Битенова Ү. Ешкімге айтпаған сырларым

xa0 xa0Ақындық өнер — сөз өнерінің аса қастерлі саласы, ақын бойындағы шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемі, ұлттық әдебиеттегі сезім мен сырға толы тамаша поэтик, дәстүр мен ақын шабытының астаса келіп, өлең құдіретінің жарқырап көрінер әсемдік әлемі.

xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға,xa0 қаңтар айында — Ай кітабы бетіне, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Э.Иманалиев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Үміт Битенованың 60 жасқа толуына орай «Ешкімге айтпаған сырларым» атты жыр жинағын ұсынамыз.

xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0Битенова, Ү. Ешкімге айтпаған сырларым [Мәтін] : өлеңдер, толғау, балладалар / Үміт Битенова. — Алматы: Алматы-Болашақ, 2023. — 216 б.

xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламасы бойынша жарық көрген ақынның бұл кітабына әр жылдары дүниеге келген поэзиялық шығармалары топтастырылған.

xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0Пәкиза тазалық, сыршылдық, ойлылық араласа өріліп жататын шығармаларымен адамдарға ағынан жарылып сыр айту, тосын тың теңеулер арқылы сәтті шешім қабылдау Үміт жырларының басты ерекшелігі.

xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0Әлеуметтiк әуенге бейiм, өлең тiлiн құрайтын сыршыл нәзiк сезiмiн оқиғалы жырларына дарыта бiлетін ақын барша адамбаласылық байыпты ойға бармайынша, адамзаттың көсегесi көгермейтiнiне көңiлдi ұйытып, көздi жеткiзедi.

xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 Ақынның ешкімге айтпаған сырларымен танысуға асығыңыз, құрметті кітапсүйер қауым!

 

 

Дулатова Г.М. Алаштың сөнбес жұлдыздары

Ол — тектінің көзі, асылдың сынығы еді. Әкесінен жастай қалды. Гүлнар Дулатова әкесі Міржақып және басқа да Алаш зиялылары туралы құнды құжаттарды көзінің қарашығындай сақтап, жинақтап, жарияға шығарған жан.

Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға Гүлнар Міржақыпқызы Дулатованың «Алаштың сөнбес жұлдыздары» xa0атты естелік кітапты назарларыңызға ұсынамыз.

Дулатова, Г.М. Алаштың сөнбес жұлдыздары [Мәтін] : [естелік-эссе] / Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова. — Алматы: Мектеп, 2023. – 264 б.

Гүлнар Міржақыпқызы жариялылық басталысымен-ақ, қолына қалам алып, соңына мол мұра қалдырды. Ол 1988 жылдан бастап кешегі күнге дейін мерзімді баспасөз беттеріне көптеген мақала, очерк, естелік, эссе жазып тұрды.

«Гүлнар Дулатова Алаш зиялылары ұрпағының атынан Алаш зиялыларының жоқтаушысы ретінде қазаққа көп еңбек сіңірген азамат. Азамат деген сөзіміздің негізі бар. Өйткені, бұл кісі әкесінің ақталуы жолында көп еңбек етті.xa0 Оның әкесіне деген махаббаты, бүкіл Алаш зиялыларына деген махаббаты, солардың мұратына, идеясына дегенxa0 адалдыққа ұласқан», — дейді алаштанушы ғалым Дихан Қамзабек.

Гүлнар Міржақыпқызының қос кітабында да Алаш ардақтылары жөніндегі беймәлім деректердің көбісі жарияланған. Алаштанушы ғалымдардың айтуынша, қазақ зиялыларының 70 пайызға жуық фотосурет Гүлнар Дулатованың қолында ұзақ жылдар бойы сақталған.

Саяси қуғын-сүргіннің зардабын әкесі тартса да, қызы Гүлнарға да оның кесірі тимей қоймады. Тағдырдың қатал сынына мойымаған жан Алашорда арыстары жөніндегі мәліметтерді бүгінгіxa0 ұрпаққа аманат етуді киелі парыз деп санаған.

Көпейұлы М.Ж. Таңдамалы шығармалар жинағы

xa0XIX ғасырдың аяғы мен XX бас кезінде өмір сүрген, шығармашылығы ешкімге ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар қазақ ақынының бірі. Ол өзінің өлеңдері мен поэмалары, мысалдары мен әңгімелері арқылы ғана емес, ауыз әдебиетінің не бір асыл үлгілерін меруерттей тізіп хаттап, жинаумен де жұртқа кеңінен танылды.

xa0 xa0 xa0 xa0Құрметті оқырмандар Ай кітабы айдарына қақатың біртуар төл перзенті, ақын, ағартушы, тарихшы, фольклоршы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына орай бес кітаптан тұратын Таңдамалы шығармалар жинағының бірінші кітабын ұсынамыз:

Көпейұлы, М.Ж. Таңдамалы шығармалар жинағы [Мәтін]. 1 кітап. Өлеңдер / Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. ; [құраст. Ж. Салтақова]. — Алматы: [баспасыз], 2023. — 312 б.

Белгілі ақын, этнограф Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын жариялау, бастыру кешеуілдеп, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана қолға алынды. Мәшһүр Жүсіпxa0 xa0 xa0 xa0 xa0 Көпейұлының кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани мол мұрасы — нағыз парасаттылықтың, инабаттылықтың, киеліліктің, ар-намыс пен тектіліктің жарқын үлгісі. Бұл мұра — қазақтың тарихын түгендеуде, әдебиетін жүйелеуде таптырмас алтын қазына.

xa0 xa0 xa0 Жинаққа ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейүлының дін, шариғат, ғылым, білім туралы, өмірбаяндық жырларымен қатар, 1907 жылы Қазан қаласында жарық көрген туындылары енді. Бұл кітапқа әртүрлі тақырыптағы және өмірбаяндық «Мәшһүр» атты қалай алғандығы туралы», «Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлегені», «Нәпсіңді атқа мінгізбе», «Жарты нан», «Аңқау адам туралы», «Ит дүние», «Ұқыпты әйел», «Ақыл туралы», «Салақтық дерт», «Иса Шорманұлы», «Ағайын», «Бұхара сапары» және де басқа өлеңдері енгізілген.

xa0 xa0 xa0 Мәшһүр Жүсіп Көпеев есімінің ел ішінде аңызға айналуына ақындығы ғана емес, халық ауыз әдебиетінің үлкен жанашыры болған. Ол ауыз әдебиетінен еліміздің барлық өткен-кеткен жағдайын, тұрмысын, салт-санасын, бай дәстүрін, қилы-қилы тағдырын байқай білген зерделі жан. Өлең-жырдың, басқа да сөз асылының халық өміріндегі рөлін жете түсінген Мәшһүр оны жасынан құлай сүйген, жаттап өскен, хатқа түсіріп сақтай отырып, кейінгі буынға жеткізген.

xa0 xa0 xa0 Кітап фольклортанушы, әдебиеттанушы ғалымдарға, жоғары оқу орындарындағы филология факулътеттерінің студенттеріне, магистранттары мен PhD докторанттарына, жалпы қалың көпшілік оқырман қауымға арналған.

Дүйсенбин П. Нұрстан мен Аққанаттың бастан кешкендері

xa0 xa0 Жазушылық өте терең білімді, өмірлік мол тәжірибені, уақыттың құрбандығы мен жанқиярлық еңбекті, ар мен адалдықты, өзіндік мінез бен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Талай жыл табан аудармай ұстаздық етіп, өскелең ұрпақпен өнегелі өмірі өзектес болған жазушы Пернебай Дүйсенбин үшін балауса бүлдіршіндерге арнап туынды жасау қаламгердің өзін де, оқырмандарын да рухани ләззатқа бөлейтін үйреншікті іс. Себебі, ол талантты қаламгер.

xa0 xa0 Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға Сарысудың самал желінен жанға қуат алған белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Еңбек Қызыл ту орденінің иегері, ауданның Құрметті азаматы, балаларға арналған Халықаралық «Дарабоз» байқауының бірнеше дүркін жеңімпазы Пернебай Дүйсенбиннің 80 жасқа толуына орай «Нұрстан мен Аққанаттың бастан кешкендері» атты қиял-ғажайып ертегі — повестері енгізілген кітабын ұсынамыз!

xa0 xa0 Дүйсенбин, П.xa0 xa0Нұрстан мен Аққанаттың бастан кешкендері [Мәтін] : қиял-ғажайып ертегілер / Пернебай Дүйсенбин. — Тараз: Формат-Принт, 2020. — 156 б.

xa0 xa0 Жазушы Пернебай Дүйсенбиннің шағын жинағына оның соңғы жылдары жазған балалар мен жасөспірімдерге арналған «Нұрстан мен Аққанаттың бастан кешкендері» және «Ғажайып домбыра» атты қиял-ғажайып ертегі — повестері, сондай — ақ прозалық және поэзиялық жанрда жазылған бір топ ертегілері енгізілген. Кітаптағы оқиғалар өте қызғылықты, тартысты, оқырмандарды еліктіріп отырады. Тілі де жеңіл, айшықты, оралымды жас өскелең, жас ұрпақтың талғам — таразысымен сәтті үйлесім, үндестік табады.

Сәки Қайрат. Сұлтан Бейбарыс

XIII ғасыр ислам әлемінде қасіреттерге толы кезең болды. Таяу Шығыс, Азия және Анадолы өлкелерінде қырғындарға себеп болған крестік жорықтар мен моңғол шапқыншылықтары мұсылмандарды жойылудың қарсаңына қойған болатын. Қалалар, мешіт, медреселер, кітапханалар өртке оранып, әйел, бала, кәрі деместен жаппай қан төгілуі үмітсіздікке ұрындырып, халық жанталасып жатты. Осындай қиын-қыстау кезеңде Таяу Шығыстың тарихы мен тұрмысын жақсартып, ырық бермес моңғол қолының жойқын шапқыншылығын тоқтатқан қыпшақ даласының тумасы бабамыз, Сұлтан Бейбарыс болды. Мұсылман әлеміне әкелген жеңістерінен соң халық оны Абуль-Футух яғни, жеңіс билеушісі деп атап кетті.

Құрметті оқырмандар! Биыл даңқты бабамыз, Ұлы Қолбасшы Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына орай Ай кітабы бетіне дипломат, шығыстанушы, Мысырдағы мәмлүктер тарихын зерттеуші, арабтанушы Қайрат Сәкидің «Сұлтан Бейбарыс» атты кітабын ұсынамыз:

Сәки, Қ. Сұлтан Бейбарыс [Мәтін] / Қайрат Сәки. — 2-ші бас., толықт. — Алматы: Қазақ кітабы, 2023. – 320 б.

Кітап қыпшақ мәмлүктердің аты аңызға айналған басшысы Байбарыстың ХIIІ ғасырда әлемдік өркениеттер мен діндердің бесігінде — Египет пен Сирияда қуатты түркі мемлекетін құрғандығы туралы.

Зерттеуде Байбарыстың өмірі мен қызметі туралы жан-жақты, толық ақпарат беріледі. Бұл зерттеудің құндылығы — Байбарыстың өмір жолы ортағасырлық тарихшылардың еңбектерінің негізінде баяндалғанында.

Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Ол Байбарыс, қыпшақ мәмлүктер және олардың керемет тарихы туралы шынайы және терең түсінік қалыптастырады.

xa0

 

Тарази Ә. Шығармалары

Жазушы өзінің басынан кешкенді, көзі көргенді, түйсінгенді, жаны сезгенді ғана жазады.

Ақиқатты бүкпесіз, ашық айтудан айнымаған, жалтақтауды, жалпақтауды білмейтін, дақпыртты, даурыққанды, желпініп-желіккенді жақтырмайтын, өзімен-өзі оңаша болғанды ұнататын; шығармашылық өнерге аса жауапкершілікпен қарайтын дара суреткер – Әкім Тарази. Ол, бүгінде кемеліне келіп, әдебиет әлемінде көркем шындыққа айналған тұлға.

Әкім Тарази тек қана жазушы емес, дарынды драматург, шебер аудармашы, тағылымды тарихшы, әдебиеттің ары, намысы.

Толстой, Достоевский, Хемингуэй, Стендаль, Гюго секілді әлемдік әдебиеттің өкілдерімен иық тірестіре алатын тегеурінді таланттың бірі де осы – Әкім Тарази.

Құрметті оқырмандар, тамыз айынаxa0 сайтымыздың Ай кітабы бетіне қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Таразидың 90 жылдық мерей тойына орай, оның шығармалар жинағының 11-томын ұсынамыз:

Тарази, Ә. Шығармалары [Мәтін]. 11 т. Аударма. Франсуа Рабле. Гаргантюа және Пантагрюэль : роман / Әкім Тарази. — Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2022. – 664 б.

Жазушы, драматург Әкім Таразидың шығармалар жинағының 11-томына атақты француз жазушысы, қайта өркендеу дәуірі әдебиетінің өкілі Франсуа Рабленің «Гаргантюа және Пантагрюэль» романының аудармасы еніп отыр. Роман аударма заңдылығын сақтай отырып, қазақ ұғымына лайықтап аударылған.

«Гаргантюа және Пантагрюэль» романы – әлемдік даңқ әкелген Рабленің басты туындысы болып табылады. Онда кез-келген сәтсіз адамдар туралы әзіл әңгімеге сүйеніп, жаңа гуманистік мәдениет жүйесін қарсы алып, орта ғасырдағы мекемелер мен дағдылардың өте өткір және терең сынын берді. Романдыxa0 жазу үшінxa0 1532 жылы Лионда «Великие и неоценимые хроники о великом и огромном великане Гаргантюа» атты еңбек түрткі болып, анонимді түрде «халық кітабы», 1533 жылы оның жалғасы ретінде «Страшные и ужасающие деяния и подвиги преславного Пантагрюэля, короля дипсодов, сына великого великана Гаргантюа» жарық көрді.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

 

«100» қайраткер әйел

«Қай жерде, мейлі, қай елде,

Әлемнің мәні – әйелде», — деп Жүрсін Ерман ағамыз айтқандай,xa0 қай заманда да, қай халықта болмасын әйел адамның орны ерекше. Қазақ халқында әйел адамға өмірдің әні мен сәні, үйіміздің жылуы, ер адамдардың ақылшысы, балаларымыздың тәрбиешісі деп қараған.

Әйел – ибалы қыз, инабатты келін, ана, әпке, апа, әже.

«Алып анадан туады», — деген сөздің астында терең мағына жатыр. Ертедегі ел басқарған хандарымыз бен билеріміз, ер жүректі батырларымыз, ақын-жазушыларымыздың барлығы дерлік алтын құрсақты аналарымыздан туған. Балаларын данадай етіп өсірген, сондай ардақты аналарымызға кешегі тарихымыздағы xa0Домалақ ана, Ұлжан, Ұмай, Зере аналарымыз, әулиелілігімен танылған Бегім ана, Шоқанның әжесі Айғаным анамыз бірден-бір мысал бола алады.

Қазақ қоғамындағы әйел заты ерін сыйлаған, ерінен бір саты төмен тұрған.xa0 Дегенмен, қазіргі таңда отбасына да, жұмысына да үлгеріп, отбасында аяулы жар, ардақты ана, үлгілі келін болып, жұмысында xa0биік-биік белестерден көрініп, абыройлы басшы боп жүрген әйел адамдары қаншама.

Құрметті оқырмандар, шілде айында Ай кітабы бетіне «100» қайраткер әйел атты анықтамалық-энциклопедияны ұсынамыз:

«100» қайраткер әйел [Мәтін] : анықтамалық-энциклопедия / [жоба авторы Г.Амантайқызы ; ред. Г.Амантайқызы, Қ. Жомарт, Е.Ержанұлы]. — Алматы, 2020. – 408 б.

Бұл анықтамалық-энциклопедияда Тәуелсіздік алған күннен бүгінге дейінгі Егемен Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қайраткер тұлғалардың ғұмырнамалық келбеті топтасты. Елім деген азаматтардың қоғамды алдыға қозғап, ғасырға бергісіз 25 жылда мемлекетіміздің нығаюы жолында жасаған еңбектері нақты деректермен көрсетілген. Еліміздің әрбір жетістігінің астарында алуан түрлі тағдырлар бар екенін ескеріп, олардың үлгілі ғұмырларын дер кезінде хатқа түсіріп, келешекке ұлағат боларлық қайраткерлік болмыстары сипатталады.

Жұмабаев М. Мен жастарға сенемін

Қазақ поэзиясы — тереңге тамыр жайған, ғасырлар бойы халықпен бірге жасап келе жатқан көркем өнер. Ақындар ұлттың ар-ожданын, тарихын, қуанышы мен қасіретін, елдің мұратын рухты, текті жырларына қосып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, әдебиетімізге баға жетпес байлық сыйлаған.

Құрметті оқырмандар маусым айында Ай кітабы бетіне қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының, айтулы алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі Мағжан Жұмабаев ақынның 130 жылдығына орай «Мен жастарға сенемін» атты өлеңдер жинағын ұсынамыз:

xa0 xa0 xa0 xa0Жұмабаев, М. Мен жастарға сенемін [Мәтін] / Мағжан Жұмабаев.; [сурет. Т.Шідербаев, Н.Тұрсынхан; «Мазмұндама» қоғамдық қоры]. — Алматы: Мазмұндама, 2022. — 104 б.

Бұл кітапқа қазак әдебиетінің көрнекті өкілі, сыршыл ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері еніп отыр.

Иіні ерен, иірімі терең өткелек өмірдің өзек өртер кермек жас мұңы да, терең ой сыры да ақын өлеңдерінің өзегі мен өрнегіне айналған.

Мағжан Жұмабаев — жай ғана ақын емес, ұлт болашағы үшін күрескен Алаш қайраткері. Рухты жырларымен халықты жігерлендіріп, елді татулыққа шақырды. Қазақтың ғана басын қоспай, бүкіл түркі халықтарының бірлігі идеясын ұстанған. Қиын-қыстау кезеңде халқын махаббат тақырыбындағы өлеңдерімен елжіретіп, жүректегі жарқын болашаққа деген үміттің отын сөндірмей ұстады.

Кітап қазақтың қара өлеңін қадірлей білетін қалың жұртшылыққа арналған.

Шалқарбаев Д. Өмір өзі сөйлейді. Бабалар тағлымы

Жазушылық – ұлы өнер. Том-том кітаптарды оқи отырып, саналы оқырман өзіндік ой түйеді. Көркем шығарма арқылы өмірге қалыптаса алады.

Құрметті оқырмандар, мамыр айынаxa0 Ай кітабы бетіне жазушы, ақын, журналист Дулат Шалқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Өмір өзі сөйлейді. Бабалар тағлымы» атты өлеңдер мен толғаулар, шешендік сөздер топтастырылған кітабын ұсынамыз:

Шалқарбаев, Д. Өмір өзі сөйлейді. Бабалар тағлымы [Мәтін] : өлеңдер мен толғаулар, шешендік сөздер / Дулат Шалқарбаев. — Алматы : Рух БГ, 2014. – 384 б.

Жазушы, ақын, журналист Дулат Шалқарбаевтың (1923-2012) бұл кітабына өзі көзі тірісінде әзірлеген поэзиялық туындылар жинағы мен ел аузынан жазып алған шешендік, тапқырлық, адамгершілік, батылдық жайындағы сөздер еніп отыр. «Өмір өзі сөйлейді» — замана, тұрмыс, тіршілік, белгілі тұлғалар хақындағы өлендер мен толғаулар. Ал «Бабалар тағлымы» — хандар, батырлар, қарапайым адамдар тарапынан айтылған ұтымды сөз, жасалған іс-әрекет, әр заманның қысқа көріністері. Бұл топтама тұтас бір өңірдің бірнеше ғасырлық танымды тарихын елестетеді.

Белгілі қарт жазушы, ақын, журналист Дулат Ахметұлы Шалқарбаев шығармашылық белсенділігін өмірінің соңғы сәтіне дейін бәсендетпеген қалам қайраткері еді. Білетіндердің айтуына қарағанда, дүниеден өтер күннің алдында ғана жасамыс қаламгер өзінің кезекті пьесасын сахналауға әзірлеп жатқан жаңатастық көркем-өнерпаз әртістермен бірге болып, спектакльдің кем-кетіктерін үштауға қатысты кеңестерін айтқан екен.

Белсенді тыныс-тіршілікке Дулат Ахметұлы қаршадайынан араласқан. Ол 1923 жылғы 16 қыркүйекте Әулиеата маңында, Ақыртөбеде дүниеге келген. Он бес жасынан Саудакенттегі қазіргі Байқадам орта мектебінде 1938 жылы ашылған әдеби үйірмеге қатысты. Өлең-жыр, әңгіме жазудың әдістерін үйренді, өзінің қалам тербеудегі алғашқы тәжірибелерін ортаға салды.

Қадірменді қарт жазушымыз Дулат Шалқарбаевтың бұрын жарияланбаған туындылары бір кітапқа топтастырылып, оқырманға жол тартып отыр. Кітаптағы «Өмір өзі сөйлейді» атты өлең-жырлар мен толғаулар жинағы кемел жасқа келген ақынның заманаға көзқарасын, белгілі тұлғаларға бағасын, тіршілік хақындағы философиялық ой-толғамдарын танытады. Ал «Бабалар тағлымы» — ел аузында сақталған шешендік сөздер арқылы жасалған тәлімді тарих. Берер ғибраты мол танымды топтама.

Нұршайықов Ә. Ақиқат пен аңыз

xa0Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға Ай кітабы бетіне Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының және А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, ҰОС ардагері, жазушы Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығына орай «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогын ұсынамыз.

Нұршайықов, Ә. Ақиқат пен аңыз [Мәтін] : роман / Әзілхан Нұршайықов. — Алматы: Жазушы, 2009. – 464 б.

Жазушының роман-диалогы Ұлы Отан соғысының даңқты қаһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының сонау балауса шағынан бастап, аты аңызға айналған қолбасшы, атақты жазушы, алты алашқа ардақты ұлы перзент боп тұлғалануына дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды.

xa0…Майдан шебіңде абырой, атаққа ие болған батырдың мінезін айқын ашу үшін жазушы Момышұлына дүркін-дүркін сұрақтар қойып, өзара сырласып, өзара пікір таластырып отырады да, аңыз бен ақиқаттың ара жігін ашады. «Ұшқан ұя» мен «Москва үшін шайқаста» әңгімеленетін оқиға тізбетінен жазушы жаңа жол тауып, роман-диалогга батырдың психологиялық толғаныстары мен дүние танымына айрықша зер салған.

xa0Әр түрлі ұлттар өкілдерін сапқа тұрғызып, жеңіске үндеген командирдің берген бұйрығы, қойған талабы қатал да айқын. Батыр мінезіндегі осындай өзгешелікті әрбір іс, әрбір эпизодта мегзеп отыратын автор шығарманың бояуын қалыңдатып жібермей, шынайы суреттеген. «Ерліктің негізі — сүйіспеншілік. Кісі сүйгенінің құлы да, құрбаны да болады. Отанын сүйген солдат ол үшін отқа да, суға да түседі. Сөйтіп, саналы түрде ерлік жасайды» — «Ақиқат пен аңыздың» көркемдік шешімі де, алға тартары да, эстетикалык ұғым, талғамы да, философиялық түйіні де Баукең айтқан, міне, осындай ойда.

«Ақиқат пен аңыздың» және бір өзгешелігі — Бауыржан Момышұлының бейбітшілік өмірде қарудың орнына қолына қаламын алып, идеология майданында жазушылык өнерімен танылуы. Бұл салада жазушы Әзілхан Нұршайықов өзі көріп, өзі де араласқан үлкен өмірді көркемдік шындыққа көтере суреттеп, Бауыржан Момышұлының мінезін айқын танытқан.

Ұсынылып отырған нұсқасы — әйгілі шығарманың кеңестік қатал цензура кезінде қысқартылып, кітапқа кірмей қалған тараулары қайта қосылған, яғни толықтырылған 7-басылымы.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.