты әйелінен туған ұлы Мұхаммед-Әнафиядан таратады. Сірә, бұл арабтардың Түркістан өлкесіне 714-75 жылдары келуінен кейін қойылған-ау.

Айша бибінің тегі, туған, өлген жылдары, заманы туралы осындай мәліметтерді ортаға сала отырып, оның мазары басындағы ХІ-ХІІ ғасыр деген болжам мезгілді XII ғасырдың соңы — XIII ғасырдың басы деп дәлірек жазсақ деген ұсыныс өзінен-өзі туындайды.

Бақытяр Әбілдаұлы

Аңыз адам. – 2017. — №5.


Тараз тарихы – табыс көзі

Тараз тарихы – табыс көзі

Тараз – 2000 жыл бойы жеті бас аждаһа жаудың жалынына, жеті жұттың кеселіне төтеп берген шаһар. Жеті рет жермен жексен болып, жеті мәрте қайта құлпырған мекен. Жетпіс елдің өкілін қабылдап, қырық рулы елге пана болған қасиетті орда. Қанша қиын-қыстау кезеңді көрсе де, Тараз – бар байлығымен, тарихи мұрасымен, аңыз-әфсанасымен бүгінгі күнге дейін жетіп, өзінің өміршеңдігін паш етіп келеді.

Екі жыл бұрын бұл шаһарда дүркіреп Қазақ хандығының 550 жылдығы, ал 2002 жылы Тараздың екі мың жылдық тарихы атап өтілген. Қаншама көне ескерткіштер қалпына келтірілді. Тараз табанындағы ежелгі шаһардың орны қазылып, топырақтан тазартылды. Туризмді дамытуға, қонақтарды қарсы алуға барлық жағдай жасалды. Қонақүйлер, түрлі деңгейдегі мейрамхана, мәдениет ошақтары өз қызметін ұсынуда. Ұлы Жібек жолы қайта жаңғырып, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізі пайдалануға берілді. Тіпті әуежайдың өзінде жаңа терминал іске қосылды. Жаңа ұшу алаңы төселіп, барлық типтегі ұшақтарды қабылдау мүмкіндігі туды.

Туризмнің кіндігіне айналуға әлі де көптеген жағдай жасалынып жатыр. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Тараз бен Түркістан қалаларын жылына 1,5 миллион турист тамашалайтын көрінеді. Бұл көрсеткіш қуантарлық жағдай. Алайда мұның басым бөлігі өз азаматтарымыз екенін мойындауымыз қажет. Туризм ошақтарына қаржы көптеп құйылу үшін шетелден қонақтардың көптеп келуі абзал. Бір турист кемі 300 доллармен қазақ шекарасын аттаса, оны бізде қалдырып кететініне күмәнданбаңыздар. Біздің міндет – иіліп жастық, жайылып көрпе болып қызмет ету. Келесі келгенде ол екі есе ақшасымен, екі досын қосақтап ертіп келетін болады.

Бұл тұрғыда ел үкіметі туризм бағытына қолдан келген көмегін көрсетуде. Сонымен қатар жеке компаниялар да, кәсіпкерлер де атсалысуда. Жақында Qazaq Air әуе компаниясы да киелі шаһарға Алматы – Тараз бағытындағы жаңа рейс ашты. Елдің ірі мегаполисі мен көне шаһардың арасында бұған дейін әуе жолымен ешқандай байланыс болмағанын ескерсек, бұл қадам үлкен өзгерістердің бастауы екені, әсіресе, ел аралаушылардың айы оңынан туатынын көруге болады. Алматы әуежайы Орталық Азиядағы ең ірі әуе қақпасы екені аян. Бұл қалаға батыс пен шығыстан қатынайтын әуе компаниялардың санында шек жоқ. Енді шетелдік тәкаппар туристі Алматыдан алты сағат уақытын жолға сарп еткізбей, небәрі 55 минутта Әулиеата әуежайына Bombardier Q400 ұшағымен жеткізуге болады.

Осы рейсті пайдаланып өткен аптада алматылық бір топ турист, журналист, блогері бар он шақты кісі жиналып, Таразға барып тамсанып қайттық. Жаңадан ашылған рейспен аптаның сенбі, жексенбі демалысында қандай қызыққа бөленуге, қанша тарихи орынды аралап көруге болатынын көзімізбен көрдік.

Көне Тараз» археологиялық паркі

Алматының мың жылдығын дәлелдеу, әлбетте қиынға соққаны белгілі. Таразға 2000 жыл толғанын – қаланың қақ ортасында табылған жеті қабат жерастында ғасырлар бойы сақталған ежелгі шаһардың орны айтпай-ақ көрсетіп тұр. Қалашықты қазу кезінде мәдени қабаттардың барлық қатпарларын ашу арқылы көне Тараздың ең төменгі қабаттары б.д.д. І ғасырдың соңында бұл аймақта тіршілік болғанын көрсетеді.

Жамбыл облысының басшылары екі жылдай уақыттың ішінде бұл аймақты «Көне Тараз» археологиялық паркі етіп ашты. Аспан астындағы музейде әлі күнге дейін құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жер қойнауында қалған ежелгі шаһар толық аршылып біткен жоқ. Дәл осы жерден табылған түрлі бұйымдар мен жәдігерлерді парк аумағындағы жабық музейде экспонат түрінде сақтаулы. Аршылған ежелгі қаланы жаңбыр суы шайып кетпес үшін оның аумағын үлкен шатырмен жауып қойғаны қуантты. Қонақтар әр тасты, әрбір аршылған дуалды түртпектеп шұқыламас үшін арнайы ағаштан жасалған жолдар салынғаны – мәдени мұрамыздың сақталуы жолындағы оңтайлы шаралар екеніне көзіміз жетті.

Бірақ біздің топ, Тараздың тарихын білмекке, көрмекке келген басқа да туристер бұл игіліктерге қолы жетпей, құйған қаржысының желге ұшқанын түсініп, Қарахан мен Айша бибі мазарына барудан басқа амалы жоқ екенін түйсінді. Ұзын лентамен жауып тастап, «бұл жерде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, басшылық кіргізбесін деген талап қойды» деп қарауыл көне шаһардың маңайына бармауымызды өтінді. Дегенмен «біз журналист едік, анау едік, мынау едік» деп маңайлап барып көруге рұқсат сұрап, суретке түсіріп алдық. Көктем мен жаз айларында туристердің қаптап жүретінін ескерсек, Тараз қаласы басшыларының мұндай қадамға барғаны қызық-ақ. Не болмаса ескертпе жазылған қағазды да ілмеген. Көзі ашық, көкірегі ояу шетелдік турист, өз еліне барған соң Таразда дым көре алмағанын отандастарына айтады, жеткізе алмағанын әлеуметтік желідегі парақшасына жазады. Қанша бюджетке түсетін қаржыдан қағылатынымыз хақ. Осыдан кейін «елімізге турист неге аз келеді» деп бас қатырып, түрлі конференциялар ұйымдастырып тағы ақшамызды шашамыз.

«Сын болмай, мін болмайды» дейді атам қазақ. Барымызды насихаттасақ, бай мұрамызды көрсетуге қолжетімді етсек, төл тарихымызды танытсақ – Ұлы дала елін көргісі келетіндердің қатары көбейіп, елдегі туризм саласы аяғынан нық тұрып, бюджет түсімдерінің негізгі тетіктеріне айналар еді.

Бір өкінішті бір қуаныштың басатыны рас екен. Археологиялық парк аумағында шығыс стилінде өрілген мұнара бар. Осы күні есігі айқара ашық екен, бізді мұнараның жоғарғы қабатына көтерілуге тегін кіргізді. Жалпы, төлеп кіретіндерге бағасы қолайлы – 200 теңге. Әлгі биіктен Тараздың бүгінгі келбетін айқын көруге болады.

 

Жұмбақ шаһар Ақыртас

Өңірдің сан қатпарлы тарихын баяндайтын тағы бір мұралардың бірі – Ақыртас қалашығы. Тараздан 45 шақырым қашықтықта, тау баурайында тұрғызылған тас қамал іспеттес шаһардың тылсымы көп. Тарихшылар әлі күнге дейін нақты деректер келтіре алмай, түрлі болжамдар айтуда. Бір дерек көздері араб шапқыншылығы кезінде тұрғызылған қамал десе, енді бір тарихшылар буддизм шіркеуі болуы ықтималдығын айтады. Одан бөлек те түрлі әфсана ел аузында айтылып жүр. Бұл қалашық жайында алдағы нөмірлерде жеке мақала жазуды топшыладық.

Сапарды қолдап, жай-күйімізге алаңдаған «Алтын керуен» туристік мекемесі, оның басшысы Альбина Веймер, «Айша делюкс» қонақүйі, «Әулиеата» халықаралық әуежайы Тараз туризмінің дамуы жолында қыруар жұмыс атқарып жатқанын айта кетуіміз керек.

Асқар Бек

Айқын апта. – 2017. – 27 мамыр



Тарихтан тартқан тамырын (Облыстық тарихи-өлкетану музейі)

Тарихтан тартқан тамырын (Облыстық тарихи-өлкетану музейі)

Музей қоры жаңа жәдігерлермен толығып келеді.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі 1931 жылы ашылған. Сол жылы 23 тамызда Әулиеата кеңесі отырысының қабылданған шешімінде былай делінген: «Музей 25 тамызда ашылсын, ол туралы Әулиеата қалалық кеңесінің радио желісі арқылы хабарлансын. Келушілерге күн сайын сағат 5 пен 8-ге дейін есік ашық. Экскурсия ерекше келісіммен. Кіру тегін»

1940 жылдардың соңында музей жаңа мәртебеге ие болды. Жамбыл облысының құрылуына байланысты музей енді бүкіл облыс тарихы мен мәдениетін қамтыды. 1970 жылдардың ортасында облыстық музей бүкілодақтық туристік жол желісіне енгізілді, ал 1977 жылдан шетел туристері келе бастады. Археологиялық және ғылыми жинақтау экспедицияларының нәтижесінде музей қоры толықтырылды, қазіргі таңда облыстық музейдің мемлекеттік тіркеуінде 65 мыңға жуық жәдігерлер сақталған.

2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойы қарсаңында музейде 3 жаңа павильон ашылған: «Көне түркі тас мүсіндері және көне түркі жазулары», «Л.В.Брюммердің көркемсурет музейі» және ежелгі Тараз қаласының тарихынан сыр шертетін «Тараз 2000 залы». Бүгінде музейдің жалпы экспозициялық алаңы 2010 шаршы метрді құрайды.

Біз басқа өңірлерде кездеспейтін бірегей құнды жәдігерлермен мақтана аламыз. Қазіргі таңда облыстық музей тараздықтардың көп келетін сүйікті мәдени демалыс орындарының біріне айналып үлгерді.

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдаулары мен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері облыстағы тарихи-мәдени мұраларды зерттеуде және насихаттауда талмай еңбек етуде. Музейлік маңызы бар заттар жинастырылып, сараптамадан өткізіліп, құжаттар толтырылады. Музей залдары бойынша тақырыптық және бөлімдерге шолу экскурсиялары өткізіліп отырады. Мектептерде, кітапханаларда, жоғары оқу орындарында, облыс пен қала кәсіпорындарында музей қызметкерлері жылжымалы көрмелер ұйымдастырып, баяндамалар өткізеді. Музейдің «Жұртшылықпен кездесу» және кинодәріс залдарында білімгерлер мен оқушылар үшін облысқа танымал азаматтармен, тарихшы ғалымдармен кездесулер, мәнді атаулы күндерге орай «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылады. Облыстық музей қоры құнды жәдігерлермен толықтырылуда.

Қаланың барлық мәдени іс-шараларына музей қызметкерлері атсалысып келеді. «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі» – өткен тарих пен қазақ мәдениетін түгелдей көрсететін бірден-бір мәдени ошақ. Музей қорында жиынтық заттар едәуір көбейіп, сирек кездесетін жәдігерлер саны соңғы кезде арта бастады. Сондықтан музейге келушілер саны да жылдан-жылға артып келеді.

Облыстық музей қаланың және аудандардың жас мамандарына әдістемелік көмек көрсетіп, қолдау жасайды. Музей қызметкерлері өзекті тақырыптарға құрылған республикалық конференцияларға, семинарларға белсене қатысып жүр.
Еліміздің басқа облыстарында, қалаларында, мәдени ошақтарында, музейлерінде «Мәдени күндерге» орай ауқымды жылжымалы көрмелер ұйымдастыруды да қолға алғанбыз. Көп жылдар бойы дәстүрлі түрде 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Ашық есік» күні акциясы үзбей өткізілуде. Музей күні 1977 жылдан бастап әлемнің 150 елінде аталып келеді. Әдеттегідей, бұл күні музейге келушілерге ерекше қызықты, танымдық экскурсиялар, ойындар, викториналар ұсынылады.

Жанна Қосалиева,

облыстық тарихи-өлкетану музейінің археология

және этнография бөлімінің меңгерушісі.

Ақ жол. – 2017. – 18 мамыр (№54)



Хан Жамбыл жайлы не білеміз?

Хан Жамбыл жайлы не білеміз?

Ол бостандық үшін күрескен батыр бабалардың бірі болатын

Ат тұяғының сынығы, шашақты найзаның ұшы қалған Қаратаудың қойнауы – кәрі тарихтың сабағы. Тау баурайындағы, дала төсіндегі белгісіз сағана там, сартас молалар, қасқайған құлпытастар, беймәлім үйінділер – барлығы да кешегі жаугершілік заманның айшықты көрінісі. Ары алдындағы аманатына адал бабаларымыз өзгеге сүйегін қорлатпай, басын басындырмай күн кешті. Шындық үшін шыбын жанын да қиып жіберуге әзір, керек кезінде қиып та жіберген ерліктің үлгісі қазақ даласында тұнып тұр.

Әулиеата өңірінде Хан және Жамбыл таулары бар. Тасын түртсең тарих жайлы төгіліп қоя беретін таулардың бойындағы бұла күш, тағылымды сыр талайды таңырқатқандай. Бүгінде жыр алыбы Жамбыл бабамыздың атымен аталатын облысымызда тарихи мекендер мен шежірелі өлxadкелер көп. Өз өмірбаяны тураxadлы жыр алыбы: «Шу өзенінің бойыxadмен жүре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қоxadнып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жыxadлы ақпан айы екен. Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей адам болған», деген ұлы жырау өз өмірбаянын «Байғара, Жамxadбыл, Ханда мен туыппын» деп те жырға қосқан.

Жамбыл тауының түпкі жыxadнысxadтары ашық, беткейлері тік, құлама. Топырағы сұрғылт қоңыр, қиыршықты болып келеді. Боз жусан, бұйырғын, баялыш, күйxadxadxadреуік көбірек өседі. Талай сәтxadтерге куә болған, ішіне сыр бүкxadкен Жамбыл тауының тарихы тереңде жатыр. Жамбыл ақын «Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім, қамыққан, қанды жасты жанды көрдім. Ел көрдім – еңіреп босқан аңды көрдім, Қойнында Алатаудың зарды көрдім» немесе «Қақаған қар аралас соғып боран, Ел үрей, көк найзалы жау торыған. Байғара, Жамбыл, Ханxadда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым сонан» деп жырлайды. Бұл – тарихтың шынxadдығы. Басынан талай аласапыранды кешкен, талай азапты көрген қазақ халқының өлеңмен өрілген бір шежіресі.

Тарихтан белгілі, бұл уақытxadтарда Жетісу өңірі Қоқан ханxadдыxadғына қарады. Бұл кезеңде ел басқаруда жолсыздық белең алды. Бір жағынан ақ патшаның, екінші жағынан жергілікті биxadлеуxadшілердің шектен тыс алxadым-салығы да халықтың шамына тиіп, ыза-кек өрттей қаулап тұрған шақ еді. Қоқан хандығы бұл өңірді 1864 жылға дейін биxadледі. Жалпы, Хан, Жамбыл тауxadлары жайлы аңыздардың сыр шертері бар. Жаугершілік замандарда қалмақ ханының Хан тауы маңында үш түмен әскері тұрған екен. Бір күні хан Сырдария боxadйынxadдағы қалаларды шабу үшін түменбасыларын шақыртыпты. Әскерінің бір түмені Хан тауының етегіндегі Жыландысайда, біреуі Жамбыл тауының етегіндеxadгі Жыxadxadландыxadбұлақта, бір түмені Бас және Орта Ақтөбелердің маxadңxadайында болған. Алайда, Хан және Жамбыл тауларындағы түменбасылар барыпты да, Ақxadтөxadбедегі түменбасы келмей қаxadлыпты. Түннің бір уағында ханға жолыққан түменбасы ханның аяғына жығылып, Бас Ақтөбедегі қазақтар қалмақ ханының Сыр бойындағы қазақтарды шабатынын біліп, қорғанды бұзып қашып кеткенін айтады. Аңыздың өзі ақиқатқа жетелейді. Тарихтың теxadрең қатпарларына үңілдіреді. Толғандырады.

Дүниеде ештеңенің атауы сеxadбепxadсіз қойылмайды. «Құдайсыз қуxadрай да сынбайтынына» сенген қазақ әрбір атауға, әрбір есімге ерекше мән берген. Ұлы қазақ даxadласында бір ғана Хан тауы бар. Ғалым Сәйден Жолдасбаев өзінің «Жетісу тарихы» деген еңбегінде Хан тауын зерттейді. «Хан сатысы», «Хан қорасы», «Хан оры» деген тарихи орындарxadды ашып, ғылыми айналымға шығарады. Ғалым өз байламында бұл атаулардың барлығын да Керей және Жәнібек хандармен байланыстырады. Тіпті, Керей хан осы Хан тауында жерленген деген де аңыз бар. Тарихшылардың айтуынша, Хан тауындағы ежелгі құбылыстардың барлығы да әр замандарда жауды бақылап отыру үшін пайда болған делінеді. Қоxadқан хандығының қыспағына шыдамай, жауға қарсы шапқан батырлардың бірі – Ерназарұлы хан Жамбыл деп айтылады. Хан Жамбыл бабамыз Үйсіннің бір бұтағы Ыстыдан тарайды.

Дүниеде тарихтан көне ештеңе жоқ. Кәріқұлақ, көнекөз тарих ұрпағының алдына сонау замандардан бастап күні бүгінге дейінгі шежірені жайып салады. Ат ауыздығымен су ішіп, ер етіxadгіxadмен қан кешкен заманда, қазақ Ресей мен Қоқанның қыспағында қалғанда, елдің бас көтерер, рух оятар азаматтары ел тыныштығы, ұрпақ амандығы үшін атқа қонxadды. Сондай ерлердің қатарында Ерxadназарұлы хан Жамбылдай ерлердің болғандығы да күмән тудырмайды. Хан Жамxadбыл бабаxadмыздың өзі Қоқан қыспағына қарсы шығып, тарихта қалған тұлға. Кезінде көздегені қазақтың кең-байтақ жері болған Қоқан хандығы орыс отаршылдарымен бірігіп, тізесін батырады. Алайда, Хан Жамбыл артындағы қараорман халқына сеніп, Байғара екеуі Қоқан хандығына алым-салық төлеуден бас тартады. Қоқан хандығы бұған оңайлықпен көне ме? Содан Байғара мен Хан Жамбыл рулы қалың елді соңынан ертіп, ата қонысынан ауа көшіпті дейді. Керей мен Жәнібек хандар ту тіккен Шу өңірінің Қозыбасы тауына тұрақтайды. Бұл уақытта Қоқанның қолы бұл жерге жете қоймаған екен.

Арада уақыт өтіп, дәуір бір арнаға түсті. Кешегі кер заман, жауxadгершілік уақыт тарихқа жүк болып қалды. Енді сол тарихты ұрпаққа жеткізетін, кейінгі буынға шежірелейтін кез келді. Хан Жамбыл бабамыздың ұрпақxadтары да бүгінде бір қауым ел. Олар да баба атын қастерлеп, болашаққа қалдыруды өздеріне парыз санайды. Қашанда ел ерсіз болмаған. Ерлердің ерен аты ұрпаққа үлгі. Хан Жамбыл ұрxadпақxadтарының бірі, бүгінде ақxadсақалдық жасқа жетіп отырған Көшербек Жұманқұлов та бабасы жайлы көп жайды толғайды. Бұл кісі кейіннен тағдырдың жазуымен Хан Жамбылдың Шу бойынан өз еліне оралғанын айтады. Жаз мезгілінде баба салтымен тау жайлап, қыста Талас бойына көxadшіп, бейбіт ғұмыр кешкен екен. Талас бойындағы Жаңақорған қалашығын салдырғанын да ұрпақтың біле жүргені жөн.

Ал жазушы, драматург Боxadлат Бекжановтың да Хан Жамбыл жайxadлы өзінің айтары бар. Жазушы әңгімені тарихи баян арқылы өрбітті.

– Кезінде Қоқан хандығы бізxadден алым-салық алып тұрған. Қоxadқанның қазаққа көрсетпегені жоқ. Міне, осы жайларға Хан Жамбыл қарсы болған. Ақыры, Мойынқұм жеріне қарай көшкен. Бүгінде Мойынқұмдағы Жамбыл тауы сол кісінің атымен аталады. Сол тауда қазір тастан жаxadсалған тақ тұр. Сол жерде қазақтар Жамбыл Ерназарұлын хан қылып көтерген. Ол кісінің ең үлкен ұлының аты Шоқпар. Шу өңірінде Шоқпар деген жер бар. Бұл да сол Шоқпар бабамыздың құрметіне қойылған. Хан Жамбыл бабамыздың немересі Бейбіт би де халыққа танымал адам болған. Оязға да белгілі ол төменгі Таxadласта ғұмыр кешкен. Көптеген үлxadкен дауларды шешкен. Кезінде Меркіде Нұрмағамбет деген кісі өткен. Сол Нұрмағамбет пен атақты Керімбай болыс қаxadзақ жолымен құда болыпты. Нұрxadмағамбеттің қызына Керімxadбайдың ұлы бесікте жатқанда-ақ айттырылып қойыпты. Алайда, бірі бай, бірі болыс, екі құданың араxadсыxadна бір келіспеушілік кіріп Нұрмағамбет бай қызын қырғызға ұзатып жібереді. Даудың өршіxadгені соншалық, арасында кісі өліxadмі де болады. Содан Меркіде Нұрxadмағамбет бай бір киіз үй, Керімбай болыс бір киіз үй тігіп, Бейбіт биді күтеді. Ақыры, Бейбіт би Нұрмағамбеттің үйіне келіп, қамшысын үш сілтейді. Керімбай болыстың тіккен үйіне келіп, ол жерде де қамшысын үш рет сілтейді. Сөйтіп, биге арнап тігілген жерге келіп отырып, сөз бастайды. «Нұрмағамбет, сен біріншіден, қазақтың салтын бұздың. Екіншіден, кезінде бесіккерді құда болып едің. Ақыxadры, айнып, уәдеңде тұрмадың. Сонxadдықтан, сен кінәлісің», дейді. Осындай дауларды шешкен Бейбіт би де Хан Жамбылдың ұрпағы. Тарихта көп айтыла бермейтін, Қоқанға қарсы шыққан адам осы Хан Жамбыл. Ол кезде Қоқанға қарсы шығу деген үлкен қатер. Ал атақты жырау бабамыз Жамбыл Жабаев сол Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген, – дейді Болат Үмбетәліұлы.

Қазақта «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар. Айтулы Мағжан ақын да «Ерлерін ел де, жер де ұмытпайды» деп жырлап еді. Ұрпақтың бүгінгі асыл мұраты, ақиық арманы баxadбалар ерлігін, атын ұмыт қалxadдырмай, оны келешек ұрпаққа насихаттау болып табылады. Жуырда сарысулық кәсіпкер, «Алтын орда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Дәулеталды Жанбаев баба рухына арнап ас беріп, Құран оқытты. Бұл күні Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданы және Жамбыл облысының Сарысу ауданының түйіскен шекаралас аймағында, қарт Қаратау сілемін бойлай аққан Арыстанды, Қарасу өзендерінің маңына бірнеше киіз үй тігіліп, көпті көрген көнекөз қариялар тарихтан сыр шертті. Көпшілік Ерназар әулие мен хан Жамбылдың аруағына дұға жасап, Алладан медет тіледі. Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылының тұрxadғындары Елубек Сералиев, Әлмырза Еркебаев, Құсибек Наурызбаев сияқты ел қариялары ата тарихтың ұрпаққа беймәлім тұстарын әңгімеледі. Хан Жамxadбылдың Қоқан хандығына қарсы күрестегі ерлігін айтты.

Дәулеталды Жанбаев құба далада елеусіз жатқан бабалардың басына кесене орнатсам деген де ойын айтты. Сондай-ақ, көнекөз қариялардың аузынан бабалар жайлы естелік-шежіре жинап, оны тарихпен ұштастырып кітап шығару ниеті де бар екен.

Игі шара барысында жиналған көпшілік, баба ұрпақтары әуелі Ерназар әулиенің басына барды. Алақан жайып тілеген дұға қабыл болғандай, аспанның да тиегі босап, нұр сорғалағандай жаңбыр төкті. Артынша күн көзі күлімдеп, айнала төңіректі бір ғаламат күйге бөледі. Құлпытастың бетінен «Назарымбетұлы Ерназар Шоғайдартегі. 1705-1795» деген жазу көрінді. Кезінде әулиелігімен аты шыққан Ерназар баба тоқсан жасаған екен. Бұдан кейін көпxadшілік Хан Жамбылдың басына келді. Арасы үш шақырымдай жер. Елсіз далада, аспан астында тұрған құлпытастың бетінде «Ерназарұлы Хан Жамбыл, Шоxadғайдартегі. 1772-1872» деген жазу бар екен. Хан Жамбыл бабаxadмыз да ғасыр жасап дүниеден көшіпті. Бұл құлпытастар 2001 жылы, яғни осыдан он бес жыл бұрын орнатылған екен. Жаңбыр шайып, күн қақтаған құлпытас ұрпағына бар тарихты баяндап, аманат арқаxadлатып тұрғандай.

Болашақта Ерназар әулиенің, Хан Жамбылдың бой көтерген кесенелері де қазақ жеріндегі бір қастерлі тарихи орынға айналарына күмән жоқ. Бұл – қолдан жасалған, ойдан құрастырылған жалған тарих емес, кешегі «болып бір кеткен жайсаң» бабалардың тарихи баяны. Ұрпақтың ұлаxadғаты осындай сауапты істерден көрінеді.

Хамит ЕСАМАН

ТАРАЗ

Егемен Қазақстан. – 2016. – 22 қыркүйек. – 7 б.



Тараз жері – тұнған тарих

Тараз – тарихымыздың алтын діңгегі. Осынау тарихы тасқа, шежіресі құмға сіңген киелі өлкеде ежелгі дәуірлерден, орта ғасырлардан жеткен ұзын-саны 1000-нан асып жығылатын тарихи-мәдени мұралар бар. Бұл қасиетті мұралар тек бір елдің, бір ұлттың мүддесі үшін емес, бүкіл Жер шарын мекен ететін адамзат үшін қызмет етіп келеді.

Бүкіл адамзатқа, оның ортақ өркениетіне тән жәдігерлердің қазақ топырағында орын тепкен бірегейлерінің бірі – іргетасы шамамен осыдан 2100 жыл бұрын қаланған, қай-қай дәуірде де өзінің аса ірі мәдени-рухани және саяси орталықтардың бірі санатындағы биігінен төмендеп көрмеген шаһарлардың бірі – Тараз қаласы екені даусыз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тарихын білмеген ұлттың болашағы да мүшкіл болуы мүмкін» деген еді. Расында да, соңғы ғасырларда қазақ халқының болмысы үлкен өзгеріске ұшырап, тарихи жады өше жаздаған еді. Тәуелсіздік жылдарында ғана ұлттық санамыз қайта жаңғырып, тарихымызды түгелдей бастадық. Бүгін де көне тарихымыздың көмбесі – қасиетті Тараздың киелі мұраларын «Қазақстанның киелі жерлері» айдарымен назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Таза сезім символы

Айша бибі кесенесі – ХІ-ХІІ ғасырлардағы сәулет өнерінің үздік нұсқасы. Тараз қаласынан 17 шақырым жерде Жамбыл ауданының Айша бибі ауылында орналасқан. Бұл өңірге аяқ басқан әрбір адам мұсылман әлемі құрмет тұтатын, «әулие орын» деп аталған ортағасырлық сәулет өнерінің інжу-маржаны Айша бибі кесенесіне ат басын бұрмай өтпейді.

Ғасырлар тереңінен біздің заманымызға дейін кесененің батыс жақ қабырғасы мен оған жапсарлас қабырғаларының қалдықтары ғана жеткен.

Кесене жобасы – шаршы формалы бұрыштарында колонналары бар құрылыс. Кесене қабырғаларының сыртқы жағы қолдан ойылған ою-өрнектері бар 62 түрлі терракот қыш тақталармен көмкерілген. Әрқилы үйлесім мен нұсқалардан тұратын, түрлі өсімдік гүлдері мен геометриялық түрлер сарынындағы өрнектерге бай. Бұл – орталық Азия мен Қазақстандағы өн бойы ою-өрнектермен көмкерілген жалғыз ескерткіш.

Сондықтан да Айша бибі кесенесі қазақ халқының ежелгі ою-өрнегін сақтаған музейі іспетті. Қабырғаларының ортасында жебе бейнелі иіндермен көмкерілген терең қуыстар бар. Колонналардың жоғарғы жағы ваза түрінде жасалған.

Кесене құрылысына антисейсмикалық мақсатта арша ағашы пайдаланылған.

Жерленген адам туралы тек аңыздар ғана сақталған. Аңыздардың бірінде Тараз билеушісі Қараханға сапары кезінде жылан шағып, қайтыс болған Зеңгі баба мен Ануар бегімнің ару қызы Айша бибі туралы айтылады. Аңыз бойынша – Қарахан өзінің сүйіктісіне арнап керемет кесене салдырған. Қазіргі күні жастар Айша бибі кесенесіне мәңгілік махаббаттың, таза сезімнің, пәктіктің символына айналған киелі орын ретінде мінәжат етуге келеді.

Бабаджа Хатунға құрмет

Айша бибі кесенесінің маңына орналасқан. Кесене өзінің композициясы мен құрылымы жағынан өте қарапайым. Құрылыс күйдірілген кірпіштен салынған. Қабырғаларында сәндік безендірулер жоқ, бірақ сәулеттік құрылыстың жинақы әрі қарапайым ою-өрнектері үйлесім тапқан.

Кесененің көркемдік пен сымбаттылық беретін призмалық барабанға орналасқан 16 қырлы конус жабыны – Қазақстан күмбездерінің ішіндегі ең ерекшесі. Қасбетінде: «Бұл Бабаджа Хатун қабірі. Оны салушы» деген жазулар бөлігі сақталған. Шебердің аты-жөні сақталмаған.

Аңыз бойынша, кесене Айша арудың күтушісі болған, кейіннен бибісі өмірден өткен соң жас қабірдің өмір бойғы шырақшысы міндетін атқарған парыз адамы – Бабаджа Хатунның жер бесігі үстіне орнатылған.

Қарахан – әулиеата

Тараз қаласының орталығында орналасқан (Төле би мен Байзақ батыр көшелерінің қиылысы), ортағасырлық рабат аумағындағы діни-мемориалдық кешенге кіреді. Кесене Қараханидтер әулетінің көрнекті тұлғасының бірі – Шах Махмуд Қараханға арналып салынған. Кесенені салушы шебердің аты-жөні тарихта сақталмаған. Кесененің алғашқы нұсқасы біздің заманымызға жетпеді. 1906 жылы жергілікті тұрғындардың күшімен алғашқы кесененің орнына қайта салынған, алайда оның сәндік өрнектері жойылған. Кесененің алғашқы келбеті мен сәулеттік құндылығын тек 1902 жылы түсірілген фотосуреттен ғана көре аламыз. Суретте кесене шаршы формалы. Бас қасбетінде кірпіштен өрілген өрнектер бар. 1961 жылғы қазба жұмыстары кесенені сәндеу үшін 30-ға жуық түрлі терракоттар пайдаланылғанын анықтады. Кіреберіс иіні сүйірлене қаланып колоннаға тірелген. 1836-1936 жылдар аралығында қала Қараханның құрметіне Әулиеата деп аталды.

Қазір бұл жер – бесік орналасқан орталық залы, үш бұрышында үш құджыра бөлмелері бар порталды-күмбезді құрылыс. Қарахан кесенесінің қабырғалары патшалық кезеңінің кірпіштерімен өрілген. Күмбезі мен арқалық ойықтары ғана ХІ ғасырдағы кірпіш-плиткалармен салынған.

 

Тектұрмастың тұрағы

ХІV ғасырда Талас өзенінің оң жағалауында Тектұрмас кесенесі салынған және бұл діни орындардың бірі болған. Осы төбенің басында зороастризм, христиандық, мұсылмандық рәсімдегі зираттар орналасқан. Төбенің етек жағында ежелгі жерасты жолы және Талас өзені арқылы өтетін тас көпір болған.

ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы атеистердің дінге қарсы саясаты кезінде көптеген тарихи-мәдени ескерткіштер толықтай немесе жартылай қирады. Тектұрмас кесенесінің тек фотосуреті ғана сақталып қалған (ХІХ ғ. 80-жылдар). Кесене формасы қарапайым. Аталған мекенге 2001 жылы археолог А.Итенов қазба жұмыстарын жүргізді. 2002 жылы кесененің алғашқы орнында жаңадан кесене тұрғызылды. Кесене жергілікті халыққа Тектұрмас атымен белгілі Сұлтан-Махмудхан жерленген орын ретінде белгілі. Ал Тектұрмас сөзінің өзі түркіше «тынымсыз орын» дегенді білдіреді.

Гүлжан Рахман

Астана ақшамы. – 2017. – 23 қыркүйек