Мұстафин Ғ. Өмір белестері

Биыл қазақ әдебиетінің бай қазынасына өзіне тән өрнекті сөз, өрелі туынды қалдырып, орасан зор шығармашылық ерен еңбегімен елеулі үлес қосқан көрнекті қаламгер Ғабиден Мұстафиннің туғанына – 120 жыл.

Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға Ай кітабы бетіне Қазақстанның халық жазушысы Ғабиден Мұстафиннің «Өмір белестері» атты жинағын ұсынамыз:

Мұстафин, Ғ. Өмір белестері [Мәтін] : әңгімелер, очерктер, ой-пайымдар / Ғабиден Мұстафин. — Алматы : Ана тілі, 2012. – 424 б.

Атақты қаламгердің шығармашылық белестері өз дәуірінің, уақытының үнімен бірге өмір кешті, бірге өріліп өркен жайды. Анығын айтар болсақ сол дәуір адамдарының тағдыр-тіршілігін, қиын-қыстау күресін, өмір үшін бәрімен бетпе-бет келуін көркемсөзбен кестеледі. Қаламгер тақырыбын өз көзімен көрген, өмірден өргенін көреміз.

Бірінші бөлімнен қаламгердің шығармашылық жолдағы алғашқы туындылары — өзі өмір сүрген ортаның тынысы мен тұрмысы жайындағы әңгіме-очерктерімен, екінші бөлімнен әдеби өмірдің әр кезеңінде өрілген өрнекті толғамдарымен, өрелі ой-пайымдарымен танысасыздар.

Қаламгер еңбектерінің бір парасы соғыс жылдарында туғанын көреміз. Бұл бір жағынан қаламгердің уақыт талабына үнемі дер кезінде үн қоса білуі деп білеміз.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Әуезов, М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы / Еңлік-Кебек пьесасына 105 жыл

Биыл қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл.

Қазақтың заңғар жазушысы, артына мол әрі бай мұра қалдырды. Елдің оқу-ағарту ісіне, драматургия саласына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. 20 жасында М.Әуезов өзінің тұңғыш көлемді туындысы «Еңлік-Кебекті» жазды.

Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға сайтымыздың Ай кітабы бетіне Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасын ұсынамыз.

Әуезов, М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы [Мәтін]. 1 т. Мақалалар, пьесалар. 1917-1920 / Мұхтар Әуезов. — Алматы : Дәуір : Жібек жолы, 2014. – 464 б.

Биыл «Еңлік-Кебек» пьесасына – 105 жыл. Бұл пьеса Мұхтар Әуезовтің трагедия жанрында жазған шығармасы.

Пьеса, екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы болған оқиға хикаялар XVIII ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Шығарма 1922 жылы жазылды және 1943 жылы жаңа нұсқасымен жарық көрді.

Еңлік пен Кебек оқиғасы туралы мәлімет, баспасөз бетінде 1892 жылы «Дала уәлаяты» газетінде «Қазақтың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген атпен жарияланды. Кейіннен 1900 жылы тағы да осы газетте «Қазақ турасынан хикая» деген атпен жарық көрді.

Махаббаттың құзар биік шыңына шығып, ар алдында тәуекелге бел буғаны үшін Еңлік пен Кебек – мәңгілік махаббат символына айналды. Бұл басылым Әуезовтің көркемдік әлемі туралы түсінігімізді бұрынғыдан да кеңейтіп, тереңдете түседі.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

Мұртаза Ш. Бір кем дүние

Биыл халық жазушысы Шерхан Мұртазаға 90 жыл. Оның артында мол мұра қалды, мәңгілік өшпес мұра.

Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Бір кем дүние» атты кітабын ұсынамыз:

Мұртаза, Ш. Бір кем дүние [Мәтін] : ойтолғау / Шерхан Мұртаза. — Алматы : Жазушы, 2008. – 176 б.

Шерхан Мұртаза 1932 жылы туған. Зұлматты жылдардың өзге де перзенттері сияқты, оның балалық шағы ашаршылық, қанды соғыс, репрессияға тарыған. Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ атты ауылда дүниеге келді.

Ш.Мұртазаның жас та, кәрі де іздеп жүріп оқыған кітаптары жетерлік. Соңғы уақытта көркем әдебиетті сүйетіндердің аузынан түспей жүрген «Бір кем дүние» атты туындысының өзі бір төбе.

Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүниесі…» арман мен сағынышқа толы, асыл ағаларымен жүздескен өткен күндерін сағына еске алып, қысқа қайырыммен алдыңғы буын ағалардың жарқын бейнесін көз алдына суреттеп береді. Қазақ деген халық үшін ауыр болған, қан қақсатқан кешегі заманның қайғы мұңын болашақ жас ұрпақ жадынан шығармай есте ұстасын, ұмытпасын, ұлтыма үлгі, сабақ болсын деп зарын айтады. Өлім жұтқан асыл тұлғаларын іздейді, дұға оқып, ең соңында бас иетін орынды да қимаған тоталитарлық жүйенің қаныпезер саясатына күйінеді.

«Бір кем дүниені» қолға алған кез-келген оқырман мына өмірдің соншалықты аумалы-төкпелілігін жан дүниесімен сезініп, терең ұғынады. Жазушы бұл шығармада өткен тарихтың өкінішін, тәуелсіздік жылдарында бой алдырған қателіктерді, қордаланып келе жатқан мәселелер мен ұлттық мүддені, рухани болмысты көтеру мәселелері, әсіресе, ана тілі туралы көп ой толғады.

Шерхан Мұртазаның осы еңбекті жазудағы алдына қойған мақсатының өзі — болашақ жастарға ой салу, тарихта өткен келеңсіздіктерден аулақ болуға үгіттеу.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

Асқаров А. Тағдыр

Біздің халқымыз ірі тұлғаларға бай. Қазақты қазақ етіп, оның тарихын жасаған, айтулы ұлттардың қатарына қосып, әлемге атын шығарған осы тұлғаларымыз. Сондай тұлғаларымыздың бірі көрнекті мемлекет, саясат және қоғам қайраткері, Алматы, Жамбыл және Шымкент облыстары партия комитеттерінің бірінші хатшысы, ақын, мемуаршы, зерттеуші, Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаров.

Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына орай сайтымыздың Ай кітабы бетіне «Тағдыр» атты кітабын ұсынамыз:

Асқаров, А. Тағдыр [Мәтін] : (өмір хикаялары)xa0 / Асқаров А. – А.: Журналист шығармашылық бірле, 1992.xa0 – 256 б.

Тағдыр! Адам тағдыры! Ес біліп, ат жалын тартып мінуге жарағаннан халқының ортасында болып, сол халқына жарты ғасырдан астам адал қызмет еткен абзал азаматтың тағдыры!

Иә, ширек ғасырдан астам Жамбыл, Алматы, Шымкент облыстарын басқарған Асанбай Асқаров кезіндегі республика ғана емес, бұрынғы Одақ, көлеміндегі үлкен тұлғалардың бірі еді. Сондай күрделі өмір барысында қаншама халықаралық дәрежедегі қайраткерлермен кездесіп, қаншама көрнекті адамдармен қызметтес болды, қаншама қарапайым адамдармен дидарласып, олардың күш-қайратын үлкен істерге жұмылдырып отырды. Осындай халқы сүйген азаматтың өнегелі, құрметті өмірінің соңғы кезеңі жалаға ұшырап, түрмеге жабылып, қатты жапа шекті. Осынау жақысылықтың да, жамандықтың да бәрі адамдардың ортасында, қоғамдық, ортада өтті. Кітап сол адамдар, сол орта жайлы сыр шертеді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

Шаханов М. Төрт ана

Аңыз ақындардың бірі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қырғыз Республикасының халық ақыны, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов биыл 80 жасқа толды.

Құрметті оқырмандар, Сіздердің назарларыңызға ақынның мерейтойына орай Ай кітабы бетіне «Төрт ана» атты кітабын ұсынамыз:

Шаханов, М. Төрт ана [Мәтін] : өлеңдер, балладалар, дастандар, әндер / Мұхтар Шаханов. — Алматы, 2014. – 1022 б.

Поэзиясын ЮНЕСКО әлемдік поэзияның, осы замандық, жетістігі ретінде бағалаған, есімі Біріккен Ұлттар Ұйымының алтын кітабына жазылған, өлеңдері ең көп жатқа оқылатын ақын Мұхтар Шахановтың бұл жинағына оның кейбір шығармалары іріктеліп өндірілді. Елдік, ұлттық, мүдде үшін арпалысып, шындығын ту еткен әрбір қаламгердің қашанда жолы мен тағдыры қиын болатынына тағы да Мұхтар Шаханов феномені дәлел бола алады.

Бұл жинақта ақынның әр жылдарда жазылған өлеңдері мен дастандары, поэмалары енді. Ақынның шығармалары көп салалы, сан алуан тақырыпты қамтиды және оның шынайы шабытынан ширығып шыққан өлеңдері жалпақ жұрттың жүрегіне жол тауып жатады.

Ақын поэзиясының ұтымдылығы — ондағы шындық пен шеберліктің шынайы ұштасуында, үн мен ұғымның сұлу үйлесімінде.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Фәнилік драма

Бастауын ортағасырлық Шығыс жұлдыздарынан, оның ішінде әсіресе ұлы Омар Хайямнан алатын рубаят түріндегі өлеңдер десек, оның қазақ руханиятына орнығып, өркен жаюына ширек ғасырдай уақыттан бері өлшеусіз үлес қосып келе жатқан бірегей қаламгер Арғынбай Бекбосынның бұрындары «Мың түрлі ой», «Фәнилік драма» деген атаумен жарық көрген жинақтарынан толықтырылған бұл кітабына жеті дәптердегі 3500 төрттаған енгізілген.

Назарларыңызға ұсынылып отырған кітапта автордың рубаяттары топтастырылып отыр:

Бекбосын, А. Фәнилік драма [Мәтін] : (3500 рубаят) : [рубаяттар]. — А.: Алаш, 2017. – 456 б.

Арғынбай Бекбосын ел тәуелсіздігі жылxadдарында сан түрлі қыр-сырымен таныла түсіп, қазақстандық журналистиканың тарланxadбоз тұлғасы деңгейіне көтерілді. Отыз жылға жуық рубаят түріндегі өлеңдерінің қазақ руханиятыxadна орнығуына күш салған қаxadламxadгердің жинақтары әдебиет сүйер қауымға мәxadлім.

Бір ғана «Фәнилік драма» кітабынаxa03500xa0төрттаған енгізілген. Мың түрлі ой. Ой болғанда да оқырманды енжар қалдырмайтын, терең толғанысқа шақыратын толымды философияxadлық ойлар.xa0Толқыған жалғыз ойдан құйылған жалғыз шумақ – жалғыз оқ сияқты — өмір нысаны.

Белгілі жазушы-журналист, елімізге таныxadмал қоғам қайраткері Арғынбай Бекбосын нақ осы биіктен көрінген азамат еді. Өзі туып-өскен Жамxadбыл өңірінде Араға аталған абзал кісі өткен 2017 жылы жасы 80-ге толуға бір ай қалғанда дүниеxadден озып, өкіндіріп кетті…

 

 

 

 

 

 

Күндерімнің куәсі

Тарих – ұлттың өзегі, жаны екені даусыз. Батыр бабаларымыз тұлпар тұяғын дүрілдетіп өткен Ұлы Дала елінде, атажұртта отауын тігіп, қоныс тепкен қазақ халқының арғы-бергісінде қаншама тарихтың ізі xa0жатыр. Ал ол ізді тірілтіп, рухымызды өсіруге еңбек сіңірген ұлтымыздың маңдайы жарқыраған тұлғалары бізге күш береді. Ал сондай аяулы есімдердің бірі әрі бірегейі – филология ғылымдарының докторы, Мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков.

Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға сайтымыздың Ай кітабы бетіне Мемлекет және қоғам қайраткері, аса ірі түріктанушы, профессор Мырзатай Жолдасбековтың 85 жас мерейтойына орай «Күндерімнің күәсі» атты жеке күнделігін ұсынамыз:

Жолдасбеков, М. Күндерімнің куәсі [Мәтін] / Мырзатай Жолдасбеков. — Астана : Фолиант, 2017. – 320 б.

Автордың 1993-1996 жылдар арасын қамтитын күнделік жазбалары «Елшінің күнделігінен» деген атпен 1997 жылы «Ел тағдыры — ер тағдыры» дейтін кітабында жарияланған болатын. Одан кейін «Күндерімнің куәсі» (2007), «Күнделік сөйлейді» (2010), «Күндерімнің куәсі» (2012, екі том) дейтін күнделіктері xa0жарық көрді.

«Күндерімнің куәсі» де — сол күнделіктердің жалғасы, 2012-2016 жылдар арасын қамтиды.

Қай қаламгердің болмасын күнделігін оқып отырып, оның өмір өткелдерін, сол сәттегі көлеңкесіз көңілін, қуанышы мен мұңын, сағынышы мен сезімін көз алдыңызға әкелетініңіз анық. Мырзатай Жолдасбеков күнделігінің ерекшелігі — Тәуелсіз мемлекетімізбен замандастарымыздың өсу, калыптасу жолдарын тайға таңба басқандай көрсетіп отыр.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

 

Көпіш Ә. Құмайкөктің көк аспаны

Жергілікті жазушы, қаламгер Әшірбек Сейілханұлы Көпіш Қордай ауданыxa0Керу ауылында дүниеге келген, биыл 75 жасқа толып отыр. xa0Осыған орай, xa0сәуір айында cайтымыздың Ай кітабы бетіне жазушының «Құмайкөктің көк аспаны» атты кітабын сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

xa0 xa0Көпіш, Ә. Құмайкөктің көк аспаны [Мәтін] : хикаяттар мен әңгімелер xa0/ Әшірбек Көпіш. — Алматы : Раритет, 2007. – 264 б.

Жазушының «Құмайкөктің көк аспаны» атты жинғында енген шығармалардың біреуіде – лирикалық, оқиғалық көркем баяндау басым болып келеді де, енді біреуінде – авторxa0 қуатты психологиялық талдаулар арқылы тікелей эпикалық ізденістерге бет бұрған. Жазушының бұл жинағына кейіпкерлерінің терең жан сезімі, күйініш-күйзелісі арқылы қақ жарып өтетін әлеуметтік қағыстарға негізделген хикаяттары және сыршыл әңгімелері топталады.

Қаламгер дүниетанымын түбегейлі айқындай түсетін өзіндік қолтаңба мен шұрайлы суреткерлік шығармалардың көремдік дәрежесін арттыра түскен. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

Кәрім Баялиев. Адам ізі.

Бүгінгі әдебиетіміз — барлық жанры иық сүйене дамып отырған күрделі әдебиет. Оның мән-жайын түсіну мен түсіндіру міндеті қай кездегіден де ауырырақ. Соңғы жылдары проза жанрында повестер кернекті орынға ие.

Құрметті оқырмандар, наурыз айында Ай кітабы бетіне Тараздық белгілі қаламгер Кәрім Баялиевтің туылған күніне орай «Адам ізі» атты повестер жинағын ұсынамыз.

xa0Баялиев, К.xa0Адам ізі [Мәтін] : повестер / Кәрім Баялиев. — Алматы : Атлас, 2002. – 272 б.

xa0Кәрім Баялиев 1 наурызда 1927 жылы Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласының батыс жағындағы Билікөлдің жағасында туған. Алматы мемлекеттік заң институтын бітірген. Облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары, мұғалім, облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінде әдеби қызметкері, Қазақ радиосының Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағының облыстық кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Оннан астам прозалық жинақтардың авторы Кәрім Баялиевтың есімі оқырман қауымға жақсы таныс. Жинаққа қаламгердің “Адам ізі”, “Нөсер”, “Тойбастар” атты үш повесі беріліп отыр.

xa0«Адам ізі» повесінде адамгершілік, ілтипат мәселесін көтереді. Мамандық алу, жұмыс жоспарын артығымен орындау жақсы-ақ, бірақ бұлармен ғана өмір сұраулары мен борыштары түгелденбейді. Адам өз мүддесін ғана көздемей, өзгелердің де жай-күйіне көңіл бөлуі керек. Сонда ғана өмір жарасымы, келісімі тумақ, қоғам мен адам тіршілігінің сәйкестігі жасалмақ. Повестің бір кейіпкері «жүрегің сұлу болса ғана, жер бетіндегі ісің сұлу» дейді. Жазушы қолынан өнер төгілген Мәлік деген жас жігіттің еңбектегі табысына мастанып, тәкаппарлыққа түскенін, ақыры сол мінезінен опық жегенін көрсетеді. Оның есесіне әшейін де көзге елеусіздеу жүретін Әмірдің бойында қарапайымдылық, адамгершілік, жүрек жылылығы бар екенін оқиғалар өрілімі үстінде аңғартады. Повесте бұдан басқа да тағдырлар жайы сөз болады.

Сүйсінерлігі сол — автор өмір проблемаларын талдап, тексеру жасап, жауап айтуды көздеген және дәл қазіргі замандастар тіршілігінен сенімді оқиғалық байланыстар таба білді.

Кітап Тараз қаласының 2000 жылдығына орай жарық көрді. Көпшілік оқырман қауымға арналған.