Райымбекұлы М. Аруана

Жазу мен Жалғанды тұтастыра білу үлкен шеберлікті, асқан дарындылықты қажет етсе керек. Лықсыған сезім-теңізді шайқап төкпей жүректен-жүрекке жеткізе білу ақындардың ақынына ғана бұйырар бақыт.

Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға мамыр айында – Ай кітабы бетіне, қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлының 55 жасқа толуына орай  оның «Аруана» атты кітабын  назарларыңызға ұсынамыз.

     Райымбекұлы, М. Аруана [Мәтін] : [поэма] / Маралтай      Райымбекұлы. – Алматы: Сардар, 2022. – 352 б.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, қазақ поэзиясына жаңаша бағыт, мән-мағына әкелген ақын Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев 1969 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген.

Маралтай Райымбекұлының «Аруана» поэмасы, терең философиялық астары бар, бай және көркем тілі бар, XIII ғасырда Ұлы Жібек Жолында орналасқан және Алтын Орда тұсында өркендеген Сарайшық қаласында болған тарихи оқиғалар туралы баяндайды.

Ұлттық әдебиеттің қазынасын толықтырған бұл шығарма Алтын Орданың 750 жылдығына орай оқырмандарға тарту болды.

Қара өлеңді дүниенің төрт құбыласы десек, сол төрт құбылаға жарық түсіріп, әуен сыйлап, әрбір тағдыр үшін дабыл қағып тұрған Маралтай Райымбекұлының шығармашылығы жеті қат көктен саулаған нұр, жеті қат жерден лаулаған от сияқты әсер береді.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.