№4 кітапханасында 9-мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай оқырмандарға «Отты жылдар шежіресі» атты дайджест ұсынылды.

№4 кітапханасында 9-мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай оқырмандарға «Отты жылдар шежіресі» атты дайджест ұсынылды.

М. Шолохов атындағы кітапханасында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай оқырмандардың ұлттық патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Бәйтерек» клуб мүшелерінің қатысуымен «Олар көрген соғыс» атты тарих шеңбері өткізілді.

М. Шолохов атындағы кітапханасында Кеңес одағының батыры Сәду Шәкіровтың туғанына 100 жыл толуына орай батырдың өмірі мен Отаны үшін жасаған ерлік істерін насихаттау мақсатында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран!» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханасында ардагерлердің ерліктерін үлгі ету мақсатында «Ардагер алтын тұғыр» атты құрмет кеші өткізілді.

М. Әуезов атындағы кітапханасында оқырмандарға бейбітшілік туралы түсінік беру мақсатында «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты бейне слайд ұсынылды.

Абай атындағы орталық кітапханасында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай тарихымызды тереңнен тану, Отан тарихына деген сүйіспеншілікті арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білу мақсатында «Жеңіс туын желбіреткен батырлар» атты тақырыптық кеш өткізілді.
№5 кітапханасында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы және оның зардаптары туралы мағлұмат беру мақсатында «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» атты дөңгелек үстел өткізілді.

№4 кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай өз елінің елеулі азаматы болу мақсатында «Жауынгер менің қорғаушым» атты ақпараттық шолу өткізілді.

№6 кітапханасында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлерінің ерен ерліктерін еске алу мақсатында «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат!» атты көрме естелік ұсынылды.

М. Шолохов атындағы кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай оқырмандардың ұлттық патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Мен қазақпын, ұланымын елімнің!» атты ерлік алаңы өткізілді.
