Хамит Есеман

Хамит Есеман       

Хамит Есеман  – 1986 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылында дүниеге келген. Өлеңдері республикалық басылымдарда жарияланған, жас ақындардың ұжымдық жинақтарына енген. 2008 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы бағдарламасы бойынша «Жалын» баспасынан «Ағаштың бүрі» тұңғыш өлеңдер жинағы, «Дәуір» баспасынан 2023 жылы «Фәни-Құбылыс » атты өлеңдер жинағы  шыққан

Көріңіз….. Х. Есеман Фәни – Құбылыс

СӘМЕН ҚҰЛБАРАҚ

СӘМЕН  ҚҰЛБАРАҚ  – филология ғылымдарының докторы, профессор.   «Шығарма көркемдігі» (2000),   « Т.  Ахтановтың  көркемдік  әлемі»(2004),  « Т.  Ахтановтың  көркемдік  әлемі» (2013),  « Уақыт және әдебиет»  (2021),  « Әдеби  бейне  және оның жасалу жолдары»  (2021)  кітаптарының және әдебиеттану  мәселелеріне қатысты  көптеген  ғылыми  мақалалардың  авторы.

 

Сәмен Құлбарақ Ұлттық рух және поэзия

ПЕРНЕБАЙ ДҮЙСЕМБИН

ПЕРНЕБАЙ ДҮЙСЕМБИН

 

Пернебай Дүйсенбин 1943 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында туған. 1960 жылы мектеп бітірісімен еңбекке араласып,совхозда құрылысшы болды. Ол мектепте оқып жүрген жылдары тырнақалды туындыларын-өлеңдерін, әңгімелерін аудандық, облыстық газеттерде жариялады. 1958 жылы оның салған суреттері Москвадан шығатын «Пионерская правда», Алматыдан шығатын «Дружные ребята» газеттерінде жарияланып, көпке танылды. Оның 1995 жылы Жеңістің 50 жылдық мерейлі мерекесіне орай салған «Қос Қыран. Бауыржан мен Панфилов» картинасы Жуалы ауданындағы Б.Момышұлы мұражайына қойылған.

  Толығырақ көру…

Марат Құлибайұлы

Марат Құлибайұлы 1975 жылы 21 ақпанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бақалы ауылында туған.  М.Х. Дулати атындағы  Тараз мемлекеттік университетінің филология және журналистика  факультеттерін бітірген. Еңбек жолын С. Сейфуллин атындағы  орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары , облыстық «Ар-Ай» газетінде жауапты хатшы, Жуалы   аудандық «Жаңа өмір» қоғамдық- саяси газеті ЖШС директор – бас редакторының орынбасары, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінде тілші болып жұмыс істеді. Қазіргі таңда «AULIEATA-MEDIA» ЖШС еңбек етуде.

«Қолқанат» және «Мейірім» атты әңгімелер жинақтары мен «Жұлдызы биік Жуалы» атты тарихи – т анымдық кітабы жарық көрген. Бірқатар шығармалары мектеп оқулықтары мен түрлі республикалық жинақтарға енген.

Әңгімелері аудандық, облыстық баспасөз беттерінде, республикалық «Балдырған» және «Жыл он екі ай» журналдарында тұрақты жарияланып  тұрады. Қазақстан журналистер одағының мүшесі.

Толығырақ көру…

Меңдібай Әбілұлы

Меңдібай Әбілұлы

Меңдібай Әбілұлы – ғалым, ақын, жазушы -журналист. Ғылыми еңбектері Халықаралық «Түркі әлемі», «Аймақ», республикалық «Ұлт мұраты», «Нұрлы жол» (Ташкент), Достық үні» (Нөкіс), Жамбыл облыстық Ақ жол. «Ар-стан», Тараз қалалық «Жамбыл–Тараз» республикалық «Әдебиет айдыны» газеттері мен «Вестник-Хабаршы» (ҚазМҮУ- Алматы), «ТИГУ Жаршысы» Тараз «Өркен» (Нөкіс), «Қазақ тілі мен әдебиет» (Алматы), «Ұлағат» (Алматы), «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде» (Алматы . «Мәдениет мінбер» (Тараз) т.б. журналдарда жарияланған.

2003-жылы «Қазақ әдебиетіндегі діни-исламдық поэзия» (Тараз) атты монографиясы жарық көрді.

М.Әбілұлы бірнеше рет облыстық, республикалық, Халықаралық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасады. 2011-жылы Тараз педагогикалық  институтында «Жамбыл-әлем түркілері поэзиясынын алыбы» атты баяндама жасады. 2011-жылы 10-сәуірде Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында өткізілген «Жамбыл және түркі халықтарының эпикалық мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Жамбыл-әлем түркілері поэзиясының алыбы» атты тақырыпта баяндама жасады.

2012- жылы «Ежелгі дәуірдегі балалар әдебиеті’», «Ежелгі сақ дәуіріндегі балалар әдебиеті», «Ежелгі ғұн дәуіріндегі балалар адебиет» атты оқулықтары, «Жыраулар мен ақындар поэзиясындағы діни ағартушылық сарын (ХІ-ХVІІІ ғасырлар)» атты оқу құралы жарық көрді.

2013- жылы «Ежелгі дәуірдегі балаларға арналған көне эпостар», «Ежелгі дәуірдегі балалар ауыз әдебиет» атты хрестоматиялық оқу құралдарын құрастырды.

2014- жылы «Ежелгі сақ дәуіріндегі балалар әдебиеті» атты оқу құралы жарыққа шықты, «Ежелгі сақ дәуіріндегі балалар ауыз әдебиеті» деп аталатын хрестоматиялық оқу құралын құрастырды.

2014-жылы «Ежелгі дәуірдегі отбасылық балалар ауыз әдебиеті» атты оқу құралы баспадан жарық көрді.

М. Әбілұлы 2015-жылы Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы «Тілдерді дамыту басқармасы» ұйымдастырған «Ұлытаудағы ұлы сөз» атты облыстық конференцияда «Ұлытау толғауынан туындаған ой» атты баяндама жасады.

Толығырақ…

Жұлдыз Бейсек

Бейсек Жұлдыз Асқарқызы 

Бейсек Жұлдыз Асқарқызы 1987 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Ұшарал ауылында дүниеге келген. «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша ТарМПИ бітірген. Гуманитарлық ғылым магистрі. Өлеңдері республикалық және халықаралық баспасөз беттерінде жарияланады. Шығармашылық жастар арасындағы X Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты. Ахыт Үлімжиұлы атындағы республикалық ақындар мүшәйрасында екінші орынға ие болды. Өлеңдері «Жас толқын» ұжымдық республикалық жинағына және «Тараздың жас таланттары» және «Алтын бесік» облыстық жинақтарына енген. Ахыт Үлімжіұлы атындағы Республикалық ақындар мүшәйра поэзиясының 2-орын иегері. 2017 жылы Астана қаласында өткен рухани жастар арасындағы «Величайшая страна моя необъятная» байқауының «Үздік поэзия» аталымының жеңімпазы. «ІҢКӘР-ҒАЗАЛ» кітабының авторы.

Толығырақ…

Битама Мырзамбетұлы

Битама Мырзамбетұлы

Битама Мырзамбетұлы 1936 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы жеріндегі Елібай жотасының баурайында, Бөлтірік ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. Мамандығы – қаржыгер-экономист.  Битама аға бүкіл еңбек жолында Талас ауданы мен Қаратау қаласында өз мамандығы бойынша әр түрлі жауапты қызметтер атқарып, 1996 жылы зейнеттік демалысқа шыққан. Содан бергі уақытта ағаның өлеңдері мерзімді баспасөз беттерінде үзбей жарияланып келеді. Ақын ағаның бір топ өлеңдері 1999 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан Жамбыл облысы ақын-жазушыларының шығармалар жинағына енген. 2001 жылы «Сенім» баспасынан «Жыр-Ғұмыр» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. 2002 жылы «Арман-ай» повесі оқырмандар қолына тиіп, прозаға да икемділігін паш етті.  «Ақыл қазы – ар таразы», «Ой – тоғыс», «Өмір өрнектері», «Ғұмыр дария», «Бір атаның балалары» кітаптарының авторы. Талас ауданының құрметті азаматы. 

 

 

 

Толығырақ…

Сәулембай Әбсадықұлы

Сәулембай Әбсадықұлы

Сәулембай Әбсадықұлы 1949 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам селосында дүниеге келді. Қазақтың Абай атындағы педагогтік институтын бітірген, тарихшы-журналист. КСРО Журналистер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі болған. Мәдениет қызметкерлерінің республикалық байқауының жүлдегері. «Үштіктің үкімімен», «Сапақ датқа», «Көк бөрінің оралуы немесе Тұлпарлар мен сұңқарлар», «Әбілда би» кітіптарының авторы.

Толығырақ…

 

Дәметкен Ахметова

Дәметкен Ахметова

Бұл Қазақстан және Бүкілодақтық Журналистер одақтары сыйлықтарының иегері Дәметкен Ахметованың тұңғыш эңгімелер жинағы. Ұзақ жылдар әкімшілік жұмыста жүргеніне карамастан, жүрек қалауымен таңдаған жазу өнерінің қыры мен сырын ұмытпады. Бүған дейін кұрастырған жэне қаламынан шыққан «Еркелетші еркеңді», «Алтын бесік», «Алтын алқалы аналар» атты кітаптары осыған дәлел.

 

Толығырақ…

Ғайни Әлімбекқызы

Ғайни Әлімбекқызы

Ғайни Әлімбекқызы 1960 жылы 9 маусымда туылған. Тараз қаласындағы № 17 орта мектебін бітірген. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Жаңасаз ауылында туылған. Жамбыл медициналық училщесінің «фельдшерлік», Жамбыл педагогикалық институтының «филология» факультетін тәмамдаған.

Радио, телевидение салаларының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан қарымды қаламгер 2003 жылы «Қанатты әйел» республикалық байқауының арнайы номинациясымен марапатталса, 2009 жылы «Жылдың үздік радиотілшісі», араға  бір жыл салып Қазақстан ұлттық арнасы 50 жылда тұңғыш  өткізген республикалық журналистер байқауында «Қилы тағдырлар»  радиобағдарламасы үшін бас жүлдені иемденеді.

Сан қырлы журналистиканың қазанында қайнаған Ғайни Әлімбекқызы «Қазақстан-Тараз» телеарнасының редакторы ретінде телекөрермендерге «Айна», «Айша бибі», «Сағыныш», «Тараз төрінде» атты бағдарламалары үшін Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының лауреаты атанады. Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі.

Толығырақ…