«АЛҒЫС АЙТУ – ПАРЫЗЫМ»

«АЛҒЫС АЙТУ – ПАРЫЗЫМ»

№5 кітапханасында 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай  «Алғыс айту – парызым» атты дөңгелек үстел өткізілді. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің  мамандары Досыбаева Валентина Николаевна, Шілдебаева Жазира Мейрамбекқызы, «Тараз-Болашақ» медициналық орталығының медбикесі Дәрібаева Күлшат Сапашқызы қатысып, елімізде түрлі этнос өкілдері аралас-құралас, тату өмір сүріп жатқандығы туралы, елдегі тыныштық пен ынтымақтың, қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласын білдіретін күн  екендігі туралы, мерекенің мән-мағынасы туралы  әңгіме өрбітті.  Тақырыпқа байланысты  «Алғыс айту парызым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.