xa0 xa0 xa0 xa0Халық поэзиясы — біздің халқымыздың нәр алып сусындаған бұлағы, сарқылмас мол қазынасы. Сол мол қазынаны бүгінгі ұрпаққа жеткізуші сал-серілер, ақын-жыраулар еді. Осы ақындық дәстүрді ілгері дамытқандардың бірі — халық жырының тарланы, екі заманды жырға қосқан ақын, композитор Кенен Әзірбаев.
xa0 xa0 xa0 xa0Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға,xa0 маусым айында — Ай кітабы бетіне қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай «Кенен Әзірбаев» атты кітабын ұсынамыз:
Кенен Әзірбаев, 1884-1976 [Фотоальбом]. — Алматы : Өнер, 2008. — 160 б.
XX ғасырда ұлттық рухтың ұлы өнерпазы: жырауы әрі ақыны, жыршысы әрі күйшісі, әншісі, композиторы, шежірешісі, ірі қоғамдық қайраткері болып халықтың төрінен орын алған Кенен ата.
xa0 xa0 xa0 Кенен Әзірбаевтың өмір жолын бейнелейтін өте мол фотосуреттер жинақталған. Фотоальбом төрт бөлімнен тұрады.
xa0 xa0 xa0 Бірінші бөлімінде ақынның кіндік қаны тамған, балалық, жігіттік шақтарын өткізген жер-су, елді мекен суреттері бейнеленген. Мұның бәрі де Кенен ақынның өмірімен тығыз байланысты, әндері мен жырларына арқау болған жерлер.
xa0 xa0 xa0 Екінші бөлімінде ақынның өз өмірінде шығармашылық байланыста және сыйлас-дәмдес болған қоғам қайраткерлерінің суреттері топтастырылған.
xa0 xa0 xa0 Үшінші бөлім ақынның өз шығармашылығына, өмір жолына арналған.
xa0 xa0 xa0 Төртінші бөлімін ақынның көзі тірісінде тойланған 80, 90 жылдық мерейтойларындағы фотосуреттер қамтиды. К.Әзірбаевтың үрім-бұтақтары да фотоальбомның осы бөлімінде.
Фотоальбом, негізінен, тарихшыларға, өнер зерттеушілеріне, мұрағат қызметкерлері мен жоғары және орта оқу орындарындағы өскелең жас ұрпаққа арналады.