Дулат Бабатайұлының туғанына 220 жыл (1802-1874)

Дулат Бабатайұлы  – көрнекті ақын, жырау, сатирик, ағартушы, қоғам қайраткері, тарихшы. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Қазақтың жазба поэзиясының алғашқы нышандары Дулат өлеңдерінен көрінеді. Іргетасты қалаған Абай болса, соны қалау кезеңі туғандығын, қалайша қалаудың алғашқы үлгілерін көрсеткен Дулат деп айтуға болады.

Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. Дулаттың ақындық өнері XIX ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді.

Ғабиден Мұстафинның туғанына 120 жыл (1902-1985)

Ғабиден Мұстафин – қазақ жазушы, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері. Қаламгер туындылары ерекше қуат-жігерге, қуанышқа толы. Мұстафин Ғабиден шығармаларының елеулі ерекшелігі оның өзіндік стилінде. Ол сөйлемді қысқа құрып, аз сөзге көп мағына береді. Тілі қарапайым да жатық, ұғымға жеңіл, оралымды, ұтымды.

Ғ. Мұстафиннің шығармалары жарқын бейнесімен, көркемдігімен, ана тілінің байлығын кеңінен қолданумен ерекшеленеді. Жазушының «Дауылдан кейін», «Миллионер», «Қарағанды» т.б. шығармалары жарық көрген

Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл (1902-1985)

Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл (1902-1985)

Ғабит Мүсірепов – қазақтың аса көрнекті жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, ұлттық драматургияның негізін қалаушылардың бірі, аудармашы, тарихшы, әдебиеттанушы, Қазақстанның Халық жазушысы.

Ұлы Отан соғысы кезінде Ғабит Мүсірепов қазақ халқының ерліктері туралы көптеген әңгімелер мен очерктер жазды, Кеңес жазушыларының мақалалары мен шығармаларын аударды.

 

Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл (1872-1937)

Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл (1872-1937)

Ахмет Байтұрсынұлы – ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, публицист, қоғам қайраткері. Ахмет Байтұрсынұлы ұлттық жазуды реформалаушы, қазақ лингвистикасы мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі. Ахмет Байтұрсынұлының бүкіл өмірі қазақтардың мәдениетін, білімі мен ғылымын дамытуға, ғасырлар бойы өзіндік халық шығармашылығы мен ұлт рухын сақтауға деген жалынды қамқорлықпен өтті.

Роза Бағланованың туғанына 100 жыл (1922-2011)

Роза Бағланованың туғанына 100 жыл (1922-2011)

Биыл Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Айта кетейік, Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы, елімізде және шет елдерде ән өнерін сүйетіндер арасында әлі күнге дейін танымал болып келе жатқан Ұлы Отан соғысы майдандарындағы концерттерге қатысушы Роза Бағланованың есімін мәңгі есте қалдыруды тапсырды.

2022 – Қазақстандағы балалар жылы

2022 – Қазақстандағы балалар жылы

Қазақстанда 2022 жыл «Балалар жылы» деп жарияланды. Бұл туралы жаңа жылдық үндеуінде Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айттып өтті.

Мемлекет басшысы: «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керек. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деп атап өтті Президент.