Құрметті оқырмандар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздің тұрақтылығы мен бірлігінің кепілі, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтатын бірегей институт. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған бұл ұйым бүгінде елдің бейбітшілігі мен тұтастығын сақтауда маңызды рөл атқарып келеді.
Өткен 30 жыл ішінде Ассамблея этносаралық қарым-қатынасты нығайтып, барлық ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін дамытуға, қоғамдағы бірлікті бекемдеуге үлкен үлес қосты. Бұл құрылым Қазақстанның бейбітшілік пен келісім саясатының басты тіректерінің бірі болып табылады.
Ассамблеяның арқасында елімізде 100-ден астам этнос пен 18-ден астам конфессия өкілдері өз мәдениетін, тілін және салт-дәстүрлерін еркін дамыта алатын орта қалыптасты. Ұйым тек этносаралық келісімнің сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, ел азаматтарының біртұтас қазақстандық халық ретінде қалыптасуына ықпал етуде.
30 жыл — бұл достық пен сенімге, келісім мен өзара құрметке негізделген жемісті жол! Алдағы уақытта да Қазақстан халқы Ассамблеясы бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік іргетасы болып қала береді.
Сіздердің назарларыңызға Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне арналған иллюстрацияланған, өңірдегі этностардың бірлігі мен татулығын нығайтуға бағытталған маңызды іс-шараларды, тарихи оқиғаларды және мәдениетті дамытуға қосқан үлестерін қамтитын Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы» атты кітабын ұсынамыз.
Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы [Мәтін] = Ассамблея народа Казахстана Жамбылской области = Тhe Assembly of People of Kazakhstan Jambyl region : [фотокітап] / бас ред. В. Титенев. — Алматы : Тау-Кайнар, 2020. — 256 б.
Кітап көпэтносты қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгілерін көрсетіп, Жамбыл өңіріндегі халықтар достығы мен келісімінің айқын көрінісін баяндайды. Кең аудиторияға арналған бұл басылым қызықты деректермен, тарихи мәліметтермен және көркем фотосуреттермен толықтырылған. Кітап үш тілде жазылған.
Бұл кітап оқырмандарға Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін сақтаудағы рөлін түсінуге, оның аймақтық деңгейдегі маңызды бастамаларымен танысуға мүмкіндік береді.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.
Асанов, Қ. Ай мен күннің сәулесі [Мәтін] / Қайырбек Асанов. — Алматы : Abai, 2023. – 328 б.
Ақын Шырын Мамасерікованың бұл жинағына негізінен соңғы кезде жазған шығармалары еніп отыр. Кітап екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде өлеңдер мен балладалар, екінші бөлімінде сценарийлер мен мақалалар ұсынылған. Автор туған жердің кешегісі мен бүгінін парасатты поэзия тілімен кестелеп, мемлекеттің ең басты байлығы — ел адамдарының биік адамгершілігі мен рухани құндылықтарын жырға қосады.
Нұрпейісов, Ә.
Бұл кітапқа ұлттық әдебиеттегі сатира жанрының дамуында өзіндік орны бар дарынды қаламгер, қайраткер тұлга Шона Смаханұлының әр жылдары жарық көрген туындылары еніп отыр. Қаламгердің туындыларында заманның бағыт-бағдары, қоғамның даму арнасы және онда орын алып отырған кемшіліктер сатираның уытты тілімен шынайы баяндалады.
Ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, қайраткер Абайдың өлеңдеріне қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық мәселелері мен ізгілік, адамгершілік тақырыбы арқау болған. Терең философиялық ой мен азаматтық пафосқа толы шығармалары надандыққа қарсы күреске шақырады.