Халық жадындағы жыр алыбы

     Қазақ поэзиясының алып бәйтерегі, жыр дүлділі Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасында «Жамбыл — менің жай атым, халық — менің шын атым» атты поэзиялық кеш ұйымдастырылды.

Тағылымды жиынды Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің аға офицері, аға лейтенант Қайрат Байтиков пен кітапханашы Кәмилә Әбсеметова Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты Абай атындағы орталық кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп өткізді.

Кештің басты мақсаты — қазақ халқының ұлы жыршысы Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын насихаттау, жас буынның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Іс-шара барысында жыр алыбының өнегелі ғұмыры мен халқына қалдырған бай әдеби мұрасы кеңінен таныстырылды. Қатысушылар ақынның ел бірлігі мен халық тағдырын арқау еткен өлеңдері мен жыр-толғауларын мәнерлеп оқып, Жамбыл поэзиясының өміршеңдігі мен тәрбиелік мәніне тоқталды.

Кеш барысында сөз алған қатысушылар Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі ғана емес, тұтас ұлт руханиятындағы ерекше орнын атап өтті. Ақын жырларындағы отансүйгіштік, адамгершілік пен елдік рухтың бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде де маңызын жоймағаны айтылды.

Әдеби басқосу аясында ұйымдастырылған «Жыр дүлділі» атты кітап көрмесі де көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Көрмеге қойылған әдебиеттер арқылы оқырмандар ақынның шығармашылық әлемімен жақынырақ танысып, оның өмірі мен еңбегіне қатысты тың мәліметтер алды.

Рухани мазмұны терең поэзиялық кеш қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, ұлы жыраудың бай мұрасын насихаттауға бағытталған тағылымды шара ретінде есте қалды. Мұндай кездесулер ұлттық әдебиетті ұлықтап, жастардың тарихи танымы мен рухани дүниесін байытуға қызмет ететіні сөзсіз.

 

 Кәмилә Әбсеметова,

Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы бөлімшесінің кітапхана
меңгерушісі

Aq jol. — 2026. — 20 маусым (№67). — 11 б.

 

Жыр алыбы — Жамбыл

      Биыл қазақтың ұлы ақыны, жырау Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай елімізде «Жамбыл жылы» деп жарияланып, ұлт руханиятын ұлықтауға бағытталған ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.

 «XX ғасырдың Гомері», жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы — Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай қалалық Ғ.Мұратбаев атындағы кітапхана қызметкерлері «Жырдың жампозы — Жамбыл» тақырыбында әдеби портрет ұйымдастырып өткізді.

Кеш әсерлі ашылу салтанатымен басталып, сахна төрінде Жамбыл бейнесі ұсынылып, жүргізушінің мазмұнды сөзімен жалғасын тапты. Шара барысында облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының ғылыми қызметкері Апбасов Дидар Жамбылға арналған арнау жырын орындап, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Әдеби бөлімде №35 орта мектептің оқушылары ақын шығармаларын мәнерлеп оқыды. Кештің көркемдік бөлігінде «Жамбыл мен Айкүміс» айтысы сахналанып, көрермендер қазақтың сөз өнерінің құдіретіне куә болды. Сондай-ақ, «Ленинградтық өренім» атты тарихи көрініс ұсынылып, ақынның ел басына күн туған шақтағы рухты жырлары көркем түрде бейнеленді. Іс-шара аясында «Жыр алыбы — Жамбыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, келушілер ақынның мол мұрасымен танысты. Музыкалық бөлімде облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының үйірме жетекшісі Сәрсен Әбілқайыр «Жекпе-жек» күйін орындап, кештің мазмұнын байыта түсті.  Кештің құрметті қонағы — өлеңдері республикалық және халықаралық баспасөз беттерінде жарияланып жүрген, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, республикалық Ахыт Үлімжіұлы атындағы жазба ақындар мүшәйрасының II орын иегері Жұлдыз Бейсек болды. Ақын кеш барысында сөз сөйлеп, Жамбыл мұрасының маңыздылығына тоқталды.

Аталған әдеби кеш — жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды мәдени шаралардың бірі болды.

 

       «Киелі өлкенің кілті — біздің қолымызда» жобасы аясындағы тағылымды кездесу

      Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 90 жылдық мерейтойына орай Абай атындағы орталық кітапханада «Ұлтымыздың саф өнері — театр» атты тағылымды кездесу кеші өтті. Тағылым мен тәрбиеге толы шара мәдениет пен өнерді ұлықтауға, театр өнерінің қадір-қасиетін жас ұрпаққа насихаттауға бағытталды.

Кездесуге театр сахнасының саңлақтары — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, театр саласында 52 жыл еңбек еткен Майра Жалмұхаметқызы Алимбетова және Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, сахнада 55 жыл қызмет еткен Мәкен Рахымжанқызы Рахымжанова қатысты. Өнер иелері өздерінің шығармашылық жолдары, театрдағы қызықты сәттері мен сахна мәдениетінің қыр-сыры туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Кеш барысында қонақтар театрдың тек өнер ордасы ғана емес, адамның жан дүниесін байытып, рухани кемелденуіне жол ашатын қасиетті мекен екенін ерекше атап өтті. Олар сахнада түрлі образға ену арқылы өзге кейіпкерлердің тағдырын сезіну, адам жанының терең иірімдерін ашу — актерлік шеберліктің басты ерекшелігі екенін жеткізді. Сонымен қатар, кездесуде тұрақты оқырмандарға арналған шағын шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Оқырмандарға сахна тілі, дауыс ырғағын меңгеру, бет мимикасын дұрыс қолдану, сондай-ақ көңіл күйге сай жаңылтпаштарды айту әдістері практикалық түрде көрсетілді. Әсіресе, түрлі этюдтар арқылы актерлік шеберліктің қырлары таныстырылып, көрермендердің қызығушылығын арттырды.

Кездесу өте әсерлі әрі мазмұнды өтті. Сахна майталмандарының өмірден түйгені мен өнер жолындағы естеліктері көпшілікке ой салып, ерекше әсер қалдырды. Әсіресе, олардың шынайы әңгімелері мен сахнаға деген адалдығы жастарға үлкен үлгі болды.

 

Шералхан Жұлдыз,

Кітапхананы дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі,  Тараз қаласы

Тәрбие сағаты. — 2026. — (№4-6). — 13 б.

 

 

Мерекелік кеш

     «Бірлігіміз жарасқан — таусылмайтын жыр дастан»

      Абай атындағы орталық кітапханада 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан — таусылмайтын жыр дастан» атты мерекелік кеш өтті. Кітапханашылар А.Ноғайбаева мен Ж.Орманкулова мерекенің маңызы туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат берді. Олар бұл күннің елдегі бейбітшілік, ынтымақ, достық дәстүрлерін нығайтатын, әрбір қазақстандықтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін арттыратын ерекше мереке екенін атап өтті. Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, өңірлік «Архыз» қарашай-балқар этномәдени бірлестігінің өкілі Исмайл Хаджимуратов, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ-нің жетекші сарапшысы Жалпанова Рианна Руслановна, Немістер қоғамының этномәдениет жөніндегі үйлестірушісі Кобер Евгения Владиславовна, Корей ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ким Светлана Николаевна және №39 мектеп-гимназиясының орыс тілі пәнінің мұғалімі Салимова Венера Анваровна оқырмандарды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.

      Кездесу барысында қонақтар еліміздегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімнің маңыздылығына ерекше тоқталды. Олар Қазақстанда әрбір ұлт өз мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтай отырып, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ жастарды ел бірлігін қадірлеуге, достық пен сыйластықты нығайтуға шақырып, мұндай мерекелердің қоғамдағы ынтымақты арттырудағы қызметі зор екенін жеткізді. Жамбыл облыстық корей ассоциациясының хор ұжымы «Саран» және «Хипарам» әндерін орындады. «Поющие сердца» вокалдық ансамблі «Хопсаполька» және попурри әндерін шырқап, көрермендердің көңілінен шықты. Қазіргі заман гуманитарлық-техникалық колледжінің 1 курс білімгерлері өзбек және орыс ұлттық билерін билеп, өнерлерін көрсетті.

№39 мектеп-гимназиясының оқушылары — 9-сынып оқушысы Магаметалиев Ислам, 8-сынып оқушысы Ким Валерия, 10-сынып оқушылары Сорокина Ильвира мен Абдеев Рашит өз тілдерінде сәлемдесіп, оқырмандарға құттықтау сөздерін жеткізді.

«Қазақстан — Бірлік пен татулық мекені» атты кітап көрмесіне кітапханашы  Ж.Жаңабаева таныстырып, библиографиялық шолу жасады.

Іс-шара мазмұнды әрі әсерлі өтті. Кеш барысында әр ұлттың өнері мен мәдениеті кеңінен таныстырылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қатысушылар бірлік пен татулықтың қадірін терең сезініп, ортақ құндылықтарды дәріптеудің маңызын ұғынды. Мұндай тағылымды шаралар ел ішіндегі ынтымақты нығайтып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал етеді.

 

Саулебаева Ұлбосын,

ОККЖ-нің директоры, Тараз қаласы

Тәрбие сағаты. — 2026. — (№4-6). — 12 б.

23 сәуір — Ұлттық кітап күні

     23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №5 кітапханасында «Кітап әлемі» аясында «Поэзия әлемінде» атты кездесу кеші өткізілді. Рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бұл әсерлі шара аясында кітаптар шеруі ұйымдастырылып, оқырмандарға ерекше көңіл күй сыйлады. Кітапқа деген қызығушылықты арттырып, оқырман мен руханият арасындағы байланысты нығайтты.

     Кештің негізгі мақсаты — жергілікті ақын-журналист Хамит Есаманның шығармашылығын кеңінен насихаттау болды. Кездесу барысында қаламгер өз туындыларын оқып, поэзияның терең сырлары мен шабыт әлемі туралы ой бөлісті. Хамит Есеман — қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер. Ол қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, халықтың үнін жеткізген тұлға ретінде танылды. Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармалары жайлы айтылып, оның әдебиеттегі орны талқыланды.

№5 кітапхана жанындағы «Дарын» шығармашылық клубының мүшелері ақын еңбектерінен үзінділер оқыды. Сонымен қатар Тараз қаласының өнерпаздары би билеп, кештің мазмұнын байытты.

Кітапханашылар ұйымдастырған «Ұлы боп күн кешкім келеді» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Оқырмандар кеш қонағына сұрақтар қойып, ақын шығармашылығымен тереңірек танысты. Бұл кездесу Хамит Есеманның мол мұрасын ұлықтап, жас ұрпаққа таныстыруға мүмкіндік берді. Сонымен бірге Абай атындағы орталық кітапханасында 23 сәуір — Ұлттық кітап кұніне орай «Ой маржаны — кітап» тақырыбында ашық есік күні өтті. Рухани мазмұны терең шара кітап көрмелері мен түрлі инсталляциялар арқылы безендіріліп, оқырмандарға ерекше мәдени орта қалыптастырды.

Іс-шара барысында жүргізушілер кітаптың адамзат өміріндегі маңызына тоқталып, оқырмандарды мерекемен құттықтады. Философиялық мазмұндағы сахналық көрініс қойылып, кітап пен оқырман арасындағы рухани байланыс көркем түрде бейнеленді. Бұл көрініс арқылы ақпараттық дәуірдегі кітаптың рөлі терең ашылды.

Мәдени бөлімде Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының өнерпазы Сәрсенбай Әбілхайыр күй орындап, көрермен ықыласына бөленді. Сонымен қатар, кітапхана өміріне белсене қатысқан бірқатар оқырмандар марапатталды. Олардың қатарында Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Думан Мауленов, Тараз қалалық мәслихат депутаты Азамат Лесбек және жас оқырман Бақытжанқызы Аиша бар.

Кештің құрметті қонағы — Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, балалар жазушысы, сатирик-ақын Бақытжан Әлімқұлов болды. Қаламгер өз шығармашылығы туралы ой бөлісіп, оқырмандармен әңгімелесті. №63 мектеп оқушылары ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, кеш мазмұнын толықтыра түсті.

«Жанды кітап» бөлімінде Бақтияр Бекназаров кітаптың өмірдегі орны туралы тағылымды пікірлерін ортаға салды. Іс-шара соңында балаларға арналған «Додокаэдр»  ойыны ұйымдастырылып, олардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған қызықты сәттер сыйлады. 23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай «Бүгінгі кітап — ертеңгі білімнің  негізі» атты кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани құндылықтарды насихаттау. Жәрмеңке барысында көркем әдебиет, балаларға арналған кітаптар, танымдық және ғылыми еңбектер көпшілік назарына ұсынылып, оқырмандар жаңа басылымдармен танысып, өздеріне қажетті кітаптарды таңдау мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, шараға білім мен рухани байлықтың қайнар көзі саналатын «Атамұра» баспасының өкілі және оқырманға сапалы әдебиеттерді ұсынуда аянбай еңбек етіп жүрген «Кітап ал» кітап дүкенінің өкілдері қатысып, өздерінің кітап өнімдерін көпшілікке ұсынып, сатылымға шығарды.

Ұлттық кітап күніне орай  Ғ.Мұратбаев атындағы кітапхана №35 орта мектеп оқушыларымен бірге «Кітап әлемі-ғажайып әлем» атты дивертисмент кешін өткізді. Мақсаты — оқушыларға кітаптың маңызын түсіндіру, кітапханаға қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және оқу мәдениетін қалыптастыру болды. Кеште жүргізуші кітаптың білімнің қайнар көзі екенін атап өтті, оқушылар тақпақтар оқып, «Қазақ биін» орындады, жұмбақтар шешіп, «Жасырын кейіпкерді тап» ойынына қатысты. «Менің атым Қожа» мен «Жусан иісі» шығармаларынан үзінділер ұсынылып, оқушылар белсенділік танытты. Кітапхана қызметкерлері «Кітап — білім қазынасы» көрмесін таныстырып, балалар әдебиеті мен танымдық кітаптарға шолу жасады. «Жалғастыр» ойыны мен сұрақтар арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізді. Іс-шара соңында кітаптың адам өміріндегі маңызы тағы да айтылып, оқушылар кітап оқуға шақырылды. Кеш мазмұнды әрі қызықты өтіп, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырды.

Саулебаева Ұлбосын,

ОККЖ-нің  директоры, Тараз қаласы

Тәрбие сағаты. — 2026. — (№4-6). — 12-13 б.

 

 

Қоғам мінберіндегі қаламгер

    Сатира жазуды оңай дүние деуге болмайды. Ол күлкілі сөздерді тізбелеу немесе сыпырмай сынап, жүйесіз міней беру де емес. Өзінің бұлжымас талаптары болатын қиын, мағынасы терең, мазмұны бай жанр. Бұл жанрды тізгіндеген белгілі журналист, жазушы Оралхан Дәуітті оқырман «Ақ самаурын» кітабы және әлеуметтік желіде жарияланып жүрген шымыр шымшыма әңгімелері арқылы жақсы таниды.

Сатиралық тамаша туындылардың авторы, облыстық мәслихаттың депутаты, Ақпарат саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Аq jol» газетінің бас редакторы Оралхан Әбдірашұлы биыл ердің жасы 50-ге толды. Осы жастың құрметіне орай Тараз қаласы Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты № 6 кітапханасында жазушымен «Қоғам мінберіндегі қаламгер» тақырыбында әдеби кеш өтті. Мазмұнды іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың қазақ әдебиетіне, мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, жастардың рухани жандүниесін байыту.

Әсерлі кеште қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашса, «Бозторғай» ән-күй ансамблі «Жігер» күйін орындады. Ал қаламгердің өмір жолы, шығармашылығы және азаматтық болмысы жайында кітапхана қызметкері Аңсаған Усаева таныстырды. Айтыскер ақын, облыстық айтыскер ақындар, жыршытермешілер орталығының ғылыми қызметкері, «Әулие Ата» үміті сыйлығының иегері Дидар Апбасов жазушының мерейтойына жүрекжарды арнауын арнады. Сондайақ «Қаламгер-руханият шырақшысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, сатириктің «Ақ самаурын» кітабына кітапханашы Жанар Егеубаева библиографиялық шолу жасады. Кеш барысында қаламгердің «Ақ самаурын» шығармасы желісі бойынша кітапхананың тұрақты оқырмандары сахналық көрініс қойды.

Кеш қонақтары Оралхан Әбдірашұлының шығармашылығы мен азаматтық болмысы жайындағы жылы естеліктері мен жүрекжарды лебіздерін білдірді. Балалар жазушысы Марат Құлибаев қаламгер шығармаларының мазмұнына, мағынасының тереңдігіне, астарлы ойдың берілу шеберлігіне тоқталды. Ал «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ерұлан Мағзымбеков журналистжазушының қайраткерлік тұлғасын аша түсті. Ақын, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Табиғат Абаилдаев Орекеңнің сойып түсер сын мақалаларының алмас қылыштай өткірлігін, басшылық қайраткерлігін сөз етті.

Өз кезегінде қаламгер Оралхан Әбдірашұлы оқырмандар мен шығармашылығы рухани әлемі жайлы және балалық шақта басынан өткен қызықты, әсерлі әңгімелерімен бөлісіп, оқырмандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Кешті Тараз қаласы әкімдігі «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің бас маманы Марал Алтынбекова мен орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Ұлбосын Сәулебаева қорытындылады.

Айгерім Бекпатшаева,

№6 қалалық кітапхана меңгерушісі

Әулиеата. — 2026. — 2 маусым (№41). — 1 б.

Журналистермен жылы кездесу

     Қай кезеңде де баспасөз қоғамның үні, уақыттың айнасы, бұқара мен биліктің арасын жалғайтын алтын көпірі болған. Бұл қатарда жарқын із салып келе жатқан жағымды жаңалықтар мен жарқын жетістіктердің жаршысы, шаһарымыздың бас басылымы — «Jambyl-Taraz» газеті биыл 30 жылдық белеске қадам басты. Осыған орай Тараз қаласындағы М.Әуезов атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен «Шаһардың үнпарағы» атты кездесу кеші өтті.

Ардагерлер, кітапхана кызметкерлері мен студент жастар қатысқан шарада сөз алған «Jambyl-Taraz» газеті бас редакторының орынбасары Мұратхан Әлімхан басылым тарихына терең тоқталды. Сонымен қатар газет тілшілері Арайлым Шабденова мен Жұматай Көксубайұлы басылым көне шаһардың жылнамасын түзіп қана қоймай, еліміздің қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өмірінің де шежіресін жасап келе жатқанын атап өтті.

Шара барысында оқырмандар «Jambyl -Taraz газетінің тарихы» атты бейнебаян арқылы басылымның қалыптасу жолымен танысты. Сонымен бірге қатысушылар журналист мамандығына қатысты көкейдегі сауалдарын қойып, кеңірек мағлұмат алды.

Мерейтой аясында өткен басқосуда кітапхананың тұрақты оқырманы, №13 мектептің 7-сынып оқушысы Д.Сұлтанхан домбырамен әуелете ән шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйласа, кітапхана қызметкерлері «Шаһардың шырайлы шұғыласы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, көпшілік назарына ұсынды.

Салтанатты шара соңы «Радонеж» орыс этномәдени бірлестігінің «Пламя» вокалдық ансамблінің он шашуымен түйінделді.

Айта кетейік, «30 жылдыққа — 30 шара» аясындағы мұндай тағылымды кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

 

Жұмаш Жолболды

Jambyl -Taraz. — 2026. — 22 мамыр (№40). — 2 б.

 

Жыр жампозы халқымен бірге мәңгі жасайды

     «ХХ ғасырдың Гомері» атанған ұлтымыздың мақтанышы, айтыс өнері мен халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар әлі де толастар емес.

Жуырда қалалық Ғани Мұратбаев атындағы кітапхананың қызметкерлері де А.Гайдар атындағы №35 мектеп оқушыларының қатысуымен «Жыр жампозы – Жамбыл» атты әдеби кеш өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жыр алыбының шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, ақын поэзиясындағы елдік рух пен халықтық идеяларды жас ұрпақтың санасына сіңіру, ұлттық әдеби құндылықтарды дәріптеу.

Кеш кітапханашы Гүлжан Бошаеваның Жамбыл жайлы тың деректерге толы кіріспе сөзімен және 4-сынып оқушылары Айзере Пансатбек пен Маржан Балғымбайдың қазақ биімен ашылды. Одан кейін облыстық айтыскер ақындар мен жыршы термешілер орталығының ғылыми қызметкері Дидар Апбасов Жамбылға арнаған арнау жырын орындап, көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады. Келесі кезекте аталған мектеп оқушылары Сезім Атабаева, Дильназ Әбдіқапарова, Ғазиза Серікбек ақынның түрлі тақырыптағы өлең-жырларын нақышына келтіре оқып, Ж.Жабайұлының поэзияда да алар орны ерекше екенін тағы да дәлелдеді.

Кештің келесі бөлімінде «Жамбыл мен Айкүміс» айтысы сахналанып, көрермендер қазақтың айтыс өнерінің құдіретіне куә болды.

Сонымен қатар Жамбыл бабамыздың Ұлы Отан соғысы кезінде үш ай бойы қоршауда болып, қиындық құрсауында күн кешкен ленинградтықтарды жігерлендіріп, жеңіске деген үміттерін үкілей түскен әйгілі «Ленинградтық өрендерім» атты рухты өлеңін жазу үстіндегі сәті М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының білімгері Жандос Үсеннің сомдауында әсерлі шықты.

Тақырып аясында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар мен арнайы қонақтар ақынның мол мұрасымен танысты. Ал музыкалық бөлімде облыстық айтыскер ақындар мен жыршы термешілер орталығының үйірме жетекшісі Сәрсен Әбілқайыр домбырамен «Жекпе жек» күйін орындаса, осы орталық ішінен құрылған «Ақберен» үйірмесінің шәкірті Айымжан Амантай «Жамбылға арнау» атты өлеңін оқып, кештің мазмұнын байыта түсті.

Іс-шара соңында арнайы шақырылған құрметті қонақтардың бірі, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, ақын Жұлдыз Бейсек жыр алыбы Жамбылдың айтыс өнеріне қосқан үлкен үлесі мен жетістіктеріне, өнегелі өмір жолына жан-жақты тоқтала келе, өз өлеңдерінен шашу шашты.

Тағылымы мол кешке жиналғандар Жамбыл жырларынан сусындап, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, әдемі әсермен тарасты.

Бағира Бұлтанқұлова,

Ғ.Мұратбаев атындағы кітапхана қызметкері, Тараз қаласы

Ar-Ai. — 2026. — 22 сәуір.

Ұлт болашағы тәрбиелі ұрпақ

     Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №4 кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұлт болам десең — ұрпағыңды түзе» атты мазмұнды әрі тағылымы мол танымдық кездесу өтті.

Жиынның мақсаты — өскелең ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және отбасының қоғамдағы рөлін арттыру мәселелерін кеңінен талқылау болды.

Кездесуге қоғамда өзіндік орны бар білікті мамандар мен тәжірибелі аналар қатысты. Атап айтқанда, ғалым, ұстаз, еңбек ардагері, Тараз қалалық «Аналар алқасының» төрайымы Жанат Сарыбекова, дәстүрлі әнші, композитор Айгүл Макашева, еңбек ардагерлері Нұржамал Пралиева мен Ханымкүл Бесінбай, сондай-ақ кітапхана жанындағы «Аналар кеңесі — ұлағат мектебі» клубының мүшелері бас қосып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісті.

Жиын барысында ұлт болашағы — саналы да тәрбиелі ұрпақ екені ерекше атап өтілді. Қонақтар өз сөздерінде бүгінгі жас буынға спалы білім мен саналы тәрбие беру – барша қоғамның ортақ міндеті екенін жеткізді. Әсіресе ата-ана мен қоғамның бірлескен еңбегі ғана нәтижелі тәрбиеге жол ашатынына баса мән берілді. Сонымен қатар ұлттық рухты асқақтату, салт-дәстүрді жаңғырту және адамгершілік құндылықтарды сақтау мәселелері кеңінен қозғалды.

Іс-шара аясында №3 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Айгерім Баймұханова «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында тәрбиелік мәні зор көрініс ұсынып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ал облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы үйірмесінің шәкірттері Әсел Мұратқызы, Мирас Жамалбек және Канат Джасаров ана тақырыбындағы жүрекке жылы өлеңдерін оқып, кештің әсерін арттыра түсті.

Сондай-ақ «Сіздің бала тәрбиелеу стиліңіз?» тақырыбында ашық форматтағы сұрақ-жауап ұйымдастырылып, клуб мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісті. Аналар бала тәрбиесіндегі ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері жөнінде пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісуге мүмкіндік алды. Белсенді диалог алаңына айналған бұл бөлім қатысушылардың қызығушылығын арттыра түскені жасырын емес.

Іс-шара соңында кітапхана қызметкерлері ұйымдастырылған «Тәрбие түбі — ұлттық болмыс»  атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Бұл көрме қатысушыларға ұлттық тәрбиенің терең тамырына үңілуге, рухани құндылықтарды қайта зерделеуге жол ашты.

Осындай мазмұнды кездесулер — ұлттың болашағын қалыптастыратын жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, қоғамдағы тәрбиенің маңызын арттыра түсетін маңызды бастамалардың бірі екені анық.

Мақпал Сүйінбай

Aq jol. — 2026. — 18 сәуір.

Жаңа Конституция жобасы жастарды дамытуға жол ашады

Конституциялық реформа-мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа келісім. Ал, ел өміріндегі мұндай маңызды шешімдерге жаңа толқын үнемі үн қосып келеді. Осы бағытта Қазақстан Халық партиясының облыстық филиалы М.Әуезов атындағы кітапханада Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасын түсіндіруге арналған кездесу өткізді.

   Маңызды басқосуға жас мамандар, қалатұрғындары, қоғамдық белсенділер мен түрлі сала өкілдері қатысып, елдің негізгі заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде жан-жақты мағлұмат алды.

Кездесуді партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Б.Колтаев ашып, Конституциялық реформалардың қоғам өміріндегі маңызына тоқталды. Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, мемлекеттің даму бағытын айқындайтын басты құжат екенін атап өтті. Ал, филиал төрағасының міндетін атқарушы Р.Аққозиев Конституция жобасын халық арасында кеңінен түсіндірудің маңыздылығына назар аударды. Оның айтуынша, мұндай кездесулер қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

Кездесудің негізгі спикері — Тараз қалалық мәслихатының депутаты Қ.Бибазарова жаңартылған Конституция жобасында ұсынылып отырған өзгерістерді жан-жақты түсіндіріп, әрбір түзетудің мәні мен маңызына тоқталды. Спикердің айтуынша, бұл реформалар заң үстемдігін күшейтуге, азаматтық қоғамды дамытуға және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Кездесу ашық әрі мазмұнды пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі тұшымды жауаптар алды. Іс-шара соңында жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасын қолдайтын- дарын білдіріп, мұндай ақпараттық-түсіндіру кездесулерінің қоғам үшін аса маңызды екенін атап өтті.

  Амангелді Әбіл

Әулиеата. — 2026. — 10 ақпан.

 

Кітапты сүйіп оқы, көңілге түйіп оқы

       Тараз қаласының Абай атындағы орталық кітапханасында «Оқы, ойлан, өс» тақырыбында кітап оқу акциясы өтті. Қалалық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шара жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани құндылықтарды дәріптеу, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және зияткерлік дамуға серпін беруге бағытталды.

 Акция барысында қатысушылар кітап көрмесімен танысып, әртүрлі жанрдағы әдеби шығармаларды парақтап, өздерінің сүйікті кітаптары мен авторлары жайында ой бөлісті. Сонымен қатар кітап оқудың жеке тұлғаның қалыптасуына, сыни ойлау қабілетінің дамуына және дүниетанымының кеңеюіне әсері туралы мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырылды. Кітапхана мамандары заманауи әдебиеттер мен жаңа басылымдар туралы ақпарат ұсынып, жастарды тұрақты түрде кітап оқуға шақырды.

Шара аясында еркін форматтағы талқылау алаңы құрылып, қатысушылар арасында ашық диалог орнады. Жастар өзекті тақырыптарды қозғап, кітап оқу мәдениетін дамыту жолдары жөнінде ұсыныстар білдірді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға ұйымдастырушылар мен кітапхана қызметкерлері тарапынан нақты жауаптар берілді.

Кездесу барысында рухани-мәдени құндылықгарды насихаттау, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру мәселелері де қамтылды. Шара жастардың белсенді қатысуымен өтіп, мазмұнды әрі әсерлі атмосфера қалыптастырды.

Дархан Байпақ,

Тараз каласы әкімдігінін ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстык орталығы»
КММ ұйымдастыру және жастар бастамаларын қолдау секторынын менгерушісі

Jambyl-Taraz. — 2026. — 27 ақпан (№16). — 7 б.