Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің Абай атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен №39 орта мектебінде аты аңызға айналған әншінің өмірі мен шығармашылығын таныстыру мақсатында «Шабыт» клуб мүшелерімен қазақ ән әлемінің падишасы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай «Аты аңызға айналған әнші» атты шығармашылық портрет өткізді.
«Табиғат – өмірдің сәні»
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №6 кітапханасының ұйымдастыруымен №53 орта мектебінде табиғат әлеміне балалардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында «Байлық» клуб мүшелеріне «Табиғат – өмірдің сәні» атты дайджест ұсынылды.

«Ауғанстан – жүректегі жара»
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М. Шолохов атындағы кітапханасы ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау мақсатында «Бәйтерек» клуб мүшелерінің қатысуымен «Ауғанстан – жүректегі жара» атты оқырмандарға көрме дерек ұсынды.

«Заманай мен Аманай»
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М. Әуезов атындағы кітапханасы қазақтың халық жазушысы Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға насихаттау мақсатында «Заманай мен Аманай» романына 35 жыл толуына орай кітап бенефисі өткізілді.

«Ұлттық салт-дәстүр – халқымыздың рухани өзегі»
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің Абай атындағы орталық кітапханасы оқырмандарға халқымыздың ұлттық салт-дәстүрінің мән-мағынасын түсіндіру мақсатында «Кітап және отбасы» жобасы аясында «Анаға тағзым» орталығында «Ұлттық салт-дәстүр – халқымыздың рухани өзегі» атты салт-дәстүр сағатын өткізді.

«Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім»
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М. Шолохов атындағы кітапханасында еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, кітапхана оқырмандарын Отанын қастерлеуге, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Жастар – кітап әлемінде» атты жобасы аясында «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім» атты әдеби кеш өткізілді.

«Сен білесің бе?»
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М. Әуезов атындағы кітапханасында балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру мақсатында «Сен білесің бе?» атты киногид өткізілді.

«Жаңа жолдау – халықтың қолдауында»
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М. Әуезов атындағы кітапханасында Қазақстан Республикасы Президенті Қ. К. Тоқаевтың кезекті жолдауын насихаттау мақсатында «Жаңа жолдау – халықтың қолдауында» атты оқырмандарға экспресс көрме ұсынылды.

«Ана тілім – ажарым, асыл мұрам»
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №6 кітапханасында «21 – ақпан – Халықаралық ана тілі күніне» орай ана тілінің көркемдігін сезіну, құдіретін түсіну, адам өміріндегі маңызын ұғыну мақсатында «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» атты поэзия кеші өткізілді.
«Балалар әдебиетінің бағбаны»
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №5 кітапханасында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, жазушы Ескен Елубаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Дарын» қызығушылық клуб мүшелерімен қаламгердің шығармаларын насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында «Балалар әдебиетінің бағбаны» атты әдеби кеш өткізілді.
