Жарық жұлдыз / Шоқан Уәлиханов – 180 жыл

        Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – XIX ғасырдың екінші жартысында  қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің алғашқы және талантты өкілдерінің бірі. Қазақтың әр алуан ғылым көкжиегінде өшпес із қалдырған мәңгі жарық жұлдыздар шыңында қазақ ұлтының абзал перзенті Шоқан Уәлиханов бар. Оның философия, этнография, тарих, экономика, фольклор, әдебиет теориясы жайлы құнды-құнды еңбектері мен пікірлері ұлттың тұтас құндылығына бағалауға тұрарлық шығармалар. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған.

       ХІХ ғасырда біздің отандық ғылым үшін Ш. Уәлихановтың орны жайында академик Н.И.Веселовский былай деп жазды: «…Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының бәрі де ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті». Бұл Шоқанға берілген жоғары баға болып табылады.

      Белгілі ғалым және саяхатшы П.П.Семенов-Тян-Шанский Ш. Уәлихановты «ұлттық аймақтардың ішінде ең оқыған, білімді адамдардың бірі еді» деп бағалаған болатынды.

Биыл Ш. Уәлихановтың туғанына 180 жыл толып отыр.  Осы атаулы датаға орай оқырмандар назарына «Жарық жұлдыз» атты виртуалды кітап көрмесі ұсынылып отыр. Кітап көрмесінде  ғалымның шығармалары, ол туралы жазылған әдебиеттер көрсетілген.

Көрмені қараңыз…

Сиқырға толы ғажыйып әлем

Тамаша ертекші Уолт Диснейдің есімі елге мәлім.

Оның таңқаларлық мультфильмдерінде романтика мен ерлік, жақсылық пен жамандық, қуаныш пен қайғы,

әдемі әзіл мен жан жылуы қатар өріліп, елітіп әкетеді.

«Алтын классика» сериялық кітаптар тамаша оқиғалармен қоса көркем суреттерімен де көздің жауын алады.

Кішкентай оқырмандар өздерінің сүйікті қаһармандарымен бірге сиқырлы әлемге тап болып, таңғажайып құпияларды ашады.

Көрмені қараңыз…

Әлихан Бөкейхан

 Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялылары қатарындағы аса ерекше тұлға.

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,  тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғалым, экономист, тарихшы, аудармашы, әрі дарынды публицист.

Әлихан Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, саяси күрескер болатын. Терең білім, ұлт тарихына құрмет, қазақ халқының азаттығы мен құқығы үшін күрес – «Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның кісілік келбетінің бір қыры ғана.

        Виртуалды көрме оқырмандарды  Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның тұңғыш толық шығармалар жинағымен, оның өмірі және саяси-қоғамдық қызметі жайлы жазылған әдебиеттермен таныстырады.

Көрмені қараңыз…

Тәуелсіздік – ел тағдыры

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.

Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы – мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ.

Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді.

Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді.

Осы атаулы датаға орай оқырмандар назарына «Тәуелсіздік – ел тағдыры» атты виртуалды кітап көрмесі ұсынылып отыр.

Көрмені қараңыз…

Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы жолы

Рухани жаңғыруы бұл мемлекетіміздің өсіп өркендеуінің жаңа сатысы.

«Туған жер» бағдарласы аясында, жергілікті және республикалық деңгейдегі тарихи ескеркіштерді көздің қарашығындай қорғау,

оларды алыс-жақын жұртқа насихаттаумыз тиіс.

Əлем бір орында тұрмайды, заманға сай өмір сүру үшін көштен қалыспаумыз керек.

Көрмені қараңыз…

Астана – Тәуелсіздіктің киелі тұмары

Тәуелсіздік жылдардағы ең жарқын жетістік – болашақпен жарысқан жаһандық мегаполис Астана Елбасының ғаламат идеясының жүзеге асуы және Қазақстан халқының ерен еңбегінің жемісі.

  Астана бүкіл елді магистральді локомотив тәрізді алға сүйреді. Бүгінгі Астана – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала.

Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей Елорда, әлемдегі ең жас қала.

Кең даладағы жай ғана қала емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны.

Көрмені қараңыз…

Жамбыл облысының қазыналары

Таразды тану — қазақ тарихын таратып, қырық қатпар астарын, ара жігін айыру.

Тараз тарихы қазақ үшін шығыстың ұлы Жібек жолы.

Адамның алпыс екітамыры сияқты еліміздің ықлым заманғы болмыс-бітіміне, табиғатына, өнері мен өміріне, мәдениеті мен әлеуметтік жай-күйіне тереңдеп алып кетеді.

Сіздердің назарларыңызға «Жамбыл облысының қазыналары» атты  виртуалды көрмемізді  ұсынамыз.

Көрмені қараңыз…

Дәуірінің дәулескері / Әзірбаев Кенен 135 жыл

Әзірбаев Кенен (1884-1976) – қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор,

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағының мен Композиторлар одағының мүшесі.

Жамбыл облысы Қордай ауданы Мәтібұлақ ауылында (қазіргі Кенен Әзірбаев атындағы ауыл) дүниеге келген.

Кенен Әзірбаев – қазақ өнеріндегі сал-серілік және айтыскерлік дәстүрлерді үзбей, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін жеткізген өнерпаз.

Көрмені қараңыз…

Абай – ұлттық ой-сананың асқар биігі

Құрметті оқырмандар!

         Сіздердің назарларыңызға «Абай – ұлттық ой- сананың асқар биігі»  атты виртуалды көрмемізді ұсынамыз. Абайдың 175 жыл мерейтойына арнап, кітапхана қызметкерлері кітапхана көрмесі, шолулар, конференция, бенефис және кітап бастамасы, әдебиеттер кештерін өткізу арқылы оқырмандарды ақынның өмірбаяны, шығармашылығымен таныстырады, шығармашылық ерекше сипаттарын ашатын, қазақ және басқа да тілдегі шығармаларының  маңызды мағынасын көрсетеді.

Көрмені қараңыз…