Құрметті оқырмандар!
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі» Биыл халқымыздың біртуар перзенті, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, жазушы, әскери стратег Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толып отыр.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. 1941 жылы соғыс басталғанда әскерге алынып, Мәскеу түбіндегі шайқаста ерекше ерлік көрсеткен. Панфилов дивизиясының аға лейтенанты болып, кейін полк командиріне дейін көтерілген. Соғыстан кейін әскери академияда ұстаздық етіп, 1982 жылы өмірден озды.
Бауыржан Момышұлы — қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалаушы. Шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазды. Ол — «История одной ночи» (1954), «Наша семья» (1956), «За нами Москва» (1958), «Москва үшін шайқас» (1959), «Генерал Панфилов» (1963,1966), «Куба әсерлері» (1965), «Ұшқан ұя» (1974), «Қанмен жазылған кітап» (1990, 1991), «Психология войны» (1990), т.б. кітаптардың авторы.
Өзінің өткір ойлы, тәрбиелік мәні зор шығармаларымен ұлт жадында өшпес із қалдырды.
Момышұлы, Б. Көптомдық шығармалар жинағы [Мәтін]. 16 т. Қанмен жазылған кітап / Бауыржан Момышұлы. — Алматы: Өнер, 2010. — 272 б.
Бұл шығарма — жауынгердің жан айқайы, майдан шындығы мен тәртіптің темір заңын көркем тілмен жеткізетін көрнекті туынды.
Жазушының әрбір ойы — тәрбие, ал әрбір жолы – ұлтқа үлгі.
1944 жылдың басында Б.Момышұлы Алматыға демалысқа келгенінде Мұхтар Әуезовтың ұсынысымен, академик Қаныш Сәтбаев, т.б. қазактың зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізген болатын. Б.Момышұлы сол жолы әскери патриоттық тақырыпта бірнеше күн бойы күніне 5-6 сағаттан лекция оқыды. Сол оқылған лекцияларының стенограммасын жинақтап жеке кітап етіп оқырманға ұсынылды.
«Қанмен жазылған кітап» – тек тарихи дерек емес, ол – жас ұрпаққа үлгі болар рухани мұра. Бұл кітапты оқу арқылы біз тек соғыс туралы ғана емес, ұлттың рухы, ерлік пен азаматтық туралы терең ойға қаламыз.
Құрметті оқырман! Сізді осы тағылымды шығарманы оқуға шақырамыз. Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен өнегелі ойлары жүрегіңізге рух беріп, ерлікке үндейді.
Тараз мұралары
Асанов, Қ. Ай мен күннің сәулесі [Мәтін] / Қайырбек Асанов. — Алматы : Abai, 2023. – 328 б.
Ақын Шырын Мамасерікованың бұл жинағына негізінен соңғы кезде жазған шығармалары еніп отыр. Кітап екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде өлеңдер мен балладалар, екінші бөлімінде сценарийлер мен мақалалар ұсынылған. Автор туған жердің кешегісі мен бүгінін парасатты поэзия тілімен кестелеп, мемлекеттің ең басты байлығы — ел адамдарының биік адамгершілігі мен рухани құндылықтарын жырға қосады.
Нұрпейісов, Ә.
Бұл кітапқа ұлттық әдебиеттегі сатира жанрының дамуында өзіндік орны бар дарынды қаламгер, қайраткер тұлга Шона Смаханұлының әр жылдары жарық көрген туындылары еніп отыр. Қаламгердің туындыларында заманның бағыт-бағдары, қоғамның даму арнасы және онда орын алып отырған кемшіліктер сатираның уытты тілімен шынайы баяндалады.
Ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, қайраткер Абайдың өлеңдеріне қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық мәселелері мен ізгілік, адамгершілік тақырыбы арқау болған. Терең философиялық ой мен азаматтық пафосқа толы шығармалары надандыққа қарсы күреске шақырады.