М. Әуезов атындағы кітапханада жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыру мақсатында «Ақпараттық технологияның мол мүмкіндіктері» атты эдьютейнменттік уақыт өткізілді.

М. Әуезов атындағы кітапханада жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыру мақсатында «Ақпараттық технологияның мол мүмкіндіктері» атты эдьютейнменттік уақыт өткізілді.

Абай атындағы орталық кітапханада оқырмандардың салауатты өмір салтын ұстану туралы білімдерін арттыру мақсатында «Спорт – денсаулық кепілі» атты ақпараттық шолу өткізілді.

№6 кітапханада салауатты өмір салтын сақтау, жат әдеттерден аулақ болу мақсатында «Денсаулық – табиғаттың сыйы» атты көрме кеңес өткізілді.

№5 кітапханасында жастардың бойындағы өнер-білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту, жастардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Жалынды жастар – жарқын болашақ» атты ой бөлісу өткізілді.

«2022 жыл-Балалар жылына» орай «Оқитын ұлт» ұлттық Жобасы аясында балалардың кітап оқу белсенділігін арттыру; жергілікті ақын – жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында 2 сәуір- Халықаралық балалар кітабы күніне орай қаламыздағы ең әдемі «МART» сауда ойын – сауық орталығында Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен Тараз қалалалық Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі «Балалар – кітап әлемінде» атты кітап мерекесінде ертегілерден көріністер көрсетіліп, әр түрлі әдеби викториналық сұрақтар қойылып, жергілікті қаламгер Марат Құлибайұлының «Апамның аялы алақаны» атты кітабының тұсауы кесіліп кітапхана қорына сыйға берілді. Кітап мерекесінде балалар «Балғын балалар-біздің болашағымыз» атты кітап көрмесінен балалар әдебиеттерді қызығушылықпен қарады.

№5 кітапханада қоғам қайраткері, әдебиет зерттеушісі Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, ғылыми еңбектері туралы мәлімет беру мақсатында «Әдебиет танытқыш» атты танымдық сағат өткізілді.

М. Шолохов атындағы кітапханасында «Этнопедагогика – ұлттық тәрбие даналығы» мақсатты ақпараттық бағдарламасы аясында «Әкем айтқан өсиет, бабадан қалған қасиет» атты даналық алаңы ұйымдастырылды.

М. Әуезов атындағы кітапханасында қазіргі дамыған дәуірде озық қоғамға ілесе алатын ұрпақ қалыптастыру мақсатында «Ұлттық тәлім-тәрбие – мәдени мұрамыз» атты дайджест ұйымдастырылды.

№6 кітапханасында өскелең ұрпаққа латын әліпбиінің маңыздылығын айқындау мақсатында «Латын қарпіне көшу – заман талабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Абай атындағы кітапханасында әйгілі түрколог, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтың туғанына 85 жыл толуына орай «Тәуелсіз елдің заңғар тұлғасы» атты библиография күні өткізілді.
