Қазақ хандығына 550 жыл

Біз өз мемлекеттілігіміздің та­рихын санауда 550 жылдықпен шек­теліп қалмай, өз жерімізде арғы-бергі замандарда дәуірлеп өткен мемле­кет­термен тарихи тамырластық және са­бақтастықты сақтауға тиіспіз.

Мә­селен, 545 жылы Ашина Бумын қаған Түркі Елін, Қағанатты құрды.

Демек, алдағы 2015 жылы түркілер тарихын­дағы тұңғыш мемлекеттің құрыл­ғанына 1470 жыл толады. Қазақ мемлекеттілігін нығайтуға ықпал ететін осындай айтулы даталарды мерекелеуге бағыт­талған іс-шаралар бір жылмен шек­телмей, үйлесімді түрде 2016 жылы Қа­зақстан Респуб­ликасының Тәуел­сіздігінің 25 жыл­дығына жалғасуға тиіс.

Осылайша, қазақстандықтар бо­йында мем­лекеттік ой-сана бекиді және егемендігіміздің қуатты тұғырына айналады.

Асқар ОМАРОВ, түрколог

Көрмені қараңыз…