Ғ. Мұратбаев атындағы кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай жас ұрпақты Отанды сүюге, патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында «Қарулы күштер – ел қорғаны» атты ерлік минуты өткізілді.

Ғ. Мұратбаев атындағы кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай жас ұрпақты Отанды сүюге, патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында «Қарулы күштер – ел қорғаны» атты ерлік минуты өткізілді.

М. Әуезов атындағы кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай еліміздің тыныштығын күзетіп жүрген ұландардың еңбегін бағалау мақсатында «Әскер – әліміз, армия — абыройымыз» атты мерекелік кеш өткізілді.
Абай атындағы орталық кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу мақсатында «Әскер – мәңгілік ел тірегі» атты кездесу кеші өткізілді.

№5 кітапханасында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Кітап оқы, талқыла, суретте» жобасы аясында тарихымызды тереңнен тануға, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым ету мақсатында «Ешкім ешқашан ұмытылмайды» атты ақпарат сағаты өткізілді.

№6 кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Даңқты ерлік пен ар-намыс күні» атты көрме кеңес ұсынылды.

Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханасында тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны туралы түсінік беру мақсатында «Қуатты армия – мемлекет қалқаны» атты патриоттық сағаты өткізілді.

№6 кітапханасында оқырмандарға «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында «Болашаққа бағдар – ел бағдары» тақырыбында слайд-шолу ұйымдастырылды.

Абай атындағы орталық кітапханасында Тараз қалалық ардагерлер Кеңесімен бірлесіп өткізілген қазақ елінің біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай «Ұлтымыздың ұлы тұлғасы» атты оқырмандар конференциясына Тараз қалалық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары Жаманбаев Малтабар Қаратайұлы, жауапты хатшысы Жамалбеков Сауранбек, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Махашов Алдаберді, Әкелер Кеңесінің төрағасы Исқақов Аманқұл Нұрманәліұлы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ақын, «Ерен еңбегі үшін», «Д.Қонаев» медальдарының иегері Баймаханбет Ахмет, «Даңқ» залының аға ғылыми қызметкері, ақын Демешов Құрманғазы Мыңжасарұлы қатысты.
М. Шолохов атындағы кітапханада оқырмандармен адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну мақсатында «Денсаулық – адам ағзасының қалыпты жағдайы» атты пайдалы кеңестер өткізілді.

Ғ. Мұратбаев атындағы кітапханада оқырмандарды кітап оқуға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында «Кітап оқығым келеді» атты пайдалы кеңес ұсынылды.
