Тәуелсіздіктің бастауы

     Желтоқсан оқиғасының 37 жылдығына орай қалалық Абай атындағы орталық кітапханада «Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздік айғағы» атты танымдық кеш өтті.

Шараға Желтоқсан оқиғасының куәгерлері Эльмира Оспанова мен Жанар Қамысбаева қатысып, кітапхана оқырмандарына бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиғаның қалай өрбігендігі, Қазақстанның еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тіккен Желтоқсан оқиғасының қатысушыларының ерліктері туралы көздеріне жас ала отырып әңгімеледі.

Сонымен қатар шара барысында Ибрагим Ескендірдің «Біз біргеміз» әнін қазіргі заман гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Дидархан Әуесхан орындаса, Тараз сервис және технология колледжінің студенттері Ерасыл Қыдырбек, Айсұлу Шәйкен, Альмира Ибәділдә, Дамир Балпыков, Ерасыл Түйтебай ақындарымыздың Желтоқсан оқиғасына арналған өлеңдерін оқыды.

Бұған қоса кітапхана ұжымы ұйымдастырған «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» атгы кітап көрмесіндегі «Сүйікті менің Отаным» және «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» деректі фильмдерінің авторы, журналист Болатбек Көрпебайұлы Төлепбергеннің «Қасиеттім Желтоқсан» атты кітабына кітапхана қызметкері Айнұр Байсеитова библиографиялық шолу жасады.

 Гүлжазира Дөңесова,

қалалық Абай атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінін меңгерушісі

Jambyl-Taraz. – 2023. – 29 қараша 

 

Ауылдан шыққан дарабоз қаламгер

Пернебай Дүйсенбин – 80 жаста.

Шежіре мен шерлі сырларды бойына сіңіріп, жас ұрпаққа насихаттап жүрген мерейлі той иесі үнемі ізденіс үстінде тыңнан хабар, тамырлы тарихтан тағылымдарды табуда. Майталман жазушыны еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін құрмет тұтып, төрден орын береді. Осы бағытта көзі қарақты, көкірегі ояу әрбір азамат көсемсөз шебері Пернебай Дүйсенбинмен мақтанады.

Тараз қаласының Абай атындағы орталықтаңдырылған кітапханасында балалар жазушысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығыныңлауреаты, Сарысу ауданы Жайылма ауылының тумасы Пернебай Дүйсенбиннің «Кеудесі қазына, қаламы жүйрік тұлға» атты кездесу кеші өтті.

Басқосуда Пернебай Дүйсенбиннің ардагерлер мен жас оқырмандар алдында атап өткен өмір жолы, ұстаздық қызметтегі сәттері тыңдаушыларға ерекше әсер етті. Жиында алғаш сөз алған драматург-жазушы Елен Әлімжан қаламгердің балалар тақырыбына сәтті қалам тербегенін, «Кішкентай генералдар», «Жұмбақ жұлдыз», «Ән салыңызшы, Әке», «Елгезек ертегілер елінде» атты кітаптарында ауыл балаларының психологиясын, мінез- құлқын тайға таңба басқандай айқын суреттеп, ешкімге ұқсамайтын өз стилімен сәтті бере білгенін атап өтті.

Кездесу барысында белгілі жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы, ақын Баймағанбет Ахмет сөз алып, кеш куәгерінің талантына, суреткерлік шеберлігіне тоқталды.

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Алдаберді Мақашев Сарысу ауданында білім саласында, партия, әкімдік жүйесінде қызмет атқарып жүрген кезеңінде Пернебай Дүйсенбинмен етене арласып еңбек еткендігін, оның жазушылық қасиетімен қатар басшылық қызметтерде де абыройлы жемісті жұмыс атқарғандығын, белгілі балалар жазушысы Бердібек Соқпақпаевтан кейінгі үлгі тұтарлық балалардың сүйікті туын- дыгеріне айналғандығын атап өтті.

Кеш соңында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Рысбайұлы қала әкімінің атынан құттықтап, жазушының иығына шапан жапты. Басқосудың куәгері Пернебай Дүйсенбин қатысып отырған қонақтарға алғыс сезімін білдіріп, кітапханадиректоры Ұлбосын Сәулебаеваға өзінің көптомдық кітаптарын сыйға тарту етті.

Облысқа танымал әнші Мерей Әбуованың «Сайра, бұлбұл», өнерпаз ардагер Аманқұл Ысқақовтың «Ойлан, балам» атты әндері көпшіліктің қөңілінен шықты. Сонымен қатар, кітапхананың мәжіліс залында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылған.

Айта кетуіміз керек, дарабоз қаламгердің мерейтойына арналған шаралар сонау Алматыдан бастау алып, облыс, аудан көлемінде кеңінен аталып өтуде.

 

А. Меңлібайұлы,

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі

  Ардагер айнасы. – 2023. – 14 қазан

Тараз құрметтеп, Талас ардақтады

     Ақын – бала көңіл. Ақын – батыр мінезді. Арқыраған шабыттың иесінің бірі – ақын Рафаэль Ниязбек еді. Осы бір өткірлігінің пайда-зиянын қатар көрді. Пайдасы – халқының алақанында болса, зияны- қолы жетуі тиіс біраз дәреже-атақ мінезінің кесірінен бұйырмады. Бірақ аяулы ақынды қалың оқырмандары, жерлестері, бүгінгі өскелең жас ұрпақ ешқашан ұмытпайды.

 Біз оны Тараз қалалық Абай атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастырумен белгілі жазушы, көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері, Шешен Республикасының ең жоғары «Ұлт намысы» орденінің иегері, Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, түбі бір түркі халықтарының «Түркі әлеміне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының лауреаты Рафаэль Ниязбекті еске алуға арналып өткен «Тұнық ойлы қаламгер» атты еске алу кешінен аңғардық.

Еске алу кешіне «Qazaq radiosy»-ның ардагері, Рафаэль Ниязбектіңжары Гүлжан Мұхамадиева арнайы қатысты.

Кеш барысында аталған кітапхананың кітапханашысы Гүлнұр Нүрпейісова Рафаэль Ниязбектің «Көсем» кітабына библиографиялық шолу жасады. Ол аталған романда жазушы Д.Қонаев бейнесін молынан ашып, сол кезеңнің саясатын нақты көрсете білгеніне тоқталды.

Тұрысбек Сәукетаевтың «Мұзбалақ» атты арнау өлеңін Бауыржан Момышұлы атындағы №45 классикалық-гимназияның 9-сынып оқушысы Асылкеней Дәулетберді оқып берді. Жас оқырмандар Рафаэль Ниязбектің бірқатар өлеңдерін жатқа оқыды.

Рафаэль ақынның өз жарына арнаған «Гүлжанға» атты өлеңін Абай атындағы Жамбыл гуманитарлықжоғары колледжінің білімгері Нұрдәулет Қайрат шебер оқыды.

Мұнан соң ақынның рухани інілері Көсемәлі Сәттібайұлы, Баймаханбет Ахмет, Есет Досалы және ақын Үміт Битенова есте қалар естеліктер айтты. Белгілі қаламгер, облыстық мәслихаттың депутаты Оралхан Дәуіт өз кезегінде Рафаэль ақынның өлеңін жатқа оқуымен ерекшеленді.

Еске алу кешін Тараз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Камила Абашова және аталған кітапхана директоры Ұлбосын Сәулебаева қорытындылап, ақынның жары Гүлжан Мұхамадиеваға ақ орамал сыйлап, құрмет көрсетті. Ал Гүлжан апай аталған кітапхана ұжымына алғысын айтып, Рафаэльдің бірқатар кітаптарын сыйға тартты.

Мұнан соң Рафаэль Ниязбекті еске алу кеші ақынның туған жері Талас ауданында жалғасын тапты. Рафаэль ақынныңжұбайы Г.Мұхамадиеваны Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков қабылдап, құрмет көрсетті.

Мұнан соң Талас аудандық орталық кітапханада Рафаэль Ниязбектің 80 жылдық мерейтойына арналған «Алаштың ақтаңгер ақыны» атты поэтикалық еске алу кеші өтті.

Іс-шараға Талас аудандық мәслихатының төрағасы Қадірбек Садубаев, Талас ауданы әкімінің орынбасары Айтолқын Әбдібекова, «АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ғалым Қартабаев, Талас ауданының Құрметті азаматы Байұзақ Көлбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Әсемов қатысып, сөз сөйледі.

Бұл жиында да Г.Мұхамадиева ағынан жарылып сөйлеп, Рафаэль ағамыз жайлы елеулі естеліктер айтты.

Іс-шара барысында ақынның өнегелі өміріне арналған «Тұлға» атты деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ кітапханашылар ақынның өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.

Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйінің әншілері Гүлсезім Тазабек, Дана Шалқарбаева, Әзімхан Ерген әннен шашу шашты.

Сонымен қатар Қаратау технология білім және бизнес колледжінің біл імгерлері және Қаратау көпсалалы білім және бизнес колледжінің білімгерлері ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыса, А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназияның оқушылары шағын көріністерін сахналады.

Кеш соңында Рафаэль ақынның немере қарындасы Зайтуна Нұртайқызы да келер ұрпаққа мол рухани азық болар тәрбиелік мәні зор естеліктерімен бөліссе, Қаратаудағы Қонаев мұражайының меңгерушісі Лес Нұрұлы Гүлжан Мұхамадиеваға құрмет көрсетті. Қаратау қаласының әкімі Дархан Байымбетов ақынның жарына «Талас ауданына – 95 жыл» медалін табыс етті. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне Талас аудандық орталық кітапханасының директоры Шынар Шеңгелбайқызы бастаған кітапхана ұжымының да еңбегі үлкен екенін айта кеткен жөн.

Ақтоты Жаңабай

Arai. – 2023. – 18 қазан

Еркелеп өткен еліне…

    Бойындағы алапат шабыт күшімен алысып жүретін, ережеге бағынбайтын, мінезді ақынның бірі Рафаэль Ниязбек еді. Ол осы бір өткір мінезінің пайдасын да, зиянын да қатар көрді. Пайдасыхалқының алақанында болса, зияны оған тиесілі біраз дәрежеатақ осы мінезінің кесірінен бұйырмады. Бірақ, аяулы ақынды оқырмандары, жерлестері, бүгінгі өскелең жас ұрпақ ешқашан ұмытпайды.

  Біз оны Тараз қалалық Абай атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен өткен Рафаэль Ниязбекті еске алуға арналған «Тұнық ойлы қаламгер» атты кешінде аңғардық.

Белгілі жазушы, көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының Iлияс Жансүгіров атындағы сыйлығының, Шешен Республикасының ең жоғарғы «Ұлт намысы» орденінің иегері, Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, түбі бір түркі халықтарының «Түркі әлеміне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының лауреатын еске алу кешіне Қазақ радиосының ардагері, Рафаэль Ниязбектің жары Гүлжан Мұхамадиева қатысты. Ол 18 жасында келін болып түсіп, Рекеңмен 54 жыл отандасқанын, перзенттер сүйіп, бақытты ғұмыр кешкенін айтты. «Айналайын жастар! Бір азаматтың жары болу оңай міндет емес. Ақынға жар болу одан да қиын. Олар көңіл-күйдің адамдары. Кейде кеш келеді, көңілсіз болады. Қиналып келеді, қуанып келеді. Еркелеп жүреді. Сол жағдайлардың бәріне төзіп, ақын атты елдің ұлына қызмет еттім. «Ажырасамын» деген сөзді естімеу үшін бар жағдайын жасап, құрақ ұштым», – деді Гүлжан Мұхамедиева.

Кеш барысында аталған кітапхананың қызметкері Гүлнұр Нүрпейісова Рафаэль Ниязбектің «Көсем» кітабына библиографиялық шолу жасады. Ол аталған романда жазушы Қонаев бейнесін жан-жақты ашып, сол кезеңнің саясатын нақты көрсете білгеніне тоқталды.

Тұрысбек Сәукетаевтің «Мұзбалақ» атты арнау өлеңін Бауыржан Момышұлы атындағы №45 классикалық гимназияның 9-сынып оқушысы Асылкеней Дәулетберді оқып берді. Жас оқырмандар Рафаэль Ниязбектің бірқатар өлеңдерін жатқа оқыды.

Рафаэль ақынның өз жарына арнаған «Гүлжанға» атты өлеңін Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің білімгері Нұрдәулет Қайрат шебер оқып берді.

Мұнан соң ақынның рухани інілері Көсемәлі Сәттібайұлы, Баймаханбет Ахмет және ақын Үміт Битенова есте жүрер естеліктер айтты. Белгілі қаламгер, облыстық мәслихаттың депутаты Оралхан Дәуіт те Рафаэль ақынның өлеңін жатқа оқуымен ерекшеленді.

Еске алу кешін Тараз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Камила Абашова және аталған кітапхана директоры Ұлбосын Сәулебаева қорытындылап, ақынның жары Гүлжан Мұхамадиеваға ақ орамал жауып, құрмет көрсетті. Ал, Гүлжан апай кітапхана ұжымына алғысын айтып, Рафаэльдің бірқатар кітаптарын сыйға тартты.

Мұнан соң Рафаэль Ниязбекті еске алу кеші ақынның туған жері Талас ауданында жалғасын тапты.

Есет ДОСАЛЫ

    Aq jol. – 2023. – 14 қазан

Халық қазынасының қамқоршылары

  Оқырман мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана болса, әр таңын білімнің қайнар көзі кітаппен ашатын, кітаптағы асыл мұраларды оқырмандарға жеткізетін алтын көпірді байланыстырушы – кітапханашылар.

    Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ барша оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан №833 қаулысымен 24 қазан – «Кітапханашылар күні» болып кәсіби мерекелік күндердің тізбесіне енуі, қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген абыройлы мамандық иелеріне деген зор құрмет және үлкен жауапкершілік.

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінде бүгінгі заман ағымына ілесе отырып, оқырмандарды сұранысы мен талаптарына сай барынша толыққанды ақпараттармен қанағаттандырып, олардың оқуына қажетті жағдай жасап, тұлға болып қалыптасуына, рухани дамуына өз үлестерін қосып жүрген еңбегі ерен кітапханашылар қызмет етіп келеді.

Кітапхананың өткеніне көз салсақ, осы киелі шаңырақтың тарихын жасаушы, өсіп-өркендеуіне үлестерін қосқан кітапхана ісінің ардагер білікті басшылары Анна Григорьевна Ким мен Роза Бозтайқызы Әлібекованы және Сабиля Жаданова, Жанна Сартова, Людмила Владимировна Китова, Шолпан Өмірзақова, Хадиша Бекмурзаева және өзге де кітапханашы ардагерлерді атап айтсақ болады.

Бүгінде жүйемізде осындай аға буындардың ізін эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпаратты ұсына білетін ой-өрісі кең кітапхана мамандары жалғастыруда. Әрбір кітапханашы қала тұрғындарын кітап оқуға тарту, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру мақсатында кітапханалық жобалар аясында әртүрлі бағыттағы іс-шараларды саябақтарда, сауда орталықтарында, қоғамдық көліктерде ұйымдастырып, жергілікті «JAMBYL» телеарнасы арқылы кітап қорына келіп түскен жаңа кітаптарды насихаттауда.

Бүгінде кітапханашылар жаңа технологияны тиімді пайдаланып, жаңаша ой-үрдіспен, кітапхана саласын өркендетіп, оқырмандарын көбейтіп, кітапхана қызметінің сапасын арттыруға лайықты үлестерін қосуда.

Кәсіби мереке қарсаңында әріптестеріме кітапхана жұмысының сан қилы әдістерін меңгеріп, кәсіби шеберліктерін одан әрі шыңдап, білімді де білікті маман ретінде оқырман көңілінен шыға білулеріне және еңбектеріне шығармашылық табыс тілеймін!

Ұлбосын Сәулебаева

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры

Jambyl-Taraz. – 2023. – 13 қазан

Батамен ел көгерер

Бата болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін өте маңызды. Біз өз ұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті, мейірімді әрі қайырымды етіп тәрбиелегіміз келсе, халықтық дәстүрге, оның ішінде ақ батаға ерекше мән беруіміз керек. Осы орайда «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді» деген сөз тектен тек айтылмаса керек. Сондықтан да дана халқымыз ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, аузы дуалы, сөзі уәлі шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға; құштар болған.

Бата арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі. Оның мағынасы – алғыс айту, ақ ниет, тілек білдіру. Ақсақалдар үйде бір жақсылық бола қалған жағдайда немесе сойылатын малға бата і жасап, балаларға құлақ үлестіреді. Бұның бір жағында үлкенді сыйлау жатса, екінші жағында «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» демекші, ізгі ықылас-игілікке деген тілектестік аңғарылады.

«Батаның адам санасына әсер ететін үлкен күші бар. Халық бата жасалған жерде жақсылыққа сеніп, ынтымақ, береке болады деп ырымдайды. Жалпы батаның мазмұны қазақ қоғамында алғыс пен қарғысты да, тілек пен дұғаны да, ризашылық пен ренішті де қамтиды. Сол арқылы халықты бір нәрседен тыйып, бір нәрсеге бағыттап отыратын әмбебап ұғым. Ол тікелей батагөйлердің беделіне қарай халыққа әсер еткен. Батагөй қариялар ел арасындағы жақсы істің іске асуына рухани демеу болып, жаман істі құптамай, алдын алып, халыққа бағыт-бағдар беріп, тәрбиелеп отырған» дейді зерттеушілер. Бұл тұрғыда этнограф Серік Негимов «Бата – тәрбиенің бастауы» деп ой сабақтайды.

Шынайы шеберлікпен өрілген бата берудің рәсімі де әртүрлі. Қазақ үйіне келген мейманға мал сойып, бата сұраған. Бата сөзде мейман үй иесінің, отбасының бәле-жаладан аман болуын тілейді.

«Айдай жарқыра,

Жулдыздай жылтыра.

Маңдайың ашық болсын,

Душпаның қашық болсын!» деп, келген қонақ ризашылығын білдіріп, батасын берген.

Сонымен қатар батада қазақтың тарихи салт-дәстүрі, танымдық ерекшеліктері, этикалық адамгершілік келбеті, жанұя жарастығын сақтауы, ұрпағын тәрбиелеуге негізделген арман-аңсары көрініс тапқан. Ондағы ғибратты сөздер ұрпақты әділетті, салиқалы, көркем мінезді болуға тәрбиелейді. Қарынның емес, халықтың қамын ойлауға шақырады.

Осындай құндылықты өскелең ұрпақ бойына сіңіру жолында кітапханашылар да аянып жатқан жоқ. Руханият ордаларында әртүрлі танымдық-тәрбиелік мәні зор шаралар ұйымдастырылып, библиографиялық шолулар жасалып отырады. Жұмыс барысында жиі пайдаланатын әдебиеттерді жинақтап, оқырман назарына ұсынуды жөн көрдім.

Батаның ең көп тараған түрлері бала дүниеге келгенде, бесікке салғанда, жол жүргенде, қан майданға аттанғанда, келін түсіргенде, ас қайырғанда, қоныстойда, Үлыстың ұлы күнінде, үлкендерге құрмет көрсеткенде айтылады.

Соған қарай тілектер тізбегі алғыс айтқанда, игі бастамаларға, мерекеде, сапар-жорыққа, тойда, асқа берілетін бата болып бірнеше түрге бөліңеді. Ал адамшылыққа жатпайтын, жантүршігерлік қылық жасағандарға теріс бата берілген. Яғни бата белгілі бір кезде, белгілі бір адамға қарата айтылған.

Мысалы,

«Е, Қудайым, жарылқа,

Жарылқасаң малды қыл,

Біткен журттың алды қыл,

Буған қас қылғанның,

Малын алып, зарлы қыл», деп Алладан отбасына ырыс-береке сұрай отырып, бәле- жаладан сақтауын тілеген.

Қазақ үшін батаның қасиетті ұғым болғанына лиро-эпостық жырлар мен көркем шығармаларға арқау болған жастардың өмірі дәлел. Онда ата-анасының ақ батасын алмай қосылған екі жас мақсат-мұратына жете алмайды.

Мысалы, «Қыз Жібек» жырындағы Төлеген әкесінен теріс бата алып, ғашығына қосыла алмай, дүниеден арманда өтеді. Сондықтан қазақ кез келген істі үлкендердің батасын алып бастайды.

Енді серттесу батасы туралы сөз қозғасақ. Бұл бата құдалықта, ел арасындағы маңызды шараларда жасалады. Оны бұзу қарғыспен тең. Қазақ баталасуды елдіктің, тектіліктің, азаматтықтың белгісі деп білген.

Этнограф-жазушы Сейіт Кенжеахметұлы баталасуға байланысты өз зерттеулерінде мынадай мысал келтірген: XVIII ғасырда Шақшақ қайтыс болғанда жас әйелі Сомалтынды жақын қайнысы Әйдеркеге қосады. Осы Сомалтының Шақшақтан туған жас баласы Есназар мен Әйдеркеден туған Жылқыайдар екеуі енелес. Екі бала бірге өсіп, ер жеткеннен кейін елдің басты адамдары жиналып, «Сомалтын қасиетті, өнегелі ана болды. Бұдан былай одан туған Есназар мен Жылқыайдар бір ананың баласы болғандықтан қанша ата өлсе де бір-бірінен қыз алыспасын, өмір бойы туыс болып саналсын» деп қол жайып, аруақ атын айтып, баталасыпты. Міне, сол бата арада 400 жылдай уақыт өтіп, арасы 12 атаға толса да әлі бұзылған жоқ.

Сонымен қатар ата-бабамыз:

«Уа, Құдайым, тілегімді қабыл ет,

Иманымды кәміл ет.

Тозақта жанған оттан сақта,

Қаңғырып тиген оқтан сақта», деп сақтық батасын беріп, жаманшылықтың алдын алуға тырысқан.

Сонымен қатар үлкендер ризашылық білдіргенде келіндерге:

«Жасың ұзақ болсын,

Күнің шуақ болсын,

Басыңа бақыт қонсын,

Үйіңе жақұт толсын,

Балалы-шағалы бол,

Ағалы-жағалы бол», деп ақ батасын берген. Қазақ баталарында этика, мораль, ар-ождан, ынтымақ, бірлік, молшылық, бақыт, қонақжайлылық, амандық-саулық мәселелері қозғалады.

Мысалы, Ұлыстың ұлы күнінде: «Үлыс оң болсын, Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын, Үлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын, Үлыс береке берсін, Бәле-жала жерге енсін!» деп, батагөйлер халыққа мереке батасын берген.

Ал Қарасай батырдың:

«Жақсы қыз – жағадағы құндыз,

Жақсы ұл – көктегі жұлдыз.

Жақсылап ұғып алыңдар!

Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса – жер ырысы,

Көпке салса – дұрысы,

Көнбесе – болар ұрысы.

Алдымен еліңнің,

Жеріңнің қамын ойлаңдар,

Сөзіме терең бойлаңдар!» деп берген батасы күні бүгінге дейін жеткен.

Қазіргі күні көп қолданыста жоқ бата түрлері де бар. Мысалы, сараң адамдарға сырбаз бата берген. Кейбір кездері сыйлы қонақтар келгенде мал соймайын десе, елдің сөзінен қорқып, қонақгың сөгіп кетуінен именіп, жаман лақ, қотыр тоқгы әкеле салады. Сол кезде сараңдарға сырбаз бата берген екен.

Сонда келген қонақ:

«Мына тоқтың тоқ па өзі,

Басқа малың жоқ па өзі?

Мұны соймай малдансаң,

Саулық болар көп-көрім,

Мұны тағы қинама.

Көме қатып қаймағын,

Шайың болса, құй маған», деп ренішін білдіріп, шай ішкен соң кетуге қамданып отырғанын жеткізген.

Сол сияқты әзіл бата құрбы-құрдасқа, дос-жаран, жезде-балдыздардың сый-құрметтеріне көңілі толмаған кезде әзіл-қалжың, сын- сықақ түрінде айтылған. Әзіл батаны Айып Нүсіпоқасұлының «Тал бесіктен жер бесікке дейін» кітабынан оқуға болады.

Қазақ қоғамында бата көбінесе астан кейін табақты жинап алудың алдында атқарылатын ғұрып ретінде қалыптасқан. Ақсақал бата бергенде шаңырақтағы жастар, кейде тіпті жасы үлкендер қол жайып, түрегеліп тұрады. Бұл үрдіс Қазақстанның оңтүстік пен батыс өңірлерінде сақталған.

Әдебиеттанушы Тоқтар Әлібек аузы дуалы батагөйлер кез келген адамға батасын бермеген дейді.

–  Адам бойында батаға деген үлкен сенім қалыптасқан. Яғни ақ бата алған адамның жолы ашық болса, теріс бата алған адам қарғысқа ұшырайды деген. Өйткені батаны естіген адамның көңілінде қалған ой, ұялаған сенім оның болашақтағы қадамдарын анықтап береді.

Мысалы, батырлар жекпе-жекке шығар алдында міндетті түрде үлкендерден бата алған. Батаға деген сенім оларға күш-қуат берген.

Десек те аузы дуалы қариялар да кез келген адамға батасын бере бермеген. Мысалы, Жамбыл Сүйінбайдың батасын алу үшін біраз тер төккен. Ал Сүйінбай Қабан жыраудан әзер алған. Өйткені өнер жолындағы адамдар ізбасарлары көңілінен шыққан кезде ғана батасын берген. Яғни бірі жүрек . жұтқан жауынгер, бірі жолаушы, бірі танымал ақын болса да батадан аттап кете алмаған. Ал халық оларды сол кезде ғана мойындаған. Ал әйел адамның бата беруі – салтты бұзу болып табылады. Әйел адам тек ақ тілегін айтқан, – дейді Т.Әлібек.

Расында да ақ батаны кез келген адам бермеген. Сондай-ақ бата тойдағы тілектен айтарлықтай өзгеше болып келеді. Кімге қаратып айтылатынына қатысты да мәтіні өзгеріп отырады.

Батаны көпті көрген қариялар ғана береді. Ер адам отырған жерде әйел бата жасамайды. Халық арасында ғасырлар бойы сақталып келе жатқан баталар бар. Мысалы, Төпе бидің Қойгелді биге берген батасы, анасының Райымбек батырға берген батасы, Шәукеннің Бөлтірік шешенге берген батасы, Соқыр АбыздыңЖәнібекбатырға, Қарасай батырдың балаларына, Кененнің келіндеріне, Бауыржан Момышұлының берген баталарын халық жаттап алған.

Бата оқылған кезде үлкен-кіші әр сөзін ықыласпен тыңдайды. Ескірмеген салттың бірі – бата беру. Қазақ бала кезінен ұрпағын үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, тек ақ батасын алуға тәрбиелеген. Өйткені батаның адам өміріне тигізер әсері зор болғаны тарихтан белгілі. Сенімге негізделген батада айтылған әрбір сөздің қабыл болатынына халық ешқашан күмән келтірмеген.

Десек те осы күні кейбір үлкен кісілер жаттап алып айтады. Ол дұрыс емес деп ойлаймын. Қанша адамды аузына қаратып, алақан жайып тұрған халыққа шынайы жүрегінен шыққан сөзін арнауы керек. Ал жаттап алған бата біреудің батасы болып есептеледі. Әрине, батагөйлердің барлығы ақын емес. Сондықтан қарапайым тілмен айтып жеткізсе жеткілікті.       Батаның маңыздылығы оның рухани күшінде.

Айнаш Тасмағамбетова

Arai. – 2023. – 29 қыркүйек (№74). 

Қаламгердің бақыты

     Адам баласынын, негізгі мақсаты – көпшілікке пайдасын тигізу, із қалдыру, жақсылық жасау болса керек. Оның бір тармағы – өз ісіне деген құрмет, Отанына деген патриоттық. Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында тұратын жазушы Пернебай Дүйсенбин – нағыз патриот адам. Олай дейтініміз, студент кезінен-ақ республика деңгейінде қалам қуатымен танылған Пернебай Дүйсенбин жастық шағын, барлық саналы ғұмырын ауылмен байланыстырған. Алматыдағы жоғары оқу орнын бітіріп, ата-анасына қарау үшін ауылға қайтқан.  Мұның өзі ата-ана алдындағы борышын сезіну, патриоттық сезім.

 Пернебай Дүйсенбин ауылда мүғалім болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бала оқытып, бірқатар шәкірттер тәрбиеледі. Бүгінде Президент сыйлығының иегері, есімі елге белгілі журналист-публицист Қали Сәрсенбай, «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепберген де Пернебай Дүйсенбиннің шәкірттері.

Сол өзі ұстаздык еткен мектептен Сәуле Жанпейісова, Ардақ Исатаева, Саян Ақмолда секілді талантты өнерпаздарды тәрбиелеп шығарды. Жазушының өзінің туған еліне деген патриоттығы, өз ауылымнан таланттар көп шыға берсе екен деген перзентгік тілегі.

Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің мәжіліс залында жазушы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Пернебай Дүйсенбинмен «Кеудесі қазына, қаламы жүйрік түлға» атты кездесу кеші өтті. Аталған кездесу қаламгердің 80 жылдық мерейтойына арналды. Осы кездесуге қаламгердің қыздары Гүлмира мен Балнұрдың, ұлы Ерланның келгенін көрдік. Бұл да көп әкеге бұйырмайтын бақыт. Мұны да патриот ұл-қыздар тәрбиелеп өсірген жазушыңың өзінің еңбегінің жемісі деп қабылдадық. Кеш иесінің қарындастары Тұрсынай мен Ләззат та жазушы ағаларына деген үлкен құрметпен келіпті.

Жиында Пернебай Дүйсенбин кітапхана қызметкерлері мен жас оқушы оқырмандар алдында өмір жолын, ұстаздық қызметтегі ерекше сәттерді айтып өтті. Кездесу барысында жазушылар Елен Әлімжан, Көсемәлі Сәттібайұлы, ақын Баймаханбет Ахмет сөз алып, кеш иесінің талантына, суреткерлік шеберлігіне тоқталды. Пернебай Дүйсенбин 25 жасында жазған «Таңғы шық» деген повесін жоғалтып алып, 53 жылдан кейін қолжазбасын тапқан екен. Бұл әңгіме де көпшілікке жақсы әсер етті. Облысқа танымал әнші Мерей Әбуованың «Сайра, бұлбұл», ардагер Аманқұл Сқақовтың «Ойлан, балам» әндері көптің көңілінен шықты.

Кеш соңында Тараз қаласы әкімінің орыноасары Дәуір Дәулетов қала әкімінің атынан құттықтап, жазушының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Пернебай Дүйсенбин барлық қонақтарға алғысын білдіріп, аталған кітапханалар жүйесінің директоры Ұлбосын Сәулебаеваға өзінің көптомдық кітаптарын сыйға тартты.

  Есет Досалы

Aq jol. – 2023. – 14 қыркүйек

«ҚЫЗ БАЛА – ӨМІР КӨРКІ»

     «Гүл өссе – жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі» дейді дана халқымыз. Бұл сөздің астарының мәні тереңде. Бабаларымыз қызды гүлге теңеп, әдеміліктің, әсемдіктің символы санаған.

Жуырда «Анаға тағзым» орталығында орталықтандырылған көпшілік кітапхананың №5 филиал кітапханасының қызметкері Балқия Бекмолдаеваның ұйымдастыруымен «Қыз бала – өмір көркі» атты кеш өтті. Жиынға кітапхана қызметкерлері, ардагерлер үйінен келген әжелер, түрлі ауданнан келген ақ жаулықты аналар, Қордай ауданындағы Мұстафа Шоқай атындағы мектептің оқушысы Алтынхан Саурықов пен Байзақ ауданының оқушысы Ақерке Манас қатысты. Іс-шараның ұйымдастырылу мақсаты ретінде әлемнің сұлулығын көзбен көруге, жанмен түсіне білуге, көңілге тоқу мен зерделі болуға үйрету көзделді. Қазақ қызының бойынан дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық секілді асыл қасиеттердің табылу маңыздылығы айтылды.

Іс-шараның ашылу салтанатында аталған кітапхана меңгерушісі Жанар Қалжанова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Кейінгі кезекте халқымыздың ізгі салтын сақтаған ақ жаулықты аналардың ыстық лебізін жеткізу үшін Байзақ ауданының тұрғыны Бақтыгүл Әбдібайқызына сөз берілді.

– Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы саналған. Халқымыз қызды қонақ деп, төрінен орын беріп, алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген, – дей келе, Б.Әбдібайқызы қыздарға ізгі ниетін білдіріп, арнау өлеңін оқыды.

Іс-шара барысында оқушылар да ана мен ұстаз тақырыбын қозғап, арнаулы өлеңдер жинағын көрермендерге паш етті. Келесі кезекте қонақтарға қыз баланың тәрбиесіне қатысты сұрақтар қойылып, қатысушылар өз кезегінде ойларымен бөлісті.

Жиын  соңында қатысушылар әннен шашу шашты. Ал кітапханашы Мая Әзімқұлова қонақтарды «Қыз – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Гүлжан ТӨЛЕГЕНОВА,

Түймекент ауылы, Байзақ ауданы

AR-AI. – 2023. – 19 шілде (№53). 

«Жазда атамның ауылына…»

    Жаз – әсіресе балалардың асыға күтетін мерейлі маусымы. Күнделікті сабақтар артта қалып, осы уақытты балғындар барынша қызықты әрі көңілді өткізуді армандайды. Жаз маусымы басталысымен оқушы қауымның арманына арқау болатын жазғы сауықтыру лагерьлері де есіктерін айқара ашады.

Жаз мезгілі ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайлы мағлұмат беру мақсатында Ғ.Мұратбаев атындағы кітапхана қызметкерлері №35 орта мектеп жанынан ашылған лагерьге барып, «Жазда атамның ауылына» библиофреш, «Ханталапай: асық ату» спорттық ойындары, «Ойлана ойнайық» ойын-саяхаты, «Ойнай білсең, ойлай білесің» әдеби викторинасы, «Шынықсаң, шымыр боларсың» көрме диалогы, «Құстар әлемінің атаулары» ұсыныс көрме сияқты балаларды қызықтыратын іс-шараларды өткізді. Бұл тұрғыда кітапханашылар балаларға жаз қызықтары туралы айтып берді.

Балаларды кітап оқуға шақыру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту, білімді, дарынды, озық болуға ынталандыру үшін түрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды. Олардың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамыту үшін «Білімді мыңды жығар», «Әртүрлі сұрақтар», «Жұмбақтар», «Мақал- мәтелдерді жалғастыр», «Ертегілер», «Ой сергіту», «Менің денсаулығым, менің болашағым» атты ойындар ойнатылды.

Әр кезеңде ойын шартына сәйкес логикалық сұрақтар қойылып, сурет салудан жарыс өтті. Тартысты жарыста оқушылар өз біліктіліктері мен белсенділіктерін көрсете білді. Сонымен қатар түрлі қызықты кітаптардан құралған «Кітап – ғажайып жаршысы» атты кітап көрмесі балалар назарына ұсынылып, әдеби мұраларға шолу жасалды. Көрмеде ұсынылған әрбір кітаппен балалар жеке-жеке танысып, өз ризашылықтарын білдірді.

Кез келген елдің болашағы халқының денсаулығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтіні шындық. Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Әрбір өткен іс-шарада балаларды жалықтырып алмайтындай спорттық ойындарды

қосып, қимыл қозғалысына да мән берілді. Мұнда балалардың денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да сымбатты болуға тәрбиелейтін ойындар да ұйымдастырылды. Балаларға қазақтың ұлттық ойындары туралы мол ақпарат берілді.

Ал сұрақ-жауап кезеңінде оқушылардың жаздан да ыстық құшағы бар ата мен әженің үйіне асығатындығы белгілі болды.

Iс-шаралардың қызықты өтуіне балалар бөлімінің меңгерушісі Анар Искакова, кітапханашылар Ұлжан Бейсенова, Бағира Бұлтанқұлова, Гүлжан Бошаевалар барынша атсалысты. Шара соңында белсенділік танытқан барлық оқушыға балмұздақ таратылды.

Аr-Аі. – 2023. – 30 маусым

Кітап – асыл қазына

Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне атсалысу, көпшілікті кітапқұмарлыққа баулу, қоғаммен байланысты нығайту, кітап оқуды дәріптеу мақсатында «Кітап – асыл қазына» атты кітапхана түнін өткізді.

Кешке жиналған тұрғындарға «Кітап әлемді бағындырады» атты көрме мен түрлі кітап инсталляциялары ұйымдастырылып, әдебиеттерге шолулар жасалынды. Сондай-ақ кітапхана оқырмандары Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың, ұлы кемеңгер ақын А.Құнанбайұлының, қазақ әдебиетінің классигі, ақын Мағжан Жұмабаевтың бейнесін сомдап, Рахымжан Отарбаевтың «Сұлтан Бейбарыс» атты пьесалық драмасынан үзінді, Абай Құнанбаевтың «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек», Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңдерін жатқа оқыды.

Ал «Әдеби қонақжай» алаңында зиялы қауым өкілдері ақын, журналист, Қазақстан Республикасы Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғайни Әлімбекқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Құлбарақ, Тараз қалалық ардагерлер үйінен аға буын өкілдері қатысқан, еліміздің руханиятын дамытуға сүбелі үлес қосып келе жатқан жазушы, драматург, публицист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Елен Әлімжанмен сұхбат өткізіліп, оқырмандар қойылған сауалдарына тұшымды жауап алды. Кітапхана қызметкерлері өз кезегінде жазушының «Тақталас» атты кітабының «Қызыр баба немесе Ұлыс күн хикаясы» атты екі бөлімді аңызға құрылған хикаясынан үзінді көрсетті.

Кітапхананың түнгі қонақтарына арналып түрлі іс-шаралар да ұйымдастырылды. Сондай-ақ осы күні әлем әдебиеті мен халық ертегілері, баспа беттеріне жарияланған жаңалықтар бойынша сұрақтар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар жарысы, ән айту, би билеу, өлеңдер оқитын «Әдеби-библио бар», «Ойын академиясы», шарлардан түрлі мүсіндер жасайтын «Шар-шоу», ұлттық нақышта жабдықталған, ертегілер оқылатын «Әжемнің ертегісі», ойды дамытатын түрлі ойындар ойналатын «Теңіз қарақшылары» және әндер сайысы өтетін «Караоке» алаңдары көпшілікке айрықша әсер сыйлады. Әр алаңда ерекше форматта өткізілген, оқырманға рухани білім мен демалыс сыйлаған тағылымды шаралар оқырмандарын қызықтырып, көтеріңкі көңіл-күйге бөледі. Осылайша тағылымды шара келушілердің тарихи танымын да кеңейтті.

Ұлбосын Саулебаева,

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің

директоры

Jambyl-Taraz. – 2023. 7 маусым