Тараздық оқушы республикалық «Шәкәрім оқуларының» жеңімпазы атанды

Ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай Астанада Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен «Шәкәрім оқулары» республикалық байқауы өтті. Жарыстың демеушісі «Адал-ас» компаниясы болды.

Байқауға Тараз қаласындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің тұрақты оқырманы, жерлесіміз, 6-сынып оқушысы Айханым Қайрат та қатысты. Айханым ақын шығармаларын мүдірмей мәнерлеп оқып, қазылар алқасының барлық сұрағына дұрыс жауап берді. Осылайша Айханым Қайрат байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.

Айханымды байқауға дайындаған тәлімгері №6 қалалық кітапхананың меңгерушісі Әйгерім Бекпатшаева «Қазақстанның білім беру ісінің қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.

Jambyl-Taraz. — 2023. — 28 наурыз

Жастар — болашақтың алтын діңгегі

Қоғамның негізгі өзегі — жастар. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақтатып, көкке көтереді. XXI ғасыр жастары өте батыл, ойын бүкпесіз ашық айтатын, өзін-өзі дамытуды алға қойған тәуелсіз заман азаматтары. Олардың көпшілігі оқығанды, білгенді, ізденгенді жақсы көреді. Білімді, сауатты, ел тұтқасы болар азаматтарды өсіремін деген ел жастарын алдымен кітап оқуға баулыйды.

Кітапхана — рухани байлықтың кені, болашақ бәсекеге қабілетті жандардың сүйікті орны. Қандай заман, қай қоғамда болмасын білімнің көзі, дамудың кілті болып келген кітап білектің емес, білімнің күшіне сенген осы уақытта, әсіресе, жастарға керек. Ел ертеңі жастар болғандықтан, олардың қазіргі хал-ахуалы, тәлім-тәрбиесі, алып жатқан білімі — бәрімізге маңызды. Сондықтан да өскелең ұрпақтың талабын қанағаттандыруға, рухани байлығын, жалпы қабілетін дамытуға, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруды іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше. Оқырман топтарынын ерекше бір тобы жастар арасында кітап пен оқуды насихаттау жастардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына Тараз қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі де үлес қосуда.

Кітапханаларда түрлі жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы жастарды кітапханаға тарту мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Кітап пен оқуды ілгерілету бойынша сайыстар, акциялар, флэшмобтар, буккросингтер, кітаптардың тұсаукесерлері және авторлармен, баспагерлермен кездесулер, кітап фестивальдері, кештер, пікірталастар, конференциялар, кітап жәрмеңкелері, әдеби пати, поэзия пати, библиокафе, кітапхана түні, әдеби кейс, печа-куча т.б жаңашыл түрлері көптеп ұйымдастырылуда. Жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосу мақсатындағы «Жастар кітап әлемінде», «Анаға тағзым» орталығымен бірлескен «Кітап және отбасы» жобалары өлкемізде әр салада түрлі жетістіктерге жетіп жүрген, өз ісінің мамандары мен өлкемізге танымал тұлғалармен оқырмандарды кездестіруде. Сол арқылы жастардың мамандықты дұрыс таңдауына ықпал етіп, «Киелі өлкенің кілті — біздің қолымызда» атты жобасы аясында жастарға үлгі болар, түрлі тақырыптарда іс-шаралар, сонымен қатар оқырмандардың бос уақыттарын тиімді өткізуге, оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығымен» бірлескен іс-шаралар өткізіліп, заман талабына тез бейімделе алатын жаңа қоғамның дара тұлғасы атануына, саналы ұрпақ болып жетілуіне ықпал жасалуда. Жүйедегі заманауи ақпараттық құрылғылармен жабдықталған, адамның бос уақытының пайдалы әрі тиімді өтуіне негізделген және бірлесе жұмыс істейтін, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беретін «Коворкинг» орталықтарында да өткізілетін іс-шаралардың жастар үшін берері мол. Осындай жас ұрпақтың бетін кітапқа бұрып, ықыласын кітапханаға аударатын іс-шаралар арқылы ұрпаққа ізгіліктің кілтін ұстатып, кітап әлемімен таныстыратын, әрбір оқырманға жан шуағын шаша білген, сұранысын қамтамасыз ете алатын, жан-жақты, өзіндік пікірі бар, әр ісіне есеп бере алатын кітапханашылардың еңбектері ұшан-теңіз. Кітапханашылар білім, ғыльім, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда. Кітапханаға талабы таудай, қабілетті, ізденімпаз жастарды рухани азық кітап оқуға шақырамыз!

Улбосын Саулебаева,

Тараз қаласы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры

Jambyl-Taraz. — 2023. — 28 наурыз

Әз-Наурызда Әзизханның тұсауы кесілді

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №4 кітапханасында Наурыз мерекесіне орай, халқымыздың салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында «Бақ-берекем, құт-берекем – әз-Наурыз» атты әдеби- сазды кеш өткізілді.

Оқырмандарға Наурыз мерекесіне қатысты танымдық мәліметтер беріліп, қазақ дәстүрінде тәрбиелік мәні жоғары жоралғының бірі – баланың тұсауын кесу рәсімі көрсетілді. Онда Әзизхан Қайрат есімді

1 жасар сәбидің тұсауы кесілді. Бүлдіршіннің тұсауын Тараз қаласындағы Шолохов атындағы кітапхананың меңгерушісі Айнаш Тасмаханбетова қиды.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы балалар жыл басы жайлы өлеңдер оқып, әндер орындады. Тақырыпқа байланысты «Нұр тарайды Наурыздан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Наурыз тойының шығу төркіні, қазақ халқының әдет- ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамдары туралы әдебиеттер қойылып, библиографиялық шолу жасалды. Осылайша, кітапхана қызметкерлері Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет- ғұрпымызбен байланыстыра насихаттады.

Гүлзада БӨЛЕНТАЕВА,

№4 кітапхана меңгерушісі. Тараз қаласы

Aq jol. – 2023. – 20 наурыз

Ана тілім — айбыным

Тараз қалалық №6 кітапхананың филиалында 21 ақпан — Халықаралық ана тілі күніне орай оқырмандардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, оның қадір-қасиетін бойларына дарыту мақсатында «Жасай бер, ана тілім — қазақ тілі» атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева, бөлімнің бас маманы Айгерім Құдайбергенова, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ғылыми қызметкерлері, танымал айтыскер ақындар Ербол Қамбатыров пен Дидар Апбасов, №125 білім беру академиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерлан Нұрлан, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің және Тараз сервис және технология колледжінің студенттері Надежда Шамлидидпен Аяна Ким қатысты.

Шара барысында қатысушылар халқымыздың аса бай рухани қазынасы — туған тіліміз жайында тереңнен сөз қозғап, орамды ойларын ортаға салды. Сонымен қатар Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің студентгері тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқыса, кітапхана қызметкерлері «Тілім менің — тірлігімнің айғағы» атты кітап көрмесін көпшілік назарына ұсынды. Көрме ая-сында «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы» атты кітапқа библиографиялық шолу жасалды.

Айгерім БЕКПАТШАЕВА,

қалалық №6 кітапхананың меңгеруіпісі

Jambyl-Taraz. — 2023. — 17 ақпан

Ұлттық дәстүрді дәріптеу

Халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрінен үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт — дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Орталықтандырылған көпшілік кіткапханалар жүйесінің филиалы Ғ. Мұратбаев кітапханасының қызметкерлері №35 орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Анаға тағзым» орталығында «Салт-дәстүрлеріміздің қыз тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында іс-шара өткізді.

Іс-шара салт – дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз бен ұлттық құндылықтарымыз туралы жүргізуші Гүлжан Бошаеваның ақпарат беруімен басталып, қазақтың салты құдалықтың жөн-жоралғыларын дәріптейтін «Қыз айттыру» және «Сырға салу» салтынан көрініс көрсетумен ұласты.

Көріністе қазақтың құда түсу салты кеңінен дәріптеліп, ұмыт бола бастаған жөн-жоралғылар көрсетілді. Сонымен қатар «Ата салтым — асыл мұрам» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылып, ондағы кітаптарға кітапханашы Бағира Бұлтанқұлова библиографиялық шолу жасап өтті.

Іс-шарамыз кітапхана меңгерушісі Жанагүл Тоқмырзақызы салт-дәстүр туралы жастарға айтқан сөзімен аяқталып, ән шашумен ұласты

Арай. – 2023. – 15 ақпан

 

Жасай бер, ана тілім — қазақ тілі

Тараз қалалық №6 кітапхананың филиалында 21 ақпан – халықаралық ана тілі күніне орай оқырмандардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір қасиетін бойларына дарыту мақсатында «Жасай бер ана тілім – қазақ тілі» атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

Іс – шараға Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева, бөлімнің бас маманы Айгерім Құдайбергенова, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының ғылыми қызметкерлері, танымал айтыскер ақындар Ербол Қамбатыров пен Дидар Апбасов, №125 Білім беру Академиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ерлан Нұрлан, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Надежда Шамлидид және Тараз сервис және технология колледжінің студенті Аяна Ким қатысты.

Шара барысында қатысуылар халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған тіліміз жайында сөз қозғап, орамды ойларын ортаға салды. Сонымен қатар Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің студенттері тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп жатқа оқыса, кітапхана қызметкерлері «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынды. Көрме аясында Ахмет Байтұрсынұлының «Тілтанымдық мұрасы» атты кітабына библиографиялық шолу жасалды.

Jambyl-Taraz. — 2023. — 15 ақпан

Ауған асуында от кешкендер

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапханада «Ауған асуында от кешкендер» атты кездесу өтті.

Кездесуге облыстық облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрмет орденінің иегері Дүкенбай Ермеков, қалалық №32 орта мектебінің кітапханашысы Дина Қаратаева, тарих пәнінің мұғалімі Жадыра Ауежанова мен оқушылар ат салысты.

Ауған соғысы туралы мәлімет беретін бейнеслайд көрсетіліп, оқырмандар тарихи оқиғадан хабардар болды. Дүкенбай Ермеков Ауғанстан жерінде болған соғыстың тарихи мағынасы туралы жан-жақты мәліметтер айтып, ерлік пен елдіктің өнегесін көрсеткен батыр жерлестеріміз жайлы тебіренісін жеткізді. Көрермендер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Іс-шарада мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндерін тарту етіп, оқушылар ардагерлерге арналған өлеңдер оқыды. Кеш соңында кітапхана қызметкерлері «Бейбітшілік – ел тілегі» атты кітап көрмесін дайындап, библиогафиялық шолу жасады.

А. Бекпатшаева, кітапхана меңгерушісі

Арай. – 2023. – 15 ақпан

Жүзден жүйрік жас толқын

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевқа қандай құрмет көрсетілсе де артық емес. «Мұқағали Мақатаев оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңі облыс әкімдігі білім басқармасына қарасты «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының және Тараз қалалық орталықтандырылған Абай кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен аталған кітапхананың базасында өтті.

Бұл жолы да жүзден жүйрік оқушылар үш аталым бойынша сынға түсті. Атап айтқанда, «Айтып өткен ақында арман бар ма?» (Ақынның шығармаларын жатқа оқу) атты аталым бойынша М.Мақатаевтың өлеңдерін көп жаттаған және мәнеріне келтіріп оқи білген Байзақ ауданы №1 гимназиясының 8-сынып оқушысы Ұлпан Сүндет бас жүлдені иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. «Жыр эстафетасы» (Ақынның поэмаларын жатқа оқу) аталымында Қордай ауданындағы №26 Ж.Жабаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Диясбек Рахатов жеңімпаз атанды. М.Мақатаев поэмаларын жаттауда дес бермеген Диясбек енді өңір намысын абыройлы қорғайды деген сенімдеміз.

«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» (Ақынға арналған авторлық өлендер) аталымында оқушылар өзара сынға түсті. Бұл аталымға ақындар Ғайни Әлімбекқызы, Ақтолқын Құлекеева және ғалым Меңдібай Әбілұлы қазылық жасады. Қазылардың шешімімен бас жүлде — дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей интернатының 8-сынып оқушысы Қанат Нұрғанатқа берілді. Енді ол республикалық кезенде бақ сынайды. Ал жүлделі бірінші орын Тараз қаласындағы №44 Шона Смаханұлы атындағы орта мектептің оқушысы Ұлдана Өсерге бұйырды.

Есет ДОСАЛЫ

Aq jol. — 2023. — 14 ақпан

«Ауғанстан – біздің жадымызда»

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай Абай атындағы орталық кітапханасында ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ауғанстан – біздің жадымызда» атты кездесу кеші өткізілді.

Іс-шараға Жамбыл облысы және Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері, қоғам белсендісі Дүкенбай Ермеков және ауған ардагері Ералы Сұлтан қатысып, өмірлерінің өлшеулі бір бөлшегін, жауқазын жастық шақтарының үлесін оқ пен от арасында өткізген күндері туралы кітапхана оқырмандарымен ой бөлісіп, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды.
Кешке қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының оқушылары бейбітшілік, достық туралы патриоттық әндер шырқады.

Ауған соғысы жауынгерлерінің ерліктері туралы баяндайтын «Ауған соғысының ақиқаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Даңқ» атты энциклопедиялық анықтамалыққа библиографиялық шолу жасалды.

Jambyl-Taraz. — 2023. — 10 ақпан

Баукеңнің көп қыры

Абай атындағы орталық кітапханада «Бір өңір – бір кітап» акциясы аясында Кеңес Одағының Батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, жазушы, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының шығармаларын жастар арасында насихаттау мақсатында «Қазақтың Бауыржаны» тақырыбында танымдық кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Бауыржан Моxadмышxadұлының поэзиясы» атты кітаптың авторы, филология ғыxadлымдарының кандидаты Сейxadсекүл Исматова, «Бауырxadжанxadтану» ғылыми-зерттеу орталыxadғыxadның қызметкері Әлімxadбай Найxadзабаев бастаған мейxadмандар қаxadтысып, Бауыржан Момышxadұлыxadның азаматтық бейнесі, шыxadғарxadмашылығы туралы ойларын ортаға салды.

Танымдық кеш барысында Тараз сервис және технология колледжінің студенті Альмира Ибаxadділда, №45 классикалық гимxadназияның оқушылары Аруна Руслан, Әдел Пернебек Қасым Аманжоловтың «Бауыржан», Баxadуыржан Момышұлының «Есxadкертпе», «Ана тіліңді ардақта» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Өзге де студенттер даңқты қолбасxadшы жазған шығармалардан монолог орындап, көзге түсті.

Мәнді монолог, әдемі әндерxadмен әдіптелген кеште Тараз сервис және технология колледжінің студенттері Ерасыл Түйтебай мен Айсұлу Шәйкен батырдың «Москва үшін шайқас», Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» кітаптары туралы көкейге түйxadген ойларымен бөлісті. Соңыxadнан кітапхана қызметкері Рауxadшан Қалxadжанова Әзілхан Нұршайыxadқовxadтың «Ақиқат пен аңыз» кітаxadбына библиографиялық шолу жасады.

Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ

Egemen Qazaqstan. — 2023. — 3 ақпан