Құрметті оқырмандар!
Ұлы даланың ұлы есімі — Абай
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді.
Құрметті оқырмандар!
Сіздердің назарларыңызға «Ұлы даланың ұлы есімі — Абай» атты виртуалды көрмемізді ұсынамыз. Абайдың 180 жылдығына кітапхана қызметкерлері кітапхана көрмесі, шолулар, конференция, бенефис және кітап бастамасы, әдебиеттер кештерін өткізу арқылы оқырмандарды ақынның өмірбаяны, шығармашылығымен таныстырады, қазақ және басқа да тілдегі шығармалардың маңызы мағынасын көрсетеді.
Көрмені қараңыз…
Жамбыл облысына — 85 ж.
Биыл қасиетті мекендегі Жамбыл облысы үшін ерекше жыл. Киелі құт дарыған өлкенің облыс болып құрылғанына 85 жыл. Бұл мереке облысымыздың өткені мен бүгінін жалғап тұрған межелі мезет, жетістік жаршысы десек те болады. Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан Жамбыл өңірі – береке-бірлігі жарасым тапқан елдіктің тұғырлы мекені. Жамбыл облысы Шу-Іле таулары мен Балқаштың батыс жағалауынан – Қаратауға, Қырғыз Алатауынан Бетпақдалаға дейінгі алқапты алып жатқан аймақ. Қазақ жерінің қасиетті де құнарлы, шуақты өлкесі. Жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл атамыздың атын иемдеген ежелгі Әулиеата жері – «алтын құрсақты» өңір. Күміс көмей әншілер мен дәулескер күйшілер, білікті билер мен білекті батырлар өткен бұл берекелі аймақ ән мен жырдың кені Кенен Әзірбаев, қылқобызды қүйқылжытқан Ықылас Дүкенұлы, Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы, Халық жазушысы Шерхан Мұртаза сынды біртуары азаматтар осы өлкеде өмірге келген.
Облыс орталығы Тараз қаласының шежіресі төл тарихымыздың ажырамас бір бөлігі іспеттес. Тараз – еліміздегі ең көне, тарихи да тағдырлы шаһардың бірі. Әулиеата өңірі берекелі, шуақты өлке.
Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға «Жамбыл облысына 85 жыл» атты виртуалды көрмемізді ұсынамыз.
Көрмені қараңыз…
Балалар әдебиетінің бәйтерегі. Бердібек Соқпақбаев — 100 жыл
Балалар әдебиетінің алып бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл.
Биылғы жылы «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына арналады.
Құрметті оқырман, сіздердің назарларыңызға Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай әзірленген «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты виртуалды көрмені ұсынамыз.
Көрмені қараңыз…
Бейнелеу өнерiнiң алтын дiңгегi
Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға халқымыздың ұлы суретшісі, қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай әзірленген «Бейнелеу өнерiнiң алтын дiңгегi» атты виртуалды көрме-экспозицияны ұсынамыз.
Көрмені қараңыз…
Мотивация – жетістікке жеткізетін күш
Қазіргі таңда әр адам жетістікке жетсем екен, батыл қадамдармен өмірімді өзгертсем, дұрыс орта тапсам, табысты болып кетсем, мінезімді өзгертсем және көптеген осындай сұрақтарға жауап іздеп жүрген жан аз емес. Құрметті оқырмандар Сіздердің назарларыңызға «Мотивация – жетістікке жеткізетін күш» атты виртуалды көрмемізді ұсынамыз. Виртуалды көрмеден ұсыңған кітаптар арқылы көптеген сұрақтарыңызға жауап таба аласыздар.
Виртуалды көрмемізге қош келдіңіз!
Көрмені қараңыз…
Дарынымен дараланған дарабоз
Кие дарып, құт қонған Әулиеата өңірі ешқашан қаламы қарымды, қадамы алымды қаламгерлерге кенде болған емес. Жуалыда туып, алаш аспанында жұлдызы жанған Шерағаның ізін жалғаған хас таланттар ортамызда жүр.
Сарысудың самал желінен жанға қуат алған белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Еңбек Қызыл ту орденінің иегері, ауданның Құрметті азаматы, балаларға арналған Халықаралық «Дарабоз» байқауының бірнеше дүркін жеңімпазы Пернебай Дүйсенбиннің 80 жасқа толуына орай «Дарынымен дараланған дарабоз» атты виртуалды көрмемізді ұсынамыз!
Көрмені қараңыз…
Шынның жүзі – Шераға
Шерхан Мұртаза. Бұл есімнің халық жадында жатталғанына елу жылдан асып кетті. Сол елу жылда әдебиет пен журналистикаға небір таланттар келіп қосылды. Бірақ олардың арасында Шерхан Мұртазаның жұлдызы еш көмескіленбей, қайта бұрынғыдан да жарқырап, әр жүрекке нұр құя түсті.
Құрметті оқырмандар, біздің кітапхана сіздерге арнап шындықтың шырақшысы атанған қайсар мінезді қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Шынның жүзі – Шераға» атты виртуалды көрмесін әзірледі.
Рәміздерім — елдігімнің белгісі
Елдің ел, мемлекеттің мемлекет екенін, дербестігі мен өз шекарасы барын айғақтайтын басты нышан – оның рәміздері.
Символикалық тұрғыда әр елдің рәміздерінде сол елге тән болмыс тарихи детальдар көрініс табады.
Оған Қазақстанның көк байрағын мысал етуге әбден болады. Тудың түсі, қалықтаған қыран бейнесі, жарқыраған күн мен одан сәуледей таралған 32 шуақ, тігінен салынған ою-өрнек – бәрі-бәрі бір-бірімен астасқанда, ұлттық көрінісімізден бірден хабар береді. Елдіктің нышаны саналатын Елтаңбадағы белгілер де ерекше.
Шаңырақ, қанатты пырақ, жұлдыз бір-бірімен үйлесім тапқан.
Сіздердің назарларыңызға 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай әзірленген «Рәміздерім — елдігімнің белгісі» атты виртуалды көрмені ұсынамыз!
Көрмемізге сәтті сапар!
Көрмені қараңыз….
2022 жылғы Мерейгер кітаптар
Құрметті оқырмандар!
Сіздердің назарларыңызға 2022 ж. мерейгер кітаптарға арналған виртуалды көрмемізді ұсынамыз.
Әр кітаптың өз тарихы, оның жарыққа шыққан күні, шыққан жылы бар. Осы уақыттан бастап кітаптың жасы есептеле бастайды. Адамдар сияқты кітаптардың да мерейтойлары бар.
Жазушылар мен ақындар өз туындыларымен адамдарды таңдандырып, сүйсіндіре алса, олар мәңгі ұмытылмайды. Ал кітаптардың мерейтойын тойлау оларды тағы да бір оқып шығуға себеп болмақ.
Сіздерге сәтті сапар біздің виртуалды көрмемізге!