Кітап – адамзаттың ең жақын досы және ақылшысы, даналық пен білімнің қайнар көзі. Осыған орай, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі «Көркемсурет» ғимаратында «Art&Science»: Білімге деген құштарлық» Jambyl Book Fest» атты кітап фестивалі өтті.
Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін жоғарылату, кітап пен оқуға деген қызығушылықты ояту, кітап пен ғылымды дәріптеу мақсатында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі бірлесіп өткізген шара аясында «Кітап жәрмеңкесі», «Оқуға құштар оқырман» – оқу марафоны, «Ауылға кітап» – кітап сыйла акциясы, «Кітапхана және ритейл» тәжірибе алмасу, «Балаларға базарлық», «Сиқырлы әріптер сыры» – Брайль кітаптарының көрмесі, «Білім мен ғылымның көкжиегі» ашық алаңы, «Жаңа кітапқа жарқын жол» – жаңа кітаптардың тұсаукесері ұйымдастырылды.
Сонымен қатар Татарстан Республикасы Қазан қаласынан келген педагогика ғылымдарының кандидаты, Роберт Мансуров, академик Расых Салахов және Астана қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасынан, ҚР Жазушылар одағынан өкілдер, елімізге танымал ақын-жазушылар Жүсіпбек Қорғасбек, Бейбіт Сарыбай қатарлы қаламгерлер қатысып, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ кітап құмарлардың мерекесінде еліміздегі 20-ға жуық баспаның төл өнімдері ұсынылды.
Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ
Jambyl-Taraz. — 2024. – 26 сәуір (№33). — 2 б.

Кемеңгер ақынның өшпес мол мұрасын, туындыларын жастарға насихаттау, сүйіспеншілігін оятып, жігерлендіріп, биік мақсаттар қоюға ықпал ету мақсатында Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі де өз үлесін қосуда.
Жобаның мақсаты — білімді қоғам топтарын шоғырландыру, отандық жазушыларды қолдау, оқырмандарға міндетті түрде оқу үшін кітаптың өзін ұсынған нұсқасын жасау.
Іс-шара тағдырдың жазуымен елге оралмай қалған Ауған соғысында көз жұмған қаһарман жерлестерімізбен бақилық болған бауырларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Айталық, Абай атындағы орталық кітапханасында «Қазақ халқына мың алғыс» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызмет алушылары Ольга Цой, Инна Герасименко, ҚР Ұлттық Ұланы 5513 әскери бөлімінің 1-бөлімше сарбаз атқышы Дәулет Қасеновпен, М.Әуезов атындағы кітапханасы Жамбыл облысы өзбек қоғамдық бірлестігінің өкілі Абдрахман Зайнутдиновпен «Ризашылық — мейірімділік бұлағы» атты сұхбат, №5 кітапхана Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің мамандары Валентина Досыбаева, Жазира Шілдебаева, «Тараз-Болашақ» медициналық орталығының медбикесі Күлшат Дәрібаева «Алғыс айту — парызым» атты «дөңгелек үстел» отырысын, №6 кітапхана зейнеткер Пак Еленамен және №32 орта мектебі мұғалімі Алина Штокаловамен «Алғыс айту — асыл қасиет» атгы кездесу кештерін өткізді.
Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылы Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Қазақтардың әрекетін сезген, қазақ жерін тұтас жаулау ниетіндегі жоңғарлар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды. Ғасыр шайқасы 1729 жылы болды. Шайқастың басында Бөлек батыр Қараұлы жоңғар әскерлерінің қолбасы Аңырақаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтірді. Осылайша қазақ қолдарының рухы көтерілді. Шайқаста қалмақтар жеңіліп, Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.