Шытырман, жұмбағы көп, тылсым оқиға адамзатты ерте кезден-ақ өзіне қызықтырып, баурап тұратыны белгілі. Адам табиғатының да ерекшелігі сол, ол өзіне белгісіз, қызығы мол, күрделі дүниені тануға ұмтылады.
Достар, сіздерге шытырман оқиғаға толы Американың аса көрнекті жазушысы Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» атты кітабын ұсынамыз.
Твен, М. Том Сойердің басынан кешкендері [Мәтін] : хикаят / Марк Твен. ; [кітапты баспаға әзірлеген «Мазмұндама» қоғамдық қоры; орыс тілінен ауд. Ф. Оңғарсынова]. — 2 -ші бас. – Алматы : Мазмұндама, 2021. — 240 б.
Бұл классикалық туындыда Том Сойердің басынан кешкен қызықты оқиғалары суреттеледі. Оқиға тілі бай, түрлі тартыстарға толы. Кейіпкерлер және оларды өмірі, дүниетанымы арқылы сол кездегі, яғни ХVШ ғасырдағы АҚШ-тағы шағын қалашықтар тұрғындарының күнделікті жұмыс тіршілігі, қарапайым адамдардың, діни
қызметкерлердің психологиясы, болмысы, түсінігі көз алдыңа келеді.
Кейбір тұстардағы суреттер мен оқиғалар қазақ ауылындағы өмірді көз алдыңа әкелгендей болады.
Марк Твеннің 1876 жылы шыққан, азамат соғысына дейін Американың оңтүстігіндегі шағын қалада өмір сүрген балалардың қызықты оқиғалары туралы романы. Том Сойер — өте ширақ, тапқыр және ұшқалақ он екі жасар жетім бала. Романда ол ғашық болады, кісі өліміне куә болады, қылмыскерді әшкерелейді, үйден қашып, аралда тұрады, үңгірде адасып, одан дін аман шығады, ақыры, қазынаға кез болады.
Шежіре баланың тарихы болғандықтан, осы жерде тоқтауы керек, ал егер жалғаса берсе, ересек адамның тарихына айналады. Ересек адамдар туралы роман жазсаң, қай жерге нүкте қою керектігін алдын ала білесің; айталық, үйлену тойында. Балалар жайлы жазсаң, нүктені өзіңе ыңғайлы жерде қоюыңа тура келеді.
Осы кітаптағы кейіпкерлердің көбісі әлі арамызда бақытты өмір сүріп жатыр. Мүмкін, автор біраз уақыт өткен соң жас кейіпкерлердің алдағы тағдыры жайында баяндағысы келген.
Оқиға осындай шытырманға толы бөлімдерден тұрады. Осы кітапты оқи отырып, қызықты оқиғаларға куә боласыздар.