«Латын әліпбиі – өркениет жолы»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №5 кітапханасында балалардың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік меңгеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері Маханова Перизат Атабекқызының қатысуымен «Латын әліпбиі – өркениет жолы» атты диалог алаңы өткізілді.

 

 

«Ұлы тұлға бір туатын ғасырда»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М. Шолохов атындағы кітапханасында ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ұлы тұлға бір туатын ғасырда» атты поэзия кеші өткізілді.

«Аққудың қанатындағы жыр»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің Абай атындағы орталық кітапханасында қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында №47 орта мектебінің 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Аққудың қанатындағы жыр» атты поэзия кеші өткізілді.

«Рухани жаңғыру – жас ұрпақтың бастауы»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №5 кітапханасында рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында «Руханият» орталығының жетекшісі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің экономика және құқық пәнінің оқытушысы Абдрашова Ақерке Қалдыбекқызының қатысуымен «Рухани жаңғыру – жас ұрпақтың бастауы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

«Жыр кітабы»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №5 кітапханасында ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату мақсатында «Жыр кітабы» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.

«Тіл – ұлт дамуының рухани өлшемі»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханасында №35 орта мектебінің 6-шы сынып оқушыларымен «Тіл – ұлт дамуының рухани өлшемі» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.

«Қажетсіз соғыстың қасіреті»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №5 кітапханасында Жамбыл облысы Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Ермеков Дүкенбай Сайлаубекұлының қатысуымен «Қажетсіз соғыстың қасіреті» атты тарихи сағат өткізілді.