Баукеңнің көп қыры

Абай атындағы орталық кітапханада «Бір өңір – бір кітап» акциясы аясында Кеңес Одағының Батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, жазушы, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының шығармаларын жастар арасында насихаттау мақсатында «Қазақтың Бауыржаны» тақырыбында танымдық кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Бауыржан Мо­мыш­ұлының поэзиясы» атты кітаптың авторы, филология ғы­лымдарының кандидаты Сей­секүл Исматова, «Бауыр­жан­тану» ғылыми-зерттеу орталы­ғы­ның қызметкері Әлім­бай Най­забаев бастаған мей­мандар қа­тысып, Бауыржан Момыш­ұлы­ның азаматтық бейнесі, шы­ғар­машылығы туралы ойларын ортаға салды.

Танымдық кеш барысында Тараз сервис және технология колледжінің студенті Альмира Иба­ділда, №45 классикалық гим­назияның оқушылары Аруна Руслан, Әдел Пернебек Қасым Аманжоловтың «Бауыржан», Ба­уыржан Момышұлының «Ес­кертпе», «Ана тіліңді ардақта» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Өзге де студенттер даңқты қолбас­шы жазған шығармалардан монолог орындап, көзге түсті.

Мәнді монолог, әдемі әндер­мен әдіптелген кеште Тараз сервис және технология колледжінің студенттері Ерасыл Түйтебай мен Айсұлу Шәйкен батырдың «Москва үшін шайқас», Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» кітаптары туралы көкейге түй­ген ойларымен бөлісті. Соңы­нан кітапхана қызметкері Рау­шан Қал­жанова Әзілхан Нұршайы­қов­тың «Ақиқат пен аңыз» кіта­бына библиографиялық шолу жасады.

Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ

Egemen Qazaqstan. – 2023. – 3 ақпан